М. З. Изотов философия ғылымдарының докторы, доцент



Pdf көрінісі
бет201/471
Дата08.02.2022
өлшемі3,01 Mb.
#117721
1   ...   197   198   199   200   201   202   203   204   ...   471
Байланысты:
Қазақтардың рухани әлемі әл-Фарабиден Абайға дейін

Қазақтардың рухани әлемі: 
әл-Фарабиден Абайға дейін
Абайдың идеялық ізденістері қиын да қайшылықты әлем мен 
оның терең үлгісін тануға бағытталған. Ойшыл дәуірдің ішкі мәнін, 
оның рухани және қоғамдық бағытын түсінуге тырысады. Өзінің 
этикалық толғамында Абай өз уақытындағы қоғамның фило-
софиялық ізденістерінің басты үрдісін білдіріп, адамның руха-
ни әлемінің барлық байлығын, оның діни нанымдарын, үміті мен 
қасіретін ашып көрсеткен. Біздің көзқарасымызша, оның маңызды 
ұстанымы, көзқарасы, сенімі мен қылығы құнды, сонымен бірге бү-
гінде, адамдардың дүниетанымдық бағыты мен рухани дамуға қол 
жеткізу жағдайында да бұл маңызды. Дәл осы Абай сияқты ойшыл-
дар жайлы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев 
«Тарих толқынында» кітабында: «Мәндік және көркем екі әлемнің 
шығармашылық тұлғасы ретінде олар біздің жаңа қазақ тарихы-
на терең мазмұн әкеледі. Олар тарихтың уақыт ағынындағы біздің 
мәдениетіміздің ерекше тұлғалары» [2, 177 б.] деп атап өткен. 
Біздің пайымдауымызша, қазақтың рухани мәдениетінің 
маңызды ерекшелігі – әлемді тұтастай алып қарастыруында және 
сонымен қатар дүниені негізінен философиялық-көркем кейіпте 
игеруінде. Міне осы дүниені тануымызды өзіндік қыры әлемді ра-
ционалды зерделеуден кем түспейді және кейбір жағдайда өнімді 
әрекет болып табылады. Әлемді философиялық-көркем кейіпте иге-
ру шындықты рухани-практикалық тәсілмен жүзеге асады және ол 
объективті шындыққа қарай өзінің ерекше құралдарымен талпыныс 
жасайды және сонымен қатар философиялық мәселелерді үлкен 
ауқымын өзінше бағалайды және бейнелейді. Осындай ерекше 
қадамдар қазіргі кезеңдегі адамдардың дүниетанымдық және руха-
ни бағдарларын жаңаша айқындау заманында еркше маңыздылыққа 
ие болады.
Абайдың ақиқат, сұлулық және жақсылық сияқты жалпы-
адамзаттық іргелі құндылықтарға іштейгі ұмтылысы адамды ол 
барлығынан жоғары қоятынын көрсетеді. Абай үшін адам филосо-
фиямен айналысудың мағынасы мен шегі болып табылады, өйткені 
оның пайымдауынша адам қоғамның негізі, тамыры және оны 
жаңғыртушы күші болып келеді. Абай үнемі жаңғырудың жаңа 
жолдарын іздеді және адамның адамгершіліктік жетілуі жолын-
да болуын қалады және оған барынша сене білді. Өмірдегі жекеле-
ген деректерініен айқындай отырып оны философиялық жалпы-
лау деңгейіне дейін жеткізді және өзінің барлық шығармашылық 
күшін гуманизмнің жоғарғы мақсаттарына, адам болудың шынайы 
ізденістеріне, адами лайықты өмірдің көріністеріне бағыттаумен 
болды. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   197   198   199   200   201   202   203   204   ...   471




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет