М. З. Изотов философия ғылымдарының докторы, доцент



Pdf көрінісі
бет229/471
Дата08.02.2022
өлшемі3,01 Mb.
#117721
1   ...   225   226   227   228   229   230   231   232   ...   471
Байланысты:
Қазақтардың рухани әлемі әл-Фарабиден Абайға дейін

Қ о р ы т ы н д ы
221 
«Қазақстан-2050» Стратегиясы және «Ұлт жоспары – 100 қадам. 
Баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» бағдарламаларының 
концептуалды идеяларына сүйене отырып қазіргі қазақстандық 
қоғамның пәрменді дамуы заманауи сипаттағы қоғамның ортақ қа-
ғидаты ұлттық мәдениетті және ұлттық тарихи құндылықтарымен 
қатар өткеннің рухани мұрасын, этномәдени сипаттағы қоғамның 
рухани жетістігін, артықшылықтарын өзекті ету негізінде бәсекеге 
қабілетті бола алады
Жұмыста халықтың рухани өмірін қомпаративистік талдаудың 
негізінде мәдени көптүрлілікті және уақыттың сұхбатта және қазір-
гі сұхбат құрылымында мәдениеттердің теңқұқықты өкілеттілі-
гін сақтаудың дикурсивті стратегиясы ашып көрсетіледі. Сонымен 
қатар, номадтық матрицаның мәдени төлтумалығын сақталуы 
және оның қазіргі қазақ мәдениетіндегі өзгерістерге ұшырауы 
қарастырылады. 
Түркілік өркениеттік кезеңде тұрақты менталды құрылымдары 
бар ашық дүниетаным ретіндегі тәңіршілдікте бекіген еуразиялық 
руханияттың менталды өзегі қалыптасқаны айқындалды және олар 
түркі-моңғол халықтарының мәдени әлемінде қайталанады және 
еуразиялық мәдени-өркениеттік кеңістіктегі дәстүрлі мәдениеттің 
барлық түрлерінде жалпы өзек болып табылады. Осы жағдай Еура-
зия этностарының рухани өмірінің ортақ тамыры бар екені жөніндегі 
және еуразиялық тұжырымдамасының өткені мен болашағының 
топтастырушы бастауы жөніндегі тезисті дәйектейді.
Монографияда этностың рухани әлемі көп қырлы және күрделі 
құбылыс бола отырып көпдеңгейлі құрылымға ие және ол әртүрлі 
мазмұндық салалардан тұратын жүйе болып табылатындығы 
дәектеледі. Тарихи кезеңдеудің негізінде қазақ халқының руха-
ни өмірінің байлығы ашып көрсетілді, қазақ халқының ұзақ та-
рихындағы, оның темпоралдығындағы әрбір тарихи кезеңнің ерек-
шелігі айқындалды, қазақ халқының тарихи сабақтастығы мен осы 
үдерістің нонфинальділігін айқындап беретін рухани әлемінің тұ-
рақты қырлары мен ауыспалы қасиеттері көрсетілді.
Қазіргі заман ғалымдары болжап отырған әлемдік мәдени-
өркениеттік даму үрдісінің Шығысқа қарай ауысуы қазақ ағар-
тушылығының рухани-мәдени ерекшелігі оның шығыстық қа-
сиеттерінде екендігін атап қөрсетіледі, қазақ Ағартушылығының 
ерекшелігі айқындалады, батыстық ағартушылықтан айырмашы-
лығы ашылып көрсетіледі, сонымен қатар Шығыс-Батыс қатынас-
тары контексіндегі ағартушылық идеологиясының жалпы және ерек-
ше қырлары пайымдалады.


222


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   225   226   227   228   229   230   231   232   ...   471




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет