М. З. Изотов философия ғылымдарының докторы, доцент



Pdf көрінісі
бет214/471
Дата08.02.2022
өлшемі3,01 Mb.
#117721
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   471
Байланысты:
Қазақтардың рухани әлемі әл-Фарабиден Абайға дейін

Қазақтардың рухани әлемі: 
әл-Фарабиден Абайға дейін
Құдай мен жан туралы, рух пен тән туралы пайымдай отырып, 
Л.Н. Толстой былай деп жазады: «...Жан туралы мен бір нәрсені 
білемін: жан құдайға жақындықты қалайды. Кім ой толғауға ма-
шықтанса, оның сенімге кіруі қиын, ал Құдаймен тек сенім арқылы 
ғана тұруға болады. Тән рухтың бағынышты иті болуы тиіс, рух оны 
қайда жұмсаса, солай жүгіріп кетеді. Ал біз қалай өмір сүреміз? Тән 
долданады, құтырады, ал рух бейшара әрі аянышты күйде оның ар-
тынан зорға үлгереді [6]. Шәкәрімнің төмендегі шумағы орыс ойшы-
лы Толстоймен рухани тұрғыда үндес және өте жақын: 
... Әлемді мен билесем, 
Зұлымдықты сүймесем,
Залымды ұндай илесем, 
Нәпсі болса, маған құл
[3,186 б.]
Шәкәрімнің қазақтардың тағдыры туралы толғана отырып, 
елдің шығыс және батыс самалдарынан қиылысында орналасуының 
маңыздылығын мойындайтыны еш күмән туғызбайды, сондай-ақ ол 
Шығыс және Батыс даналықтары арасында дұшпан және қарсылар 
күштерді емес, арасында өмір біте қайнасып жататын полюстерді 
көреді. Ойшыл қазақ халқының терең толғаныстары мен көңіл-
күйлерін білдіре отырып, өз көзқарастарында Шығыс пен Батыс 
идеяларының синтезін біріктіреді. 
Шәкәрімнің Шығыс пен Батыстың рухани құндылықтарын игеру 
процесі туралы айтқанда, мұның тек поэзиялық және философия-
лық қайнар көздердің қазақ мәдениеті жағдайына (бұл кезде олар-
дың көпшілігі қазақ тілінде «сөйлей» бастайды) бейімделуін ғана 
білдірмейтіндігін, сонымен қатар мәдениет ретінде жалпыәлемдік 
контекспен сұхбатқа түсіп отырған қазақтың философиялық 
мәдениетінің нақты қалыптасу процесі екендігін атап өту ке-
рек. Оның шығармашылығындағы өзге мәдени рухани кеңістікті 
қабылдау – бұл әрі оның қазақтар үшін Шығыс пен Батыс әлемде-
рін ашуы тұрғысынан, әрі әлемнің қазақтың руханилығын тануы 
тұрғысынан қосып алғандағы екіжақты өзекті процесс. Ол көшпенді 
– қазақтардың көз алдында әлемдік мәдениеттің өзектілігін алға тар-
тады және сонымен бір мезгілде ол өзге мәдениеттің оқырманы үшін 
өзінің идеяларының терең әрі көрегенді маңыздылығымен, сондай-
ақ ұлттық бояуымен күмәнсіз қызығушылық тудыратын жарқын, 
өзіндік және терең ойшыл болып табылады. 
Шәкәрімнің өлеңдері өмір мен оның қайталанбастығы туралы, 
фәни дүниедегі барлық нәрсенің өткіншілігі туралы, бұл әлемде 
еркіндікке жетудің мүмкін еместігі туралы терең философиялық 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   471




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет