М. З. Изотов философия ғылымдарының докторы, доцент


Қазақ халқының рухани әлемін зерттеудің



Pdf көрінісі
бет39/471
Дата08.02.2022
өлшемі3,01 Mb.
#117721
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   471
Байланысты:
Қазақтардың рухани әлемі әл-Фарабиден Абайға дейін

1 Қазақ халқының рухани әлемін зерттеудің 
теориялық-әдіснамалық негіздері
37 
соғыстың жалғыз себепшісі ретінде көрсетіліп, ал ирандық және 
түркітілдес халықтардың өзара қатынасы жасампаз іс-әрекеттің, 
ежелгі мәдениеттің және көшпенді Тұран елінің ордасы болып та-
былатын отырықшы Иранның қарама-қайшылығына теңестірілген.
Мұндай қасаң көзқарас сөзсіз Шығыстың, әсіресе қазақтар, 
өзбектер, қырғыздар, түркмендер, ұйғырлар, қарақалпақтар, баш-
кұрттар, татарлар және т. б. сияқты бұрынғы түркі тілдес көшпенді
халықтардың тарихы мен мәдениетінің жан-жақты қарастыры- 
луына ықпал етпейді. Бұл өз кезегінде белгілі бір халықтың фи-
лософиялық мұрасын, оның ерекшеліктерін, шығу тегін, даму жо-
лына, әлемдік өркениеттегі рөлі мен орнына баға беруге кері әсерін 
тигізеді. Осы себептен де, кейбір ғылыми және оқу басылымда-
рында көшпенді өмір салтының дамыған зияткерлік іс-әрекетпен 
және оның философия сияқты жоғарғы формасымен сәйкес кел-
мейтіндігіне қатысты пікірлердің болуы кездейсоқ емес.
Қазақ этносының құндылықтық бағдарларын түсіну үшін ав-
тохтондық және гомогендік идеясы үлкен маңыздылыққа ие бо-
лады. 
М.С. Орынбеков 
автохтондық және басқаладан алынған 
құндылықтардың рационалды қиюласуының маңыздылығы тура-
лы атап өтеді және «өркениеттің даңғыл жолына енуге мүмкіндік 
беретін қатар өмір сүрудің жаңа формаларының түбегейлі 
жинақталуы және біздің қоғамның әлеуметтік және рухани 
сипаттамасының ерекшелігі жайлы мәселе тұрды» 
[16, 65 б.] – дейді. 
Оның жұмыстарында қазақ мәдениетінің біртекті тұжырымдамасы 
дайындалып, қазақстандық гуманитарлық ғылым үшін «этностық 
діл», «арғытүркілер» және «арғықазақтар» ұғымдары эвристикалық 
мән берілді. 
Барлық алдыңғы әлеуметтік-мәдени құндылықтар жалғасы 
ретінде көрінетін қазақ мәдениетінің рухани ішкі тұтастығын 
негіздеу әлі де қалыптасу үрдісінде. Дегенмен қазіргі ғылым 
қордалаған материал қазақ мәдениетін ғылыми бірегейлендіруге, 
одан ішкі интеграциялық идеяларды, құндылықтық бағдарларды
нормалар мен рәміздерді ашып көрсетуге мүмкіндік береді. Әрине, 
қазақ халқы Қазақстанның бұрынғы тарихи дәуірлерде жинақталған 
барлық тарихи-мәдени мұраның ізбасары болып табылады.
Оның тарихы мен мәдениетін тарихи мәліметтердегі атауы пай-
да болған кезден бастап зерттеп, анықтау жеткіліксіз, себебі осы-
лайша оның бай мәдениеті мен тарихи өткені айтарлықтай кеми 
түседі. Орталық Азияның ежелгі көпғасырлық мәдениетінің қойна-
уында қазақ мәдениетінің бастауы пайда болды, оның материалдық 
мәдениеті мен руханиятының негізі қаланды.


38


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   471




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет