М. З. Изотов философия ғылымдарының докторы, доцент



Pdf көрінісі
бет190/471
Дата08.02.2022
өлшемі3,01 Mb.
#117721
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   471
Байланысты:
Қазақтардың рухани әлемі әл-Фарабиден Абайға дейін

Қазақтардың рухани әлемі: 
әл-Фарабиден Абайға дейін
қазақ оқырманының, оның ішінде жастардың санасына қандай 
шығармалар, қай әдеби жанр арқылы ықпал ете алатындығын ой-
лады. Ол мәселенің күмәнді тұстарын жеңе біліп, әдеби тұрғыдан 
да, оқу-әдістемелік тұрғыдан да қажетті мысалдарды қолданды. Бұл 
жерде мәселе оны бүге-шігесіне дейін қарауда емес, қазақтың бала-
лар және оқу-әдістемелік әдебиетін құрудың алғашқы қарлығашы – 
Ыбырай Алтынсариннің қандай қиындықтар көргенін түсіне білуде 
жатыр. Қазақ Кеңестік әдебиетінің негізін салушылардың бірі Сәкен 
Сейфуллин Ыбырай Алтынсариннің шығармалар жинағына жазған 
алғысөзінде: «Алтынсариннің әндері, оның терең мәнді сұхбаттары 
мен новеллалары жоғарғы дәрежедегі көркемдікте жазылған және 
жалпы қазақ мәдениеті тарихына, оның ішінде әдебиет саласына 
өзінің мазмұны бойынша да, формасы бойынша да жаңаша сипат 
әкелді»
 
[8]
– деп жазады. 
Ағартушы өзінің шығармаларында тұлға бойындағы, қоғамда-
ғы материалдық және рухани, әлеуметтік және психологиялық 
ерекшеліктердің ара қатынасы туралы мәселені дұрыс шеше 
білді. Осыдан келіп оның шығармаларының кейіпкерлерінің 
реалистік сипаты, типтік және әлеуметтік мәнге ие болуы туын-
дайды. Адамдар-дың түрлі тарихи типтерін көрсетуге нақты та-
рихи тұрғыдан келу Ыбырай Алтынсаринге адам және азаматтың 
жағымды қасиеттерін дұрыс анықтауға мүмкіндік берді. Мұндай 
қасиеттерді ол өмірге деген белсенді көзқарастан, гуманизм мен па-
триотизмнен көре білді, оларды ажырамас диалектикалық бірлік-
те қарастырды. Алтынсариннің патриотизмі гуманистік сипатта, 
оның кейіпкерлері өз Отанын, өз халқын сүйеді. Жазушының гума-
низмі тек эстетикалық сипатқа ие болып қана қоймай, қоғамдық-
саяси күш ретінде де маңыздылыққа ие бола түседі. Қатардағы 
еңбекші бойынан жоғары интеллектуалды, психологиялық және 
шығармашылық мүмкіндіктерді таба отырып, ағартушы-демократ, 
өзінің қазақ халқының болашағына терең сенімінің бар екенін 
мәлімдейді. Қазақ әдебиетіне қарапайым адамдар бейнесін де 
кіргізген осы Ыбырай Алтынсарин.
Ыбырай шығармаларының қалың бұқараға түсінікті сипатта, 
мағынада жазылғанының бір дәлелі – «Таза бұлақ» әңгімесі. Онда 
бұлақ басында кездескен үш жолаушының оның жанындағы тасқа 
жазылған: «Әй, жолаушы, болсаң осы бұлақтай бол!» – деген жазу-
ды оқитындығы айтылады. Олар жазудың мағынасы жайлы таласа 
келіп ақыры оның «Көңіліңді, бойыңды осы бұлақтай таза сақта, 
нешік бұлаққа қарасақ күн түссе күннің, шөп түссе шөптің сәулесін 
көреміз, көңілің сол реуішті сыртқа ашық көрініп тұрсын» де-




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   471




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет