Суреттеу адам әрекеттері, қозғалыс, бейнелерді әсерлі жеткізеді. Сөйлем оқиға туралы жаңа бірмәлімет хабарлауүшін айтылуы мүмкін.
Суреттеу мәтіні болмыстағы, шындық өмірдегі әртүрлі жай-күйлерді (адамның биологиялык, психологиялық күйі, табиғат, қоршаған орта, адамның, заттың тұрған орны, т.б.) толықтай нақтылап сипаттап береді. Бұл - суреттеу мәтінінің қатысымдық міндеті. Мәтіндегі суреттеуде әңгімелеуші суреттелген оқиғаға қатысты пайымдауын философиялық ой-қорытындысы ретінде айтса, онда ол ойталқы болады. Әңгімелеу, суреттеу, ойталқының бір-біріне өзара тәуелділігі, араласып, кезектесіп отыруы да кездеседі.
Көркем мәтін тілі – стиль компонентінің бірі ғана, сондықтан стилді шығарма тілімен шектеу бір жақты. Джордж Саид өзінің жолдасына жазған бір хатында: «Сен тек жақсы құрылған сөйлем іздейсің, оның азды - көпті мәні болар-ақ, бірақ ол әлі өнер емес, айта берсең оның жарым-жартысындағы да емес екен» деген.
Халық тілі «тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін» білдіретін, бейнелі ойды бедерлеп жеткізетін өрнекті сөз орамдарына аса бай. Қазақ тіл болса да, оның сөздік қорының мол болуы сол тілде сөйлеушілердің қарым-қатынасын жақсартуға, айтайын деген ойын терең, мазмұнды етіп түсіндіруге өз септігін тигізеді. Орнын тауып қолдана білсе, қандай күрделі пікірлерді де әрі түсінікті, әрі көркем, әрі орамды етіп қолдануға болады. Сөздің немесе тілдің көркемдігі дегенде, ең алдымен, оның әсерлігін ұғамыз. Ал, әсерлі сөйлеу, яғни көркем тілмен сөйлеу, өз ойын өзгеге шама- шарқынша айқын түсіндіру – тек өнер- білім адамына ғана емес, «мәдениеттімін» деген барша қауымға міндет әрі қажет.
Тілдің көркемдік ерекшеліктері әдебиеттану және тіл білімінің әр түрлі саласында, соның ішінде семасиологияда қарастырылады.Жалпы, филология пәндері құбылтып, бейнелеп сөйлеудің, яғни троптар мен фигуралар, сондай-ақ, тілдің күллі көркемдеуіш және бейнелеуіш құралдарын, сөз мағынасын алмастырып қолдану түрлері мен амал- тәсілдерінің теориясын негіздейді. Алайда тіл көркемділігін теория тікелей дамытпайтындығы белгілі, қайта тіл көркемдігін жүйелеу барысында ғана теория туындайды. Ал теориялық, ғылыми негіздерге сүйене отырып, тілдің көркемдік қасиетін түсініп, оның көркемдік аясын кеңейтуді үйренуге болады. Былайша айтқанда, тілдің көркемдік жүйесін ғылыми меңгеру әсерлі, сауатты сөйлеуге, көркем тілмен жазуға тікелей ықпал етеді. Сондықтан тілдің көркемдік ерекшеліктерін, көркемдік әдістерін меңгеру ана тілімізді қамытудың, байытудың, ең тиімді жолдарының бірі болып табылады.
Сұлтанмахмұт Торайғыров: «Сезімнің, сыртқа шықпас түсі бар ма, оны жасырар адамның күші бар ма?» - дегенде, жеке тәжірибелі ғылыми шындыққа ұластыра айтқанды. Одан көп бұрын Абай «шымырлап бойға жайылатын» сөздің астарын: « Білгенге маржан, білмеске арзан» деп дәлелдегенді. Сөздің негізгі мақсаты ойыңды жеткізу деп білсек, көркем сөздің мақсаты- сол ойды әсерлеп жеткізу. Ал әсерлеп жеткізу ойда қалу үшін, ой мен сезімге әсер ету арқылы адамның жан дүниесін баййыту үшін қажет.
Тілді қолдану аясында, оның кеңдігін танытатын құбылыстың бірі ғылымда троптар деп аталады, ал оның басты бір түрі – метонимия. Бірақ, тілтанушыларымыз да, әдебиеттанушыларымыз да метонимия мәселесін әлі өз алдына нысанаға алып, арнайы ғылыми талдау жасағанмен әлі де болса, аздық етеді, тек кейбір оқулықтар мен зерттеулер ішінде, көбіне қаға берісте, ежелден белгілі жайлар ғана сөз болады. Тіл жүйесінде метонимияның мәні зор. Сондықтан оны сөйлеу мәдениетінің бейнелі ойымыздың дамуы мен қалыптасуының бір көрінісі ретінде арнайы қарастыру қажет. Көркем аударма мен түрлі сөздіктер жасауда метонимияны түсіндіріп, оны сөйлеу тілінде дұрыс әрі орынды қолдана білудің мәні айрықша.
Кез келген мәтін өнерден орын ала алмайды. Ол үшін мәтін оқырманның мұң-мұқтажын, арманын, қиялын, жүрек қалауын қамтамасыз етуі талап етіледі. Көркем шығармада халықтың қуанышы мен күйініші, арманы мен қиялы, салт-дәстірі көрініс табады.
Көркем мәтін стилі халықтың өмірді көркемдікпен өрілуінен, өмір көрінісін өнер арқылы шығармашылық көрсетуінен келіп туған. Сурет бойынша суреттеу ерекшеліктері:
Оқырманның бақылау қабілеті мен түсіну қабілетін жетілдіреді;
Мәтіндегі суреттер тартымды қызықты болғандықтан бейнелі ойлау қуатын дамытады;
Сурет арқылы мазмұны түсіндіріледі;
Оқушылардың сурет арқылы пікір жүргізу қабілетін дамытып, сурет көріністер арқылы логикалық бейне туғызады;
5.Оқушылардың көз алдына елестету қабілетін жетілдіріп, суретті бақылау арқылы түсініктері тереңдетіледі.
Шығарманы жазудағы жазушы шеберлігін, кейіпкер тұлғасын, адамның эстетикалық танымын, адамдар арасындағы ізгілік пен әсемдікті, шығарма табиғатын зерделеп түсіну тілдік талдауды әдеби талдаумен ұштастырған жағдайда ғана іске асады.
Т.Ақшолақовтың «Көркем шығарманың эстетикалық табиғатын таныту» және «Көркем шығармаға талдау жасау», Б.Смановтың «Кейіпкер бейнесін талдау», К. Алпысбаевтың «Көркем шығармаға талдау жасау», Қ.Бітібаеваның,
Ә.Дайырованың, С.Тілешованың еңбектерінде шығарманы әдеби талдау терең түсіндірілген.
1926 жылы А.Байтұрсынов «Әдебиет танытқыш» деген кітабын шығарды. Әдебиет теориясын жазылған монографиялар оқулықтар орыс тілінде оқылынды. Жоғары оқу орындарында орыс ғалымдарының осы кезде пайдаланып жүрген оқу құралдары негізінен Г.Л.Абрамович пен Л.И.Пимофеевтің еңбектерін А.М.Горький атындағы дүние жүзілік әдебиет институтының ғылыми қызметкерлері дайындап жарыққа шығарған. Үш томдық «Әдебиет теориясы» - аталмыш саладағы ірі еңбек. Ертеректе жарық көрген «Әдебиет теориясы» оқулықтары жоғары оқу орындарына арналып жазылған кітаптардың әрқайсысы әр түрлі сипатта болып келді.
Айталық, Г.Л.Абрамовичтің «Әдебиеттануға кіріспесінде» әдебиет теориясының алғашқы шарттары мен тұңғыш түсініктері, ең қажетті детальдармен қарапайым жайлары сараланса, Л.И.Гемофеевтің «Әдебиет теориясының негіздері» ең алдымен көркем туындылары, стильдері мен ағымдары мен жалпы әдеби процесті талдап тексерудің принциптері мен әдістемесін қарастырды. Ол авторлардың бірігіп ұжымдық жазып шығарған үш томдық «Әдебиет теориясы» жалпы әдеби дамудың тарихи заңдылығын іздеп табуды көздеді.
Әдебиет теориясы көркем әдебиетінің болмысы мен бітімін, әдеби шығарманың сыры мен сипатын, әдеби дамудың мағынасын, мәнін байыптайды. Әдебиеттің өзіне тән ерекшелігін, оның қоғамдық қызметін, көркем шығарманы талдаудың принциптері мен әдістемесін, әдеби жанр мен оның түрлері, өлең жүйелерін тілі мен стиль, әдеби ағым мен көркемдік әдіс мәселелерін түгелімен тек әдебиет теориясынан ғана танып - білуге болады.
Троптың 6 түрі бар:
а) Метафора – екі нәрсенің ұқсастығы ауыстырылып айтылады.
ә) Кейіптеу – жансызды жанды қылу
б) Метономия – жандыны жансыз қылу
в) Синекдоха – жекеше орнына көпше және керсінше көпше орнына жекеше
г) Символ – бейнелеп айту
д) Алигория – астарлап, жұмбақтап айту.
Әдебиет жанрларында кездесетін әдеби оралымдар:
Антитеза– ақын жазушылар бір нәрсені суреттегенде екі затты қатар қойып суреттеп, үшінші заттың бейнесін салыстырып көрсетеді. Мысалы: Ақжүніс Қартқожаққа:
Қара жерге қар жауар, Қарды көр де бетін көр.
Қар үстінде қан тамар
Қанды көр де етін көр, – деген.
Анафора (грек. anaphora ana – кейін, қайтадан+ phoros - алып жүруші) - өлең тармақтарында сөз басында ғана бір немесе бірнеше сөздің қайталап келуі.
Мысалы: Қазақ осы дала дейтін, күн дейтін
Қазақ осы өнер алды - тіл дейтін.
Драма 3 топқа бөлінеді:
1.Трагедиялық драма;
Комедиялық драма
Шағын драма
Идиомалық сөздер– жеке сөйлем мүшелеріне талданбайтын, басқа тілге аударылмайтын, басқа тілге аударылса, өзіндік көркемдік мәнін жоятын тұтас сөздер тізбегі.
Қазақ топырағында әдебиет туралы ғылым туу, қалыптасу дәуірінен әлдеқашан өтті. Бұл ғылым бүгінде күрделі даму, өсу, өркендеу кезеңдерін бастан кешіріп отыр.
Әдеби талдау кезінде шығармадан алынған шағын мәтінді талдауда біз оның шағын деталін немесе құрамдас бөлігін ғана ала аламыз. Бұл тұтастық талдауға жатпайды. Тұтастық талдау дегеніміз – терең түсінік беретін талдаудың шарты мен тектік белгісі. Тұтастықты қамтиды, түсініксізді түсіндіреді, әдеби талдау нәтижелі болады.
Талдау арқылы автордың көркемдік ойларын сезінеміз. Оқушының мәтінді қызығып оқуы шығарма мазмұнына, жазушының стиліне, шеберлігіне байланысты. Көркем сөз арқылы адам жанының небір тылсым сырлары шертіледі, өмір құпиялары ақтарылады. Мәтін мазмұнында адам арманы, әртүрлі оқиғалар, ерлік дәстүрлері, табиғат көріністері суреттеледі. Оқырман тағдырларды түсініп, жазушымен бірге ойланып, дұрыс шешімге келеді.Оқушы өмірден өз орнын табуына оң әсер алады. Талдау жасау арқылы оқырман «саналы кеуде, құйма құлақ» бар жерде ғана болашақ жарқын екенін түсінеді.
Қайталау - белгілі бір өмір құбылысына не бір нәрсеге оқушылардың назарын аудару үшін ақын жазушылардың бір сөзді не сөйлемді әдейі қайталап сөзге немесе сөйлемге ерекше түс бере айтуы. 5 түрі бар:
Жай қайталау
Еспе қайталау
Синтаксистік параллелизм
Анафора
Эпифора Дамыту - өлеңдерде не қара сөздерде алдыңғы ойдан, соңғы ойды, алдыңғы оқиғадан соңғы оқиғаны күшейтіп айту. Қазіргі шығармалардағы тіл мәселесі- ең күрделі проблеманың бірі. Әдеби тіліміздің бірте-бірте жетіліп, байып келе жатқаны айқын. Күрделі ойлар, оқиғалар, әрі теориялар тілдің жаңа қырларын, тосын сырларын жарыққа шығаратыны белгілі. Мәнділік, бейнелілік, мағыналылық, тілдің көркемдік қуатын арттырып, әсерлілігін күшейтеді. Тіл де, сөз – халықтікі. Сөйте тұра, әдетте: «Пәленшенің тілі бай» дейміз. «Мынау түгеншенің сөзі ғой»,- деп тани кетеміз. Өйткені әр жазушының өзіне тән сөз саптауы, яғни сөйлеу немесе жазу стилі бар. Ал әркімнің жазу стилі сөзді қалай мәнерлеп, бейнелеп қолдануына тікелей байланысты. Демек, сөзді сөйлей білудің өзі – үлкен ғылыми жүйе.
Көркем әдебиетте, әсіресе поэзиялық шығармаларда метонимияның пайдалану өрісі өте кең. Осы орайда, біз өз зерттеуімізде әдебиетіміздің әйгілі Абай Құнанбаев пен қазақ кеңес әдебиетінің іргесін көтерушілер Ахмет Байтұрсынов, Шәкәрім Құдайбердиев, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов, Міржақып Дулатов, Мұхтар Әуезов, сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин, Сәбит Мұқановтардан бастап, бүгінгі ақынжазушыларымыздың шығармаларына сүйендік. Тіліміздіің тарихи дамуы мен қазіргі қалпынан метонимияның тілдік құбылыс ретінде қалай қолданылғанын байқау үшін, аталған ақын- жазушыларымыздың шығармаларынан басқа кейбір нұсқаларды да қамту қажет болды.
Сөздерді дағдылы мағынасынан ауытқып, әдеттерден тыс, ауыса қолдануымен байланысты «метонимия» және «метонимиялық» деген терминдер ежелгі Греция мен Рим заманындағы зерттеу еңбектерден белгілі «Метонимия» термині алғаш рет б.з.д. 384-322 жж. Аралығында сөзі («metonymia»), атын өзгертіп, алматырып атау деген мағынаны білдіреді. Лингвистикалық әдебиетте метонимияға берілген анықтамалар мен түсініктемелер арқылы ең алғаш рет Аристотель өзінің еңбектерінде метафора мен метонимияның теориясын енгізді. «Метофора (метонимия)- есть перенесение слова с изменением значения из рода в вид, из формы в род, или из вида вид, или в форме пропорции». Осыған орай айта кететініміз, ежелгі (Греция, Рим ) және орта ғасырдағы шешендік троптарды зерттеу, метафора, теңеу т.б. мағынасында түсіндірілді немесе метонимия метафорамен аралас түрде баяндалды, не болмаса мүлдем көлеңкеде қалып отырды. Аристотельмен қатар Квинтилиан және Цицерон метонимия мен метонимикалық алмастырулардың қызметін түсіндірген. Квинтилиан оған мынадай анықтама береді: «Она (т.е. метонимия) обозначает изобретенные предметы в нем изобретатели и вещи, пренадлежавшие кому- нибудь, именем их собсвенника. Так мы постоянно слышим, как говорят «Вулкан» вместо «Огня». Бұдан кейбіреулер «метонимия және метонимикалық» деген терминдерді троп түрінде ғана емес, сондай- ақ сөздердің мағыналарының өзгеруіне, заттар мен құбылыстардың ортақ жақтары мен қатынасының ауысуына байланысты қолданған. Сөйтіп, лингвистер метонимияны екі бағытта қарастырған. Бірінші бағыттағылар метонимияны троптар жүйесінде жатқызып, оның семантиалық және стилистикалық ерекшелігін қаорастырады. Екіншілер сөздердің тарихи өзгеруінен пайда болған деп, метонимияны және метонимикалық қолданыстарды кең мағыналылыққа негіздеп қарастырады.
Қазақ тіл білімінде метонимияға берген анықтамалар бірізді емес. Мәселен, І. Кеңесбаев пен Ғ. Мусабаевтың анықтауынша, «Бір сөздің орнына екінші бір сөздің ауыс қолдануынан шығатын іргелес ұғым метонимия деп аталады».