М. З. Изотов философия ғылымдарының докторы, доцент


Қазақ халқының рухани әлемін зерттеудің



Pdf көрінісі
бет19/471
Дата08.02.2022
өлшемі3,01 Mb.
#117721
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   471
Байланысты:
Қазақтардың рухани әлемі әл-Фарабиден Абайға дейін

1 Қазақ халқының рухани әлемін зерттеудің 
теориялық-әдіснамалық негіздері
17 
хы», Шыңғыс-хан заңдарының жинағы «Жаса» қажеттігіне қарай 
қазақтардың да рухани тарихының бір бөлігі болып табылады. 
Шыңғыс әулеті ғасырлар бойы халық тарихының бір бөлігі ретінде 
қарапайым адамдарда өшпенділік қана емес, сонымен бірге тәлімді 
танымалдық пен тағзымды құрмет те туғызған. Сондықтан оны есеп-
тен шығарып тастауға болмайды» [1, 276–277 бб.].
Біз Қазақ хандығының пайда болуы мен тарихына талдау 
жүргізе отырып, ежелгі кезеңнен бері белсенді сауда жүргізген 
және Ұлы Жібек жолының маңызды тұсында орналасқан Оңтүстік 
Қазақстанның ортағасырдағы қалаларын иемдену үшін қазақ ханда-
ры алғаш рет шайбанидтермен үлкен күрес жүргізгені жайлы айқын 
қорытындыға келеміз.
Бастапқы кезден-ақ, көшпенділер мәдениеті Шығыс пен Ба-
тыс, қала тұрғындары мен көшпенділер, жасампаздық пен ойран 
арасындағы қарама-қайшылықты шешу мәдениеті ретінде қалып-
тасты. Ол жердегі Қорқыт пен әл-Фарабидің образдары Аттилла мен 
Темучин образдарымен ұштасып, ал көптеген тұрғызылған қалалар 
(ортағасырлық араб, қытай және еуропалық саяхатшылардың 
деректері бойынша) кейінгі кезеңдердегі отырықшы өмір салтына 
өтуге деген ниеттердің жоқ болуына, «Қозы-Көрпеш – Баян-сұлу» 
дастанының өмірге келуі ұзақ жылдарға дейінгі жазба мәдениетінің 
жоғалуына алып келуге ықпал етті. 
Этностың пайда болуының шынайы тарихи кезеңі – 
«Тоғызын-
шы кезең
– ХV–ХVII ғасырлар. Алғаш қазақ хандығы құрылған, 
шамамен 1466 жылдардан бастап, жалпыхалықтық руханияттың 
табиғи дамуына негіз қаланады. Тіпті сыртқы үстемдік төрелер мен 
қожалардың қолында тұрғанның өзінде осылай болған.
Біріншіден, халық рухының ұшқыны ақындардың, сазгерлер 
мен айтқыш абыздардың жүрегінде тұтанып, жалындай бастады. 
Асан Қайғы, Шалкиіз, Бұқар жырау сияқты бұл дәуірдегі ұлттың 
шығармашылығында шынайы қазақ руханияты қалыптасып дамы-
ды. «Қобыланды батыр», «Қамбар батыр» сияқты батырлар жырын-
да, «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Қыз Жібек» және басқа дастан- 
дарға қазақтың ұлттық рухы түп тамыр ретінде негізге алынды.
Екіншіден, нақ осы уақытта, Жәнібек пен Керей хандар Жетісуға 
көшіп келгеннен кейін, халық рухы өзін-өзі тұңғыш рет ашық бейне-
леп, қазақ деген өзінің тарихи тел атымен аталады. Бұл хандық нығая 
келе, XV ғасырдың екінші жартысынан былай қарай оған қараған 
халық – елдің өз ішінде де, көршілердің аузында да – түгелдей қазақ 
атына ие болады.
Және үшіншіден, дәл осы тарихи дәуірде халықтың жауынгер-
лік рухы тағы бір тамаша оқиғадан көрініс табады. XVII ғасырдың 


18


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   471




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет