М. З. Изотов философия ғылымдарының докторы, доцент


  Қазақ ағартушылығы дәуірі қазақ халқының руханилығының



Pdf көрінісі
бет189/471
Дата08.02.2022
өлшемі3,01 Mb.
#117721
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   471
Байланысты:
Қазақтардың рухани әлемі әл-Фарабиден Абайға дейін


Қазақ ағартушылығы дәуірі қазақ халқының руханилығының
дамуы кезеңі ретінде
183 
Ыбырайдың пікірінше әдебиет ісі халықты сауаттандырып қа-
на қоймай, оны алдыңғы қатарлы мәдениет пен ғылымға тартып
олардың бойында өмірге көзқарастарды тәрбиелеп, қоғамдық сана-
ны ояту мен дамытуға күш салуы тиіс болды. Алтынсарин әдебиет 
адамдарды қараңғылықпен, надандықпен күресу және онан азат болу 
жолдарын көрсетуі тиіс деп санады. Ғалым шығармашылығының 
осы бір ерекшелігі оның барша қоғамдық және педагогикалық 
қызметінің мақсаты мен бағдарының негізгі сипатын көрсетеді. Оның 
шығармаларына сол заман ақындарының қайсы біреулеріне тән 
болған негізсіз қиял, пессимизм, төменшектеу мүлдем тән емес. Ой-
шыл күнделікті өмірдің оқиғаларын көрсетіп, оларды прогрессивтік 
тұрғыдан бағалауға ұмтылды, әдебиеттен қоғамда жаңа идеяларды 
кеңінен таратудың әрекет етуші құралын көре білді. 
Қоғамдық бостандықтан айырылған халықта, – деп жазды Герцен, 
– әдебиет өз наразылығы мен ар-ұжданының жан айқайын естірте 
алатын жалғыз ғана мінбер. ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы 
қазақ әдебиеті қазақ халқының «жалғыз мінбері» бола отырып, өзінің 
ең озық өкілдерінің, оның ішінде Ыбырай-дың да шығармалары 
шынайылықты реалистік тұрғыдан көрсету, прогрессивтік қоғам-
дық мақсаттарды шынайы білдірудің деңгейі-не дейін көтерілді.
Ы. Алтынсариннің «Қазақ хрестоматиясы» шын мәнінде оның өзі-
нің озық шығармалары мен аудармаларының жинағы еді. Кітаптың 
кіріспесі ретіндегі екі өлеңнен-ақ 
(«Кел, балалар, оқылық!» пен «Өнер-
білім бар жұрттар...»)
біз ағартушының өмірлік ұстанымдарын көре 
аламыз. 
Алтынсариннің көптеген шығармалары жергілікті дәстүрде 
жазылса да, идеялық тұрғыдан сол заманның алдыңғы қатарлы 
ойшылдарының шығармаларымен үндес еді. «Бай баласы мен жарлы 
баласы», «Қыпшақ Сейітқұл», «Киіз үй мен ағаш үй», «Надандық», 
«Лұқпан Хакім» 
[7]
 
және басқа да шығармаларында ол қазақ 
қоғамындағы аса өзекті әлеуметтік, мәдени-танымдық мәнді про-
блемаларды қозғайды. Қазақ қоғамында болып жатқан құбылыстар-
ды терең ашып көрсету, ондағы әлеуметтік теңсіздік мәселелері 
Ыбырайдың әдеби шығармаларынан көрініс таппай қоймайды. Ол 
оқырман сүйіспеншілігіне бөленген көптеген жағымды кейіпкерлер 
бейнесін де сомдады. Бұнан ағартушының халықтың қуатына, оның 
жарқын болашағына деген сенімін көруге болады.
Қазақтың көркем мәдениетінің тарихында да, халық ағарту 
ісінде де Ыбырайдың алатын орны ерекше. Ол алдыңғы қатарлы 
демократиялық бағыттың, қазақ балалар әдебиетінің негізін 
салушылардың бірі болды. Ыбырай Алтынсарин ең алдымен 


184


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   471




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет