М. З. Изотов философия ғылымдарының докторы, доцент


Қазақ халқының рухани әлемі қалыптасуының тарихи контексі



Pdf көрінісі
бет63/471
Дата08.02.2022
өлшемі3,01 Mb.
#117721
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   471
Байланысты:
Қазақтардың рухани әлемі әл-Фарабиден Абайға дейін

2 Қазақ халқының рухани әлемі қалыптасуының тарихи контексі: 
түркілік рухани дәстүр
61 
айқындауға болады. Ол төмендегідей кейіпте көрініс беруі мүмкін: 
ежелгі, ортағасырлық және қазіргі кезеңдер. Олар, өз кезегінде, 
жіктеліп қарастырылуы мүмкін. Онда біз қазіргі кезеңді бірнеше 
кезеңге бөліп, кеестік дәуір, тәуелсіздік алған кезең деп әрі қарай 
жалғастыруға болады. Осындай бөлшектеуді ортағасырлық кезеңге 
де жасауға болады және оның ішінде түркі философиясының дамуы-
ның классикалық кезеңі айшықтауға болады. Кезеңдеу мәселесі ашық 
жіне пікірталастар тудыратын болып қала береді және ол нақты-
лана түседі, өзгертіледі, түркі философиясы философиялық білімнің 
тереңірек зерттелген саласына айналған сайын толықтырыла түседі.
Қазақстанда түркілік философияны зерттеу аясы ерекшеленіп
оның деректанулық қоры кеңейе бастады. Біздің еліміздің Пре-
зидентінің бастамасымен жүзеге асырылған «Мәдени мұра» 
Мемлекеттік бағдарламасының арқасында, қазақ халқының та-
рихы мен мәдениетіне қатысты шетелдердегі – Қытайда, Иранда, 
Моңғолияда,Түркияда, Ресейде жаңа деректерді іздестіру жүргізілді.
 
Бұрын белгісіз болған деректер аударылды және бұрынғы 
жұмыстарды ғылыми объективтілігі тұрғысынан қайта аударылып, 
өткеннің мәдени құбылыстарын зерттеудің ауқымы мен аймағы 
кеңейді. Еліміздің ғалымдары осы контексте қазақ халқының та-
рихы мен мәдениетінің түркілік кезеңі жайлы қазіргі білімді 
толықтыратын деректерді растаушы куәліктерге ие болды. Оларда 
түркі халықтарының рухани байлығы туралы білімдерін кеңейтуге 
жаңа мүмкіндіктер пайда болды. 
Түркі әлемінің, соның ішінде Орталық Азия аймағының ұлы 
ғалымдары әлемдік ғылымда бұрынан белгілі, бірақ олардың 
сіңірген еңбегі қазіргідей өзекті болған емес, өйткені қоғам жаңа 
өмірді ескіні өшіріп, тарихи жадты жоя отырып құрды. Қазіргі 
уақытта біз өз қайнарларымызға оралудамыз, өйткені қоғам онсыз 
болашағымыздың жоқ екендігін сезінді, ал оның саяси жетекшілері 
қазақ халқының өмір сүруінің жаңа стратегиясын оның тарихи 
жадының тамаша бейнелері арқылы түзуде. Ол ғайыптан қайта 
туылғандай түркі тілдес халықтардың түп тамырларының бір екенін 
және оның рухани өмірінің бай болғанын дәлелдейді.
Ұзақ уақыт бойы тоталитарлық идеологияда түркі халықтарын-
да, атап көрсеткеніміздей тек қана философия емес, мәдениеттің 
когнитивті түрі, қазіргі өмірде танымдық іс-әрекетте танымның 
жоғары түрі ретінде мойындалған – ғылымды да жоққа шығарушы 
тезис орын алып келді. Алайда, бұл олай емес еді. Түркілік та-
рих бұл тезисті жоққа шығарады. Мысалы, көне Хорезмде туған, 
Орталық Азия өкілі, талантты математик Мұхаммед ибн Мұса әл-


62


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   471




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет