МА. Аары алхан Бөкей Шыгармалары Екінш І том Роман, повестер ф Алматы 2013 «Ел-шежіре» ҚҚ



Pdf көрінісі
бет3/7
Дата07.02.2022
өлшемі8,58 Mb.
#90037
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Shygarmalary 2tom Bokey

,
-
Улі иматым қоя бастадың ғой... Оны көреміз.
- Ендеше, күреспеймін.
113


-
Жақсы олай болса аядай кеңседе апыр-топыр алысып 
жатқанымыз ұят болар. Тоғай ішіне баралық. Кеттік.
Шолақ қол жеке атта, Қандауыр милиционер жігіттің артына 
жайдақ мінгесіп жолға шықты. Боқмұрын баланың ат артына 
салған көргенсіздігіне канша намыстанса да, көнбеске амалы 
жоқ. Бұқтырманың жағалауындағы қалың тоғайға жетелер 
жалғыз аяқ соқпаққа түсіп асықпай аяңдагі келеді. Қашып 
кетер деп қауіп қылды ма, тұтқынның қолын артына қайырып 
байлаған жэне оны ел көзінен жасыра үстіне шапан жапқан. 
Бұл қалпында балық аулауға шыққан бейбіт адамдардың 
сықпытын аңғартады. Құйрық тістесе артта - әдейі артта келе 
жатқан Шолақ қолдың тақымына кыстырылған құрығы бар.
Милиционердің артында отырған Қандауыр мысық пен 
тышқан ойнаған бастықтың қылығына өлердей қорланды, 
қарсылық көрсетуге де, қашып кетуге де дәрмен жоқ, жер болып 
жасыды, амалсыз көнді. Әншейінде қолына су кұюға жарамас 
жаманның соншалық басынып, басына эңгіртаяқ ойнатқаны 
кінэмшіл жігіттің намысын қанша осқылағанымен, жан тәтті 
де; өзінің өмірін қойшы, алланың әмірінен қашып құтыла ала 
ма, анау екі көздері төрт болып, тар қапаста қамаулы жатқан 
әйелі мен баласына тиер кесірі, ендеше, әліптің артын бағып, 
қайбір мазағы мен қорлыгына да шыдау керек; мейлі - жықсын, 
мейлі - атсын, итжеккенге қызыл табан қылып айдасын - не 
көрмеген қу бас, лажсыз көнтері күй кешіп көндігеді.
Өзеннің арылы естіліп, шыбын-шіркей көбейіп, алаңқайдың 
шетіне ілінгенде, ат басын іркіп аялдады. Шолақ қол жан- 
жағына мүқият қарап алды да: - Осы жерге тоқтаймыз, - дегі, 
эмір етіп аттан түсті. Сыңар қолымен көлігін қайыңга байлады 
да, жап-жасыл шалғынды жапыра кешіп барған күйі аяғымен 
түрткілеп, шөп басып бұғып жаткан бұтақ, тастарды теуіп, 
алысқа лақтыра бастады. «Жанының тәттісін» деп ойлады ат 
артында элі отырған Қандауыр. Бастығына милиционер жігіт 
те көмектесіп жүр. Қандауыр астындағы атты тебініп қалып 
желе жөнелгісі келді-ақ, бірақ тоғайға сіңіп үлгергенше, атып 
жіберуі әбден мүмкін еді. «Апыр-ай, жалғыз қолмен қалай 
күрескелі жүр, расында да, алпауыттың нағыз өзі болған соң...» 
Шолақ қол: - Алып кел ана мықтыны, әуселесін көрейін, - деп 
ақия бұйырды. Жүгіре басып келген жігіт аттан өзі-ақ секіріп 
түсіп, қарсы жүрген Қандауырды итермелей жеткізді.
114


- Түйгіштеме, шірік неме!
- Қолын шеш те, мылтығыңды оқтаулы үста, - деді 
бастығы.
- Қорықпай-ак қой, қашпаймын, - деді Қандауыр, «сізден» 
«сенге» калай көшкенін өзі де байкамай қалды.
- Сенен қорыққаным - қара қойдан үріккенім, - деді сырт 
киімін шешіп, күреске бар ынтасымен дайындалған Шолақ қол. 
Қандауыр қарысып қалған қолын уқалап, екі білегін сипалап 
үйығанын жазып, қанын таратты. Желбегей жамылған шапанын 
шешті. Осы кезде саркырай ағып жатқан өзен жиегіндегі баз тал 
қозғалып, қүрығы сорайып бір балықшы орыс шал шыға келді. 
Артына жалт қарап, тапаншасына жармасқан Шолақ қол: -
Уходи от сюда, стреляю! - деп айғай салып еді, ана байғүс жып 
беріп тоғайға қайта сүңгіп кетті. Көңілі жайланған нәшәндік 
тапаншасын белбеумен қоса шешіп, милиционерге берді.
- Кел, батыр, көрсет күшіңді.
- Бір қолымды таңып тастасам қайтеді, үят қой...
- Қорлама! - деп аузынан ак көбік ата жекірді. - Осы 
бір қолыммен ак шу асауды қүлағынан үстап түқыртып, қүй- 
рығынан басып шыңғырткамын.
Кителін шешіп тастап, ақ шыт көйлегінің жеңін түрінгенде, 
шолақ қолының басы түп-түқыл, қып-қызыл екен... Бір басып, 
екі басып жақындаған Қандауырдың зәресі зэр түбіне кетті. 
Амал жоқ, пенжагын шешіп, күреске дайындалды. Екі көзі 
шолак қолда. Бесатарды кезей үстап түрған жігіт аузын аңқайта 
ашып, кызықты жалғыз өзі тамашалайтынына мэз болғандай 
ырсияды. Балуандар әуелі аңдысты. Байқап корді. Оңтайлы 
сәтті күтті. Шолақ қол күреске түскенде шабыттанып, екі көзі 
кызарып, үрт еті жыбырлап, жыпылық жанары жырбыңдағанын 
тыйып үшқынданып кетеді екен. Қандауырда жайбарақаттық, 
салмақты сабыр бар, лажсыздық басым. Аңдысу үзаққа созылып 
бара жатқан соң, Шолақ қол: «Қатын болмасаң, тақалсаңшы, 
белдесейік», - деп зірк етті. Қарсыласы «Жарайды, ендеше» 
дегендей, адымдап қалып, оң қолын ту сыртына сала бергенде, 
бағанадан босқа шолтаңдатпай арқасына қайыра үстап жүрген 
мүқыр жілік автоматтай сарт етіп ағытылды да, оттан шыққан 
көсеудей кып-қызыл күйінде Қандауырдың бауырына сүңгіді 
де кетті. Тура бауырдан ондырмай тиген ауыр соққыдан көзі 
карауытып, басы айналып мең-зең есеңгіреген «жауының»
115


ышкырынан оң қолымен шеңгелдей ұстаған қалпы қатты 
тартып қалып, шолақ қол сумаң етіп құлақ-шекеден баса оң 
жамбасына сала бергенде, жан-дэрмен кимылдаған Қандауыр 
ырқына конбей бұлқынып, жауырыннан құшақтай алып, бұл 
тэсілден аман кұтылды. Бұл қарсы қимылды қалай жасағанын 
озі де білмейді. «Құдай сақтады» деді ішінен. Оның сыртынан 
қапсырған темірдей құшағында қалған нәшәндік жан-дэрмен 
жұлқынып еді, онысынан ештеңе онбеді. «Жібер, атамын» -
деп айқайлады мылтығын кезей сасқалақтаған милиционер.
- Оттама, сүмелек! - деп намыстанды Шолак кол. Содан 
соң Қандауырға: «Босат, ана потшиноныйдан үят, кайта күре- 
сейік»,- деп сыбырлады. Босатты. Босата салысымен арыс- 
тандай атылып алға шыккан ол алаканына түкіріп қайта 
ұмтылды. Түрі айдаһар куғандай корқынышты еді. Жаңағы 
әдісті қайталаған жоқ. Тұқыл білек ербеңдеп бос қалды. Не болса 
да белдесіп көрейін деген оймен белдікке кол сала бергенде, 
Шолақ қол тұмсығына қарай зу етіп тигенде, шалқалай барып 
құлады. Мұрнынан дірдектеп қан саулады. Бірак қарсысындағы 
касқырдай тісі ақсиған нэшэндік кеудесіне міне түсем дегенде, 
шапшаң аунап жер қаптырды да, лып етіп тұрып үлгерді.
- Ой, ағайын, мынауың күрес емес кой, төбелес қой, - деді 
тағы такалған Шолак қолға.
- Енді қалай деп едің, қолым біреу-ак кой.
- Олай болса мен де жұдырық жұмсайын ба?
- Жоқ, сен күресіп жық, қолың екеу ғой.
- Жарайды, ендеше, - деді мүрнының канын жеңімен 
сүртіп.
Күрестесінің барлык куаты мен сенері монтансыған, 
мүсәпірсіген шолақ колында екенін сезген Қандауыр бүкіл 
назарын сол сом темірді аңдуға аударды. Ал жауынгер қолды 
дэрменсіздендіру үшін сауына ие болу керек. «Иә, аруақ!» -
деп сыйына екпіндеген НКВД бастығының артық нэстедей 
шолтаңдаган шолак қолынан шап беріп ұстай алды да, өзіне 
қарай пэрменімен тартып қалды. Ананың беті қатты жұлқыстан 
былш етіп мұның иегіне тиді. Көз ілеспестей шапшаңдыкпен 
кіндік тұстан шеңгелдей ұстап кеудесіне тік көтерді. Үйіріп- 
үйіріп әкелді де, серпе лақтырып жіберуге шақ қалды. Не 
істерін білмейді. Жықса - пэлеге қалуы мүмкін, ал жыкпаса 
намысқа шапқан нэшэндік ыза буып, одан ары ушығуы мүмкін.
116


Не істеу керек? Ол кол тоқпактай ғып көтерғен күйі мылтығы 
шошайған милиционер жігітке жакындады. Ол саскалақтай 
шегінген.
- Ат, ат нәлетті! - деп даусы шыға ақырды бастык.
- Ағатай-ау, сізге тигізіп аламын ғой! - деп безектеді. 
Кандауырдың кіндігінен төмен көздей беріп еді, жоғарыда 
тыпырлаған шолақ колды сусыта төмен түсіріп, мойнынан 
кылкындыра алдына қалқан ете үстай койды.
- Таста мылтыкты, эйтпесе буындырып өлтіремін мынаны. 
Шикандай бетінің қаны кашып, боп-бозданған нэшэндік тілге 
келуге шамасы жоқ, колы ербеңдеп анаган «таста» дегендей 
белгі берді. Жігіт өз мылтығын бастығының тапаншасымен 
коса лақтырып, дөй далаға тырағайлай қашты. Шолак колды 
сілке бүрап жыкты да, мылтыкқа жүгірді. Әлгінде ғана 
әспенсіп түрған інкібіді бастыгы қақпанға түскен қаскырдай, 
амал жоқ, шоңқайып отыр. Қандауыр мылтыкты кезенген 
жок, бірін иығына асты, екіншісін жай қолына үстай салды 
да, Шолақ колдың тура алдына келіп жайғасты. Бүл калпында 
әңгіме-дүкен күрып отырған екі жолдастың пошымы секілді 
еді. Нәшәндік меселі қайтып жасып қалыпты.Лэм демеген күйі 
бір тал шөп алып, соны тістелеп, қүлағына қонған шыбынды 
айдап Бүктырманың сарынына қүлақ түргендей жайбарақат 
та меңіреу. «Дегенмен, мыкты, діні берік жігіт, - деп ойлады 
Қандауыр. - Әйтпесе мені жекпе-жекке шақырар ма еді. Тек 
арам болып жүрмесін. Тамырын басып көрейін».
- Жолдас бастық, менде не ақыңыз бар? Үзында өш, қысқада 
кегіңіз жоқ еді ғой. Жолыңызға көлденең түрған жерім бар ма 
еді? Тіпті бір-бірімізді жыға танымаймыз да ғой.
- Сен - халық жауысың, - деді ол марғау қалыпта.
- Оны кім айтты сізге? Дәлеліңіз қайсы? Әйелім мен 
бесіктен белі жаңа шыккан баламның жазығы не?
- Жазығы сол - байдың кызы.
- Онда түрған не бар? Әке-шешесінен кетісіп кеткелі 
кашан...
- Сен, шырағым, басымды ауыртпа. Менің де жаным екеу 
емес. Қатынқарағайдан 150 халық жауын табу керек деген 
жоспар бар жоғарыдан. Сонда сендердің орындарыңа өзім 
камалуым керек пе?
- Сонда менімен толтыру керек пе?
117


- Сонда сенің орныңа ауыз жаласкан досың - Көкенді 
ұстаймын ба? «Сол жау» деген айғак бер, өзіңді табан астында 
босатайын да, соны қамайын.
Қандауыр сөзден тосылды. Рас-ау. Жүз елу жауды тауып 
беру бұған да киын.
- Білемін, — деді қаздай тізілген көк көйлек, ақ балтырлы 
қайыңдарға қараған күйі. - Білем, мені қарғап-сілейсіңдер, 
бірақ жазығым не? Жазығым үкімет міндетін адал атқарып, 
бүйрықты орындағаным ба? Иә-иә, мен орындаушы ғанамын... 
Кейде осы ісімнің ақ-қарасын ажырата алмай дал болып, тіпті 
таң атқанша көз ілмей шығатын кездерім бар. Ал көзім ілінсе 
болды, бір жүндес қол қолқама саусағын тарбайта ұмтылады... 
Тапанша жастап ұйықтамаған кезім жоқ, тек сол суық қару ғана 
жан досым... айтшы өзің, менің орнымда болсаң не істер едің?
- Сіздің орныңызда болмағаныма қуанамын.
- Қуансаң-сол. Сененғөрі меніңбас бостандығымжоқ. Жетек- 
тесе - жүрем, айтақтаса - үрем. Әйтпесе, бұл қазақтың бөлісе 
алмай жатқан несі бар.
- Тастамайсыз ба бұл мазасыз қызметті.
- Дэл қазір болмайды. Атып тастайды.
- Кім? - деп таңдана сұрады.
- Жоғарыдағылар... Ежов жолдас...
Шолақ қолдың жүзінде мүң бар еді. Оның осынау мэн- 
мағынасы жоқ, ішіне ит өліп жатса да сезу мүмкін емес әлпетіне 
аяй қарады. Өзен жағасындағы алаңқай әдемі. Шыр айналдыра 
қаулай өскен балапан қайыңдар көмкерғен. Шаң-тозаңсыз 
тап-таза шалғынның ортасы - бұлар опыр-топыр айқасқан 
түсы ғана ұйпа-тұйпа да, былайғы жердің шөбі тік қалпында 
хош иіс аңқытады. Осынау мұрынды қытықтар жұпар хош 
иіс масаң эрі дел-сал халге шақырып басыңды айналдырады, 
буын-буыныңды босатып бостандықтың күйін шертеді. Ептеп 
жел соғып, жасыл шалғын, тал-теректің басы баяу қозғалады. 
Бүктырманың сарынынан бөтен дыбыс жоқ. Қайың түбінде 
байлаулы түрған қос ат еріншектене шыбындайды. Иә, бүл жер 
төбелестің емес, рақаттана дем алып, көз шырымын алатын 
жұмак орны еді...
- Не істейміз сонда? - деді Қандауыр лажсыздық 
аңғартып.
- Қайтайық. Сен қамаласың. Келіншеғің мен балаңды боса- 
тамыз.
118


- Атып өлтіріп Бұктырмаға ағызып жіберсем қайтесіз?
- Оны істей алмайсың. Істей алмайтын себебің: бір емес, 
екі куә бар: милиционер жігіт пен бағанағы балыкшы көрді. 
Ал өзің крэн асып қашып кетсең, түрмеде жатқан қатын-балаңа 
қиянат болады. Сондыктан - екеуіміз аяңдап ауылға қайтайық; 
элгі бұтына тышып тұра безген милиционер мұкым ауданды 
дүрліктіріп жүрер. Рас, күшті екенсің, күреспен жеңдің, 
басқасын бас аман, бауыр түгел болса, көре жатармыз...
- Тек жығылдым деп кек сақтамаңыз, әйелім мен баламды 
есен-сау босатсаңыз болды, мен-ак халык жауы болайын, бір 
үйден бір жау жетер.
- Менің саған жасар жаксылығым - жалғыз. Сөз жоқ, 
семьяңды үйіңе қайтарамын. Өзің білесің, бүл жер - шекара 
ауданы, сондықтан көп тергеп, тексермей «арғы бетке қашпақ 
болды» дегенді желеу етіп атып тастауға кұкылымыз. Халық 
жауларын төменге айдағанда, Бұқтырма үстіндегі ағаш көпірден 
өтесіңдер. Қапы калма... жэне бұл сырды тісіңнен шығарма...
Қандауырдың маңдайынан сұп-суық тер шықты. Шолақ 
кол тапаншасын тағынып, кителін киіп, үсті-басын түзеді. -
Мэ, бастығын тастай зытқан қорқақ иттің мылтығын мойныңа 
асып ал, - деп, бесатарды Қандауырға ұсынды. - Жүр, кеттік. 
Әттең, қазақтардың барлығы сендей болса ғой... Онда айдағанға 
жүрмес ек, айтақтағанға үрмес ек...
Екеуі екі атқа мініп жолға шықты. Қаптаған қалың то- 
ғайдың ішімен асыкпай аяңдатып келе жатыр. Дабырлап 
сөйлескен жоқ. Әрқайсысы оз ойын малталап, мынау әділетсіз 
элемнің жүмбағын шеше алмай үзеңгі қағыстырады. Ертеңгі 
атар таң, шығар күннен үмітсіз Қандауыр ғана емес, мынау 
мұқым ауданды ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстап, 
жылаған бала уанатын інкібідінің көңілінде де қаяу бар-ау. 
Бұрынғы құтырынған мінез жоқ, момақан, күрмеуін шеше 
алмай әуреленген хал кешкендей, айналдырған бір сағаттың 
ішінде кой аузынан шөп алмас кейіпке түскеніне Қандауыр 
қайран қалды. Мүмкін, баяғыдан солай шығар, әдейі дөңайбат 
жасап, жұрттың зәресін алу үшін қасақана жасайтын шығар. 
Осыншалық бір қарекетін бір қарекеті жоққа шығарып, өзімен- 
өзі атысып-шабысқан жұмбақты адамды алғаш жолықтыруы.
- Мен сізден бір нәрсе сұрайын ба? - деді тебіне қатарласқан 
Қандауыр.
119


- Ал, сұрай ғой.
- Алдыңызға келген кісіні неге сабайсыз?
- Әдет болып кеткен ғой. Шыдай алмаймын. Мінез солай.
- Дегенмен, жазықсыз жандарды, «жығылған үстіне 
жүдырык» жүмсағаныңыз большевиктік кылмыс емес пе.
- Қылмыс деп ешкім қолымнан қаққан емес. Дегенмен, 
қамалып жатқандардың барлығы сүттен ақ, судан таза екеніне 
кім кепілдік бере алады. Адамның ішіне кім кіріп шыккан, 
ішінде ит өліп жаткандары бар. Солардан тазарту керек, санасын 
сауықтыру керек. Бүгін мүлэйімсіп жүргенімен, күндердің 
күні жалын күдірейтіп шыға келеді. Осы бастан бастарын отап 
тастамаса, сүйікті Отанымызға, данышпан Сталинге қауіп 
тонуі мүмкін. Сақтансаң ғана сақтайды.
- Заңсыздық қой. Бір адам үшін мың адам не үшін жапа 
шегуі тиіс. Осы жүрт, өзіңіз де білесіз, енді-енді ғана еңсесін 
көтеріп, көтерем күйден арыла бастаған жоқ па. «Жаулық» 
ойлағанды қойып, жанын сақтап алсын да. Айталык, мына мен 
сол Жапония деген елдің кай жерде екенін де білмейді екенмін... 
Ағыңыздан жарылыңызшы, Төлегенов қандай азамат еді?
- Жапонияның қай жақта екенін өзім де білмеймін... 
Жігітім, тым тереңдемейік, - деп ажырая карады. Шолак кол 
ауылға жақындаған сайын күшіне мініп, сәл үмытқан қызметін 
лезде қайтарып алды. - Біле-білсең осы сөзің-ақ сені қамауға 
жетіп артылады. Мен - бүйрықты орындаушымын. Әлгінде 
сен бір сөзіңді, үмытпасам, «заңсыздық»деп айтып қалдың. 
Мойындайсың ғой.
- Өзімді камасаңыз да, тілімді кесіп тастамассыз. Айтқаным
рас.
-
Ендеше, сэбет заңына күмэн келтіргеніңнің өзі - алтын 
заңды бүзу болмақ. «Түлкі түрінен, адам тілінен тартады»деп 
қазақтар бекер айтпаған.
- Сол қазақтың «сөйлемейін десем - сөзім өледі, сөйлейін 
десем - өзім өлемін» дегені жэне бар.
- Артты қыскан бай болады дегенім ғой...
- Қазір бай болуға рүқсат жоқ қой...
- Әй, өзің сөзге мэстірсің-ей, — деп Шолақ қол алғаш рет 
актарыла күлді. - Жақсы жігітсің, кайтейін, аман қалдыруға 
амалым қайсы... О баста үстіңнен іс ашпауым керек еді. Мүндай 
екеніңді қайдан білейін. Өздерің де бастықтарға жуық жүрмей
120


шіренесіңдер. Осы қазактардың кызықмінезі бар. Бойында күш- 
куаты, таланты барлар үдірейіп үлкен адамдарға жоламайды; 
ал, элжуаз, алаяктары алдыңды босатпай жылпостанады. Әне, 
сондыктан да олар аман калады, өседі... Енді тым кеш, шегінетін 
жерім жок. Айтқаным - айтқан, әйеліңді босатамын.
-Осыныңызға дарақмет. Маңдайдағы жазуды өшіре аламын 
ба, - деп күрсінді Қандауыр. Ауа жетпегендей омырауын ашып, 
кеудесін керіктей кере дем алды. Осы бір мезет ат үстінде 
келе жатқан аңшы жігіттің ең ақырғы бостандық ауасын 
жүтуындай еді. Енді қайтып мынау туған жердің тамылжыған 
табиғатын, асқар тау, асау өзенін көре алмасын, емін-еркін 
сайрандап аң-кұсын қуып, орман-тоғайын аралай алмасын; 
көк шалғынына көлбей жатып, сонау түп-түнық аспанға карап, 
тұнығы шайқалмаған көңілмен армандай алмасын; қүлын 
жоны көрінбес тау шалғынын кертіп ойып, қол тартпамен 
алаканға түкіріп пішен ора алмасын; Алтайдың аппақ карында 
ат шанамен ағыза алмасын; мүртына қатқан сүңгі, кірпіктегі 
кырауды сүртіп, тоңып-жаурап келгенде, Нюра кұйып берген 
кұла шайды самайынан тер ағып, сораптап іше алмасын; көктем 
ш ы ға-көктен іздегені жерден табылғандай масайрай, жағасын 
кеміріп долдана таситын Бұқтырманың аққұла толқынына 
қарап, тамырынан копарылған сансыз салындыны санап, аяй 
алмасын; енді кайтып адамға жалғыз-ак рет берілер тіршіліктің 
шэрбаты суалып, кермек татырын, кетеуі кетерін, сойтіп, мынау 
жарық дүниенің торқалы тойын көріп, топырақты өлімінде 
ауыл ақсақалдарының ақылын тыңдай алмасын сезді, білді, 
түңілді, тайғақ тағдырының үкіміне жүғінді.
Қос жолаушы тоғайдан шыға келгенде, алдарынан андыздай 
карсылаған бір кора милиңионерді корді. Ішінде мылтығын 
тастай зытқан бағанағы бала мүрт жігіт те бар. Айқүлақтанып 
алда келеді.
- Атаңа нэлет-ай, бүлдірген екен ғой, - деп астындағы атын 
борбайлап калды Шолак кол.
- Аға, мыналарды бастап келдім, - деді, жерден жеті қоян 
тапкандай жінігіп. Оны камшымең осып өткен нэшәндік: -
Батыр қаранды! - деп зілдене айғай салды. — Үйіңе барып, 
бокшаңды дайындай бер. Қамаласың. Халык жауысың!
Аттан домалап түсіп, енді тоғайға карай қашқан жігіт: -
Халык жауы атанғанша, Бұктырмаға ағып өлемін! - деп зар 
еңіреді. Үстайық деп ұмтылғандарды Шолақ кол тоқтатты.
121


- Тимеңдер, ешқайда кетпейді. Ондай қоян жүрек еркек- 
шоралардың колынан еркекше өлу де келмейді. Қазақтың 
түбіне жететін - мынау емес, - деп Қандауырды көрсетті. -
Анау секілді сүрмелек сужүкпастар.
- Сіз ше? - деп қалды Қандауыр қисыны келіп қалған сөздің 
обалына қалмай.
- Жаудың мылтығын алыңдар, - деген Шолақ қол естімеген 
сыңайда. Жан-жағынан анталай үмтылған милиционердің 
біріне иығындағы мылтығын сыпырып өзі үстата беріп еді, 
қалған екеуі аттан аударып алмак болып борбайына жармасқан: 
бірақ ер үстінде тақымы жабысып қалғандай тәкаппар отырған 
Қандауыр міз бағып місе түтпады. Енді қайтеміз дегендей 
Шолақ қолға қарап еді ол:
- Тимеңдер, өзі барады. Әттең, мынау көп боқташакка осы 
түтқынның жалғыз өзін-ақ айырбастап алар едім, амал не, - деп 
алға түсіп сау желе жөнелді. Қалғандары соңынан салпақтай 
ерді.
Шолақ қол інкібіді уәдесінде түрды. Ауылға кайтып барған 
соң Қандауырды алып қалды да, әйелін босатты.
«Қандауыр абақтыны өзі ашып кіріп келгенде, жүрегім 
жарылып, талып қала жаздап едім-ау. Оның өзі қамалып, бізді 
босататынын қайдан білейін», - деп күрсінді Нүрке кемпір.
Келіншегі мен баласын бауырына қысып, айналып-толғанып 
сүйген Қандауыр қанша қатты болса да, көзі жасаурап, алғаш 
рет көңілі босады.
- «Көрешегіңді көрмей, көрге кірмейсің» деген, Нүрке, 
қайтейік, жылаймыз да шыдаймыз. «Еркек тоқты қүрмалдық» 
деген, екеуің аман болсаңдар, мені қойшы, мықтаса Колымаға 
қайта айдар. Өкінерім де, ошігерім де жоқ, шүкір, - деді 
күштегендей болып күліп, баласын жоғары көтеріп. - Шүкір, 
артымда үрпағым бар. Тек кайда, қандай қиындықта жүрсем де 
тілерім мен сенерім - сендер.
Ағыл-теғіл көз жасын жеңімен сүрткілеген Нюра:
- Ақтық сапарға аттанардай қоштаспайықшы. Ақ коңілдің 
аты арып, тоны тозбайды деуші еді атам, аман-есен ақталып 
келерсің. Шыдайық.
- Иэ, шындық үшін қандай қиындыққа шыдауға болар, 
егер сол шындық бар болса... кейде ойлаймын: біздегі шындық 
көсеммен коса өліп калды ма деп...
122


- Бар, бар, - деді Нюра, - акикатқа жетер адам табылар, 
үмітімізді үзбейік, Қанеке. Сары уайымға салынбайык.
- Үміт - ол да бір сағым немесе көлеңке іспеттес, күн 
шыққанда ғана пайда болады, ал басыңды қасіреттің бүлты 
шалса, іздеп таба алмайды екенсің, жоғалады. Неге екенін 
білмеймін, өзімді емес, козі енді ғана ашылып, бауырын жаңа 
ғана көтерген елдің ертеңі алаңдатады. Көзіне қамшы тиген 
ботадай боздап, тағы да үркіп, үдере кошіп, бөрінің боғы, 
бөкеннің сирағындай тоза ма деп қоркамын. Заңның бет алысы 
жаман... Осы кезде абақтының есігінде түрған Шолақ қол 
Қандауырдың соңғы сөзін кұлағы шалып қалып:
- Сен сэбет заңын ғайбаттама, - деді түсін суытып. - Ол 
эрқашан да эділ, бэрімізге ортақ.
- Заңның эділдігіне шэгім жоқ, алтын заңды бүрмалап, 
бұзатындарға ренішім бар.
- Кім бүзып отыр?! Сталин жолдас па?! Тіліңді тарта сөйле! 
Осы күніңе зар боларсың.
- Осы күніме қызықпай-ак қойдым. Сендердің бұл бассыз- 
дықтарыңды Сталин жолдас білмей отыр ма деп қауіптенемін.
- Оттапсың! - деді нәшәндік. - Дүние жүзінде Сталин 
жолдастың білмейтіні жоқ. Ол - көсем! Ал көсемнің көрмейтіні 
жэне жоқ. Уақыт бітті,қоштасыңдар.
Нюра күйеуіне үмтылып, қапсыра қүшақтап айырылмады. 
Екеуі аймаласып, етектерінен тартқан баланы ұмытқандай 
болып еді. «Папа, үйге қайтайық», - деп ол шырқырай жылап қоя 
берді.Баласын жерден тіке көтеріп алып, бетінен сүйген экесі: 
«Мамаң екеуің үйге жүре беріңдер, мен артынан барамын», -
деді кеудесін керген өксікті әрең басып. Жүйе-жүйесі босап, үні 
қарлығып шықты. Нюраныңда омырауы жасқа боялған. Бұлар- 
ды Шолақ қол ажыратты. Ана мен баланы күшке сап итеріп, 
сыртка алып шықты да, түрменің шоқпардай темір қүлыбын 
кілттеп, жапты. «Папалап» есікті тырмалаған баласын зорға 
дегенде қолтығынан көтеріп, тыраңдатқан қалпында жылап- 
еңіреп үйіне қайтқан Нюра өз ошағына жеткенше көз жасын 
тыя алмады. Бұл шақта таудың ұшар басындағы ұшпа бұлт 
етекке карай жөңкіле көшіп аяқ астынан жел тұрды. Жапырақ 
жайған ағаш басы арпалыса суылдап, сабалақ жүнді бірлі-екілі 
ешкі қора-қораның ығына карай тырағайлап барады. Желіккен 
желмен бірге жарыса түскен жаңбырдың хабаршы тамшылары
123


жетіп, элгінде гана будактай көтерілген кара жолдың шаңын 
жерге шегелей бастаған. Қара бурадай кұтырына жөңкілген бұлт 
бір-бірінен жерігендей үрке орналаскан бытыраңқы үйлердің 
жиналмай қалған кірін желпілдетіп, албастыдай апай-топайын 
шығарды. Тамшының арты бүжыр-бүжыр бұршакка айналып, 
тақтай шатыр, қаңылтыр пештерді таңқылдатып, төбеңді 
оярдай пәрменмен сабалаған. Барабандап бастаған бұршақ 
қарақошқыл бұлттың құсығындай, далада жүрген тіршілік 
иесін бүрыш-бұрышка, ыктасын-куыска куалап тыкты. Жер 
беті аппақ маржанға бөгіп,Алтайдың алты айрығынан саулап 
бұлақ ақты. Бүлактың іші толган ақ моншақ - эрі суық, әрі 
сұлу көрініске есік-терезеден сығалай мэз балалардың кейбір 
шыдамсыздары жалаң аяк, жалаң бас далаға шапқылап шығып, 
шекесін ісіріп қайта оралады. Ең ғажабы, дэл сол күні бір жағы 
ақ, бір жағы қызыл бұршақ жауды.
«СОЛ КҮН, СОЛ ЕРЕКШЕ БҮРШАҚ КЕШЕГІДЕЙ ЖА- 
ДЫМДА. МЕН БАЙҒҰС ҚАНДАУЫРЫМНАН МӘҢГІЛІК- 
КЕ АЙЫРЫЛДЫМ ДЕП ОЙЛАДЫМ-АУ», - НҮРКЕ КЕМПІР 
ТАҒЫ ДА АУЫР КҮРСІНДІ.
1937-інің сойқаны мұнымен біткен жоқ. Ел артынан 
естіді Қандауырды қосып осы ауылдың бір топ азаматтарын 
Бұқтырманың үстіндегі агаш копірден айдап бара жатқанда, 
алды-арттарынан қаумалаған айдаушылар тілге келтірмей 
бытырлатып ата бастайды. Дэл осы сәтте Шолақ колдың 
жұмбақты 
ескертуі 
капелімде 
есіне 
түскен 
Қандауыр 
сасқалақтай шулаған жұртты қақ жарып барып, биіктігі отыз 
метрден асатын көпірден томендегі көкпеңбек иірімді суға 
қарғиды. Бэрібір тұншыгып өледіге жорыған мылтықтылар 
оның соңынан кумайды, тірі қаларын елеп-ескеріп аңдымайды. 
Бұқтырманың арыстан жалды толқынында тербеліп өскен жігіт 
жүз қадамдай сүңгіп, басын қылт еткізіп шығарып ауа жұтып 
алған соң, тағы да су түбіне сүңгіп, ағыстың ырқында ыгыса 
күлдап, алыстап кетеді. Содан, ешкім жоқ, тал-терегі қалың 
өскен жағалаудан бір-ақ шығады. Сол бойында қашып кетпейді, 
үсті-басын кептіріп алғаннан кейін аудан басында отырған 
Шолак кол іңкібідінің тура өзіне барады. Ол мұны «нағыз жүрек 
жұтқан батырдың өзі екенсің» деп, қарқ-карқ күліп, аркасынан 
қағады да, кағазын реттеп Өскеменге жонелтеді.
124


«ҚАНДАУЫР СОЛ КЕТКЕННЕН СОҒЫС БАСТАЛҒАН- 
ДА ҒАНА ОРАЛЫП ЕДІ-АУ», - ДЕП НҮРКЕ КЕМПІР КҮБІР- 
ЛЕДІ.
Қарлығаштың ұясындай ғана шағын үйелменнің ошағы 
сөнбегенмен, басына төнген барлык ауыртпалықты Қандауыр 
аркалап кеткен жоқ, інкібідінің бакылауында болды. «Жаудың 
семьясы» деген жаман атак тағылған соң, ауыл-аймак, көрші- 
колаң аса сактыкпен амандасатын, тіпті кейде сәлемдесуге 
жасканып,Нюраныңжанынанүндемейотешығатын.Осылайша 
бірте-бірте суыскан ел жоқтан өзгеге күдік алып, ғасырлар 
бойы калыптаскан жан жарастығы, агайын араластығынан 
айырылып, әркімнің-әркайсысының ішінен бүғып жатқан 
жасырын «жау» іздеп, жандарын шүберекке түйе сезікті де, 
сенімсіз күй кеше бастаған. Сүттей үйыған ауылдың дэстүрлі 
үжымдығы үшына жабысқан аурудан каншама жылдар өтсе де 
айыға алмай, сүйеккесіңді дертке үласарын, эрине, зерделемеді. 
Үсталғанның бэрін шын жау, каскөй індет деп қабылдады да, 
өздеріне жүғып кетпес үшін пэледен машайық қашты немесе 
сиырдай мүйіздеп, бақсының моласындай жападан-жалғыз 
қалдырды.
«СОЛ ЖАЛҒЫЗДЫҚТАН ӘЛІКҮНҒЕ ҚҮТЫЛА АЛМАЙ, 
ҚОР БОЛДЫМ-АУ», - ДЕП КҮРСІНДІ НҮРКЕ КЕМПІР.
...Иэ, жалғыздық. Сол жалғыздықтан тағы да Көкен 
мен Аналық қүтқарып еді. Бүл омірде бар-жоғы белгісіз 
дарбазасыз дара үйде ішерге ас, киерге киім таба алмай, зар 
еңіреп, зар жүтып жатқанында, тумасынан бетер бэйек болып 
қамқор қолын созды... «Халық жауының» эйеліне қыл аяғы 
қара жүмыс та бермей қаңтарып тастағанда, тағдырдың осы 
бір дағдарысынан аман-есен алып шыққан да солар. Бір күні 
жүмыстан әдеттегіден тым ерте оралған Көкен:
- Ойбай, Нүрке, саған жасырыну керек, - деді өңі боп-боз 
болып. - Ауданнан адам шығып сені қамауға алатын көрінеді. 
Шолақ қолдың айғайлап айтқан бүйрығын есіктің сыртынан 
естіп қалған бір сенімді кісі айтты.
- Күз болса мынау, енді біраз күнде қар түседі, қайда 
кашамын, қүдай-ау, - деп зәрезап болды.
- Расында да, кайда барады мына қарашаның қара суығын- 
да, - деп сөзге араласты Аналық.
125


- Соны өзім де білмей тұрмын. Сенің орныңа Қандауырдың 
соңынан мен-ақ кетер едім, қайтейін, алмайды ғой.
- Көңіліңе рақмет, Көкен. Айналдырған Шолақ қол алмай 
қоймайды, ешқайда кетпеймін, бас сауғалап тығылмаймын да. 
Баламды бір құдайға, содан соң өздеріңе тапсырып, тас түйін 
дайындалайын. Әбіғер болмаңдар.
- Тэңірім-ай, не жазып едің, енді не істейміз? - деп зарлаған 
Аналықты еркектік көрсетіп жекіп тоқтатқан Көкен: - Біз қара 
басымызды сауғалап сенен безініп отырғанымыз жоқ, Нүрке! 
Амал не, өзің шеш. Алысқа, көз көріп, қүлақ естімейтін жерге 
аттандырып жіберуге де эзірмін, осы үйге алып қалуга да 
дайынмын. Сенің балаң - біздің де бала, алда-жалда айдалып 
кетсең, қайтып оралғандарыңша канаттыға қақтырмай, әке- 
шешесін үмыттырмай қарағайдай азамат етіп тәрбиелейміз. 
Басқа не келеді қолымыздан...
- Ризамын сендерге, екі дүниеде де ризамын. Мен тосып 
алдым маңдайға жазылған сыбагамды. ¥рпағым - аманат. 
Абдырамай жүмысыңа бар.
Көкен басы салбыраған күйі, лажсыздық күйін кешіп шығып 
кеткен. Күйеуі үзаған соң, Аналық басқаша кеп танытты.
- Әй, Нүрке, менің тілімді алсаң, маған бір ой келіп отыр.
- Иә, қандай?— деп еміне түсті.
- Сен алғаш келген милиңиядан жасырынып қал.
- Қалайша? Артынан үстап алса, одан ары күдік алып, 
тергемей-ак атып тастар.
- Алғашқы іздеушіден әупірімдеп қүтылсақ, таңғы нәсіп 
тәңірден деген, көріп алдық. Тіпті Көкенге де білдірмейік.
- Түкке түсінсем бүйырмасын. Сонда бір асым ет емес, 
алпамсадай етжеңді катынды қай тесікке тығасың?
- Кержақтардың тас моншасына. Оның ішіне жын-шайтан 
үялаған деп, осы ауылда тірі жан басын сұкпайды. Әмбесінде 
сол моншаның кіреберісінде жертөле бар. Бай кержақтар терең 
ғып қазып, азық-түлігін сақтайтын. Міне, сенің ендігі үйің осы 
болады.
- Сенің де ойлап таппайтының жоқ-ау, Аналық. Ескі подвал 
қайбір пана болып жарытар дейсің.
- Егер элдекім пысықсып ішіне кірер болса, жертөлеге 
түсіп кет, ал ешкім жоқта, моншаның ішінде отыра бер. Тамақ, 
сусыңды өзім тасып тұрармын түнделетіп.
126


- Қар жауып, қылышын сүйретіп қыс келгенде, жеті қат жер 
астында арам катып каламыз ғой. Одан гөрі жылымык түрмеде 
отырғаным озык-ау.
- Жетісерсің. Сені маздатып от жағып, алдыңа астау-астау 
жал-жая койып асырайды деген. Бүдан он есе суык итжеккенге 
айдаса, кержақтардың апанымен жылап көрісерсің. Созді кой, 
бір тәуекелге бел байладық. Ашаршылыктан да аман калғамыз, 
кылышынан қан тамған заман өстіп түра берер дейсің бе, біздің 
де айымыз оңынан туар.
- Әй, кайдам, - деп сенімсіздікпен басын шайкаған еді 
Нүрке бір пәледен қүтылдык па дегенде, екіншісі келеді 
едірейіп. Бейне бір Алтайдың асулары секілді иін тірескен, 
біреуінен ассаң - екіншісі түрады...
- «Көп сөз - боқ соз» деген атам қазақ, іске кірісейік. Сен 
қазір бар да үйіңдегі қомшаңды буып-түй. Керексізін лақтыр, от 
қойып өрте, тіміскілеген адам қашып кеттіге жорысын. Қызың 
естияр болып қалды ғой, түсіндіріп айт, тығыламыз, әйтпесе 
папаң секілді қараңғыға қамап тастайды да... Мен зыр жүгіріп 
барып, жертөлеге тосеніш, жылы киім апарып әзірлейін...- 
Аналық өз үйін ақтара бастаған. - Қүдай-ау, атамның ескі 
қасқыр ішігін де «халық жауы» деп қамап тастады ма, қайда 
кеткен, тэңір алғыр...
Екі күнді әбігерлі дайындықпен өткізді. Осынау қүпия 
әрекеттен Көкен қаперсіз еді. Үшінші күн дегенде: «Шолақ 
қол хабар жіберіпті, Нюра Фадеевна ешқайда кетпесін, хал- 
жағдайын біліп қайтамын. Қорықпасын, күзетшісіз барамын», -
деген сыбысты жеткізді. Бірақ өзі осы күні үйден үзап шықпады, 
жүмысқа да бармай кора-қопсысын түзеп, айналсоқтады-ай. 
Аналық: «Іздеп калған жоқ па, жүмысыңа барсаң кайтеді», -
деп, жақауратып коріп еді, қас қылғаңдай қадалып, кетпей-ақ 
койғаны. «Шынымызды айтсақ қайтеді» деген тэуекелге бел 
байлаған мезетте, ауылдың аш қүрсақ итін шулатып Шолақ қол 
келіп үлгереді. Амал жоқ, алдынан шығып қарсы алды. Аттан 
адамша аттап емес, оң аяғын ердің алдыңғы қасынан асырып 
шабандоз баладай секіріп түскен нэшэндік:
- Қоңдысыңдар ғой өздерің, не жеп семірдіңдер? - деді 
камшысын сапиян етігінің конышына тыға сойлеп.
- «Өлмегенге өлі балык» деген, жолдас бастық, колхоз не 
берсе - соны талшық етеміз,- деп жауап берді Көкен.
127


- Есеп-кисаптан жырым-шеттіктейді деген сигнал бар. 
Істеп жүрген жерінен тістеп жүретін қазақтың ежелгі эдеті. 
Сені де тексеру керек. Екі қатынды, екі баланы асырайтын 
азык қайдан келді саған.
- Тексеріңдер.
- Көрші ауылдағы бригадирдің қалай үсталғанын, қалай 
сотталғанын білесің бе?
- Естімеппін, - деді Көкен.
- Ондайда қүлағың керең бола қалады. Ат-тонын ала 
қашып танып болмаған соң, баласының тезегін тексеріп келіп 
жібергенде - ішінен бидай шықты, - деп қарқылдап күлді. -
Ал енді сендер бара түрыңдар, Нюра Фадеевнамен оңаша 
сырласып көрелік.
Үйге екеуі ғана кірді. Іргедегі төсекке былш етіп отыра 
кеткен Шолақ қол біразға дейін Нюраға қадала қараған қалпы 
жымси ежірейіп лэм демеді. Жылан арбағандай бүріскен әйел, 
оңменін тесіп жіберердей қадалған қиғаш көзден жасқана 
жанар қашырды. Шыдамның да шегі бар:
- Сүрай беріңіз, - деді үні дірілдеп.
- Күйеуіңнің атылғанын естіген шығарсың.
- Естігенім рас, бірақ өлгеніне сенбеймін.
- Халық жауы ретінде атылғаны туралы актымен 
таныстырайын ба?
- Немене бүл... көңіл айтканыңыз ба? Айтсаңыз да абайлап 
естіртпейсіз бе?
-Д а-а, - деп ойланды Шолақ қол. - Да-а... Мен мәймөңкені 
білмеймін, қызметтің адамымын, турасын айтамын.
- Биліктіге де біліктілік керек дегенім ғой, әйтпесе түкірігі 
жерге түспей түрған сізбен тайталасып нем бар.
Шолаккол ескі әдетінше ойқастай басып үй ішінде эрі- 
бері алшаңдамақ еді, аядай бөлме таршылык жасады. Амал 
жоқ, төсекке қайта отырды да, қарсы алдындагы эйелге тағы 
да қадала қарады. Бүрынғыдай емес бойы үйреніп, неге болса 
да бел буған Нюра шімірікпестен сазарып отыр. Оның өр 
сыңайын аңдаған нәшэндік экіреңдеп әлек болудан еш нэтиже 
шықпасын сезді ме, кокейінде көптен жүрген жасырын сырын 
шым-шымдап шығаруға көшкен-ді.
- Мен сені қамауға келгенім жоқ деп ескерттім. Бетінен 
нүры тамған сүлу келіншекті караңғы торға қамап үстаудан
128


үлкен кылмыс бар ма мен үшін. Жаным темірден жаратылмаған, 
менде де сезім, жүрек, түйсік бар. Еғер қаттылығым, түрімнің 
суықтығы білінсе, оған мен кінэлі емес, талап пен жүмыс 
солай, демек, мен түскен казан катты қайнап пісірді. Күні 
бүгінге дейін салт басты, сабау қамшылымын. Қызмет қуамын 
деп, жар қызығынан айырылыппын...
Шолак колдың не бықсытып келе жатқанын ептеп іші сезе 
баста-ған Нюраның әлгінде ғана боп-бозданған жүзіне қан 
теуіп, бойынан үрей үркіп, денесі дірілдей бастады. «Тэңірім- 
ау, енді жетпегені осы еді».
- Зорлықпен келгенім жок, сені алғаш коргеннен бері тағат 
таптырмаған...
- Керек емес, - деді Нюра зәрезап болып, - ар жағын 
айтпай-ак қойыңыз...
- Өлмектің артынан - өлмек жоқ, басың жас, бақытың алда, 
балаңның үстінен күс үшырмай тэрбиелеймін...
- Жаудың әйелін алды деп, өзіңіз де үсталып кетерсіз... 
Болмайды! Бекер эуре болмаңыз! - Атып түрып сыртқа 
беттемек еді, інкібіді бастығы:
- Отыр! Шошаңдамай, сөзге қонақ бер! - деп ақырып 
қалды. — Немене, менің эйел сүюге қақым жоқ па?
- Қакыңыз бар, бірақ біреудің эйелін емес.
- Жесір эйелді деңіз...
- Жесір мен жетімнің заманы емес пе, осы өкіметті соларға 
теңдік әперу үшін орнатпап па еді...
- Ол, рас, махаббатқа да бостандық керек, сондықтан да 
саған сөз салып түрмын, сондықтан да жуандық жасамай 
жуас жолмен, қазақы жолмен үлкен басымды кішірейтіп келіп 
тұрмын.
- Ақирет алдында да айтар сөзім - үзіңіз үмітіңізді. Мен о 
дүниеде де Қандауырды ұмыта алмаймын.
- Үмытпай-ақ кой. Тіпті бес уак намазыңнан қалдырма, 
суретін салып қабырғаға іліп қоялық.
- Мен енді сізге еш нәрсе айтпаймын, білгеніңізді істеңіз. -
Нюраның беті қайтадан қуарып кетті.
- Қақ маңдайдан ұрдың-ау, аспан көз қатын. Қайтейін 
сені, қайтейін, жалғандағы жалғыз қуанышымнан айырдың, 
абыройымды айрандай төктің, жігерімді 
қүм 
қылдың, 
жігіттігімді қорладың, аяулы сезімімді аяқ асты еттің. Енді
129


кайтіп ашуланбаймын, енді қайтіп елді қан қақсатпаймын, 
айтшы өзің... Жазығым не, жазығым жар қызығын көрейін 
дегенім бе?
Нюра таң қалды. Шолақ кол бетін қос алақанымен басып 
алып, әйелдерше ал келіп солқылдап жыласын. Басқа - баска 
да, дэл осындай оқыс қылық, босаң көңіл күтпеген еді, эрі 
оған тас емен жүрегі жылып, жаны ашыған. «Қойыңыз аға, 
азамат емессіз бе, босамаңыз» деп оған деген өшпенділігін 
жүмсартпакка ниет қылды да, «қой, босқа емексітпейін» деген 
оймен тез айныды. Ал анау калтасынан орамалын шапшаң 
суырып алып, жасқа толған жанарын сүртіп-сүртіп орнынан 
түрды. Белбеуін ширыға түзеді. Тапаншасының қабын сипап 
тексерді. Нюраға қарамаған күйі шыга берді де: - Ендігі 
хабарды милиңионерден күтерсің, сүлуым, - деп жымиды. -
Мен сенімен коштаспаймын, коріскенше.
Шолақ қол шығып кеткен соң, үйге апыл-ғүпыл кірген 
Аналық, есі ауысқандай, аядай ғана әйнектен түскен жарыққа 
кірпік қақпастан телміріп отырған Нюраны қүшақтай алды.
- Не деп кетті? ¥ зақ сырластыңдар ғой, түге. Ақсарбас, бір 
пәледен күтылдық білем.
- Сол пэле енді ғана басталды, қүрбым. Еркек екен, сөз 
салды, жүрегін үсынды. Көнбеп едім, көзіме көк шыбын 
үймелетем деп кетті ғой.
- Кетсін эрмен... еңді қайтып оралғанша, кім бар, кім жоқ. 
Жүнжіме. Шай қояйын. Балалардың да қарны ашқан шығар.
Осы кезде Көкен кірді:
- Ертеңге дейін ойлансын дейді, не айтып еді, Нүрке?
- Маған түрмысқа шық дейді.
- Онысы жігітшілік екен,- деді Көкен желкесін қасып.
- Кет ары, албасты басып түр ма, Қандауырға не бетімізді 
айтамыз.
- Кісі тірі қалу үшін не істемейді... Өзің біл, мың жылғы 
жүмақтан бір күнгі жарың артық емес пе...
- Сен мені білмейді екенсің, Көкен, - деді Нюра қабағы 
дірілдей ренжіп.- Байсырап отырғаным жоқ, Қанекеңнен 
жаным артық емес. Аюдай ақырған ата-анамның ақ сүт, ақ 
батасын аттап қосылған жарымды жасыққа айырбастаймын 
ба.
130


-
Кешір, - деді Көкен қалбалақтап. - Мен... әншейін... сен 
үшін ғой бэрі де. Қүрысын, кайтып алдым сөзімді. Әй, Аналық, 
шайыңның түбіне тас түсіп кетті ме, неғып кайнамайды...
«ЖАРЫҚТЫҚ КӨКЕННІҢ МІНЕЗІ ҚЫЗЫҚ ЕДІ-АУ, -
ДЕП ӨЗ-ӨЗІНЕН КҮЛІМСІРЕДІ НҮРКЕ КЕМПІР. - АУЗЫН 
АШСА, ЖҮРЕГІ КӨРІНЕТІН АДАЛ, БАЛАДАЙ АҢҚАУ 
ЕДІ».
Таңға жуык сыбдырын білдірмей түрған Аналык аса 
сактыкпен киініп, есікті ептеп аша берғенде, біреу шымшып 
алғандай сыңсып қоя берғен. Тыкыр еткенге оянатын күйеу: 
«Әй, бүл кім, Аналық, сенбісің, кайда барасың?» - деді ұйкылы 
үнмен. «Мен ғой, элгі жалғыз сиыр кеше кешке орістен келмеп 
еді, байкайын деп... ұйыктай беріңдер. Бала тоңып калмасын, 
кымтай сал», - деп, камқор кейіп танытты да, лып етіп шыға 
жөнелген. Сол бетімен Нюраның үйіне беттеді. Ол да ояу 
отыр екен, екеуі ұзак күбірлесті. Бэрінен де қиыны шырт 
үйкыда жатқан баланы ояту болды. Түнде қайда барамыз 
деп, кыңқылдап жылады. Буыншақ-түйіншектерін арқалап 
үшеуі ағаш арасындағы мыстан кемпірдің баспанасындай 
болып жалғыз қарауытқан моншаға қарай аяңдады. Ауыл 
таң алдындағы өлі үйқыда. Өліара кездің қараңғылығы енді- 
енді ғана етек түріп, көбесі сөгіле бастаған. Ауыл шетінен 
басталар отқа осы елдің бес-алты кара малы жайылып жүр. Тау 
қойнауы болғандықтан, таңға жуық қалың қырау түсіп, бейне 
бір жұқалаң қар жауғандай әсер беретін қарашаның суығы 
жылы үйден шыққан денелерін тоңазытып, бүрсең қақтырды. 
Әсіресе, ұйқысы, элі де ашылмай, есінеп-кұсынаған бала 
«тоңдым, мама» деп еріншектене ереді. «Тоңарсың элі, бұл
- басы ғана»,- деп күбірлейді шешесі. Айдаладағы моншаға 
жеткенде, балада тіпті зэре қалмады. «Кірмеймін, оның ішінде 
сайтан бар»,- деп шегіншектеді. Іші тастай қараңғы моншаға 
бірінші болып «бисмилла» деп өжеттене кірген Аналық оттық 
түтатып, жарық жасады. Іші ыс-ыс бөлменің қабырғасына 
жанап кетсең, үсті-басыңды күйелештеп шығасың. Бұрыштағы 
тастан үйіліп жиналған пештің үстінде майшам бар екен, 
тұтатып еді, өлімсіреген сәуле таратып, есіктен ескен 
желемікпен кыпылыктай жанады. Қамбаның аузы ашық екен. 
Ішіне сып беріп түскен Аналық:
131


- Әй, Нүрке, еңкейіп карашы өзің, үядай, - деп сыбырлады.- 
Майшамды маған әперіп жібер.
Әуелі жалауышкені, содан соң кызын шүңкырға түсіріп, 
артынан өзі сусыды. Жертөленің іші, расында да, эрі кең, эрі 
тап-түйнактай. Бэрін де Аналық сақадай-сай дайындап қойған 
екен. Кержақтардың ашыған капуста, кияр, балын сақтайтын 
тақтай таушаны жайып, төсекке айналдырған. Жертөленің 
қабырғасына дейін тақтайланған, тек едені жок, күм төккен. 
Жеміс-жидектері бүзылмас үшін, кұм тосейтін шығар...
- Міне, осы ендіғі үйлерің, - деді қарадай борша-борша 
терлеғен Аналық.
- Мынау - зындан ғой... Әттең, пеші болса, қыстан шығуға 
да болар еді, - деді элі де жан-жағын тосырқай шолған Нюра.
- Кішкене ғана қаңылтыр пеш тауып келсем, суықтан емес, 
ыстықтан зәрезегі боларсыңдар.
- Әй, Аналық-ай, ол пештің түтінін будақтатып қалай 
жағамыз?
- Отты тек түнде ғана жағасыңдар, ал күндіз дымдарыңды 
білдірмей жым-жырт жатасыңдар.
- Сонда біз үкі немесе жарғанат болғанымыз ғой, - деп 
Нюра аузын басып, түншыға күлді.
- Тірі қалу үшін бэрі болуға болады. Ал мен кеттім. Теғінде, 
естеріңде болсын, жер қойманың қақпағын қазанмен бастырып 
кетемін, шығамын деп эуре болмаңдар, өзім ғана ашамын. 
Екі күндік азықтарың бар. Ыстық тамаққа эзірше иектерің 
қышымасын.
- Мен бір түрлі қорқып отырмын, - деді Нюра мүңайып. -
Осыдан түрме артық секілді. Ойлашы өзің, қашанғы отырамыз: 
бір ай, бір жыл, содан соң...
- Содан соң - сол. Сен кызықсың-ей, абақтыға ас беріп 
жатқандай-ак асығып, басымды ауырттың ғой. Оған бүғін 
бардың не, бір айдан соң бардың не, ешқайда қашып кетпес, 
түрмесіз үкімет болушы ма еді, - деп, ірғедеғі нарға қисайып 
үйыктап қалған баланың үстіне ішік жауып, жан-жағын қымтап 
қойды.
- Ішім пысатын шығар, тэулік бойы жер астында қамалып 
отырудан артық тозақ бар ма...
- Сені койшы, - деп Аналық тағы да сампылдай жөнелді. -
Тоқыма токисың, бәрінен де жас балаға қиын, ойын баласы іші
132


жарылып зерігер, эмбе саған ермек тауып, алдаусырату керек. 
Ал мен кетейін.
Ал мен кетейінмен тағы біраз айналсоқтап, кұрбысын 
қимағандай эрең көтерілді шұңқырдан. Содан соң жертоленің 
қакпағын жауып, былайырақ төңкерулі жатқан тайқазанды 
өзі эрең дегенде орнынан қозғап, ырғай жылжытып экелгені 
естілді. Есікті нығыздап жауып, сыртынан тіреу койды. Жан- 
жағына алак-жұлақ карап, жорғалап үйіне жеткен. Жолшыбай 
кара сиырды айдай кеткен. Қораға қамап, үйге бір қүшак отын 
күшақтай кірген. Әйелінің тыкырынан оянган саккүлық Көкен: 
«Көп айналдың ғой, сиыр бар ма?» - деп есіней сүраған. 
«Қаскыр жеғірді эрең деғенде таптым. Терістің ішіндегі колхоз 
шөбінде белуарына дейін мелдеп түр екен, ертелетіп іздегенім 
кандай көрім болған, үятка калады екенбіз», - деп өтірікті 
судай сапырып жіберді. «Үй суып кетіпті, пешке от жакпасам, 
карағай отын әкелсеңші, әкесі, қайыңның дуылдап жанғаны 
болмаса, қызуы шамалы». «Көлік болмай түр ғой, әмбесінде 
кол да тимейді». «Колхоздан бір тырақы тауып берсең, ірғеде 
жай түсіп сүлап жатқан молақтың бірін өзім-ак сүйретіп экелер 
едім». «Мүрындығын тесе алмайсың ғой». «Тескенде, сенің 
білегің сыйып кетер гып үңірентіп жіберем, ағаштың арасында 
туып, ағашқа жарымасақ не дауа. Әй, казақтар-ай, орманның 
ішінде түрып отынға жарымай, үйінің бүрышын жарып 
жағатын еріншектіктен қашан арылар екенбіз» деп, пештің 
күлін шығарып, көмейіне жаңқа тығып, от тамызып толас 
таппады. «Аналық-ай, колыңмен қоса аузың да қимылдамаса, 
үшынасың ба»деген күйеуі ендігі үйкыда маза болмасын 
сезгендей, самаркау күйде киіне бастаған. - Бүгін ғой Нүркені 
айдап әкетеді.
- Байғүсқа обал болды, - деп жаны ашығансыды әйелі.
- Кебежеңнің түбінде қалған-қүтқан болса, жолына пісіріп 
берсеңші. Одан басқа қолымыздан не келеді...
- Қара сиырды Шолақ қолға жетелетіп жіберсек, босатар 
ма екен?
- Қара сиырға сені косып берсең де жібімейді, - деді 
Көкен - Қайта басымызға пэле болып жабысады. Секретарь 
Төлегеновті домбыра шертеді, эн айтады, рулардың тегін 
таратады, насыбай атып, ескіліктің қалдығына шырмалған 
деп айыптады емес пе. Әсіресе, балаларына қиын болды. Көзі
133


мөлдіреген бес жасар Бибігүл атты қызын қимай, «шөлім 
қанып бетінен де сүйе алмадым-ау» деп аһ үрғанда, аузынан 
жалын атып қатты қамығыпты.
- Сонда қалай, домбыра шертіп, ән айтқанның барлығы 
халық жауы болса, қүрысын... Қүртайық ана домбыраны...
- Айыптың үлкені ол емес, - деді күйеуі. - Шолақ қол 
«Партбилетіңді тапсыр» деп кожаңдағанда, «билетті сен 
берген жоқсың» деп қасарысқан. Тартып алмаққа үмтылған 
Шолақ қолды қағып жібергенде, анау орындыққа шалынып 
шалқалай кұлап түсіпті. Бар пэле осыдан эрі асқынған. 
«Жапонның жансызы» деп куәлендірген қағаз дайындап, жым- 
жылас алып кетті ғой. Әйелі Мэнура балаларын жетелеп Семей 
жақтағы төркіндеріне көшіп кетті. Төлегенов жалғыз емес, 
қол астында істейтін Алпысованы да аузы-мүрнынан шыққан 
екіқабаттығына да қарамай қамаған жэне екі ағасын да алған. 
Әйел байғүс түрмеде босаныпты деп естимін, ал баласын кайда 
жібергені белгісіз... ее-ее-ее, карағай басын шортан шалды 
деген осы...
Түске таман аудан орталығы Қатоннан милиңионер жігіт 
келіп, Нюраны таба алмады. Іздемеген, карамаған жері қалмай 
мысы қүрыған, жалғыз өзі лажсыз кері оралған жігітті жерден 
алып жерге салып үрысқан інкібіді бастығы алашапқын болып 
өзі жетіп еді. Тінтпеген үйі, жауап алмаған адамы қалмады, 
тіпті іргеде сыңсып түрған орман ішін де сүзіп шықты, жер 
жүтқандай жым-жылас; із кесіп, сыбыс есги алмай дал болды. 
Расында да, Нюраның табан астында - бір түннің ішінде түтіні 
өшіп, түндігі жабылып, кайда ғана ғайып болып кеткенінен 
Аналықтан өзге жүрт хабарсыз еді. Ал Аналық болса: «Қүдайға 
анық, көрсем көзім шықсын, естісем қүлағым керең болсын»,- 
деп, қарғанып-сіленіп, азар да безер болған. Ал оның күйеуі 
Көкен: «Апыр-ау, аспанда қүдай, жерде шүнай алды ма, ғажап, 
ғажап»,- деп, таңдайын қағып, басын шайқап, әуелі кайран 
қалғаны соншама, қызды-қыздымен Шолақ қолға қосылып өзі 
де іздеді. Ал Шолақ қол - дүниедегі ең бір күдікшіл эрі иісшіл, 
тісқаққан, ізшіл маман кәсіптік түйсікпен бісміллэ дегеннен-ак 
Нюраның жоғалу себебін Көкендерден көрді. Алдап та, арбап 
та сүрады, үрсып та, үрып та сүрады, «білмеймізден» басқа 
жарытымды жауап ала алмады. Әбден сілесі қатқан соң, тың- 
тыңдап осы ауылға түнеп қалған. Колхоз кеңсесіндегі қара
134


былғарымен қапталған диванға сұр шинелін жамылып жатып 
калған. Онысы көз алдау еді, ел орынға отырып, әркайсысы 
майшамын ерте өшіріп жым-жырт жатып калғанда, жымын 
білдірмей далаға шығып, акырын басып байкастады. Әсіресе, 
Көкеннің үйін таң сыз бергенше торуылдаған. Ол үйден де 
кырылып калғандай кыбыр еткен жан көрінбеген. Өліараның 
көрдей қараңғылығында ауыл арасында жусап жаткан жуас 
сиырларға сүрініп үзак жүрді. Жалғыз Нюра ғана емес, мұқым 
ел қаша көшіп кеткендей, тыныштық кұлакка ұрған танадай... 
әрі неге екені белгісіз, жау шауып, жұтап қалған ескі жұрттай 
коркынышты... «Жо-жок, бұл ауылдың ұрлығын ашу үшін 
баяғының бақсысы, көріпкелі керек ш ығар»,- деп күбірлеген. 
Күн шыға, әбден дымы қүрып шаршаған соң, елікті қуған 
аңшының итіндей бұралып кеңсеге оралды. Бәрібір коз іле алған 
жоқ. «Мүмкін, Өскеменге айдалған Қандауыр қашып кетіп, 
әйелі мен баласын арғы бетке, не Қытайға, не Моңғолға көшіріп 
әкеткен шығар. Ал ондай көзсіз ерлікті ондай жаужүректен 
күтуге болады. Алтай тауының қүзарларында шекара да, 
аңдаушы да жоқ, мылтығын шошайтқан он шақты солдат 
тек сайда ғана, оқта-текте салт атпен қоқыраңдап жоталарға 
жортып шыкканы болмаса, өркеш-өркеш тау шағылдарындағы 
көш жолын, аң мен аңшының соқпағын білмейді. Қандауыр 
секілді аңшы шекарадан көзін жұмып өтеді». Міне, өз ісін 
әлемдегі ең ақиқаттың бірі есептейтін Шолак кол шақшадай 
басын шарадай еткен ойын осындай түйінмен аяқтады. 
Колхоз басқармаларына «бэрібір сендерге сенбеймін, бірің 
болмаса бірің саучастниксің» деп, атқа қона берген кезінде 
бригадир: «Осы біз кержақ байдың ескі моншасын қарадық 
па?» - дегені козі ежірейіп. «Көрсет моншаны, ол қай жерде? 
Неге айтпадың?» - деп акырып, тапап кетердей қамшысын 
үйіріп, атын омыраулатты. «Жүріңіз көрсетейін, осыдан бір 
шақырымдай жерде, орманы қалың озен жағасында», - деп, 
алға түсіп томпаңдап жөнелген. «Ой, онда сайтан да жоқ, 
маңайынан жүруге коркамыз», - деген кәперсіз Көкен. Ал 
Аналыкта зэре қалмады. «ЬСұрыған жері осы шығар»,- деп, 
бетін баскан күйі өз үйіне жүгірген-ді.
Моншаға жакындай бергенде, Шолақ қолдың тақымын- 
дағы аты корсылдап оз-озінен үріккені. Ойқастап бас бермей 
койған соң, «шынында да, бүл моншаның бір сиқыры бар-
135


ау» деп ойлады да, аттан түсіп, ағашқа байлап, өзі жаяу 
тартты. Дегенмен, бойында сезік бар. Тапаншасын суырып, 
барлауға аттанғандай байқастап, бүкшиіп басып жақындады. 
Әуелі моншаның қурай басқан сыртын шола айналды да, өзі 
қабырғаға жапсырыла түрып, есіктің тіреуін аяғымен итеріп 
түсірді. Тіреуі түскен соң, топсасы ескірген есік өз екпінімен 
шиқ етіп ашылғанда, оңбай шошыған Шолақ тапаншасының 
шүріппесін басып қалып, жата қалған. Албаты атылған оқ 
моншаның қарсы бүрышында қалқиып түрған бригадирдің оң 
қолын жүла жанап өтіп, арт жағындағы қарағайдың қабығын 
тесіп кірді. Бригадир: «Ойбай-ойбай, өлтірдің!» - деп ышқына 
қүлады. Өкіріп-бакырып, қан саулаған шынтағын басып 
арпалыса аунады. «Өй, әкеңнің, алдымда неге түрасың ербиіп!»
- деп, орнынан көтерілген Шолақ қол элі де сактық білдіріп, 
моншаның босағасынан бой тасалай сығалаган. Ешкім жоқ. 
Қапырық иіс қана мүрын жарады. Дізесі дірілдеп ішке кірді, 
қазанды бір теуіп қайта шықты. Қансыраған бригадирдің 
жаралы шынтагын өз көйлегін айырып жіберіп таңып жатқан 
Көкен «аңқау елге доң айбат жасағаны болмаса, нэшэндіғіміз 
бүтына тышқан қорқақ екен-ау» деп ойлады. Алғашқыдай емес 
бойын тік үстап, қоқилана жақындаған Шолақ қолға бригадир: 
«Өзің секілді мені де шолақ етейін деп пе едің, үстіңнен жэлібі 
жасаймын, неге атасың?» - деп аңқиды. Анау сасқан жоқ: 
«Жауды үстау майданында өлім-жітім болмай түрмайды, оқыс 
қой, қан шықпастай етіп мықтап таңып ал да, артыма мінгес, 
ауданға апарып доктырға емдетем», - деп, үлкен «кісілік» 
жасады.
-
Әлгі жаудың катыны моншада жоқ, бірак... Әлдекім біз- 
ден бүрын тінтілеген секілді, өйткені кіреберістегі өрмекші- 
нің торы бүзылған, бетіме жабысқан жок, — деп кауіп айтты.
«Апыр-ай, адамның үш үйықтаса түсіне кірмейтін нәстені 
сезуін, жыланның жусағанын білетін нағыз тыңшының өзі 
екен?» - деп таңыркаған Көкен ілби басып ауылға аяңдады. 
«Қүдай-ай, Нүркені жер жүтып койды ма?» «Жаудың» 
катын-баласы табылмады деген хабарды естіген Аналыктың 
қуанышында шек болмады. Ал інкібідінің артына мінгесіп 
кеткен бригадир қара орманына қайтып оралған жоқ; «Шолақ 
колдың өзімен атысып, ок тиген Нюра Фадейкызын ізім-ғайым 
қашырып жіберген сол екен, жымын білдірмей жүрген нағыз
136


халык жауы екен, Төлегеновтің өзімен сыбайлас болыпты» 
дейді-дейді - не дейді екенмен айыпталып, итжеккенге ай- 
далған. «Қакаған суық, катаң тэртіпке тозе алмай, сол жакта іш 
кұса болып, буынып өліпті», дейді, дейді - не демейді.
Алайда, шындық еді.
«ОЛ ДА КЕТТІ 
ҰРПАҚСЫЗ, - ДЕП 
КҮРСІНДІ 
НҮРКЕ КЕМПІР. ТӘҢІРІМ-АЙ, МЫЛТЫҚ ТАРС ЕТКЕН- 
ДЕ 
ҚЫЗЫМНЫҢ ШЫРЫЛДАП 
ЖЫЛАП 
ҚОЯ 
БЕР- 
ГЕНІ. 
АЙГ АЙ-ҮЙҒ АЙМЕН 
АЛҒАШҚЫ 
ДАУЫСТЫ 
ЕСТІМЕЙ ҚАЛЫПТЫ, АРТЫНАН БАЛАМНЫҢ АУЗЫН 
ТҮНШЫҚТЫРА БАСА ҚОЙДЫМ. ТЕК МҮРНЫМЕН ҒАНА 
ДЕМ АЛҒАН ҚҮЛЫНЫМ, ОЛАР ҮЗАП КЕТКЕНШЕ ОЛІП 
ҚАЛА ЖАЗДАҒАНЫ-АЙ»
Алтайдың мұқым орман-тоғай, сай-сала, бұта-қарағайын 
аппақ мамыққа бөлеп қар жауды. Бұл шақ қарашаның қара 
суығы ашуын азайтып, тау ішіне үп еткен желсіз жуас та 
жұмсақтыныштық орнаған момын шағы еді. Алғаш рет қыстың 
таза қары түскенде, азынаған ызғырық азаягын да, эдемі бір 
жылымық орнайтын. Міне, биыл кештеу келғен есесін алғысы 
келғендей күні-түні қапалақтап жауып, тізеден келетіндей 
омбыға айналды. Алтай қысының да оз сүлулығы, еш жерге 
үқсамас ерекше бір әдемі суреті болушы еді. Әсіресе, жалғыз- 
ак күнде салаң ете калатын қысының жүмбақты да жым- 
жырт кейпіне карасаң, көктемге бергісіз жаныңды жарылқар 
сыршылдығын аңғарасың. Амал не, осына ішкі сарайыңды 
сансыз сиқырлы эуезғе бөлер сабырлы қуанышың салқындап 
барып, тым келте қайырылар еді...
Айға жуық айласын асырып келген Аналық алғашкы 
сонарда із кесіп, моншада жасырынып жаткан Нюраға 
катынаудан жасқанды. «Жығылған үстіне жүдырық» дегендей, 
Нүркенің баласына суық тиіп, өкпесі сырылдап қатты ауырып 
жатыр еді. Не істерін білмей басы катқан Аналык бүгін де ерте 
түрып, тәуекелге басып жар жағасындағы жалғыз моншаға 
қарай бет түземек ниетте. Пиманың қонышынан асар қарды 
жаяу кешуден горі, Көкеннің ара-түра аңға шығатын шаңғысын 
аяғына кимек болды да, кораны, отын сарайдың ішін қарап еді, 
таппады. Қанша қайраттымын деп сыр алдырмағанмен, соңғы 
кезде шаршап та жүрген. Бармаудың реті тағы жоқ, екі көзі төрт 
болып дімкэс баласы мен құрбысы күтіп отыр. Тамақ түйілген
137


түйіншігін қойнына тығып, күдайға тапсырып жүре берген 
кезінде, артынан: «Әй, Аналық, қайда барасың?» деген дауыс 
естілді. Оқыс естілгені соншалык, «Ойбай, көтек!» - деп, қар 
үстіне жалп етіп отыра кетті. Есін жиып қарағанда көргені: өз 
күйеуі еді, үстіне шолақ тонын желбегей жамылып, төбесінен 
тоніп түр. «Түу, сен екенсің ғой, зэре-қүтым қалмады-ау...»
Омбы қарға белшесінен батып отырған әйелін қолтығынан 
демеп түрғызған күйеуі:
- Қара сиыр қорада қамаулы түр, таң атпай қайда барасың? 
Менің көзіме шөп салып жүргеннен саумысың? - деп сүрады 
эзіл-қалжыңы аралас түсін суытқан болып.
- Иэ, деген, сенен басқа біреу карайды деген маған... 
Әншейін жүрегім қысып, тынысым тарылып, дем жетпей бара 
жатқан соң, ауа жүтайын деп...
- Өтірі к айту үшін де қисын керек, Анал ык, - деді Көкен кел ін- 
шегінің етегіне жабысқан қарды қағып. - Әсіресе, сенің 
қолыңнан келмейтін өнер ол. Сырғаксып менен жасырып жүрген 
сырыңды баяғыдан білемін, әншейін кедергі жасамайыншы 
деп, үндемегенмін. Жүр, бірге барып білейік хәлдерін, - деп 
алға түсіп, айдаладағы моншаға қарай аяңдай жөнелді. Аналық 
лэм деместен, өз мініне өзі өкінгендей, күйеуінің қар кешкен 
ізін қуалай ерген еді. Олар қарсыласқанына қарамастан Нюра 
мен баласын үйлеріне алып келді. Ел көзінен тасалап бақты, 
аузындағы азын-аулақ астарын бөле-жарып асырады, жан 
адамға білдірмей сақтады. Бүл үйге карай әлдекім қарға адым 
жақындаса, березеп болып, алдынан өздері шығып щаруасын 
бітіріп қайтарады немесе Нюра мен қызын жертөлеге түсіре 
қояды. Қаншама қайрат көрсетіп ем-дом жасаса да, Нюраның 
баласын аман алып қала алмады, әбден суық тиіп, өкпесі 
қабынған сәби таңға жуық жантэсілім берген. Сонда бейне 
бір түшіркеніп, үйықтап жатқандай боп-бозданған баласын 
қүшактай қүлаған Нюраның жылағаны-ай... Қыстың қақаған 
суығында тірісінен гөрі өлі баланың денесін жасыру қиын 
болды. Түлыпқа орап алдына өңгеріп ала жөнелген Көкеннің 
артынан шашын жүла түра үмтылған Нүркені Аналык әрең 
тоқтатып, белінен қүшақтап айырылмай, қүдайдың зорына 
алып қалып еді-ау. Сойтіп, қаңтардың қарабаркын түнінде 
Қандауырдан қалған жалғыз түяқ көңілінің медеті, тас емшегін
138


жібіткен, тар кұрсағын кеңейткен жалғызынан мэңгілікке 
айырылып, кош-кошын айтқан. Жалғанның жарық дүниесінен 
безініп, жараткан иесін карғап-сілеген, дүниедегі жақсылык 
атаулыдан тағы да күдерін үзген...
«МЕН 
БЕЙБАҚ 
БҰДАН 
СОҢ 
ҚАЙТЫП 
БАЛА 
КӨТЕРМЕСПІН, АЛ ҚАНДАУЫР ЕНДІ ҚАЙТА ОРАЛМАС 
ДЕП ОЙЛАП ЕДІМ».
Қыс өтіп, көктем туды. Түнде үйде, күндіз жер астында 
жарғанат секілді үры ғүмыр кешкен Нюра да тірі жанның 
көзіне түспей, ілініп-салынып қыстап шыққан. Жадырап жаз 
келгенде, ягни 1938 жылдың жазында мұкым ауданды бидайдай 
куырған Шолақ қолдың өзі істі болып, айдалып кетіпті деген 
қуанышты хабар жетті. Міне, осынау «қаптап жүрген халық 
жаулары түгесіліп», елді алатайдай бүлдірушілердің өзіне 
тыкыр таянған саябыр шақта, Нюра Фадеевна да «бисмилла» 
деп жарық дүниеге шығып еді, «Үйбай-ау, сен тірі екенсің 
ғой, қайдан жүрсің?» - деп әуестенгендерге: «Күйеуімді іздеп 
барып келдім, тірі, түрмеде отыр», - деп жалтара жауап берген. 
Бүдан соң ел қатарлы еңбек етіп, Отан соғысының сойқанын 
көруге жазды.
«АНАЛЫҚ ҚҮРБЫМНЫҢ ЖАҚСЫЛЫҒЫН ҚАРА ЖЕР- 
ГЕ КІРГЕНШЕ НЕГЕ ҮМЫТАЙЫН. ҚОЛЫМНАН БАР 
КЕЛГЕНІ - БІЛЕГІМДЕГІ ЖАЛҒЫЗ КҮМІС БІЛЕЗІГІМДІ 
ШЕШІП БЕРІП ЕДІМ-АУ», - ДЕП, НҮРКЕ КЕМПІР 
КҮРСІНДІ.
Соғыс басталғанына екінші жыл толғанда, ойда-жоқта 
Қандауыр оралды. Өлгені тіріліп, өшкені жана қуанған 
Нюраның ерімен екеуі арасындағы қызық тым келте кесілген. 
Он күнге ғана сұранып келген Қандауыр бір аптадай еру болды 
да, айыпкер батальонның сапында, алғы шепке аттанып кете 
барған... Содан қайтып оралған жоқ... Сталинград түбінде 
ерлікпен каза тауыпты. Ал Көкен бір аяқтан айырылып оралды, 
бірақ елуінші жылдан асып жасай алмады. Аналық алпысыншы 
жылдан аттап өте алмады
«ЖАТҚАН 
ЖЕРЛЕРІҢ 
ЖАРЫҚ, 
ТОПЫРАҚТАРЫҢ 
ТОРҚА БОЛСЫН, ЖАРЫҚТЫҚТАР», - ДЕП НҮРКЕ 
КЕМПІР КҮБІРЛЕП БЕТІН СИПАДЫ.
139


Қатын суының жағасындағы жалғыз үйдің түтіні осы 
өңірдің өмір жалауындай будақтап, тіршіліктің белгісін 
танытады. Соңғы бір аптада шайдай ашық түрған аспанның 
эр жеріне шарбыланып, көп кешікпей келетін күздің шабарман 
бүлттары жүзе бастады. Көп тостырмай келер күздің 
хабаршысы тек қаймақшыған бүлт қана емес, күн батып, қас 
қарая түсер салқын түннің дене қалтыратар суыктығы да,көп 
үзамай келер күздің нышаны орман-тоғай, тау шалғынынан да 
біліне бастаған. Әсіресе, ара-түра үркіп өсетін қайыңның балақ 
түсы сарғайып, балдырлар қурайлана қурауда еді. Ала бүлтты 
аспаннан қиқулап тырна үшып, жылы жаққа қайтудың қамын 
жасауда. Ал бал аралары болса, олар да үлкен әбігер үстінде: оты 
қашқан маңайды торуылдамай самғап үшып, алыстан шырын 
жинап әлек. Ана ара шағылыс ойынын доғарған, еркек аралар 
да еріншек тартып тамақка ортақ тоғышар күйде тырп етіп 
үядан шықпай, үйкүшік мінезін танытты. Тек еңбек аралары 
ғана жаздың ең соңғы сәтін пайдаланып қалғысы келгендей 
дамыл таппайды.
Бүгін Ерік пен Айна омартадағы барлық үяларды қактай 
сауып, бал шайқады. Бастарында ақ калпақ, беттеріне торлы 
пәрәнжә түтқан, қолдарында түтіні будақтаған оттық. Таган да 
көмектескен болып жақындап еді, сезімтал аралар бөтенсіді 
ме, элде бағана қояр да қоймай сүрап ішкен сыраның иісінен 
жиіркенді ме, дуылдап кеп талаган араның екеу-үшеуіне 
шақтырып, шекесін ісірген күйі басы-козін сабалап түра 
кашкан. Бүдан соң оған бал шайқайтын үлкен шелектің қүлағын 
бүратып койған.
Соңғы кезде сыраны азайтып, Нүрке кемпірдің ақылы 
бойынша қайнаған шөп ішіп, таңертең суық сумен шайынып, 
кешке моншаға түсіп, кэдімгі кісі кейпіне ыңғайланып қалып 
еді. Сырадан датыйып, аузын кептірген. Бірақ досының бүл 
салауатты қалпы Ерікке үнаған жоқ. Анда-санда шешесінен 
үрлап бірер саптыаяқ салкын сыраны тарттырып жібереді. 
Оның бүл каскүнемдігін байқап қалған Нүрке кемпір келініне 
ағаш күбідегі бал сыраны төгіп таста деп тапсырса да, Айна 
«Еріктен қоркам» деп баспаған, ал кемпірдің өзінде хал жоқ. 
«Ендеше, көрсетпеңдер көзіме» деп кейіген соң, үйден әкетіп, 
сеңкеге жасырған. Дегенмен, қазіргі Таған бүрынғы Таған емес,
6
140


әлдекайдаа өзгерген, өңі кірген, ептеп толып, шыр жинаган. 
Таудың самал жел, салкын ауасы, мұңсыз-қамсыз оңаша тірлік 
батпакка баткандай болып, бойын саусытып жүретін ауыр 
да арам індеттен арылтып, ұйыкка айналып сасып жататын 
санасын сергіткендей еді. Әр нәрсеге ұрынып, өз-өзінен пэле 
іздеп жүрер мінезі жуасып, үнемі бір ой үстінде түңгиык тарта 
тұйык, оңаша отыратын әдет пайда болды. Өзіне жүктелген 
жұмысты тиянакты аткарады, берген тамактан тартынбайды. 
Мұрнын тескен тайлактай тұр десе - тұрады, жүр десе -
жүреді. Бал сактайтын сарайдың ішіндегі өзіне тиесілі нар- 
төсектің үстіне жатып, откен өміріне шолу жасап, жақсысы 
мен жаманын есіне алып, есеп шотка салса, косуынан гөрі 
алу әлдекайда көп екен. Ендігі калған ғүмырын калай аяқтары 
белгісіз, осы қолбала тірлігіне қорлана да бастаған. Ол мынау 
үшкан құс,жүгірген аң эрең жетер Қатын бойын тұтас жайлап, 
сүйегіне дейін сіңіп кеткен ішімдіктің уыты, сол жалғыз жанын 
улаған індеті асқынып барып рухын кеулегені. Ит ішкірді енді 
кайтып татып алмауға каншама рет ант берді. Бэрібір тамағы 
жыбырлап аңсары ауады да тұрады. Ең сұмдығы сол - ішпеген 
күні таң атқанша түсіне кіріп өзін-өзі тырмалап аласүрады, 
кабырғаға басын соғып, білегін шайнап кұтырынады, ұрынарға 
қара таба алмай, сақ-сақ күледі, еңіреп жылайды. Осы қояншық 
қылығы, шүкір Нүрке кемпірдің дәрі шөбін ішкеннен бермен 
бэсеңсіген. Бүрынғыдай емес, шөліркеп барып басылатын. 
Таңдайы кеберсіп бара жатса, бас жағындағы су шыныда 
мөлдіреп тұрған қарақаттың шырынын ішіп, шолін басады. 
Ертеңінде шипалы шоптің тұнбасынан жэне бір стакан тартып 
алады. Осылайша өзінің маскүнемдік психологиясын жеңетін 
куат жинай берген шағында, еріккен Ерік ермек іздей ме 
немесе өткен-кеткенді айтып, мұның ең бір осал жерінен ұстап, 
алдап-сулап алдырып қояды. Содан соң... Иә, бір саптыаяқтан 
соң екіншісі, одан соң баяғы «НЕГЕ БІЗ ОСЫ» деп басталар 
элайлайына көшеді. Ал тоқтатып көр, таз кепешін қайта 
киеді. Ерік аң қарап кеткенде ғана ес-ақылын қайта жинаған 
сыкылданады. Нүрке шешейден сөгіс естиді. Әрине, ол кісінің 
сөзі «эке-шешеге тартпаған ынжык неме» деген жазғырудан, 
намысыңды шабактар зілді айыптаудан басталады-ай. «Осы мен 
кіммін, маған не көрінді?» деген сауалды жиі сауатын болып 
жүр. Бүл - айығудың алғашкы нышандары секілді еді. Оның
141


үстіне Айнаның сырлы аяққа түндырған судай мөлдіреген бота 
көзі барған сайын жан сарайынан сығалап, жырым-жырымы 
шыққан жүрегіне нүр қүйғандай, жыртық-жыртық көңілін 
жамап жасқағандай ма-ау, әйтеуір, қырықтан асқан жасына 
дейін көбең тартып, көнтеріленіп қалған сірне сезімін баяу 
тербеп желпігендей ме-ау... Мүнысы қылмыс екенін біледі, 
бірақ ойламауға, қиялдамауға шамасы тағы да жетпейді. Соңғы 
кезде оған «Еріктің маған жасап жүргені қылмыс емес пе екен?» 
деген ой мазалаған. «Жоқ, қылмыс емес, егер ол омартаға ертіп 
келмесе, күйің қандай болар еді» деген екінші ой атойлайтын. 
Рас-ау, үзілді-кесілді ішпей қойса, жығып салып аузына қүймас 
еді ғой. Демек, бәрі де өзіне, өзінің азаматтығына байланысты. 
Тағанның азамат деген үғымды үмытқаны қа-ш-а-н.
Екінді өтіп, кас қарая омартадағы бар жүмысты ыңғайлап 
тастаған қожайындар кешкі асқа жиналды. Күні бойы бал 
шайқайтын шелектің қүлағын бүрап, флягқа қүйылған зілдей 
балды сарайға тасып шаршаған Таған беті-қолын жуған соң, 
үйге кіргісі келмей есік алдындагы молак қарағайға қүйрық 
басып отырып қалған. Көктеғі шарбы бүлт кешке қарай ыдырап, 
күнбатыстағы таудың қыр желкесіне қоғамдасып қалапты. 
Орманнан жауын шақырған күшігеннің сүңқылы естіледі. 
Оқта-текте елік әупілдейді. Қас қарая алқаракөк аспанның 
ашық түсынан жүлдыздар самсап, жерошақтагы элі де сөнбей 
қызарған шоқпен таласа жымыңдасады. Қатын суының сарыны 
бүрынғыдай қүлақ етіңді жемейтін секілді: элде жуасыған, элде 
тосын үнге Таған үйреніп кеткен. Жеңіл киімінен өткен кешкі 
салқын жауратып, бойын тоңазытқан еді, сонда да үйге кіргісі 
келмеді. Осынадай өз-өзінен жүдеген, өзінен-өзі жиіркене 
шошынған, өзінен-өзі іші үлып, сырты жаураған дел-сал, 
күйреуік халді алғаш рет осынау төр жайлауда Ерік ертіп келе 
жатқан жолда - орыс омарташының үйінің сыртындағы қашаға 
сүйеніп, түрып сезініп еді. Екінші рет жер болып қорланған 
сәті, тағы да сол жолы жылқышының балалары «қайыршы» 
деп айқайлағанда, бүғып жатқан намысы бүлқынғандай 
болған. Бірақ ол кезде дэл қазіргідей терең күрсініспен парасат 
таразысына салған жоқ-ты, масаң сезімнің эуені меңдеп, тым 
тез үмытқан да, үйреншікті әдетінің ырқында ысқыра шалқып 
кете барған; енді сана сарабына салып отырса, орта жасқа 
жақындаған жасында жанын садақалар мүрат-мақсатсыз лағып,
142


ерегеспен есерсоқ ғұмыр кешіпті; тіпті өткен өмірін ғұмыр деп 
атаудың өзі де ұят, аспиранттың өмірінен бергі өткізген уақыты
- ай тақыр бос, іс-түзсіз екен-ау... Сонда кімге ерегесті, кімнің 
кылшығы қисайды, кімдердің шат-шадыман тұрмысына ортак 
болды, кімдер мүсіркеп, «обал болды-ау» деп маңдайынан 
сипады; оның бүгін ашқан жаңалығы - басканы басындырмау 
үшін ең әуелі өзіңді жеңу, тек өзіңе сеніп, өзіңе өзің тәрбиеші 
болу; сен адамдарға керек емессің, адамдар саған керек; егер 
сен өзіңнің бұл жалғанда бар екеніңді, колыңнан іс келетін 
іскерлігіңді дэлелдесең ғана баскалар назар сала бастамақ; 
жатқан тастың астынан су жүгіре ме, тэйірі; демек, талант 
дегеніміз - жігер-қуаты бойында жалындап жүрген жастык 
шағында, қарағұстан тиген соккы есеңгіретіп тастады, алғашқы 
соқкыдан-ак арманын күл-талкан етіп алды да, бар ашуы - ыза, 
өш-кегін өзінен алғысы келгендей ішімдікке салынды, жинап- 
терген білімін сыраханаларда айтып, талайдың таңдайын 
қақтырды; оның біліміне білгіштігіне тэнті болған студенттер 
үйірсек тартып, пір тұтып жүрді де, ой қайталауы көбейіп бара 
жатқан соң, сырғақсып кеткен; дос-жаран, күрбы-кұрдастардан 
біртіндеп айырыла бастады; акыр аягында эйелі де бұдан 
бас тартып баласын ертіп төркініне кетіп тынды; жалғыздық 
басталды; жұмыссыздық басталды; тайғанақ тағдыр басталды; 
ол бәрінен бұрын студенттердің алдында көсіліп оқыр 
лекңиясын сағынатын. Иә, жастар аузын ашып, козін жүмып 
тыңдаушы еді-ау, осы Айнаны да сол жэудір көз студенттердің 
арасынан көрген секілді...
- Әй, дәреттеніп болсаң, дэмге кел, - деген Еріктің айғайы 
Тағанның адамдыққа бастаған ойларын үркітіп-ақ жіберді. Ілби 
басып қараңғылықта ауызы жарқырай есінеген ол есігі ашық 
үйге беттеді. Тамаққа тәбеті шаппады, дастарқан басында қара 
көрсетіп құр бекер отырғаны болмаса, қолын табақтағы етке 
жалғыз рет те жақындатпаған. Құрт қосқан ақ сорпаның бір 
кесесін ішті де: «болдым, рахмет», - деп, орнынан сыпайы ғана 
тұрып шығып кеткен. Ол шығып кеткен соң, Нүрке кемпір:
- Ренжіткен жоқпысың? - деп үлынан сұрап еді. Ерік: «Онда 
нем бар, өзі ғой бұртиып жүрген, - деп жауап берді. -Есен-саулы- 
ғында ауылға қайтарсам деп едім, жете алмай жолда қала ма 
деп корқамын».
143


-
Қыстап шыксын, - деді шешесі. - Ырысыңды ішіп 
тауыспайтын шығар. Ауылға барып не мәртебе табады дейсің. 
Енді-енді ғана есін жиып келе жатканда, жат адамдай жатыркап 
кайтеміз, мені ана деп сыйласаң, ұлым, акырғы қолкам болсын, 
тиме оған. Қайта қолыңнан келген жақсылығыңды аяма. 
Тағанның әке-шешесінен корген жақсылығымды бір таң айтып 
түгесе алмаймын.
Шешесінің созін Ерік үндемей тыңдады, не мақүлдағаны, 
не терістегені белгісіз. «Неге ертіп келдім» деген өкінішін 
сыртқа шығарған жоқ. Жэне неғе екені белгісіз ішкі бір 
кызғанышы қыңсылап маза бермей жүргені де рас. Өзімнен асып 
кетеді-ау деген кауіптен гөрі өзі де білмейтін дүдэмал ой көңі- 
лінде қөгенделіп маңырайды да түрады. Досының мэңгі мас 
күйінде мэңгіріп жүре бергені ғана көңілін жай таптыратындай. 
Ал Ерік тым ақылды, таңдайы тақылдаған білгіштерді суқаны 
о бастан сүймейтін, тіпті Алматыда оқып жүрген кезінде де 
суырылып алға шығып шешенсінгендерді, аузы-басы көпірген 
білгішсінгендерді иттің етінен ары жек коретін, реті келсе 
сөзбен қагытып немесе қара күшке салып оңаша да мытып- 
мытып алатын. Мейманасы тасығандардың мысын басу, 
басына бак қонғандарды басындырмау үшін жаралғандай, 
ішегіне қыл айналдырмайтын қызғанышпен тарылып, қайтсе 
де мүкату, тым болмағанда мүрнын канатсам деп, қаны қайнап 
өштікпен жауығатын. Ерік әлемдегі бірде-бір жеңісті, бірде бір 
атақ-даңқты, жекелеген адамдардың адамзатты таңғалдыратын 
табысы мен ерлігін мойындамайтын. Мойындамайтын себебі: 
ондай озып шыққан ғажаптарды мэңгілік деп есептемейтін, 
бэрібір түбінде басқа біреу кайталайды деп қабылдап, өзінің 
де қолынан келетін эншейін нәрсе деп менсінбес еді. Нақтылы 
іспен шүғылданбай, аузынан суы ағып музыка тыңдайтындар, 
әләуләләп эн айтып, жер тепкілеп билейтіндер, коз майын 
тауысып кітап окитындар мен шүкшиып кітап жазатындар, 
табиғаттың өзінен күнде көріп жүрген көріністі қағазға қайта 
салатындар - осылардың бәрі-бәрі еріншек, елді алдаушылық 
эрі өздері ештеңе өндірмей, яғни жүмысшы-шаруаның күрек- 
қайласымен табылған азыққа ортақ арамтамақтар ғана... 
Жарайды, энін айтып, жазуын жазып, биін билей берсін, 
бірақ қарны қажетсінетін ауқатын озі тапсын, озіне қажетті 
азық-түлікті өз қолымен өндірсін, демек, егін ексін, мал
144


бақсын, станоктың басында, коріктің қасында тұрсын, содан 
босаса ғана, әлгіндей рухани нәстелермен электенсін... Бір 
күн эн айтсын, он күн дем алмасын; бір кітап жазсын, бір 
жыл қарекетсіз сенделіп жүрмесін; осы ауылда ертеден кара 
кешке дейін жүмыс істеп, кешке олең айтып, концерт қойып 
жүргендер бар ғой, сол үшін еркелеп ел үстінен күн көруге бола 
ма? Жазушы, суретшілердің көбісі жүмыс істемейді - еңбек 
стажы сонда да жүре береді, тіпті жап-жас жігіттер салактап 
бос жүреді екен дегенді естігенде, тас-талқан болып ашуланып 
еді: «Қүдай-ау, жалғыз кітап оқымай-ақ жан сақтап келемін, 
ата-бабамыз да сөйткен, неменеге әспенсітеміз, неменеге табы- 
нып, тамсанамыз, өмірдің ең қажетті дүниесіндей-ак дүрліге- 
міз келіп: адамзат кара танымайтын сауатсыз кезінде де, 
шүкір, өмір сүре білген... Жо-жоқ, еңбеккер тапқан азыққа 
ортак болмауы керек, өйткені еңбек сатылмайды, сондықтан 
да қолдары күректен босағанда ғана қолына қалам алсын, эн 
салсын, билесін; айталык, мен шаруадан колым қалт етсе, 
аң аулаймын, бірак тек қана аң аулауды, жазуды, эн салуды 
кәсіпке айналдыруға болмайды; міне, біздің қоғамымызда 
осындай ақшасы көп арамтамақтардың салдарынан жүмыс 
күші жетіспейді, өйткені көбіміз эн салып, би билеп жүрміз 
жэне оларды жер-көкке сыйғызбай мақтайтынын, хан котеріп, 
қастерлейтінін қайтерсің. Хемингуэй деген, не жетпегені 
белгісіз - байлыктан басы айналып, өзін-өзі өлтірген шалды 
білмей-ақ, канша адам жайбарақат, жайма-шуак өмір сүрді, 
өмір сүріп келеді; немесе Толстой деген шалды менің әкем, 
шешем оқығанды қойып, атын да естіген жок шығар-ау; бірақ 
одан бүлініп қалған түк жоқ, аспан ойылып жерге түспеді; 
ал анау Тағанды алайық, окымағаны, білмейтіні қалмады. Не 
шыкты, қалтасында көк тиыны жоқ, менің - еңбекқордың 
есігінде жуынды-шайынды аңдып жүр. Сол ма - окыған адам. 
Тегінде, біздің түбімізге жететіндер де - оқыған қулар. Ендеше, 
физикалык жүмысты рухани еңбектің қүлына айналдырып, 
қорлауға болмайды». Ит аркасы киянға өзі ертіп келсе де, 
енді күтыла алмай әлек болған Тағанның алгаш рет ауылда 
көргеннен көш ілгері кісі болып қалғаны Ерікті, шынында 
да, алаңдатып еді. Байқастап қараса, соңғы кезде оған деген 
шешесінің де, әйелінің де ілтипаты өзгеше. Әсіресе, бүған 
үнамағаны - өзі жокта сыра бермей, қайта-қайта моншалап,
145


дэрі шөп ішкізіп, өбектегі бағып-қаққаны. Өлі жүні түспеген 
иттей болып жүретін бүралқы неме қазір қарға аунаған түлкідей 
қүлпыра бастаған сыңайда. Егер осы қалпымен енді бір-екі ай 
бақса, баяғы студент кезіндегі жұтынған, жүлқынған Тағанға 
айналып, ауыздыға сөз, аяқтыға жол бермей қайраттанып кетуі 
мүмкін. Ал ондай өзімен үзеңгі қағыстыратын қарағымның 
Ерік үшін түкке де қажеті жоқ. Ендеше есін жиғызбаған 
қалпында кепешін кигізу керек. Осы оймен үйден шыққан 
Ерік шолаңдағы бал сырадан кок кұманға толтыра құйып алды 
да, Тағанның қара шаңырағына қарай беттеді. Бұл кіргенде 
Таған екі қолын басына жастап, төбеге тесіле қарап, ой үстінде 
жатыр еді. Сықырлай ашылған есікке марғау қарады да, сол 
шалқасынан жатқан қалпын өзгерткен жоқ. Еппен басып кірген 
Ерік нардың шетіне отырды.
- Бүгін ерте жатпапсың ғой, шаршаған шығарсың, кел 
мынадан тартып жібер, ұрлап алып шықтым, - деп сыра құйып 
ұсынды.
- Соған бір түрлі тәбетім тартпай тұрғаны...
- Мұның енді адам естімеген жаңалық болды, тек ұзағынан 
сүйіндірсін.
- Мен өздігімнен ішкен емеспін, өзгелер іштіретін.
- Кінэні өзгеге арта салу - пәледен құтылудың ең оңай 
жолы. Айталық, мен өз кемшілігімді тек қана өзімнен көремін. 
Сен ойлайтын шығарсың: бейне бір саған қастандық ойлап 
жүр деп. Егер ондай арам ойым болса, ауылда аунап жатқан 
жеріңнен тауып алып осында ертіп келер ме едім. Сенсіз де 
таңымыз атып, күніміз шыққан. Айналдырған аз шаруаны 
Айна екеуіміз-ақ дөңгелетіп аламыз. Құдайшылығыңды айтшы 
өзің - осында келгеніңнен құр болдың ба?
- Ол қамқорлығыңа рахмет. Өкінішім де, ренішім де жоқ. 
Бірақ сен мені еркек, ер азамат деп есептемейтін секілдісің, 
асын беріп айтақтап үргізетін Аламойнақ сияқты көзге ілгің де 
келмейді.
- Мен о бастан сөзге шорқақ, тұйық екенімді білуші едің ғой, 
сондықтан да үйірсектігім жоқ, тағылау мінезіме таңғалмай-ақ 
қой. Кейде Айна мен анам да осы саяқтығыма өкпе білдіреді. 
Қайтеміз, жаратылысымыз солай, көр түземесе, адамның 
қолынан келмейді. Үндемегеннің бэрінде үйдей бэле бар деу 
де қате. - Саптыаяққа қүйған сыраны өзі демалмастан тартып
146


жіберді. Тартып жіберді де, қайтадан мөлдірете толтырып 
құйды. Әлгінде ғана Еріктің сөзін жайбаракат тыңдап жаткан 
Таған мына оқыс көрініске таңданғаны соншама, басын кақшаң 
еткізіп котеріп, орнынан тұрып кетті.
- Ей, бәтшағар, мұның не сенің? Сен де ішуші ме едің? 
Міне, ғажап! Өңім бе, түсім бе?
Ерік мырс етіп күлді, күлген бойда жэне бір саптыаяқгы 
өңешіне ақтара салды.
- Ішпегенде ше, у дейсің бе, қолдан ашытқан тап-таза бал 
сыра. Екеуіміздің айырмашылығымыз да сол - сен бір ішсең 
тоқтай алмайсың, ал мен асқындырмай кез келғен уақытта 
қоя саламын. Бүл дүниеде ішімдік татпайтын сопылар кемде- 
кем, кейбірі жар салып күндіз, кейбірі жасырып түнде ішеді. 
Мәселе, досым, сонда...Күндіз ішкендер - акымақ, түнде 
ішкендер - ақылды. Сенің көкейіңде маған койылар бір сүрақ 
бар, - деді Ерік қыза сөйлеп. - Ол сұрақтың төркіні - осынша 
байлықты, мол ақшаны жинай беріп не істейсіңге саяды. Өтірік 
деші осы ойымды...
- Рас, реті келсе сұрамақ едім.
- Сен сұрамай-ақ айтайын: адам болып асқақтап жүру 
үшін, эркімге бір жалтақтап жарамсақ ғүмыр кешпес үшін 
қарызданып-қауғаланып итшілемес үшін...
- Сонда қалай...
- Сонда қалайды қоя тұр. Өзің айта беретін «Неғе біз 
осыны» енді мен айтсам: неғе біз осы байлығы бар адамды 
бандит деп есептейміз. Кім қабілетті - сол ғана байлық жинап 
алды. Баяғыда да сөйткен. Ақымақтың аты - ақымақ, етегіне 
салған бір уыс бидайды төгіп-шашып алады немесе ап деп асап 
кояды; ол бидайды үнемдеп, егіп, баптап-күтіп, мол өнім алуды 
білмейді немесе ерінеді.
Салынып ішпегендіктен бе, екі саптыаяқ сыра Еріктің 
ежелгі салмақты мінезіне желік бітіріп, бетіне қан жүгіріп, есіп 
сөйлей бастады. Майшамның жарығымен шағылысқан жанары 
жалт-жұлт жайнап, сұлу ажарын аша түскендей. Досының 
ағынан актарыла айтқан сыры желеу болды ма, элде көптен бері 
ашылып сөйлесер жан таппай эбден ішқүса күй кешкендіктен 
бе, Тағанның да мұң қабыздаған көңілі жіпсіп, жүйкесі босап, 
әңгімеге араласқысы келгендей арқасы қоза бастады.
147


- Кел, Қарабауыр, баяғы базар шакты еске алып тартып 
жіберейік, мен саған алғаш рет колка салып отырмын, - деді 
Ерік саптыаяқтағы сыраны ұсынып.
-Апыр-ай, койсам деп едім, - деп қипактады Таған.
- Ертеңнен бастап қойсаң да кеш емес.
- Бар пэле бір бастасам, коя алмайтынымда болып тұр ғой. 
Жарайды, енді... сенімен бұлай отырмағалы кашан. - Бастап 
жіберді.
- Ит-ай, әдемі ішесің, - деп сүйсінді Ерік. - Саған өзі бір 
түрлі жарасады, ал, мен у ішкендей тыжырынып, жиіркеніп 
зықым шығады... Жалпы, бал сыраның адам орғанизміне 
пәлендей зияны жоқ, сені кұртқан - барматуха. Ылғи коньяк 
қана ішетіндердің маскүнем болмайтыны содан. Оны былай 
қойғанда, тау халықтары, эсіресе, абхаздықтар, ғрузиндер
- омір бойы қолдан жасаған шарап ішсе де, бірде-біреуі дэл 
қазақ-орыстардай сандалып маскүнем болып кетпейді ғой. 
Европада да шарапқа тыйым салынбаған, бірақ дэл біздеғідей 
ауызын ит жалап көшеде жатпайды. Неғе? Неғе десеңіз, олар 
мэдениетті ішеді. Бар пэле ішуде емес, қанша жэне калай 
ішуде. Осы араққа қүмарлық, меніңше, үлы Отан соғысынан 
басталды. Шабуылда батырлық жасау үшін ішті, Сталин үшін, 
содан соң жеңіс үшін, достық, интернаңионализм үшін ішті; 
кейін жоспарды артығымен орындағандар, тың жерді иғерғенде, 
тағы, тағылар үшін сіміре берді, сіміре берді, «қойыңдар, түбі 
азып-тозып кетеміз» деп токтау айтар адам табылмады. Ал 
сенің осы сусынға калай тап болғаныңды білмеймін, достым...
- Құйшы анауыңнан, - деп желіғе бастады Таған, - кай- 
кайдағыны козғадың ғой. Менің таңғалып отырғаным, өзің 
татып алмайсың, соның барлығын кайдан білесің?
- Немене естір құлақ, көрер көз жок кеще деп пе едің... Сен 
отыра тұр, өмір бақи дэмін татпаған ішімдік әкелемін қазір,
- деді де сарайдан тез шыға жөнелді. Ол кеткен соң, Таған 
кұмандағы сырадан өзі кұйып жэне тартып жіберғен. Бұдан 
соң жұлын жүйкесі босап, кұрыс-тырысы жазылып, неше 
күннен бері өнебойын қысып жүрғен арам тері маңдайынан 
бұрқ етіп шығып еді. Көзі шырадай жанып, бұлауға түскендей 
ракаттанды дерсің. Бағанағы мұң, нала, ой мен қырга жетелеп 
діңкелеткен ой жоқ, - жаны жасарып, жайлаудың шалғынына 
аунаған құлындай құлдырақтап масайрады. Тағы да құйып
148


ішпекке ұмтыла беріп еді, қолында шыны кұтыға кұйған арағы 
бар Ерік кірді.
- Өзім ішпесем де, міне, мынандай арақ жасаймын, 
қайыңның шырынына тұндырылады. Барлык технолоғиясын 
ашып айтпаймын, секрет. Осындай он шақты шөлмекті 
Прохорға әзірлеп коямын. Ол маған қажет десем, адамның 
жанын тауып әкеліп береді. Енді екі-үш күннен соң келіп қалар. 
Движоктың жанар майы таусылып, қараңғыда қалдық...
- Бензинді де сол әкеле ме?
- Бензин болғанда - аэробензин, торесі... оның бір тап- 
сырмасын орындай алмай жүрмін.
- Ол қандай?
- Аюдың, қонжығының терісі. Әнеуғүні мен ойға кеткенде, 
екі баласын ерткен кірекей омартаны торуылдапты. Ал мен 
қазір іздеп таба алмай жүрмін.
- Сен жоқта ғана келсе, сезеді екен ғой. Хайуан-ай, 
адамдардың арам пиғылын қалай біледі...
- Сөзіңнің төркінін түсіндім, ренжімеймін, мен казір 
ештеңеғе мэн бермеймін, ештеңені аямаймын, өйткені маған 
жақсы. Мне сейчас очень хорошо, друғ мой. Кел, кәне, мынаның 
дегустаңиясын алайық.
Қалтасына сала келген кішілеу стақанға бірдей қылып 
қүйды. - Сен үшін, сенің кісі болғаның үшін, болашағың үшін 
ішейік! - деп тартып жіберді. Таған да қамшы салдырған жоқ. 
Сұп-суық, жұп-жұмсак арак оңештерін майлағандай жылжып 
барып, асқазандарына мұз болып қата қалған-ды.
- Мынауың арак емес... зэмзэмнің суы шығар... неткен 
керемет, ғажап... - деп насаттана басын шайкаған Таған сэл 
ұмытыңқырай бастаған ескі эдетін окыстан тауып алғанына 
куанғандай, ернін жалап, саусақтарының буынын сыртылдатты:
- Тіпті қайда кеткенін білмей қалдым, тағы бір тамызшы, дәмін 
сезейін жарықтықтың. Ерік құйып берген арақты ол бұл жолы 
өңешіне котара салмай, үрттап ішіп таусап, бал сорғандай 
сораптап ішті, - Мынауың бар ғой, армян, франңуз, ағылшын 
коньяк, ром-сром, вискілердің енесін ұрып жібереді...
- Ішкен адамның да енесін ұрады, күші 60 градустан кем 
емес, - деп мақтанды Ерік... - Менің қолымнан келмейтін 
нэрсе жок, бәрін өзім жасаймын. Әр адам өзін аралда қалғандай 
асырауы керек дейтінім де осыдан, иә, еңбектене білу керек... 
Біз маймылдың алдында карыздармыз...
149


- Дегенмен, кейбір пікірлеріңе келіспеймін, - деп 
саусақ шошайтты Таған. - Әсіресе, өнер адамдары туралы 
айткандарыңда балаңдық, шалағайлық бар. Олар тер төкпейді 
деп кім айтты саған? Жазу, сызу, ойлау еңбек емес пе екен.
- Бірак олар тамақты сатып алады ғой, - деп қасарысты 
Ерік.
- Немене, сатып алғаң ас тамақтан өтпейді ме екен, жоқ, 
болмаса акшаны ұрлап ала ма?
- Түсінікті ғой, бэрібір қара жүмыс істеп, қолы боста ғана 
қиялдануы керек... Әлдекімнің жазып берген сөзін жаттап, 
әлдекім үйреткен қимылды жасап, атақ-кұрметке ие болатын 
артистерден арамтамақ ешкім жоқ. Адамды қойып, үйреткен 
аю да билейді, маймыл да майысып-қайыса алады... Тіпті мені 
бір ай дайындаса, дап-дайын артист болып шығамын, сол үшін 
пайғамбардай пай-пайлаудың қажеті канша. Айталық, мен 
оныншы класты бітіргеннен бастап, біреуден бір тиін алып 
көргенім жоқ. Әкемнің түр-түсін де білмеймін, шешем 28 
сом пенсия алды. Өзің де білесің, мектеп бітірерде Берияның 
суретін атқызып тастаған соң, Хрущев екі жыл жұмыс істетті 
жэне дүрыс жасады. Сол екі жылда оң-солымызды таныдық, 
қабырғамыз қатып, бұғанамыз бекіді. Талабы барлар білімін 
жалғастырды, талабы, жоқтар ауылда қалды. Сол екі жыл 
жастарды сынайтын табиғи сұрыптау еді. Қазір ше? Жапа- 
тармағай оқуға аттанады, түскендерді 21 жаста институт 
тауысады, сол можантопай бұзау күйінде өндіріске немесе 
ауыл шаруашылығына келеді. Тісқаққан жұмысшылар мен 
малшылар кекілі желбіреген, өмірден мүлдем хабарсыз 
сәпіләктерді қыстырмайды да... Біз оқығанда, стипендия да аз 
болатын, бірақ арақ пен тамақ арзан еді, сен сондықтан да ішіп 
кеттің, - деп Тағанның иығынан салып қалды.
- Саған бүгін не көрінді, неге ішесің? - деді Таған ежірейіп.
- Басқа-басқа, дэл саған ішуге болмайды!
- Неге? Менің өңешім жоқ па?
- Өйткені сен... қауіптісің. Әй, бірақ сау кезде одан да қауіп- 
тісің...
- Өзің білесің, Алматыда жүргенде істемеген жұмысым 
қалмады. Көмір түсірдім, жүкші болдым, түнгі күзетте болдым, 
ертеңінде сабақ, одан күрес жаттығуы, одан соң - еңбек. Мен 
өзімді ғана қамтамасыз етіп қойғам жоқ, ауылдағы анама
150


ай сайын акша жолдап тұрдым. Ал сен қара тырнағыңды да 
қыбырлатпай, сарылып кітапханада отырдың. Қане шыккан 
ұшпағың, егер де мына сен құсап көз майымды тауысып 
дайындалсам, сенің миыңды маған берсе, баяғыда академик 
атағын алар едім. Ондай ми шірітетін, бекер ой тоздыратын, сол 
үшін диханның нанын жейтін ақсаусақтык жаныма жат... Әлі 
есімде ауылда разнорабочий болып жүрген кезімде, айтпақшы, 
сен ол кезде де кара жұмысқа жоламай, аға пионерважатый 
болып істегенсің, жүз сом аса кажет болды. Сұрамаған адамым 
қалмады, қүдай-ау, біреуі бір сом бермеді ғой. Әне сол кезде 
ант бергем: «Егер жер басып жүрер болсам, мұқым ауылды 
сатып алатын ақша табармын», -деп. Сол арманыма жеттім, 
енді маған ештеңе корқынышты емес. Ей, бірдеңе десеңші, 
қалғып кеттің бе? - деп Тағанды түртіп қалды.
- Осы кермалдасып отырған екеуміздің қоғамға қайсымыз 
керек? - деп сүрады да, іле өзі жауап берді, - Қажет емес 
шығармыз... Әттең сенімімен менен бір адам жасаса... Жер 
бетінде керексіз адамдар қаншама көп. НЕГЕ БІЗ ОСЫ 
адамзатты тазартпаймыз, а, неге? Жер - ол да алып үй, баспа- 
намыз, қағып-сілкіп, желдетіп, шаң-тозаңнан арылтып, дімкес- 
тікпен, арам пиғыл, теріс көзқарас, дүниеқоңыздық ниет- 
пиғылдардан айықтырса ғой.
- Ондай уборка жасаса, ең әуелі сен кетесің, одан да атом 
қаруынан құтылып алшы.
- Өзің де аман қалмассың...
- Атом бомбасынан құтылу үшін ең әуелі сол қаруды жасай- 
тындарды, яғни көп білетін данышпандықтың ініне су қүю 
керек. Қызық, - деп күлді Ерік, - өмірде не қилы қияли адам- 
дар бар. Есіңде ме, Қарабура, екеуіміз ауылдан келе жатқанда 
бір жылқышының үйіне ат шалдырып, сусындап едік қой. 
Сонда тазы ит ерткен бір шал келді де, менімен тәжікелесті. 
Сол алжыған шал соғыстан жараланып, әтек болып оралыпты. 
Сондықтан да қайтып үйленбеген... Енді пайғамбар жасынан 
асқанда, елден іргесін бөлектеп, Алтайдың қүзар басына 
көшіп кетті. Жалғыз кеткен жоқ, жетімдер үйінен бір үл, бір 
кыз баланы өз атына жаздырып, ала кеткен. Осыдан жеті-сегіз 
шакырым жерде тастың үңгірінен үй жасап түрып жатқанына 
үш жыл болды. Өзін койшы, төрінен көрі жуык, тағы күй кешіп, 
өсіп жаткан балаларына обал ғой.
151


- Мақсаты не екен ол шалдың?
- Қайдан білейін, делқұлы түпкіштің не ойлағаны барын... 
Әйтеуір, мені көрсе, бас терісі келіспейді. Бір рет суырға 
құрған қақпандарын әлдекім алып кетіпті, соны менен көреді, 
кэрі шошқа.
- Да-а-а, қызык екен, жолығып зерттеу керек екен.
- Ондай пысықтығың болса барып қайт. Қатын суын өрлеп 
жүре берсең табасың. Маралколдің жағасында отыр.
- Ей, алла, сенің бетіңе көп қарасам, бірте-бірте араға 
айнала бастайсың, — деп қайран қала қадалды.
- Мен - еңбек арасымын, ал, сен «Пчелинный волксыд». 
Омартаның қас жауы.
- Ал сен - «Опасный ғибрид» арасың... Әлғі өзің Америка 
қүрлығынан алдырған...
- А-а, олар - асыл текті аралар, тіл тиғізбе... Вообще, болашак 
солардікі, шынында да, кейде араға айналғым келеді...
Шөлмектеғі қолдан ашытқан «ақсүйек» арақты ішіп 
тауысып, сыраға көшкенде, екі беті албырап, кызған Ерік 
орнынан созалаңдай түрып: - Ал, досым, рұқсат етсең, мен 
қайтайын, - деді. Енді ғана бабына кірген Таған құмары 
қанбаған қалыпта «отыра тұршы» деп қолына жармасып 
еді, «енді бір сағат сенің қасыңда болсам, маскүнем болып 
кетермін» деп, екі қолын қанатша қомдап, ара секілді кейіпке 
кіріп, ызыңдаған күйі шыға жөнелді.
- Ей, ей, Қарабауыр, қайда үша жөнелдің, мен сені жақсы 
көре бастадым, өйткені сен жаңа ғана ара бола бастадың, -
деп соңынан алаканын жая ұмтылып барып, етпеттей кұлады. 
Оқыс тұрғандықтан ба, элде арақ пен сыра буынына түсіп кетті 
ме, шөкелеп жатқан еденнен нарға сүйеніп әрең дегенде түрды. 
Түрды да, оқ тиген жауынгердей сенделіп: «ЕИ, АДАМДАР, 
НЕГЕ БІЗ ОСЫ...» деп өзінен басқа ешкім түсініп жарытпайтын 
лекңиясын бастады-ай...
«НЕГЕ БІЗ ОСЫ...»
Ерік өз денесін осыншама ауыр эрі керексіз сезініп 
корген емес. Алғашында адам болып кетуге шақ қалған 
Тағанды ескі сүрлеуіне жетелеп қайтадан салып жіберу үшін 
істеген айласының ақыры өзіне тиіп, басы түңғыш рет эңкі- 
тэңкі болып, дүние шыр айналды. Далаға шыға бере, жүрегі 
айнып, лоқсыды, ықылық атып ағыл-тегіл лақылдатып қүсты.
152


Зеңіп, буындары қалтырағанымен, санасы сайрап тұр. Түн 
тастай қараңғы. Аспанды бүлт торлаған. Иті тыныштығымды 
бүзған кім дегендей шэу етіп үріп барып, иесі екенін сезген 
соң иіскеледі де, күсықтан жиіркенгендей жылыстап кеткен. 
Тыныштык. Бетін мүздай суык сумен жуып, аузын шайды, бір 
бақыр суды сыңғыта ішті де, бүл қалпында үйге кіруге үялды ма, 
сеңкедегі ескі диванның үстіне тонға оранып жата кетті. Түла 
бойы күйіп, ауа жетпей тынысы тарыла аунақшып, көпке дейін 
көз іле алмады. Өмірінде осыншама көп ішкені еді, Тағанның 
қалай ғана өліп қалмай жүргеніне таңғалды. Ішінен сыбап 
боктады. Артына қарамай Айнаға қарағыштанып жүргені есіне 
түсті. Әрі-бері аунақшып жатып ол ойын да ысырып тастаған. 
Көз алдына ақ боз атты Қыз келді... Ендігі сәтте тэтті қиял 
меңдеп, бүл дүниедегі жалғыз медеті, жалғыз арман-алданышы 
жанын жарылқап, ет пен сүйектен жаратылған, лүпілдеп соғар 
жүрегі, ысып-суыр сезімі бар жүмыр басты пенде екенін есіне 
салған қызыл орамалды Қыз тағы да миын шабақтап, өзінен- 
озі шабыттанған... Сеңкенің есігі сыкырлап ашылып, қызыл 
орамалды қыз кіріп келе жаткандай елегізіп басын көтеріп алып 
еді, меңірейген тас караңғы болмеден салқын ауадан басқа еш 
нәрсе сезе алмады. Қызық: көзін ашса түк көрмейді, оліараның 
өлі қараңғылығы; ал жанарын жапса болды, ақбоз атты қызды 
көреді. Әне, ол тағы да босағада сүйеніп күлімсірей қарап түр. 
...Тэңірім-ау, бүл не қылған азап... тіпті бет-әлпетіне дейін 
ап-анық; кірпігі үзын үлкен қара козі, алмадай беті, үзындау 
иегі, бэрі-бэрін ажыратады, эдемі кондырылған мүрнының 
оң жағында тарыдай меңі бар. Өң мен түстің, үйқылы-ояудың 
арасында адасып жатқан Ерік: «Келші, жаным, мен сені көп 
тостым, сағындым», - деп алақанын жайып шақырады, түрған 
орнынан қозғалмаған қыз: «Мен сізден қорқамын» деп басын 
шайқайды; «Неге, калқам, негелеп» жалына шакырады, 
«Сіздің жүрегіңіз жок, аға, сіздің жүрегіңізді ара шағып алған» 
деп, есіктен шығып кете барады; соңынан үмтылмак болған 
Ерік төсектен қүлап түскенде ғана мүның барлығы эншейін 
елес екенін біліп, сүйретіле орнына кайта жатты. «Мен 
жынданатын шығармын жалғыз рет арақ ішкен менің сикым 
мынау, өмір бойы аузы күрғамай келе жатқан Таған байғүстың 
көрген азабын арбаға тиеп тауыса алмаспыз» деп басы сынып, 
ызың-ызың араның үясына айналған Ерік тек таңға жуық қана 
корылдап үйықтап кетті.
153


Таған шәйнектегі сыраны сарқа ішіп тауысып ыдысын 
төңкеріп тастаған соң «НЕГЕ БІЗ ОСЫ...» деген лекциясын 
одан ары жалғастырған... Бүгінгі жиналған жүрт оған катты 
үнады, ылғи бір өрімдей жастар көздері жаудырап, ыкылас 
қоя тыңдайды. Айналасы ат шаптырымдай аудиторияда ине 
шаншар жер жоқ, орын тимей қалгандары екі жак қабырғаға, 
есіктің көзіне иін тіресіп түрегеліптүр... Кейбірі мүның аузынан 
шыққан сөзді қағазға түсіріп, енді біреулері магнитофонга 
жазып алуда. Ал бүл болса маңғаз кейіпте жағасынан асып- 
тасып жатқан шалқар білімін бей-берекет жүмсамай, төгіп- 
шашпай, жүйелі де үғынықты жеткізеді.
«...Қүрметті отандастарым менің! Сіздердің алдарыңызға 
шығып, қазақтың тамыры терең, тағдыры бөлек, тайғак 
тағдырынан белгісіз лекция оқымағаныма біраз уақыт болып 
қалыпты. Оның белгілі сандаған себептері бар. Біріншіден, 
бүған дейін шыншыл да шынайы тарихымыздан толық мәлімет 
беруге рүқсат болмады, сондықтан да тарих-ананың көптеген 
беттері эрі нағыз керек беттері желімделіп немесе жыртылып 
тасталды немесе көмескі ғана айтылды эрі жазылып келді. Ал 
тарих атты алтын кітаптың ақиқат аңқыған парағын мүлдем 
жойып жіберу ешкімнің, тіпті бар болса, қүдайдың да қолынан 
келмейді. Бүгін туралы өтірік айтсаң да, өткен туралы өтірік 
айтуға болмайды. Өйткені, бүгіннің түзетушісі бар, өткен 
жылдардікі жоқ. Ендеше, достар, тарихтың қандай ащы болса да 
бірде-бір кезеңін, оқиғасын жасырып қалмай жарыса айтқанда 
ғана, жіберген ағаттықтарымызды батылдықпен мойындағанда 
гана сол шақтарда бастан кешкен ауыр да азапты, халықты қан 
қақсатқан қателіктерді жібермей, үрпағымызды үлы мақсат 
жолында тәрбиелей аламыз; тек бүкпесіз шындық қана -
бүгінгі жастарды тура жолдан тайдырмай, мақсат-мүраттарға 
бастамақ. Айталық, менің мұкым жастығым өткен жылдар
- сырттай қарағаңда, мап-майда, жып-жылмағай болғанымен, 
іштей іріген даңғазасы мол, ягни, ұраны мен ұрда-жығы 
қатарласа дамыған «мақтаншақ» кезең еді. Біздер мектепте: 
«Ақылдасып-кеңесіп отырысты қос қыран, бірінші қыран -
Ленин, екінші қыран - Сталин» немесе енді жиырма жылдан 
соң коммунизмге жетеміз, бесжылдық жоспарды екі-үш жылда 
орындап, табиғатты, жер-ананы табындырып, тың жердін 
жонарқасын тілгілеп тастаймыз сияқты қызыл сөздің қызуына
154


балқып, мұңсыз-камсыз өстік. Берияның суретін мешен кылып 
аттық, Сталиннің ескерткішін кираттық, антипартиялык 
топтардың көкесін көзіне көрсетіп, техниканың кұдіретіне сеніп 
жылкы малын касапханаға айдадык. Ешкімді, эсіресе жастарды 
ойлантуға, дүниеғе ой козімен қарауға мүмкіндік бермеді, эрі 
оздері үшін ойлайтындар, тагдырын пішіп-кесетіндер ЖОҒ АРЫ 
ЖАҚТАН жарлык мамыра тірліктің камымен жағасы жайлауда 
жүрді де, «апыр-ау, осы біз қайда барамыз?» деген сүрақтың 
жауабын іздемей мэре-сэре сайрандады. БІЗДЕР тарих-ананы 
қатты ренжіттік. Өз үлтымыздың тарихын кісенде үстадык, 
киесі үрады деп білмедік. Шала-жансар жасалған оқулыкка 
сендік, шала сауаттыларға сендік, шабына от түссе де айтайық: 
өкімет басында отырғандардың бар-барлығына сендік, ал 
олардың ак дегені - алғыс, қара дегені - қарғыс болды. Міне, 
сондықтан да халык адасты, қайсысының қай сөзіне сенерін 
білмей сенделді, ОЛАРДЫҢ біріне-бірі жала жауа куып, 
бірін-бірі жоққа шығаратын теңіз толқыны секілді айбынынан 
сескенді, не айтса да қүлдык деді, кім айдаса да жүрдік деді, 
қытыктаса - күлді, шымшыса - жылады, онда да көз жасын 
жасырып түншыға жылады, маңдайынан сипаса қуанды, жат 
десе жатты, түр десе түрды - осылайша, ңирктегі үйретінді 
аңдардай адамдар да таяқтың күші, тэттінің дэміне үйренді, 
үйретті... Адам жадынан, есінен айырылды.
Қүрметті жолдастар, мен бүл лекциямды бүдан жиырма 
жыл бүрын дэл осы қарқынмен оқуым керек еді, амал не, арақ 
ішкізіп жіберді. Ең әуелі сен әулиесің, туа талантсың деп ішім 
кепкенше мақтады, артынан артымнан бір-ақ тепті. Маған казір 
соңғы мүмкіндік беріліп отыр. Сондықтан да ағымнан жарылып 
ашығын айтайын: менің алғашқы кандидаттық диссертациям 
Қазакстандағы 1930-40 жылдар аралығындағы әлеуметтік 
экономикалық жағдай болатын. Алғашқы дейтін себебім: мен 
ЛТП-да, яғни еңбекпен емдеу профилакториясында «алқаш» 
ауыруынан айыққандай болып келген соң, екінші диссертация 
жазғанмын. Амал не, оны да қорғатпады. «Ұлтшылдықпен 
уланғансың» деп сүйрелемеген мекемесі қалмады. Тіпті КГБ- 
ның да алдын көрдім ...Сонымен 1930-40 жыл ...өздеріңіздер 
де білесіздер, бүл бір біз үшін ең бір киын кезең даулы кезең, 
дауалы кезең, бүл өмірімді осынау ауыр жылдардың шыңғырған 
шындығын ашуға сарп еттім. Деректерді архивтен ала алма-
155


дым, ол жаққа апарар жол жабық болды да, Москва, Ленинград 
архивіне өз каражатыммен барып, күндіз күлкі, түнде үйқыдан 
қалып, аш-жалаңаш көз майын тауысуға тура келді. Аяғанда 
мүқым еңбегім зая кетіп, кудаландым. Қорғатқанды қойып, 
қолжазбаңды орте деп, артыма шырақ алып түсті. Жүмыстан 
куылдым. Міне, осыдан былай сүргін басталды. Ол кездегі мен 
көрген азапка бойында жаны бар тірі пенде төзуі мүмкін емес 
еді. Әрине, сіздер «күреспедің бе, шындыққа көздерін жеткіздің 
бе» деген сауал коясыңдар. Жоқ, жолдастар, ол шақта адамдар 
шындық үшін емес, шындық адам айла-шарғысына қызмет 
етті, үстағанның қолында, тістегеннің ауызында қолжаулык 
болып сорлап, жер бауырлап, түралап қалды. Айналайын 
ақиқат та менің кебімді киіп, киелі жолдан тайды, жемкорлар 
мен жағымпаздардың, сүркиялар мен сүмдардың жалған мен 
жалғанды жалпағынан басқан алаяқтардың, атаққүмарлар мен 
асыгы алшысынан түскендердің ойына келгендердің ойына 
келгендерін істейтін ойыншығына айналды. Шындык та ішіп 
кетті. Маскүнем болды. Шындык жылады. Қор болды. Түрмеге 
қамалды. Айғайдың заманы туды да кудалады, тек қана үран: 
«жасасын - орындаймын - мерзімінен бүрын орындаймыз!» 
секілді сөздер оміріміздің барлық мазмүнына, мақтанына 
үласып, үлы істердің үйытқысы болып есептелді. Ал осынау 
даңғаза шерудің көпірме көшіне ілесе алмай немесе айналада 
не болып жатқанын үға алмай айдалада қалған менімен 
ешкімнің шаруасы болмады. Осыншалық мол білімді жүмсар, 
қоғамның қажетіне жаратар дәрмен жоқ бейбақ хэлде, жүртта 
қалған күшіктей үлыдым-ай... Менің қыңсылаған, қансыраған 
үнімді тыңдар, естір қүлақ жоқ, бір-ақ жылдың жүзінде сауатты 
қайыршы болып шыға келдім. Мен істемеген жүмыс, ішпеген 
арақ қалмады... Әйелім мен баладан айырылдым. Айына екі- 
үш рет айықтырғышқа түстім қалтамдағы ең соңғы тиынымды 
санап алып тыр-жалаңаш шешіндіріп, сүп-суық бөлмеге итше 
бүралтып лақтырып тастайтын. Егер қалтамда көк тиын жок 
шақтарда, тіпті адам екен деп елемей, жинап-теріп алмай 
көшеге тастап кетер еді; кейде айықтырғышқа апарып алып 
бокстың дорбасындай бір-біріне үрғылап, жаттығу жасайтын. 
Бірақ мен осыншама ит қорлықты ешкімнен көріп, жаласын 
өзгеге жапкан емеспін, тек озімнен, өзімнің тексіздігімнен, 
рухсыздығымнан, жіғерсіздігімнен көрдім. Мен, қымбатты
156


жолдастар, жалғыз-ак нәрсені өзгеден көрдім: Ол: «НЕГЕ БІЗ 
ОСЫ - ОСЫНДАЙМЫЗ».
Сөйлей-сөйлей әбден сілекейі шұбырып сілесі катқан 
Таған аппак болып таң атканда, сүйретіле басып тыска 
шыкты. Таудың салкынын елең кұрлы көрген жоқ, көйлекшең 
қалпында тэлтіректей басып кора жакка беттеді. Бұл шакта 
Ерік те тұрып, суык орамалмен денесін ысқылап таңғы жаттығу 
жасап, атын ерттеп, аңға шығу камында жүрген. Тағанды корді
- көрмегенсіді. «Өзіне де сол керек» дегендей коз киығымен 
айызы кана карады да: «Енді кайтып айыкканша, кар түсер», -
деді. Көкбестіге карғып мініп, мылтығын такымына кыстыра 
шокытып орманға сіңіп кетті. Күн шыға Айна оянды. Күйеуінің 
үйге қонбағанын, әрине, сезген. Кештетіп келгенде, мазаларын 
алмау үшін сеңкеге жата кетер эдетін ежелден білуші еді. 
Киініп далага шыкканда, шоп басын түтқан аппақ қырауды 
көрді. «Күз де келіп калған-ау», - деп күбірлеп, жан-жағына 
карап басқышта біраз тұрды. Кешелер аспанда ойқастаған 
бұлт жок, аспан жұтып койғандай жым-жылас, есесіне қатқыл 
суық түскен. Шелектегі судың беті каймақшып катыпты. 
Сауын сиырлар ұзап жайылып кеткен бе, көз жетер маңайдан 
көрінбеді. Әншейінде күн шыға гу-гу тіршілігін бастайтын 
аралар қалашығы да тып-тыныш, оқыс ұрған алғашкы суықтан 
қорғанып ұясында жатыр-ау. Беті-қолын тітіркене шайды да, 
үстіне күпэйке киіп сиырды іздеуге шықты. Сарайдың түсынан 
өте бере Тағанның өлі-тірісін білгісі келгендей айқыш-үйқыш 
темір-тор терезесінен сығалап еді, ала көлеңке болмедегі нар 
кісі жоқ, қаңырап жатыр екен. «Ерікпен бірге аң қарауға кеткен 
шығар» деп ойлады да, корадан айналып, орманға бет ала 
бергенінде... шарбақтың ағаш діңгегіне жіп байлап, мойнына 
тұзактап салып, жанталаса шегінген Тағанды көрді. Жүрегі 
алкымына кептеліп, шошығанынан: «Апа!» - деп, бетін баса 
шыңғырып отыра кетті. Мүншама қатты айғайлағаны алғаш 
рет шығар. Белі кеткеңдей тұра алсашы... Ал Таған тырбанып 
шегініп әлек, ол көткеншектеген сайын жіп шіренеді. «Өлді- 
ау» деп ойлады. Әрең дегенде орнынан көтеріліп, көмекке 
ұмтылды. Бұ кезде Тағанның шеке тамыры адырайып, көзі 
алайып, көгеріп-сазарып, демі тарыла кырылдап, буына бастап 
еді. Жіп діңгектің басына емес, түбіне байланғандықтан ғана, 
канша шегінгенімен, бірден қылқынбай, жаны біртіндеп
157


шыға бастағаны шығар... Жіпті күрмеп емес, қалай болса 
солай шорапит байлағандықтан, сасқалақтап шеше алсашы. 
Жүлқылады, тістеледі, қиып жіберер пышақ жоқ жэне буынған 
жіпті бірден кеспей не шешіп, не кісіні көтеріп алу керек, оқыс 
оліп кетеді деғен сөзді естіғені бар. Қан-сөлсіз бозарған жіғіттің 
екі қолтығына қол салып, алға қарай сүйреп жылжытты. 
Ағыл-тегіл аққан коз жасы омырауын бояп, өзі қылқынғандай 
жанталасқан Айна жіп босаған соң ғана діңгектен шешіп, 
Тағанның басынан ағытып, дөйдалаға ашулана лақтырып 
жіберғен. Таған қимылсыз, демсіз. Жата қалып, қүлағын 
жүрегіне басып тың тыңдап еді, анда-санда ғана бүлк-бүлк етіп 
әлсіз соққаңдай ма... тамырын үстады - болар-болмас діріл бар. 
Аппақ қыраудың үстіне шалқасынан түсіп, көйлекшең сүлаған 
жігіттің үстіне күпәйкесін шешіп жапты да, үйге қарай зыр 
жүгірді.
Нүрке кемпір басын көтеріп, тәспиығын санап күбірлеп 
отырған. Алқын-жүлқын кірғен келіннің айдаһар қуғандай 
жүзіне шошына қарады:
- Не болды, қарағым?
- Әлгі... қонақ... Таған... буынып қалыпты...
- Не дейт, ойбай, тірі ме?
- Тірі секілді.
- Алла байғүс-ай, енді жетпегені осы еді...түбіне өз үлым 
жетті-ау. Енда ғана ес-ақылын жинай бергенде, қайта ішкізіп...
- Қойыңызшы, апа, қайдағыны айтпай, Еріктің жазығы
не?
- Шамаң жетсе ары-бері шайқа, баяғыда буынған кісіні 
сырмаққа салып тербеуші едік... Жалғыз өзіңнің шамаң 
жетпейді.
Сеңкеде ілулі түрған тонды ала салып қайта жүгірді. Сүлық 
жатқан Тағанды екі қолтығынан алып ары-бері шайқады. Жүрек 
түсын уқалады, қолын созғылап жаттығу жасатты. Әбден қара 
тері шығып шаршаған Айна қүлағын сол жақ кеудесіне тосып 
еді, бағанадан гөрі жүрек қағысы жиілеп, жан кірген секілді. 
Ыңырсыған үн шыққанда еңбегінің зая кетпегеніне қуанған 
Айна тонды төсеп аунатып жатқызды, күпәйкесін үстіне 
жапты. Маңдайынан сорғалаған терді жаулығымен сүрткілеп 
шоқайып жанында отырды. Көптен бері алынбай бобыраған 
қою шашы сырылып, аппақ маңдайы жарқыраған Тағанның қан
158


қашқан беті таң нұрымен таласа әдемі көрініп еді. Қыр мұрны, 
әсіресе, қамасып жатқан ұзын кірпіктері назар салдырмай, 
сұқтандырмай қоймайды. Айна өз өмірінде алғаш рет әйелдік 
әуестікпен, әйелдік таза сезіммен кызыға қараған. «Ажарлы 
жіғіт, - деп ойлады ішінен, - бір кезде жіғіттің сұлтаны болған- 
ау». Ол өз ойынан өзі өлердей қорқып эрі осы қылмысымды 
біреу біліп қоймады ма дегендей, екі беті қызара ұялды да. 
Таған тағы да ыңырсыды, қол-аяғы қимылдағандай болды да, 
наркоздан кейін есін енді ғана жинағандай, кірпігін дірілдетіп 
барып, көзін жасқана ашты. Ең әуелі көргені - төбесіне тіккен 
кок шатырдай аспан... Содан соң көргені - көзі жаудырап 
қасында отырған Айна. Иә, Аспан мен Айна... Оған керегі 
де осы еді... Жүзіне қуаныштың ба, жұбаныштың ба, жанын 
жарылқар киелі сэулесі таусағандай күлімсіреген. - Мен олген 
жоқпын ба? - деп сүрады.
- Тірісіз, аға, - деді Айна, - шамаңыз жетсе түрыңыз, сыз 
өтер.
- Мен көнтері пақырға сыз өтпейді, - деді Таған осынау 
жатысына үялған сыңайда.
Басын көтермек болып еді, қозғалта алмады, шегелеп 
тастағандай ауыр.
- Маған не болды, Айна, білесің бе?
- Сиыр іздеп шықсам, буынып жатыр екенсіз, енді бір бес- 
он минут кешіксем...
- Кешіккенің жақсы еді. Айнам, мен үшін ендігі қалған өмір- 
дің қызығы жоқ. Нюра апа мен өзіңе ризамын, адам қалпына 
келтірудің барлық әрекетін жасадыңдар... Мен бүл дүниеде 
шіріген жүмыртқамын, ешкімге керегім жоқ...
Жүйе-жүйесі босап, өз-өзін үстай алмаған Тағанның үлкен 
қара көзінен ағыл-тегіл жас ақты, бүлақ ақты, бірақ ықылық 
атып өксімей, бырсылдамай, аспанға тесіле қараған қалпында 
екі самайына қүйылды...
- Керексіз, аға, ешкімге керегі жоқ адам болмайды. Қатарға 
қайта қосылу өз ықтиярыңызда... Менің таң қалғаным, сіз жіпті 
діңгектің түбіне байлап шегінгеніңіз... Егер шын өлгіңіз келсе, 
жіпті жоғары неге байламадыңыз...
- Буынамын деп ойламағаным рас, жіпті қайдан тауып 
алғаным да белгісіз... Менің көз алдыма терең ор елестеді, 
алға еңбектесем, өлімнен қаштым, өлімнен қашып оліп қала
159


жаздағанымды кайдан ғана сезейін... Қызык, бұрын түндегідей 
лэйліп ішкенде, тілім аузыма сыймай, қаталап похмель іздей- 
тінмін, есімді жинай алмайтынмын. Қазір... мүлдем басқаша... 
анадан жаңа туғандай тыңмын... Тегінде, ара-түра буынып 
түрғанның артығы жок-ау, - деп қалжыңдаған болды. Айна 
еріксіз мырс етіп күліп жіберді.
- Күн көтеріліп қалған екен-ау, сиырларды тауып алайын, 
сіз шамаңыз жетсе түрып, сергіңіз, кан тарасын, эрі-бері жүріп, 
жуыныңыз, шайға келіңіз.
- Ракмет, Айнам, менің қүтқарушым сенсің... Одан арғысын 
айта алмаспын...
Орнынан түрып, кетуге ыңғайланған Айна:
- А ға,- деді майда үнмен қиыла қарап.- Жалғандағы 
жалғыз өтінішім болсын, енді қайта басымды кесіп алса да, 
ішпеймін деп ант беріңізші. Бүл тіпті өлімнен қүтқарып қалған 
жаксылығымның өтеуі болсын. Сіз, әйтеуір, бір адамға бэрібір 
керексіз... Ол адамды іздеу үшін де ес-ақыл бүтін, көңіл таза, 
сезім сергек болуы керек кой.
- Бердім уәдемді,- деді Таған басын көтеріп.- Анамның 
атымен ант етейін!
* * *
Түске дейін ашық түрған аспанның эр жерінен шабарман 
бүлт шығып, біріге қоғамдасып кетуге бір-бірін менсінбегендей, 
көк жүзінде бытырай жүз-жүзге бөлініп жеке-дара жүзеді. 
Кейбірі жамбасқа ойысқан күннің бетін түмшалай бастаса, 
күн сытыла шығып, нүр саулаған дидарына көлеңке түсіргісі 
келмейтіндей. Алтайдың күзар басына күз демі алғашқы болып 
жетіп, табиғаттың эр затынан, кеспір-келбетінен аңғаруға 
болушы еді. Аспанды сыналай ұшкан тырналар тәспиығы да 
бүрынғыдай сабылыспай, саябырлап, үйрек-қаздың да үні 
бәсеңси бастаған. Көптен бері жаңбыр жаумаған, эмбесінде 
Мұзтаудың қаспақ кары, салқын түссе, жылбыскылана ерімей 
кайта катып, Қатын өзені қорынан айырылган соң ба, қорылын 
азайтып, корлана ағады. Күзгі жиын-терін шаруасын тез 
аяқтауға асықкан аралар ғана жан ұшыра ұшып, эр сәтін сәтті 
пайдаланып калуға жанталасады. Аналық пен еркек аралар 
науқанын аяқтаған сыңайлы... Тек еңбек аралары ғана мүрны- 
нан шаншыла жұмыс істеп, қимылдап жүрген. Өз салмағынан
160


жиырма есе ауыр жүкті көтере алатын еңбеккор араның өмір 
үшін, үрпак үшін, АНАНЫ асырау үшін арпалыскан тіршілігін 
омарта маңынан, орман арасынан айқын аңғаруға болушы 
еді. Таңертең шық ерімей ызғар себезгілеген шақта қырылып 
калғандай жым-жырт жатқан омарта, омартадағы жэшік 
үялар, күн көтеріле гуілге бөленіп оймақтай ғана тесіктен 
қайшыласып бірі кіріп, бірі шыққан араның жын-ойнагына 
айнала жөнеледі. Шөп қасаңданып, гүл солған, балдыр 
курайлана бастаған шақта шырын іздеп аласүрған аралар ендігі 
коректі ағаш жапырақгарынан элі де дес бермей жасаң түрған 
су жағасындағы шалғыннан іздей бастаған.
Таған бүгін де ерте түрды. Қанша ерте түрдым дегенмен, 
елең-алаңнан атқа қонып, аң қарап кеткен Ерікке ілесе 
алмады. Әрқашанда сыптай болып, үлы-жіңгір майданның 
барлаушысындай сақадай-сай эрі сақ та, елгезек те, сенімді 
жүретін досының қүс үйқысына қайран қалмасқа, қызғанбаска 
шарасы жоқ еді. Бір есептен өмірлік философиясына тэнті де 
болатын; іштей қүптайтын. Ал елден бөліне еңбек еткен тірлігі 
бағамдаған адамға семьялық мердігерліктің өзі іргетасын 
калап берген кооператив шаруашылықтың сыр-сипатын бес 
саусақтай білуші еді жэне экономикалық саясатты көсем 
коз жүма сала, тым жойып жібергеніне наразы-тын. Диссер- 
тациясының бір тарауында осы мэселені бүге-шігесіне дейін 
ашып, таратып жазып еді-ау... Амал не, бүл әрекеті де саяси 
соқырлық, идеялық қателік деп табылып, тауаны шағылды... 
Енді ойлап отырса, сол бір тақырып миында ақтаңдақтанып, 
окығаны мен токығанының толайымы үмытылуға айналған 
екен-ау...
«Иэ, осыдан кісі болып кетсем, аяксыз қалған жүмысты 
жалғастыру элі де кеш емес-ау», - деп күбірледі. Өлім аузынан 
кайткан күннен бері Айнаға берген антында түрды, үрттап 
алған жоқ. Шешесі кейіп, қатты үрысқан соң, Ерік те қыстамай, 
тіпті мүның бүл өмірде бар-жоғын үмытқандай, сырғақсып 
жоламай кетті. Есендеседі, халін сүрайды, кейбір тапсырмалар 
береді де, өзі көкбестісіне мініп, мылтығын асынып, итін ертіп 
орманға сіңіп кетеді. Сапарынан кеш оралады. Соңғы кезде 
үйдің айналасын суыр терісіне толтырып тастады. Денесінен 
сыпырылған жылбыскы жас теріні шелінен тазартып, қашаға 
іліп кептіру Айнаның мойнында; осынау қаршадай ғана
161


келіншектің өмір бақи шаршамайтын бейнетқорлығы, әмісе 
төзімділігі Тағанның таңдайын қақтыра таң-тамаша күйге 
болейтін. Сол бір оспадар уақиғадан кейін шексіз жақсы көріп, 
жүрегінің түбіне шоқ түскендей, мазасыз күй кешкен. Ол сол 
шоқтың түтанбауын, қоздап жанбауын қүдайдан тіледі-ай... 
Амал не, өз еркінен тыс, өзіне бағынудан кетіп қалған сезім 
сергелдеңі ішіп жүрген мэңгүрт шағынан қауіптірек пе, қалай... 
Барлығына: мынау қара орман, тыныш өмір, уайым-қайғысыз 
тоқшылықтың бәр-бәрін талақ тастап, ауыл қайдасың деп 
тартып-ақ кетуге сан рет оқталды, бірақ азап қамытын кайта 
киемін бе деп қорыққан, өзінен, озінің түрақсыздығынан 
қорыққан...
Суық сумен жуынып, шөп түнбасын ішіп, жаттығу жасап, 
шай ішкен соң, Қатын суын өрлеп жолға шықты. Осында келгелі 
алғаш рет үйден үзап, орман аралағаны еді, бір түрлі тынысы 
кеңіп, шайыр аңқыған ағаш иісінен кұшырлана жүтты. Санасы 
сау, бойы сергек. Жүз қадам жүрмей ентігетін көкірегі тың, 
айқүш-үйқыш сүлап жатқан молақтардан жеңіл секіріп өтіп, 
ойнақтай басады. Қолында қабығын аршып, қатырған қайың 
таяғы бар, мүк басып шіріген томарды соққылап, жолшыбай 
кездескен барша тышқанға дәлдеп, жас балаша еріге желе- 
жортады. Қаңсып қалған қайран көңілінде желік бар, ол қайдан 
пайда бола қалған желік, өзі де білмейді, әйтеуір, жиырма бес 
жасы қайтып оралғандай ырғиды, ысқырынып әңдетеді. Өзен 
жиегіндегі әбден пісіп, бүрісіп түсуге айналған қарақатты 
уысын толтыра асайды. Самырсынның басында самсап өскен 
балқарағай бүршігін қолындағы таяқпен дэлдеп үрып қүлатып, 
шагып коріп еді, карамүрттанып пісуі әбден жеткен екен. 
Бала кезде бүзау жайып жүріп талай терген, аузы мен қолын 
шайырлап талай шаққан балқарағай осы елдің бірсыпырасын 
ашаршылықтан алып қалып еді. Енді, міне, керексіз болып, 
шауқарға мен тиін, барша тышқанның ғана азығына жарап 
қалған-ды. Дегенмен, осыны Өр Алтайдың балқарағайынан 
Ерік қыруар табыс тауып отыр. Қызыл қырман қылып жинап, 
үгіп, кептіріп, қаптап қойған дэнді вертолетші досы қалаға 
алып үшып кетеді екен де, одан түскен пайданы тең бөлісетін 
көрінеді. Кешегі бір созде Ерік «енді екі-үш күннен соң 
балқарағай соғамыз» деген-ді. Сондықтан кырман науқаны 
басталмай түрып, Қатын суының бауыздауына отырған Шалға
162


барып кайтуды ниет кылып, жолға шыккан беті... Баяғыда... 
арып-ашып ауылдан келе жатканда, Жылкышының үйінде 
жөнді көз салмап еді... Итін абалатып келіп түскен салт аттыға 
назар аударатын, кішілік жолмен сәлем беретін хал мүнда жок 
та еді...
«Еғер Еріктің айтканы рас болса, ғажап Шал, - деп ойлады. -
Жиырмасыншы ғасырдың қашкыны тек мен ғана емес екенмін- 
ау. Қызық, өмірдің философиясы қандай? Екі баланы етегіне 
орап тауға тығылғанда, жалғанның жамандығынан қүтыла ма? 
Жо-жоқ, екі баланы кайткен күнде де жалғыздыктан қүтқару 
керек, әйтпесе Лыковтік тағылықтың апатына тап болуы 
мүмкін...» Ойды ой куалап, біраз жерге келіп қалған екен... 
Өрге қарай жүргендіктен ентігіп, шаршау тартканын сезді. 
Бағанадан бері тек төмен карап, кураған ағаштарды санағандай 
басын жерден бір алмап еді, өзенді жиектей шатқалға біткен 
орман сиреп, оң жағындағы жотаға көтерілгенінде тура алдынан 
маңдайы жаркыраған, найзадай шаншылған аппақ шоқыны 
көрді. Үшар басында жаулыктай байланып, төбесін перделеп 
түрар бүлт жоқ, қыркүйектің таза аспанына сүғынып кірген 
аппақ алып найза жарықтық Мүзтаудың дэл өзі еді. Ал дегенде 
көзі шағылысып жасқанып қалған Таған көз үйрете келе сілейе 
карады. Ол Мүзтаудың нақ қазіргідей тыр-жалаңаш, асқақ та 
асау, сүлу, бар бітімін жоғалтпай, түтас тұлғасын жарқырата 
ашқан күйінде түңғыш көруі. «Айналайын, табиғат ием-ай, 
тамашаң қандай көп еді» деп, көзі жасаурап отыра кетті. Ол 
шын шаттана куанған, шалкып тебіренген, мынау дүниеге 
жаңа келгендей немесе әлемдегі ең асылын тапқандай, бала 
көңіл, сэби жүрек, сабырлы ақылмен туған жерінің көркемдігін 
сонырқаған;саумалауа,тазакөріністіңбэр-бэрінжүтынажүтыгі, 
ішіп тауысардай таусаған... «Табиғат жаратқан алқам-салқам 
болмайды, ол - әмісе эдемі, эмісе сүймейді, эрі шыншыл, эрі 
акылды, сондықтан да адамдар секілді қателеспейді. Табиғат
- мэңгілік тірі, өтірік айтпауды, алдап-арбамауды табиғаттан 
үйрену керек, өйткені ОНЫҢ (табиғаттың) жүрегі таза. Табиғат 
бізді алдаған емес, тек өзімізді өзіміз ғана қан қақсатамыз, қан 
жоса қыламыз. Табиғат қате жібермейді, егер «ақымақты» 
дүниеге келтірсе, онда сол акымақтың да бір нэрсеге қажет 
болатыны; Табиғатта АДАМНАН басқа артык нәсте жоқ, тек


БІЗДЕР ғана жаратушының гармониялық берік байланыстағы 
тізбегіне кіре алмаймыз...»
Осы бір пәлсапаны не бір жерден оқыған, не өзі ойлап 
тапты, қалай болғанда да есіліп-есіліп есіне түскеніне іштей 
мэз болып қуанды. «Демек, менің де тым керексіз болмағаным... 
Әйтеуір, бір кажеттілікке жарағаным... Ерік те солай...»
Тағанның қуанғаны осы тым-тым ақылгөй сөзді жүйелі 
түрде есіне түсіргені емес, сол сөзді сана сарабына салу 
қабілетін жоғалтпағаны еді, демек, өзінің де қүрдымға мүлде 
кетпегені де... Айнадай жарқыраған Мүзтау мүның бала 
кезіндегі аппақ арманындай болып, жан дүниесін жайлап алды. 
Өлең эуелі қиялдау, түйсіну, сезіну, яғни элемге ақыл козімен 
қарау сынды үлы үғымдарды бірсіндеп болмысына дарытып, 
жас шағындағы тайдай тулаған талантын бүтіндей болмаса 
да, тым қүрығанда, жарым-жартылай қайтаруын мінәжат 
айтып тіледі, жалбарына сүрады қүдайдан. Ал оның қазіргі 
табынары да, қүдайы да сонау көк төсіне ракетадай атылғалы 
түрған айналайын Мүзтау еді. «Мүзтауды оның алып бейнесін 
көрген адам бакытқа кенеледі деуші еді, қариялар, маған 
аста-төк бакыттың керегі жоқ, тіпті маған көп нәрсе керек те 
емес, тек өз басымдағыны ала көрме, алла тағала, ақылымнан 
алжастырма, тэңірім, тағы да ащыға қүмар қылып,досқа күлкі, 
дүшпанға таба қыла көрме, қүдайым, жалғыз-ақ сүрарым -
көктен түскендей гып ештеңе бермей-ақ қой, тек бойымдағы 
барымды алмасаң болады». Намаз оқығандай жүрелеп отырып, 
Мүзтауға алақанын жая жалбарынған Таған имандай сыр, 
жүрекжарды тілегін дауыстап айтты, іштей иланып, селкеусіз 
сеніммен айтты, жанынан шыққан шыншыл да мөлдір жас 
жанарын жуып омырауына соргалады. Оның бар ділімен 
жаратқанға жалбарынған үнін, оңашада оқыған өз «намазын» 
сонау сай табанынан атылған мылтықтың гүрс-гүрс даусы 
бүзды. Алғашында өзін атып жібергендей селк етіп, артына 
шошына қараған-ды - ешкім жоқ. Кімді, нені, кім көздеді, 
тидіре алды ма, жоқ па, білмейді, оның білетіні - жер бетіндегі 
мылтық атаулы жақсылыққа атылмайтыны. Аңшылар шығар... 
Жаңғырыгып барып басылган тау ендігі сәтте мэңгілік 
мылқаулықпен телміріп түр еді. «Тау мылқау деп кім айтты, 
жүрегі, тілі бар, тек естір қүлақ керек; ал, қүлағы мен көзі 
барлардың да естімейтіні, көрмейтіні толып жатыр. Дүниені
164


алатайдай бүлдіретін де солар. Қүлағы бар - керең, жанары 
бар - сокырлар... сондыктан да, жан дүлейлігінен сактасын...» 
Міне-міне, Тағанның - маскүнемдіктен сауыға бастаған, 
Тағанның баяғыдағы санасы токтап калған сағатты бүрап кайта 
жүргізгендей, сыртылдап істей бастады... Ұзағынан бере көрсін 
деп, бэріміз тілейік те... Қызғанбайық, ағайын; шаужайына 
жармаспайық, ағайын; айылын ағытып аударып тастамайық, 
ағайын... тыныштығын бүзбайыкшы, ағайын.
- Оу, жігітім, сен кайдан жүрсің?- деген жуан дауыс жэне 
шошытты. Бүрынырақта «Сырдың суы сирағынан келмей» 
жүрген диуана шағында үстінен трактор жүріп өтсе де, былк 
етпейтін Таған соңғы ішуін тыйған уақыттан бермен, жоқтан 
өзгеден секем алып, қоян жүректеніп кетіп еді. Бэлкім, 
қорқыныш екі аякты жүмыр басты пенденің асыл касиеттерінің 
бірі шығар. Неге екені белгісіз, кейінгі дэуір үрпағы осы табиғи 
қасиеттен жүрдай болып, бірыңғай міз бақпас «батырлар» 
көбейіп кеткен секілді...
- Оу, тілің байланып қалған ба, неге үндемейсің? - деді 
үстінен өңкие қарап түрган қаба сақал Шал. Жаны бойынан 
үшып кетіп, күр қаңқасы ғана қалғандай қалшиған жігіттің 
жанына малдас күра жайғасқан Шал қалтасын қарманып, 
темекі алып түтатты. Шылымды көп шегеді білем, көк бурыл 
мүрты мен сақалы текенікіндей саржағалданыпты. Көз үясы 
шүңірейген, мүрны қоңқақ, қабағы доң, қалың қасы жанарын 
жаба түтасып кеткен. Тағанға «темекіні» ырғайды ыңғырулап 
қолдан жасаған мундуштукке нығарлай тығып, сораптай 
сорған Шалдың сексеуілдің бүтағындай тарбиған қуатты 
саусақтары мен соя саусақтардың үстін қалаған білеу-білеу 
тамыр Алтайдың омырауынан ағып түсетін бүлақтар секілді 
елестеді. Малдасын күра жайғаскан ақсақал темекіні қүны 
қалғандай қүныға сорады екен де, түтінін жүтып қойғандай жок 
қылып жіберіп, біраздан соң шым-шымдай сыздықтатып қайта 
шығарады екен. Шарықтаған қиялына қиянат жасаған Шалды 
Таған э дегенде суканы сүймегені рас-ты. Аузын буғандай 
булығып қалуы қырсықтанғанынан да емес еді, озі де анық- 
қанығын ажыратпаған ой-арманынан қапелімде айырылып 
қалған қас қағымдык сәт ақыл-есін де алжастырып кеткендей 
еді. Ендігі тымпи ойнаудың, яғни көгертпесін сезді ме, қағып 
кеткен кісідей:
165


- Ассалаумағалейкүм, ата, мен сізді бір жерден көрген 
секілдімін! - деп, ырсия күліп, қүйрығымен жылжып жакындай 
отырды.
- Шырағым, денің сау ма осы сенің?- деп қарт сығырая 
қарады.
- Саусыз ба, ақсақал? - деді ол тағы түйеден түскендей...
- Мен саумын ғой, шырагым, өзіңнің шалығың жоқ па?... 
Қиялимысың, қиналып жүрмісің?
- Соңғысы, ақсақал, соңғысы. Ой түбіне кетіп оспадарлық 
жасағаныма кешірім сүраймын. Мен сізді шырамытып 
отырмын.
- Немене, экеңді жоғалтып па едін?..
- Кешіріңіз, әкені қара жерге бергеміз. Көрген кісім болған 
соң...
- Оның жөн-ақ. Бірақ жоқтан өзгеге шыбындаған аттай 
бас шүлғып, кешірім сүрай берме. Қазақ тек о дүниеге аттанар 
сэтте ғана бақұлдасып, артық ісім болса кеш деп, иек қаққан.
- Халқымыздың жол-жоралғы, дәстүр-салтын үмыттырғалы 
қа-а-а-ша-ан...- деп жартасты жарып өскен шынардай 
шыныққан бітіміне қызыға қарады. Малдас қүрып мығым 
отырған Шал басынан такиясын шешіп, шор-шор болып 
қыртыстанған тақыр басын сипады. Ептеп жіпсіген екен, 
күректей алақанымен күшырлана сүрткіледі де, тақиясын қайта 
киді. Жарланған қабак, шүңгіл көзін жаба жабағыланған қою 
қас, қоңқақ мүрын, үзын иегін түтастыра жүтып қойған сақал
- ақшулана бастаған қаба сақал,- дәл осы қалпында Шалдың 
пошымын қазақ нэсіліне үқсастырмай түр еді.
Тігісі жатпас тік мінезін бет-элпеті-ақ әйгілеп айтып 
коятындай ма...
- Әкеңді жоғалтып па едің дегенім, неге тінтесің өн 
бойымды? - деді «Арқардың» мундуштукте иектен қалған 
тұқылын алақанына салып-салып қалып, үшырып жіберген 
Шал.
- Сізді өз жұрағатымызға ұксата алмай... таңырқап...
- Сенің жүрағатың кім еді?
- Қазақ деген жамиғат қой...
- Қимағаның ба?
- Жоқ, осындай да ірі туысканымды тапқаныма қуанамын.
- Қарай гөр... тілің майда, шүйіркелескің келіп қышынып 
отырсың-ау, шырақ...
166


-О ны м рас. Қаратілді казақпен кажаспағалы қашан. -Т аған 
өзі әдейі іздеп шыккан Шалды ойда-жокта жолыктырғанына 
шексіз куанулы. Сөзге шакыру үшін ептеп түрткілей сөйлегені 
де содан-ды. Бүл жымсыма ойын ол да сезгендей.
- Әкеңдей адаммен қажассаң - карық болғаның. «Қарт 
шалдың тілін бір қайтар» деп досың Ерік өзінің қолы тимей 
жатқан соң сені тыңшылыққа жіберді ме? - деп, сәл түксиіп, 
бар еткізіп сіңбіріп тастап, «Арқарды» қайта бықсытты.
- О не дегеніңіз, ата, бүра сөйлесем, шабыттаңдырам ба 
деп, дәмелегенім ғой.
- Шабытым шабандаған шақта жолығып отырсың, шырақ. 
Ерік Үлкен Жерден бір «құл» ерте келді деп естіп едім, сол 
пэтшағар сен болмағай...
- Бэрібір шамданбаймын.
- Шамы жоқ адам - намысы жок адам.
- Ендеше, ақсақал, Маралкөл жақта эр таудың басын көксеп 
маңып жүрген кісікиік Шал бар деп еді, сол «тағы» сіз екенсіз 
ғой.
- Міне, енді таныстық, табыса алсақ жарар еді...
- Оны сіздің қонақжайлылығыңыз біледі. Қой сойып, қол 
қусырмасаңыз да, ақ қүйып жөнелтерсіз...
- Бопсаң бодаусыз емес. Бәсе-бәсе, тегін кісі таз болмас... 
Әттең, итаршылығың ғана жаныма батады.
- Жеңу үшін, жең түріп төбелесе беру шарт емес шығар, 
ақсақал, кейде шегініп, арбаға жегіліп те алмаушы ма еді. 
Түбінің қайырлы боларын білген адам жауын арқалап жүрсе де 
арсынбайды деген сөзді бекер айтпаған шығар...
- Жүр кеттік! Қүдайы қонағым бол, - деп орнынан лақтай 
ырғып түрып кетті. Бүл Шалдың мынау қаңғыбас жіғіттің 
сөзінен өзін танығаны еді.
Орнынан орғып түрған Шал «моқ-моқ» деп алақанын 
қаққанда, сол жақтағы салба-салба самырсынның арасынан 
ауыздығын сылдырлатып күрең ат, «кә-кә» деғеніне жүндес 
жуан қара төбет шыға-шыға келгені.
Алғашында сескеніңкіреп калған Таған есін тез жиып:
- «Мә-мә» деңізші, ақсақал, адам шыға келер ме екен, — деп 
эзілге бүрған.
- Шақырмай-ақ еріп келеді емес пе?
- Бэрібір шамданбаймын.
167


- Жұрт не десе де ме?
- Жоқ, сіздің сөзге ғана.
- Сенің қасыңда үш күн жүрсем, мен де милау болып 
кетермін. Сынықтан басқаның бэрі жүғады деуші еді.
Ақсақал оқыранып қасына келген күреңнің кеңсірігін 
сипап, аялап ауыздығын салды. Иті де иесін көрген соң, еркелеп 
қүйрығын бүлғап арсалаңдап жүр.
- Ал, азаматым, арсынбасаң, мінгесесің. Біздің үйге дейін 
едәуір, - деп күреңді көлденең тартты. Неге екені белгісіз, 
Шалдың қара төбеті Тағанды ботенсіген жоқ, айналсоқтап 
иіскелеп алды да, өз жайына жүрді.
- Бүл жалғанда тек мінгесіп өту ғана мандайыма жазылған 
шығар. Қайбір кергитін кеспір қалды дейсің. - Атына лып етіп 
тез мінген, Шал қайта түсті.
- Арсынсаң алдына отыр, қонақсың гой.
- Жай, эзіл, жаяу еріп отырайын.
- Ендеше, мен де күреңді жетекке алайын, - деп, тізгінді 
білегіне орап, алға түсті. Алға бәрінен бүрын қара төбет түскен. 
Анда-санда түмсығын шүйіріп, желдеп алады да, тышқан 
қорық, бүта-қарағанның түбін тінткілеп, желе-жорта жонеледі. 
Қатар аяңдаған қос жаяу біразға дейін тілдерін жүтқаңдай 
үнсіз жүрді. Күн жамбасқа ауып, аспан аясын армансыз кезген 
шарбы бүлт Мүзтаудың үшпа басына үжымдаса бастаған. 
Не пысынатар ыстық, не жауратар суық емес тау төсінің 
салқын самалы есіп, осынау ластанған әлемнің элі де болса 
рахыманды жері қалғанын есіңе түсіргендей. Алтай тауының 
жонында шөп тундрадагыдай тақыр өсетін. Түнгі тон кигізер 
салкыны бойлап өсуіне қысымшылық жасап, элдекім шауып 
әкеткендей теп-тегіс, біркелкі. Оқта-текте осы өңірдің моласы 
іспетті, сары топырагы шығып үйілген, аузы үңірейген 
тарбағанның іні ағараңдай үшырасады. ¥зап жайылған суыр 
ініне жете алмай жер бауырлай тоңқаңдайды, тоңқаңдап барып 
қос аяқтап, делдиіп жолаушыларға таңырқай қарайды. Аңшы 
шал мойнындағы мылтыгына жалғыз рет те жармаспады, ал 
иті қүр бекер иіскелегені болмаса жарбаңдап қуган жоқ, иесіне 
жалтаң-жалтаң қарайлап алып, албаты лағады.
- Әбден тойынғасыздар-ау, - деді Таған элгі көрініске 
түсінбеген кейіпте.
- Бүйырғанын алдық қой, - деп самарқау жауап берді. -
Байғүс суырлар біз желдің ық жағында келе жатқан соң, сезбей
168


калып тырбаңдап жүр ғой. Егер жел жағынан шыксак күншілік 
жерден иісіңді сезеді.
Бүлар ылдилап, киялай аяңдап, ағаштары жаназаға 
жиналғандай иін тірескен сайға түсті. Сай табанынан аркырай 
аккан бүлак шуылы естіліп, осы өңірдегі тіршіліктің жалғыз 
эншісіндей күлағыңның күрышын кандырады. Сырттай кара- 
ғанда жан аяғы баспағандай тусырап жаткан таудың кайсыбір 
жерінен де жауын-шашын шайып, көмескілеген, бірак элі де 
сүлбасын жоғалтпаған жалғыз аяк сүрлеу байкалатын. Бэлкім, 
ата-бабаның көшпелі өмірі мен мазасыз да жойқын жорык- 
тарын элемге эйгілеген, осына аскар тау, жынысты орманның 
мэңгілікиегерлігінайғақтайтынайкүш-үйкышжолдыңжоғалып 
кетпеуі мынау атын жетелеп келе жаткан аксакалдың аркасы 
шығар-ау. Бэлкім, мынау өксігі мен өкініші көп өмірден күдер 
үзгендей болғаныңда, сан тарау соқпактың иесі өзің секілді 
адам екені, солардың табанынан жаратылған тіршіліктің күре 
тамыры екені есіңе түсіп, «мен кандай із қалдырдым» деген 
сыкылды сүрақ көңіліңді үялап, әлгі-әзірдегі түңілді ойыңа 
үялатын шығарсың...
-
Осы саймен күлдап күйғанға дейін барамыз, - деген Шал 
сөзі Тағанның бір сэттік оңаша ойын бүзды.
Мүзтаудың 
омырауынан 
саулаған 
бұлактың 
жүмыр 
тастардың үстінен шапшып, мөңкіп-мөңкіп атқақтап ағуы -
сабалақ-сабалак самырсынды аңғарды азан-қазан үнге бөлейді 
екен. Айғайлап сөйлемесең, қасыңдағы кісімен шүйіркелесіп 
эңгімелесу мүмкін емес. Бетін бағзы жылдар бойы су шайып 
жуса да, қожыр да кожалық күйін сақтап дөңайбат жасаған 
тастардан да салқын леп ескендей. Окта-текте кездесер қарақат 
уағында термей, таңдайыңды тамсанта желінбей, озгеше бір 
өгей пішінмен иесіз жетімсірейді. Асау бүлақты жүрымдай 
өскен жасыл күрак пен білекті балдыр күн көзі аз түсетін 
мекенінде дымқыл мен шылқыган суға малынып, жасаң 
жайкалады. Барған сайын, жолаушылар сүғына құлдаған сайын 
сай ішінің ағашы қалыңдап, екіндіге еңкейген күннің сэулесі 
кашаңдаған сайын ымырт тез үйіріліп, әрі-беріден соң ешкі 
самырсын, шыршалардыңтүбі қарауыта бастаған-ды. Қарауыта 
бастаған орман іші елегізітер, еңсеңді басар; бірақ сонау таудың 
жонарқасыңда алаулы шапақ бар - жайнаған жарық дүниенің 
ал кызыл шатырындай шалкып та балқып жатыр.
169


- Аксакал, оу, аксакал, жетер жерімізге енді қанша калды?
- деп айқайлады Таған. Жығылып-сүрінген жүрісі шаршастың 
сыңайын аңдатты.
- Келіп те қалдық, - деп Шал да дауыстай жауап берген. 
Ең ғажабы орман шорт таусылып, элгі айғайдан қорыққандай, 
алдарынан айнадай болып көл жарқырады-ай... Айнала жап- 
жарық болып кетті. Күн өскелең асуыңдагы қасқая өскен 
қарағайдың үшар басында ілініп түр. Мүзтаудан бүктетіле 
аққан бүлақ көлдің дэл қүярында алып қара тастан тік саулап, 
сарқырамаға айналып, елу кез биіктіктен қүлайды екен. Мың- 
миллион моншақ-тамшылар жамырап, ақ көбікті аспанға ата 
бүркырап қайнап, сап-салқын дым бүркеді. Жолаушы жігіт 
осына қапелімде пайда болған сүлу көрініске елтігендей 
қаздиып түрып қалып еді, озыңқырап кеткен Шал:
- Оу, сарқырама көрмеп пе едің, айда, кеттік, - деп 
асықтырды.
- Рас, мүндай кереметін көрмеп едім.
- Ендеше, түнеп шық. Жалықсаң, сонау түтіні будақтаған 
Тас үйге келерсің, - деп аялдамай аяңдай берді.
Таңдай қаға тамсана қараған Таған, ақсақалдың соңғы сөзін 
естіген жоқ, көз алдында табиғат қүдіреті орната салған көркем 
көріністі қызықтаумен түр. Қына мен мүк басқан жақпар тас 
салқын сазарады. Сол жақпар тастың саңылауын куалай, жер 
бауырлап тарбая өскен аршаның бір талын сындырып алып 
иіскеп еді, сарайыңды ашар хош иісі бүрқырады, осынау дэрілік 
қасиеті бар бүтаның мэңгі қуатын сездіргендей еді. Тас аяғыңа 
кілемдей жүмсақ тиеді, жылдар бойғы өне бойын жабағылап 
жапқан мүк пен қынадан күпі киіп, көрінбей қалған. Бүл 
өндірдің елі қанжапырақ атайтын өсімдіктердің де атамекені 
осындай жақпар тастар-тын. Батуға иек артқан күннің жалқын 
нүры сарқырамағатүсіп, мың-миллион тамшы-тозаңның ішінен 
шүғыла пайда болды. Шүғылаға шомылған кемпірқосақтың 
сан бояуын, сүмдық сүлулығын тілмен айтып, қаламмен жазып, 
суретке салып - бүткіл сымбатын жеткізу мүмкін емес еді. Тіпгі 
Маралкөлдің күн батар алдындағы бой жасағандай немесе 
үзатылар қыздай қырмызы қылық, көз қарықтырар көрініспен 
ажарлана сылаңдауы өлген адамды тірілтердей сиқырмен түла 
бойыңа тамыр жас тарап, жаныңды жарылқайтын. Сен сәл 
дірілмен эрі қуана, эрі қорқа сүқтанасың, сүқтанған сайын
170


көңіліңді мұң қабыздап, пейіштің ішіне кіргендей рақатты 
жүрексіну, рақатты сүйсіну, рақатты күрсініс пайда болмақ. 
Самала саумалға шомылып, тэңірдің тарысын теріп жеп, аман- 
есен жүрген бір күніңе - тіршіліктің жалғыз сәтіне аса риза 
сезіммен батар күнге қол бүлғап, ертең атар таңнан үміт күтер 
едік: «Қүдайым-ау, айналайын, алла тағалам-ау, мен бүл өмірде 
бармын!» деген канағаты мол сөздің қадіріне жетуден, алдағы 
аз ба, көп пе ғүмырыңның қүранына - үранына айналдырудан 
озық не бар бүл жалғанда. Бүл жалғанда: асыкпай, аптықпай, 
арбамен қуып су ішкіліктің қоянын аулап жеуден артық не 
бар... Бүл жалғанда: табиғат-ананың аясында еркелеп, саф ауа, 
мөлдір суды қанағаттап,шайқалмаған көңілімен өз ажалыңа 
армансыз аттанудан бақытты не бар. Иә, бүл жалғанда түтініңді 
будақтатып, түннің жарымына дейін алау оттың басында бейбіт 
те берекелі әңгіменің шоғын косеп,«неге біз осы...» деген 
сүрақтың жауабын іздеуден ізгілікті не бар... не бар?..
Иэ бүл жалғанда адам баласына көп нәрсе керегі жоқ. Ал 
не керек екенін өздері де білмейді. ОЛАРДЫҢ - пенделердің 
білетіні - неғүрлым жанталасып, неғүрлым тағдырының 
жағасына жармасып жан сақтаса, мэңгілік мұңсыз-қамсыз 
ғүмыр кешетіндей, өз-өзінен тарылу, өз-өзінен кектену, озін-озі 
азаптың арқанымен буындыру, өздерін-өздері отқа қақтап, оққа 
байлап беру ғана... тек сол ғана ма? Тек сол ғана болса, айықпас 
опаттың жаржағасына асығып келіп ат басын тірер ме... Бұл 
жалғанда бар екеніңе шүкіршілік ету - кержалқаулыққа 
жоримыз да, бұл жалғанның барымтасына кірісіп, лақсаланған 
тіршіліктің лағына таласып, көкбөрі мінезбен көкпар-таласқа 
түсеміз.
«Тауда көкпар тарта алмайсың,-деп ойлады Таған. - Демек, 
таулы жердің тартысы бэсең болмақ. Бірақ үрымталдан ұрар 
ұрысы, қаны тасыр қаныпезерлігі көп емес пе екен» деген ой 
жэне көлденеңдеді.
Осы шақта таудың жығылмас жалындай күдірейген 
қарағайдың ара-арасынан саулаған күннің ең соңғы шуағы көл 
бетін талақ тартап, со-о-н-ау ұшар басы тазданған шоқының 
тас 
кепешін ғана жалкындайды. 
Маралколдің бетінде 
жыбырлаған майда толқын бар. Әлгінде ғана қандалған, содан 
соң жезденген су жүзі алабүртқан кейпінен лезде айырылып, 
қаракөк барқыттан ақирет киімін кигендей өкпелі оксікпен
171


кешкұрымның кұрым киізін де біртіндеп кымтана түсті. 
«Міне, өмір дегеніміз - осы» деп күбірлеген Тағандоғаланған 
кемпірқосак жоғалған соң жолға шыкты. Таудың куысынан 
Шал жаккан от жылтылдайды... «Міне, өмір деген - сол...»
Алайда... өмір дегеніміз - ОСЫЛАР ғана емес еді...
«НЕГЕ БІЗ ОСЫ...»
Атын түсап, алдынан шыққан Шал қонагын қалжыңдай 
қарсы алды.
- Перінің қызы Бекторы жолығып, азгырындыға еріп кетті 
ме деп шошыдым.
- Ондай бақытты кім беріпті. Мен кейде сол сайкал кызды 
сағынамын...
- Су иесі Сүлейменнің кыздарына да қызығатын 
шығарсың...
- Сөз жоқ. Бірақ - олардың бэрі, тіпті қазактың қасы, көзі 
қиылған қылықты аруларының бэрі еркекке еріп кетіп қалды 
ғой...
- Қатынсырап жүр екенсің, шырақ, - деп төтеден қойып 
қалды Шал.
- Оныңыз рас, ақсақал, - деп, шыншыл көңілмен күрсінген 
Таған. - Құдайдың кұтты күні аузым кұрғамай ішіп жүрген 
кезімде әйел мен еркекті айырмаушы едім. Өзімді кайта 
тапқандай болган соңғы күндері ақмұнардың арасына сіңіп 
кеткен сол бір қызыл жаулықтылар қайтадан шығып, қол 
бұлғағандай көлеңдейді мұндарлар. Кей күндері сықылықтап 
күліп, кытықшыл қылықпен түсіме кіреді, түрткілеп оятады...
Жігіттің коңырқай жүзі батар күннің батсайысындай аһ 
үрған арманмен алабұртып, ішінде жыландай жанған өкініштің 
бе, өксіктің бе, бэлкім, элі де үміткер, элі де қоламтасы суи 
қоймаған еркектік сезімнің серғелдең шағы туған шығар. 
Мынау қарсы алдындағы ағынан актарылып тұрған Тағанның 
күнэдан ада сыры Шалды да шалт жібермей ойлантып еді. Ұзақ 
та ирелең азапты сапардан - мән-мағынасы жоқ мақсатсыз 
сандалбай тірліктен запы болған азамат ақылшы аға, қамқор 
қол, аялар алақанға сусап, егер осылар дэл казір қатыгездік 
танытып өгейсітсе, оте-мөте өкінішті боларын, қазақ қайратты 
да қасіретті тағы бір азаматынан айырыларын бағамдады Шал. 
Маңдайдан сипар ықылас балаға ғана емес, үлкендерге де 
керегін үқты Шал. Тэлімі мол тәрбие, көш басшы көшелі сөз
172


жастарға ғана емес, ересектерге де керегін сезді Шал. Кең де тар 
дүниенің кеселді кесірінен, зіл-зала кесепатынан сактап калу 
үшін осына екі тастың үстінде талтайып, калай карай аттарын 
біле алмай аласүрған жігітке ертеңгі өмірінің мінэжатына 
айналар байсалды бата беру керегін кәперледі Шал. «Рас, рас, 
казіргі ұрпак батасыз, батасыз болған соң, бәтуасыз лағып бара 
ма, калай» деп ойлады Шал.
-
Шырағым, үйге жүр, конып, қонақасыңды же. Әңгіме- 
лесейік. Мен саған балаларымды таныстырайын.
Осы шақта тау куысындағы үйден: - Ата, ата, қайдасың? -
деген баланың даусы естілді.
Алтайдың асқар тауларында не коп - сай-саласын куалай 
ағатын бүлак коп: койнау-койнауларында кұдайдың ба, 
табиғат-ананың ба, әйтеуір, адамзатка өкпелеп жылағанда 
тамып кеткен коз жасындай молдіреген көл көп. Сол көп 
көлдің бірі - Маралкөлі еді. Бұл өзі күнгей жак жиегі тақыр 
немесе қорым тасты, ал теріскейі қалың ағашты, балығы 
тайдай тулаған, элімсақтан бері де ортаймай, не болмаса 
ернеуінен асып тасымайтын момақан да байсалды жаратылған 
ғажап көл. Оңтүстігінде Өскелең деп аталар жүндес асуы 
бар. Сондыктан да бүл өңірді баяғыдан жайлаған қазақтар... 
«Үстіне Өскелеңнің шыға келсем, корінер көл айналасы жап- 
жалаңаш» деп, энге косып, ойдағы ауылдан ат арылтып әрең 
жететін төр жайлауды жердің жұмағына балайды. Көлдің аяқ 
жағынан көпіршіп шығар суды - көлдің шүмегі деседі. Міне, 
осы шүмектің бауыздауына такау, Маралкөлге мінбелеп түрған 
таудың алкымындағы алып кара тастардың үңгіріне орналас- 
кан үй - қазіргі заманның көрме үшін әдейі салған ғажабындай 
өзгеше таңсық әрі айға адам үшырып отырған озық дәуірдегі 
адамзат акылын мазақ етердей өгей де бөтен еді. Әсіресе, түн 
баласында үңгір-үйдің аядай аузынан жылтылдаған от уақыт 
көшінен эбден шаршап, шөгіп-шөгіп жусаған жуас таудың 
жалғыз көзіндей алыстан шалынатын; замананың үмытып 
кеткен ұлындай жетімсіреген өмірдің өңменінен жарып 
жаркыраған сәуле ата-бабамыздың ендігі қалған сарқынды 
аманат шырағындай, кай-қайдағыңды, ата кәсібіңді, қайдан 
шыккандығыңды еріксіз есіңе түсіріп, элдебір сиқырлы 
күшпен менмұндалайды. Жанарың ашып, көкірегің кобеңсіп, 
жүрегің сазады; даңғаза дүниенің айғай-шуы мен арпалысын,
173


күш күрес пен ит-кыркылжыңынан шаршау тарткан жаныңа 
сауап болғандай, көптен көксеген беймарал, жым-жырт өмірді 
жолықтырғаныңа іштей жарылқанып, жасанасың.
Тағанның таң қалғаны бүл да емес - тыныш тіршілік 
Қатын суының жағасында да бар. Тағанның таң қалғаны
- осынау өр Алтайдың малшылар мен аңшылардан басқа жан 
аяғы баспайтын куысында, ерте дүние дәуіріндегі секілді, тас 
үңгірді баспана, табиғаттың тағыларын қорек етіп отырған 
Шалдың қаймана жүрттан кашаң тартқан тірлігі - қомақты 
қоғам, дүбірлі дәуірден өгейси көшіп, өз қотырын өзі қасыған 
оқшау кәсібі еді. Тағанды таң калдырған бүл ғана емес
- ауыл-аймақ, бота-тайлақтан тек кара басы ғана ауа көшсе, 
саяктаса жарар еді-ау, пендеге берілер санаулы жасының көбі 
кетіп, келтеленген шағында оған бэрі жарасар; өзімен бірге 
т-у-у ит арқасы қиян - ел-жүрты жок жетімсіреген жерге 
қаршадай екі баланы ерте кеткені. Олар күні ертең - ер жете 
келе қар адамы секілді жабайыланып, жан адамға жуымайтын 
тағыға айналып кетсе, мынау мэре-сэре өмірдің қызылқырман 
қызығынан мақүрымданып, маңып қалса қайтер... Шалға 
лағнет жаудырып, өкінішті өмір кешпей ме? Бүл қалай сонда?
Үңгір-үйдің ішіне еңкейіп кіргенде туған осы ойлардың 
ұшығын таба алмаған жігіт айналасына аңтарыла караумен 
болды. Үлпершектей үлбіреген ұл мен қыз аса бір ізет, иманды 
инабаттылықпен сәлем берді де, атасының мойнына асылып, 
аймалап, сағыныш-мауқын басты.
Үңгірдің іші кең. Кеңдігі соншама, тас қанатты ағаш 
дөңбекпен қаптап, еденін тақтайлап, екіге бөліп екі бөлме 
жасаған. Алдыңгы бөлме - ас ішетін, ал, анау төргі бөлме жатын 
үйге үқсайды. Бір қараған адамға қарапайым ғана тіршілік 
үшін керекті заттың бэрі бар деуге болады. Тап-таза жиналған. 
Қабырғаға қағылған аюдың терісі, оның азу гісі ақсиған басына 
арбайған бұғы мүйізі кағылған. Мүйіздің эр саласы бос емес, 
мылтық, оқшантай, тағы да басқа керек-жарақтар ілінген. 
Қамшының неше түрі бар екен, сан түрлі өрім, сан түрлі сап, 
Шалдың еріккендегі ермегі камшы ору секілді... Ыдыс-аяқ та 
ағаштан ойылған. Қалайы мен шыныдан жасалғандары жок 
деуге де болады. Кіреберіс іргедегі пеш те тастан каланған, 
тек үстіне ғана темір плита төселген. Есік алдында көзге 
шалынбағанымен, мал басы бар секілді. Айран ұйытулы тұр.
174


Қайың салмада сүрленген ет ілінген. .Қазір күн жылы болған 
соң, отты есік алдындағы жер ошакка жағып, тамакты далада 
пісіреді білем. Жерошактағы шағын ғана шойын казаншада 
бүлкілдеп қайнаған еттің иісі есіктен кіріп, мүрныңды жарады, 
қарныңның ашқанын есіңе салады...
- Анда-санда тіліңді жүтып коятының бар екен, - деді, 
сырт киімін, саптама етігін шешіп жеңілденген Шал.
- Ондай әдетімнің бары рас. Лекңия үстінде де сабак 
тыңдамай киялдап кетіп, үстаздан талай үрыс естігенмін.
- Балалар, тамақтарыңды қамдаңдар,- деді Шал білте 
шамды жағып. ¥ л мен қыз жарыса жүгірді. Таудың ымырты 
лезде үйіріліп, үңгір-үйдің іші караңғыланған. Ашық түрған 
есіктен көлдің бір пүшпағы, ар жағындағы алып тау түтас 
тұлғасымен көрінеді екен. Етегі киіздене түтасқан орман; сол 
орман заңғартаудың басына жете алмай шаршап таусылып, 
қорым тас, таз шоқы басталады. Шоқының айыр өркеш 
шошағында элі жүқалаң шапақ бар.
- ¥лымның аты - Қозы, қызымның есімі - Баян, ырымдап 
әдейі койдым,- деді аксақал эңгімеге ықылас білдіріп. -
Егер тегін қуаласаң, бірі - батыстан, бірі - шығыстан. Әдейі 
Қазақстанның екі киыр шетіндегі балалар үйінен алып келдім. 
Қандары араласып, балталаса бөлінбейтін үжымды ел болсын 
дегенім...
- Шынымды айтсам, ағасы, сіздің осы әрекетіңізге түсінбей 
отырмын. Не үшін? Жаман айтпай-жақсы жоқ, ешкім де мың 
жасай алмайды...
- Өліп кетсең, екі бала кәмелетке толмай далада қалады 
деген уайымың шығар. - Айтшы, шырақ, маған қанша жас 
бересің?
- Шамамен... - деп, ойланды Таған. - Кем дегенде жетпіске 
жакындап калдыңыз.
- Сакалым мен шашымның ағына карап ажыратсаң, солай, 
әрине. Нақтысы -1924 жылғымын, демек, елу сегіздемін. Енді 
бір он бес жылсыз өлімнің дүзағына іліне қоймаспын деген 
сенім бар. Ендеше, менің екі балам ол кезде бірі бой жетеді; 
екіншісі ер жетеді, яғни жиырманың үстіне келеді деген 
сөз... Одан ары менің керегім жоқ, өз күндерін өздері көреді, 
атамекеннің атпал азаматы болады.
175


- Қызық екен... ертектегідей... бэрібір түпкі максатыңыз 
түманды. Елдің ішінде отырып ер жеткізсеңіз, кім таршылык 
жасар еді. Обал ғой, аға, обал...
-Бүгіндеелқалдыма?-депсакалынсаумаладыШ ал.-«Бүлін- 
геннен бүлдіргі алма» деген... Егер мен елден қашсам, баламның 
саудайы кылық, арзан қызықтан таза өссін дегенім.
- Ағайыннан көңіліңіз қалған-ау. Әйтпесе Үлкен Жердегінің 
бэрі ақымақ дегенге кім сенер. Рас, көпшіліктің ортасында 
жүріп те жалғызсырайсың, ондай ауыр сәт оз басымда да 
болған. Бірақ, айналайын халықпен қақтығысып жүргенге не 
жетсін.
- Адам-орманның ортасында жүріп күнэға батқанша, ағаш- 
орманның арасында таза өскеніне не жетсін. Мен қазақтың 
атом апатынан да, бүлінген ауадан да; ішімдік пен аяқган 
шалар ағайын алауыздығынан да ада, таза да тэкаппар үрпағын 
тәрбиелеймін. Иә, пэле - қала, өсек - жаладан... меңдуана 
жегендей желіктірер эуен мен әумесер қылар айғай-шудан да 
алып қашып отырмын.
- Адамзаттың өмірі Алтайдан басталған деуші еді, эрі 
жазушы эрі тарихшы бір досым. Соның сөзін, бэлкім, сіз 
дәлелдеп шығарсыз, - деп күлді Таган. - Сонда қалай, екеуін 
үйлендіресіз бе?
- Дэм жазса, ондай ойым жоқ емес.
- Өз бауырыңызда, бір үйде ағалы-қарындас секілді тел 
өскен балаларыңызды ерлі-зайыпты етіп қосқаныңыз ата 
жолын бүзғандық емес пе, ағасы...
- Ашып айтамын деп, қанын шығара қасып айтып отырсың- 
ау, шырақ. Екі бала ақыл тоқтатқан соң, анығын ашармын, 
өздері шешер... Болмаған жағдайда ауылдан адам табылмас 
деймісің. Өссінші әуелі... Жэ, доғарайық, тамақ дайын...
Ағаш табаққа салған етті буын бұркыратып Қозы, соңын 
ала сорпа кұйған ыдысы бар Баян кірді.
- Жүр, шырақ, қол шайып келейік, - деп, сыртқа беттеген 
Шалмен қабаттаса шыққан Тағанның ең әуелі көзіне түскені 
беті шымырлап, жайбарақат жатқан кол болды. Аумағы ат 
шаптырым. Үй іргесіндегі жақпар тастан өз-өзінен сорғалап 
тұратын суға науа орнатып мәдениеттендірген екен. Қолдарын 
сол саулаған суық сумен жуды.
176


Ауқат үстінде көп эңгіме болған жоқ. Қонақ жігіттің қарны 
ашып қалса керек, қарбытып асап, түтінге ысталған шала сүрі 
етті сүйсіне жеді. Балалардың зауқы бүл үйреншікті асқа онша 
шаба қойған жоқ, атасы үсынған сүйекті шүқылап, шоқып 
жеген болды да:
- Мал жайғаймыз, ата, - деп, астың қайырылуына қарамай, 
балалық жеңілтектікпен шыға жөнеліскен.
- Мал үстайсыздар ма? - деп сүрады Таған шайнаң қағып.
- Иә, он шақты қой-ешкі, бір бүзаулы сиыр, екі жылқымыз 
бар.
- Бай екенсіздер-ау... ал енді оған айғыр мен бүқаны қайдан 
табасыздар? - Өзінің орынсыз қалжыңына Шал ренжіп қалмады 
ма деген күдікпен көз қиығын салып еді, ол қаперсіз екен.
- Мынау Өскелеңнің арғы бетінде жаз жайлауға келген 
сиыр табыны мен жылқылы ауыл бар. Үрғашы жүртына бай 
қай-қайдан да табылар. Мына екеумізге қатын табылмай ма 
деп қорқамын...
- Менікі болған...
- Ендеше, менікі де болған, - деп, Шал шатынай доғарып 
тастады. Бүл эңгіме отағасының оң жамбасына келмесін сезген 
соң,ары қарай өрбімеді. Сүзбе қосқан ақ сорпаны аяқпен 
сораптап, бабымен ішкен екеуі көпке дейін лэм дескен жоқ. 
Дастарқан жиналмады, балалардың еншісіне қалдырды білем. 
Тысқа шыққанда, баганагы шапақ шаршау тартып, айналаны 
ымырт жайлай бастапты. Сонадай жердегі дэу самырсынның 
түбін қоршай жасалган қашаның ішінде үй иесі айтқан он 
шакты үсақ мал қамаулы түр. Ал ақ шап қызыл сиырдың 
бауырына тас кенедей жабысқан қаршадай қыз созғылап 
сиыр сауып отыр. Қолының күші жетіңкіремесе де, онысын 
білдірмеуғе тырысып, қүнжың-қүнжың етеді. Ер бала - Қозы 
бүзаудың мойын жібін үстап, қасында аңдып түр. Он жастан 
енді ғана асқан балалардың шаруақой пысықтығы Тағанға 
қатты әсер етті. «Тэңірім-ау, өмір дегеніміз осы емес пе» деп 
ойлады. Әсері жүректі шабақтап, жанарға жас үялатар кино 
іспетті, мынау қоңырқай ғана қарапайым тірлікте өміріміздің 
барлық мазмүны мен о бастағы бастауы, мэні мен сәні табиғи 
күйінде қүжынап жатқанын түйсінді. Тағанның алғаш рет 
балаға деген махаббаты оянды. «Тэңірім-ау, өмір дегеніміз, өмір 
сүру дегеніміз - артыңа ат үстар, сиыр сауар үрпақ қалдыру
177


екен-ау...» Бүгінде өзінің тұңғыш ұлы жиырмаға толғанын 
есіне алды. Не істеп жүр? Өлі ме, тірі ме? Фамилиясы қалай? 
Әкесін сүрай ма, элде әйелі күлге аунап таптым деп түсіндірер 
ме екен, элде әкең ішкіш, маскүнем, баяғыда өліп қалған деп, 
біржола түңілдірді ме... Кім білсін?..
Малды жайғаған Қозы мен Баян асыр сала жарысып, үңгір- 
үйге кіріп кетті. Мынау аспанмен таласқан меңіреу таулардың 
ішінен естілген бала күлкісі, бала ойыны қандай жарасымды 
еді. Кеспелтек ағаштың үстінде «Арқарын» асықпай тартып 
отырған Шал жігітті жанына шақырды.
- Қой сойып, бас тартпады деп, күрең кабақ болып түрған 
жоқсың ба, шырақ?
- Жоқ, аға.- Шал бағана жасын айтқан соң, өзінен он бес 
жас-ақ үлкендігін біліп, «ақсақалды» «ағаға» ауыстырған.
- Қайдан білейін, сыңайың нәумез секілді.
- Оқтан-текте меңірейіп алар әдетім барын ескертіп едім- 
ау. Туғаннан бері арнайы сойылар малга бата жасап, бас үстап 
көрмеген пақырмын.
- Малға бата жасау дегеннен шығады, баяғыда осы өр 
Алтайда Мақажан деген өлеңші болған, естуің бар шығар. Сол 
кісі төменгі жаққа - Үлкен Нарын өңіріндегі Андағүлдарға 
жолаушылай барыпты. Елге еркелеп еркін жүретін ақын Қатпа 
деген болыстың үйіне түскен екен. «Алыстан алты алашты 
аузына қаратқан Мақаң келді» деп, қонақасына серке соймақ 
болады да, ақынның алдына көлденең тартып бата сүрайды. 
Қойдан гөрі ешкі етінің жеңіл екенін айтып, сырғақсыған 
болыстың сараң сыңайын таныған Мақажан бүл да болса 
олжа дегендей, қанағат түтып, үндемеген көрінеді. Тамақ 
пісіп, алдарына тартылған табаққа қараса, бағанағы серкенің 
басы тым кішірейіп қалғанын байқаса керек. «Ал, ақын, бата 
жасаңыз», — деген Қатпа байға былайша өлеңмен бата беріпті:
Заман, заман, заман-ай,
Жылдан-жылға заманы 
Жүмбақ болған заман-ай,
Сарқыраған өзені 
Бүлақ болған заман-ай,
Алғаш қонақасыға келгенде,
Атан ақ серке еді,
178


Тамақ болып піскенде,
Лақ болған заман-ай 
Аллауакпар, -
деп, бетін сипапты.
Қайткенмен Қатпа болыста сөз төркінін ұғар намыс бар 
екен, түн ішінде қотаннан қой алдырып сойдырыпты дейді.
- Макажан ақын менің атам, әкемнің экесі... - деп міңгірлеп 
төмен қарады.
Шал:
- Рас па, шырақ. Асылдың сынығы екенсің ғой, - деп 
кайран қалды. - Бәсе, бэсе, түқымы бар деуші еді. «Алты күн 
аш отырсаң да, ата жолын үмытпа» деген қазекем, үят болды- 
ау. Бүгін балаларды эуре қылмай-ақ қоялық, ертең де еру 
бол, атаулы малыңның басын мүжі. Мақаңның аруағынан үят 
болар...
- Рақмет, аға, еттен еттің жорғасы бар дейсіз бе, жедік қой 
бүйырғанын.
- Апыр-ай, э. - Шал шыншыл көңілмен сабырсызданды.
- Ең өкініштісі сол, аға, ел-жүрттың аузында жүрген 
Мақаңның бір ауыз өлеңін жатқа білмеймін. Әлгінде сіз айтқан 
өлеңді мен де ішіп алып шокырақтататынмын, бірақ кімдікі 
екеніне мэн берген емеспін. Ол кісіні көруге жазбады. Әкеден 
де ерте айырылдық. Білім қуып Алматыға кеттік. Есім бүтін 
кезімде ауылға барған жокпын. Арақкеш атанып, аузымызды 
ит жалап жатқан жерімізден Ерік тауып алды. Онысына да 
ризамын, осы өзіңіз көріп отырган кейіпке келдік. Еріктің 
шешесі Нюра шешеміз мықты адам екен, сол кісінің арқасында 
гана аман калдым. Атамның аккүла акын болғанын сол кісіден 
алғаш естідім. Кірерге жердің тесігін таппай, бетімнен отым 
шыкты...
- Ой, ол көк көз кемпір мық-т-е-е, - деді Шал. - Білем, 
естігем, үлы өзіне тартпаған.
- Ерікпен неге дүрдаразсыздар, Алтайдың тауы мен ағашын 
бөлісе алмай жүрсіздер ме?
- Оны өзім де білмеймін, әйтеуір, әлекедей жаланған соны 
көрсем,иткөргенешкідейболамын.Бәлкім,дүниеқоңыздығынан 
қоңсылас бола алмайтын шығармын.
- Дүние жиса, бір діттеген ойы бар шығар. Ағайын-туғаны 
жоқ. Ол да жалғызілік жігіт қой, жасқа аға, ақылға сақа үлкен 
адамсыз, артык-ауысын кеңдікпен кешіре салмайсыз ба...
179


- Сен, шырақ, бітімшілікке келгеннен саумысың. Менің 
жаныма бататыны - байлығы деп кім айтты. Алдына келсең 
тістер, артынан келсең тебер қазымыр шошқа мінезі де. Ана 
жылы үсті-басына бал жағып барып, көрші омартаның бір рой 
арасын үрлап кетіпті.
- Араны қалай үрлайды? - деп таңдана сүрады Таған.
-Олоңай.Балдыңбалауызынүстіңежапсырыпұясынажақын-
дасаң, ара біткен жапырлап тэттіге қонады. Сол қалпымен 
үйіне алып келіп өз жэшігіне кіргізеді. Адам баласына қайыры 
жоқ. Не орыс емес, не қазақ емес, өгей неме...
Таудың түні шапшаң түседі. Жерошақтағы от қана шоқтана 
жылтырайды. Маралкөлден салқан саулады. Көлден шығар 
шүмек-судың даусы естіледі. Әзерше бөтен үн жоқ. Балалар 
үйшік-үйден кіріп-шығып, тісқақты тіршіліктерімен жүр-ау. 
Көшелі эңгімеге шоліркеп қалған Таған тағы да не айтады 
дегендей, Шалға жалтақтай қараған. Асыр салып ойнаған 
балалардың күлкісі естіледі.
- Оу, Қозы, Баян, ыдыс-аяқты жинап болсаңдар, үйық- 
таңдар,- деп дауыстады Шал. - Күз де жақындап қалды, 
байқайсың ба, түн суыта бастаған. - Шоқтанып қалған отқа 
көсеп-көсеп бүтақ тастады. - Таудың түні осылай, шырағым, 
алдың терлеп, арқаң мүздап отырасың.
- Әсіресе, қыста қиын болатын шығар, аға. Ат бүза 
алмайтын ақ қар, ақырған аязда қалай жан сақтайсыздар?
- Қар қалың түсетіні рас, оған шаңғымыз сайлаулы. Ал 
ақырған аяз тау ішінде болмайды. Жан аман болса, жан сақтау 
деген не, тэйірі. Чукчалардың да түқымы суықтан қүрып кеткен 
жоқ қой.
- Бүл тіршілігіңізден эрі қорқамын, эрі қызығамын...
- Оның несіне басыңды қатырасың, адам баласының 
таңдап алған тағы бір ғүмыр жолы да... Дүниенің бэрі лас 
болып ластанып жатқанда, ағаңның қашып тығылған үңгірі 
де. Жоқ, шырағым, мен қара басымды сауғалап келгенім 
жоқ бүл қу мекиен жерге; анау екі қозымның амандығын 
ойлап, солардың дені сау, рухы таза өссін деп келдім бүл 
жерге; жарықтарымның айналып, аумалы-төкпелі заман- 
ның залымы болып кетпесінші деп келдім бүл жерге; жалған- 
ның үзірінен, бірін-бірі алқымынан алып шайнап тастар қаскөй 
бірлігінен не пайда, күндердің күні болғанда адамның өзін
180


опат етер ілім-білімнен не пайда... Аспанға ұшып асыкканнан, 
арпалысып қаруланғаннан не пайда; апыр-ау, осыншалык 
асыққанда қайда барамыз, койторы аяңмен мың-миллион жыл 
ғұмыр кештік, енді, міне, әбден кемелімізге келіп, болдык- 
толдық, табиғаттың барлық кұпиясын білдік, ғылым мен 
техниканың самғау биігіне шықтық деп айдарымыздан жел 
есіп мақтанған сәтте - табиғаттың жарты ғасырлық ғұмырын 
ұзартуды көксеп уайымдап отырмыз...
Шалдың шалқып бір сөйлеген сөзінен іштей үндестік 
тапты ма, Таған жанған отқа тесіле қарап, үндемей тыңдап 
отыр. Түн суытты.Ай элі шыққан жоқ. Қыркүйектің алғашқы 
күні жаңбырсыз басталғанмен, көп сағындырмай келетін 
жаңбырдың хабаршысы кісінеп жатыр. Ол орман күшігені еді. 
Көл көрінбей қалды. Таудың бүкір белі де тегістеле сүлделеніп, 
тек қарауытқан кара жоны ғана болжанады. Оттың жарығы от 
басындағы екеудің сұлбасын ажарлап, жанарларында жалын 
жанып, бозарыңқы тартқан боз дүние кешкендей мұңлы да жуас 
кейіпте. «Бұл дүниеде қашып тығылатын жерің, сыбырласар 
сырласың, еркелетер елің болғанға не жетсін» деп ойлады 
Таған.
-
Бәйбішем қайтыс болған соң, кайтып үйленбедім, - деді 
Шал «Арқарын» отты шаламен түтатып, - бала көтермеген кісі 
еді. Кінәлі ол емес- мен. Менде емес- соғыс... Он жетігетолмай 
әскерге алды. Колхоз бастығы өз ұлының орнына жасымды 
үлкейтіп мені аттандырып жіберді. Бізді Сталинград қырғынына 
салды. Екі солдатта бір мылтық. Жаныңдағы мылтықтасың 
өліп, өз қолыңа қару жеке тиген сәтті армандайсың - күнэлі 
болсаң да армандайсың. Біз әншейін маскировка екенбіз. Нағыз 
майдан, негізгі күш басқа жақта жүріп жатыпты. Ол жойқын 
күштен бейхабар жау барлық қаруын бізге жұмсап, ажал 
бүркіп төпелей берді. Осы кезде, әбден элсіреген Паулюстың 
ту сыртынан айналып өтіп, қоршауда қалдырады ғой. Ал 
дүшпанның мешені болған біз қынадай қырылдық. Әне, сол 
алапат арпалыста қатты жараландым. Ер адамға ең керегі -
белден айырылдым. Ұрпақсыз қалдым. Қайтейін, бір эулеттен 
түрегеліп дэрет сындырар бір өзім едім...
Жігіт жұлынына біз сұғып алғандай селк етіп, жалт қарады. 
Шалдың жанарынан саулаған жас сақалын суарып жатыр екен. 
Жұбаткысы, жылы сөз айтқысы келеді. Жұбату мүмкін де емес
181


еді.Шыркын, шыншыл әңгімесін бұзғысы келмеді. Өзінің де 
кеңсірігі ашып, жүрегі шымырлап, үзын кірпіктері дымданды.
- Әне, шырақ, ат төбеліндей аз казақтың түқымы осылайша 
азайған. Кім кінэлі? Тауып көр... Бүл жалғанның китұркысы 
сонда - мынау кінэлі деп ешкім айта алмайсың. Айткан адам 
ғана нағыз кінэлі болып шығады. Сондыктан да үндемейміз. 
Үндемейтін себебіміз - үйдей пәлеге каламыз. Ал енді үндемеу 
жағынан казактар алдына жан салмайды. Ішкұса болған жұрт 
жұдырығын жүрағатына жұмсайды, бірін-бірі бауыздап жатқан 
ағайынға айдаладан қызыға қарап тұрған озады түбінде... Ең 
сорлылығымыз сол - жауды сырттан іздейміз, өз ішімізде 
жүргенін ескермейміз.
- Сіздің жау Маралкөлдің ар жағында ғой, - деп еріксіз 
айтып қалды.
- Сол екені рас, жасырмаймын, шырақ.
«Үлттың азуын ұлттан көруге болмайды гой». Бірак Таған 
бұл ойын дауыстап айтқан жоқ. Айтпаған себебі: «Енді кімнен 
көреміз?» деп Шал шакшия қалар...
- Көп мыжымай жатсақ қайтеді, шырақ, - деп орнынан 
түрды Шал.
- Ошақтағы отты сөндірейік. Өрт кетер...
- Тиіспе, өзі-ақ өшеді. Өз оттарыңды өздерің сөндіріп, эбден 
жаман үйренген екенсіңдер... - Егер етекке түсіп, елге қайтқың 
келмесе, мен саған ақыл айтайын. Мынау қарсы беттегі таудың 
үстінде, осы жерден алыс та емес, осы заманның патшасына 
арнап салынған ағаш үй бар. Бір кезде астанадан азулы 
азаматтар келіп, аң аулайды деп, әшекейлеп қиған керемет үй. 
Алтай жаратылғалы ондай әдемі үй салынған емес бұл өңірде. 
Тіпті Шыңғысханның да түсіне кірмеген шығар. Сол үй бос 
түр. Облыс басшылары жалғыз рет вертолетпен ұшып келді де, 
неге екенін білмеймін, жым-жырт болды. Қазір иесіз. Қатын ал 
да, сол сарайда сайран сал. Маған көрші бол. Қауымдасайық. 
Аңшылар қосшысын кұрайық. Осылайша ел болайық...
- Ойлану керек екен...
- Сен ойлама. Әрекет жаса. Адам баласын құртатын сол
ой.
- Адам баласын құртатын ой емес, ойсыздық шығар, аға.
- Ендеше, жағыңды таянып, тамсан да отыр. Ондай 
ойсоқтыларды біздің жақта лэуқи дейді.
182


Шал үйге кіріп кеткен соң, Таған ежелгі әдетінше сыртта 
калды. Шалдың әңгімесі шым-шымдап бойына тарап, жанын 
жадылап тастағандай, жабыркау хэлден айыға алмады. 
Болмыстың болар-болмас тірлігіне алданып, арпалысып 
өте шығар адам өмірінен аянышты не бар бүл жалғанда. 
Шал ағасының сараптай айтканынан үкканы: мэңгіліктің 
алдында пенде шіркін әркашанда үтылары, жеңеміз деп 
жеңіліс табатыны, сөйте түра кештік ғүмыры үшін түстік 
мал жиятындығы. Бүл дүниеден кімдер өтпеді: каһарынан 
кан тамған хан, байлықтан бастау ағызған бай, мұкым әлемді 
аузына караткан ғүламалар... Кәне, солардың мың жасағаны, 
кәне, солардың о дүниеден кайтып оралғаны? Сонда не үшін 
өмір сүру керек? Бэлкім, үрпак үшін, ұлт үшін... бірақ сол 
ұлтқа мен секілді «алкаш», жок болмаса Ерік секілді топас 
та тоғышар ұрпақ керек пе? НЕГЕ БІЗ ОСЫ ұрпақгың рухы 
мықты, дені сау, даулескер де күрескер, ана тілін ғашығынан 
да артық ардақтайтын асыл тектілігі үшін, ізгілікті әрекеттер 
үшін тәрбиелемейміз? Азап шегіп, жарымжан да жарымес, 
делқүлы да дүбэра үлтқа айналып, азып-тозып, азғынды 
кұрып кеткені лэзім-ау... Ал Шалдың эрекеті ше? Тығырықтан 
шығудың жалғыз жолы осы ғана ма? Жо-жоқ, бұл амалсыздың 
күйін кешкен тым-тым жіңішке жол. Сонда не істеу керек? Егер 
қаладағы қазақтардың қалың ортасына барып, былай десек: 
«Оу, ағайын, ес-ақылдарыңды жиыңдар!БІЗ қатыгезденіп 
барамыз. БІЗ имансызданып барамыз. БІЗ айналайын анамыз- 
дың ак сүтін ақтай алмай жүрміз, бір күнгі қызды-қызды 
қызыкка мастанып, тасыраңдап кеттік, көзімізді шел басты, 
көңіліміз көр, жігеріміз құм болып, кұрдым дәуреннің элэу- 
лэйін шырқап жүрміз; тамаша өмірдің тасқынымен ығып, 
ығысып ағамыз келіп, агысқа қарсы жүзу не жағалауға қарай 
ұмтылу жоқ. Өмір сүрудің ең оңай тәсілін тауып алдық та, жер 
бетінде өзімізден артық адам жоктай жоктан өзгеге сілеміз 
катқанша күлеміз, сілікпеміз шыққанша бір-бірімізге үреміз. 
Оу, сондағы мақсатымыз не? Тірі жүру, тіміскі өмір сүру ме? 
Ел болудың еңбір оңтайлы сәтінде оспадарлық танытсақ, 
етегімізді жел котеріп, еңкейіп шапқылай берсек, берекесіз 
де бекер ішіп-жемнің құлы болсақ, БІЗ үшін жалғыз жанын 
садакалаған ата-баба аруағынан үят емес пе? Иә, аруаққа 
адалдық, өткенге иман болмайынша, тірілерге салауат жоқ, тіпті
183


дүние дүр сілкініп жаңара алмайды да. БІЗ күні бүгінге дейін 
ұлттык адамгершілік, имандык бет-бейнесі мен болмысын, 
келбеті мен лайықтылығын анықтай алмай жүрміз. Әсіресе, 
қазақтардың... Ең әуелі бізге кімдер керегін, ягни үлтымыздың 
ар-ождандық идеалын білмейміз. Мінездік ерекшелікті артық- 
шылыгымыз деп асыра мақтанамыз, ал рухымызды, жады- 
мызды жаңгыртпаймыз немесе біліктілігіміз аз, жалган 
білімімізді солақай, рәсуа пайдаланамыз. Бүл менмендік, 
эсіресе, тарихшылар мен философтарға, сонымен катар 
орысша оқып, ойлап, жазатындарға немесе оз үлтын тым-тым 
сүйетіндерге тэн сипат. Меніңше, үлтты жақсы көру дегеніміз
- тек жақсылығын ғана көру емес. Ұлттың рухани түлеуі мен 
өсуі үшін оның жетістіктеріне таңдай қага тамсану, үдайы 
табыну ғана ма? Кемшіліктерін де көріп, қайтып қайталанбауы 
үшін күресу емес пе... Мүны орыс ғүламалары әлдеқашан 
мойындаған. Мэдени топырағы кұнарлы қазақ халқы Абай, 
Шоқан, Мұхтардың сәулесін ғана теріп, ыңғай-ылғи жарылқана 
берген жоқ, сұрқиялары мен сатқындарының да сан алуан түрін 
көрді, көріп те жүр. ОЛАР осы тауда да бар... Төтеден төнген 
қысым да, қауіп те жоқ, қой үстіне бозторғай жүмыртқалаған 
мамырстан заманда биікке шықканымызды күндеп, етекте 
қалғанымызды тілдеп, ішегімізге қыл айналмайтын қызғаныш 
отына жылынып, қызара бөртіп жүре береміз бе? Анау, 
тағдырдың таланына таланған ШАЛ БАРЛЫҒЫМЫЗДЫ 
мансұк етіп неге кетті? Ал мен неге қайтпаймын ел-жұртыма? 
Неге?! Жамандықтан құтылудың жолы, сол жамандықтың 
батпағын кешіп жүріп күресу емес пе еді. Мен тазардым! Мен 
енді ішімдік атаулыға қарғыс айтып өтемін. Дүниедегі ең киелі 
нәрсе - әйелге берген ант. Мен түзелдім, ағайын! Осымен бүкіл 
халықтың дені тазарып кетті ме? Осы ойларымды халықтың 
ортасына барып, жар салып айтайыншы - ақылынан алжасты 
деп ақымаққа балар. Адам қараптан-қарап ақымақ болмайды, 
ақымак етер адамдар... Кемшіліктің киімін киіп ешкім тумайды, 
кемшілікті үйрететін үлкендер. Ішімдікке салыну, ана тілінен 
жеріну, дәстүр мен салтты саудалау да солай... Үйретеді, 
үйренеді... Алдымда үш жол бар: бірі - осында қалу; екіншісі 
Еріктің үйіне бару; үшіншісі - ауылға қайтып, бар-барлығын 
қайта бастау; айтпақшы, Алматыны ұмытып кетіппін-ау, 
балықтың басын тазалау керек екен-ау, оған енді қалған құлаш
184


бойы ғұмырым жете қояр ма екен, эуре болмайын, онда да оң 
жамбасымен тұрған азаматтар бар шығар, онда да оң-солын 
танып қалған есті жұрт, еңсесі көтерілген жігерлі жігіттер 
жүрген шығар...»
Таған санасының сау кезіндегідей сартылдап істей баста- 
ғанына қуанды. Бейне тоқтап калған сағатты бүрап кайта 
жүргізгендей. Қара шапанды түннің етегін түріп ай шықты. 
Дүние сүттене бастады.
* * *
Ерікті тоса-тоса таң алдыңда көзі ілініп кеткен Айна оз 
түсінен өзі шошып оянды: ағаш бөлменің іші салқын болса 
да, ақ тер, қара терге шомылып, ауа жетпей қысылып оянды. 
Жүрегінің соғысы катты естіледі. Корпеге оранған күйі, көрген 
түсін есіне түсірді... Жап-жасыл дала, сол далада астарына сары 
ала сырмак төсеп, кымыз сапырып ішіп отырған анасы мен 
енесі жас ботадай тәй-тәй баскан Айнаны аймалап толғанып, 
қаз тұрғанын кызықтайды. Тұсауын кеседі... Енді бір мезетте 
екі бірдей ананың арасында мэз болып күлген қос ана аспан 
төсіне сіңіп, көзден ғайып болды... Айна жылады... Зар еңіреп 
жылап оянды...
Нүрке кемпір терезенің пердесін сиыра ашып тастап 
көгілжім тарткан әйнектен далаға үнсіз телміріп отыр екен. 
Торгі болмеден шыққан келінінің сыбдырына бұрылған. Шашы 
қобырап, көзі жасаураған Айнаның ұйпа-тұйпа ұсқынына бөтен 
әйел шыға келгендей, үрке қарады.
- Айналайын-ау, не болды саған?
- Түсімнен шошып... - сөзінің аягын жүтып қойды. 
Енесінің алдында ешқашан да жалаңбас жүрмейтін әдетінің 
эдібін согіп алғаны енді ғана есіне түскендей, «ой-буу, ұят- 
ай» деп, шашын баса төргі бөлмеге кіріп кеткен. Нүрке кемпір 
келіннің ибалығына сүйсіне жымиды. Жаулығын байлап кері 
оралғанда:
- Түс - түлкінің боғы, беті-қолыңды суық сумен шайып 
жібер, калқам, - деді. Өзі төсекте отырган күйі күбірлеп, 
намазын окуға кірісті.
Айна есік алдына шыққанда, элемді эктеп тастаған аппақ 
шықты корді. Күндегіден де бүгін қалың түскен екен. Түн суық 
болғанға ұксайды. Биылғы күздің үзак әрі жауын-шашыны
185


аз боларына осы таңғы шыктың тым қалың түсуі кепілдік 
бергендей... Кеше аң қарауға аттанған Еріктен де, Шалды іздеп 
кеткен Тағаннан да сыбыс білінбейді. «Бэлкім, үйықтап жатқан 
шығар» деп, қойма сарайдың жыртиған сыңар терезесінен 
үңіліп еді, келімсек жігіттің белі кеткен жайдақ нары бос 
көрінді. Маңайда жан баласы жоқтығына еркелей еркінсіп, 
рақаттана есіней керілді. Таңғы салқын үрған денесі сэл 
қалтырағандай болып, үйдің бүрышын айнала беріп еді, аппақ 
болып теңкиіп, шық үстінде тыр жалаңаш жатқан кісіні көрді. 
Ал дегенде таңғалды, қорқыныштан гөрі әуестік билеген. Өлі- 
тірісі белгісіз сүлық жатқан кісінің екі жағында қыбырсыз 
қүлаған екі баланың анадан туғандай қызыл шақа денесін 
байқағанда, бақыра шошып кері шегінді. Өңменіне мірдің оғы 
тигендей, ес-ақылдан айырыла шалқалай қүлады. Шалқалай 
қүлағанда, өкшесінен қаққан дөңбек те себепші болып еді. 
Талып түсті. «Ап-а-а-а!» деген айқайға Нүрке кемпір қанша 
елеңдесе де, орнынан қозғалар дәрмен жоқ. «Не болды, қүдай, 
не болды?»-дей қарманғаннан өзге қайранға бара алмаған. 
«Апалаған» дауысты әжетханада іш босатып отырған Ерік те 
естіді. Бірақ табиғи қажеттілікті өтегенше тырп етпеген. Ол 
жортуылдан қүлқын сэріде оралған. Кеше кешке сәті түсіп 
атып өлтірген кірекейдің екі қонжығын қоса өңгеріп сүйрелеп 
жеткізгенше, таң атып еді. Алғашында орман ішінде сойып, 
терісін сыпырып алып, денелерін тастап кетейін деп түрды 
да, етін қимады. Етінен бүрын жараға мыңда бір дауа өтін 
бүлдірмей алу керек еді... Содан үйдің іргесіне әкеліп сойған... 
терілерін шелдеп тазартып, түздап жайған соң, «уһ» деп жаңа 
ғана отырған беті еді...
«Апа» деген дауыс қайтып кайталанбады. Жым-жырт. 
Қатын өзені де мүз болып қалған секілді ме-ау... Жоқ, сол гана 
шеке тамырыңды солқылдатып аркыраған. Әдеттегі үйректей 
шайқалып басар жүрісіне салып үйге жақындай берген еді, 
аюдың ар жағында жайрап жатқан әйелін корді. Дегенмен, 
жүрісін, өзгерткен жоқ, асықпай адымдаған қалпы, жанына 
келіп түрды.
-
Әй, не болды саған, ішіп алғаннан саумысың? - деп, 
қаздиған қалпы аса бір қатыгездікпен аяғымен түртті. Айна 
кимылсыз. Жүрелеп отырып тамырын үстады... Саспас, міз 
бақпас мінезімен үйге кірді. Есіктен кірген үлына алая қараған 
шешесі:
186


- Айна неге мені шакырды, кол жұмсағаннан саумысың? -
деп кадала сұрап еді...
- Білмеймін, талып жатыр. Аюдан шошыған секілді, - деп, 
дүңк-дүңк жауап берді.
- Қүдай-ау, аюы несі... Не деп міңгірлеп түрсың. Ұшыкта, 
ойбай, ұшыкта! - деп, зарлаған анасының сөзінен тез кұтылғысы 
келді ме, бір аяк су алып шыға берген.- Сүт араластыр, сүт. 
Тэңірім-ай, осыншалык неге тоң мойын ғып жараттың екен...
- Басталды,—деді суға сүт кұйып тұрған Ерік.-Көздеріңе 
күйік болып жүрген мен болсам, карамды батырайын... 
Күндерің не болар екен!
- Құдай үшін, тез баршы, үшыкташы. Әкелші менің 
қасыма!
Еріктің бетіне бүркіп жіберген кыламык суы әсер еткен 
Айна денесі дір етіп, көзін ашты. Құп-ку болып кеткен жүзі 
жан кіргендей, сэл лыпығандай. Күйеуі үртын толтыра 
ұрттаған суды тағы да бүркей берем дегенде, басын шайқап, 
өте әлсіз үнмен: «Керек емес, - деді, - қолтығымнан сүйеші, 
тұрайын». Ерік капсыра кұшақтаган күйі тік көтеріп алды да, 
үйге жөнелді. Еріктің мыгым мойнынан қүшактай асылып, 
элдеқандай бір элди билеп көзін жүмып, осы бір тәтті сәтті 
коксегендей әсерленді. «Саған еркелеу үшін анда-санда талып 
калу керек екен», - деді баяу да жұмсак үнмен құлағына 
сыбырлап. «Ерегістірме, тастай саламын». «Тастасаң таста, 
енді арманым жоқ». Көтерген қалпы Айнаның «Апамнан ұят 
болады, түсір» дегенін тыңдамай, шешесінің жанына жатқыза 
салды. Нүрке кемпірдің ызыңын естуден зэрезептенді ме, лезде 
шығып кетті.
Айна енесінің омырауына бетін басып, өксіп-өксіп 
жылады-ай... - Сұмдык кой, сұмдық кой, адамнан айнымайды. 
Емшегінен сүт ағып жатыр...
Келініне күбірлеп дем салып, шашынан сипаган кемпірдің 
де жанары шыланып еді.
Аюдың ішін жарып, өтін алган Ерік жонарқасына тыгыз 
біткен майын да далаға тастағысы келмеді. Сан етінен де кесіп 
алып, тұздап, самырсынның бұтағына ілді. Бұдан соң қалған 
мүшелерін қонжыкка коса сүйреп ағаш арасына апарды да, 
жер казып көмді. Осы карекетті бейне соғым сойғандай аса бір 
ыкыласты ниет өте пысықтықпен атқарған соң, қолының қанын
187


жуып, үсті-басын тазалады. Қандай іс болмасын тиянақты 
істейтін Ерікке ерген адам ешқашанда ерігіп, жұмыссыз 
қалмайтүгын. Нанын жеп, жалықпай жасар еңбектің игілігін 
көріп, өзінше рақат дэнін де тастап көрген жоқ. Әйтеуір, бір 
үшы-қиыры жоқ, көзің жүмылганша таусылмас шаруаның 
қойторысына міндің екен, өзің секіріп түсіп қалмасаң... 
мөңкіп жыгып кетпесі тагы хақ. Ерік ең әуелі өз тірлігінің, өз 
мақсатының (егер мақсат десек) қүлы еді. Дүниедегі ең азап 
та сол - біздіңше, өзіңді-өзің қүл ретінде пайдалану. Ал оның 
қаншалықты пайдалы іс екенін сана сарабына салмаудан озған 
жетесіздік жоғы жэне рас. Менің кейіпкерім өзін ешқашанда 
«қателестім» деп есептеген емес жэне «осының қате емес 
пе» деген адаммен тап жауындай алысады. Алайда айнала 
шашырай коныстаған біраз көршілестерімен тек осы пиғылдың 
атбайларына келгенде айырылысты, көрместей болып кетісіп 
тынды. Бүған батыра айтатын, бетіне баса айтатын шешесі ғана 
еді, соңғы кезде ол кісінің гөй-гөй ақылын да қаша тыңдайтын 
қүлаққашты мінезге мінген. Үйге көп аялдамай, нендей де 
амал тауып, көбінесе түзде жүретіні де сондықтан ба екен... 
Бойда куаты мол, тірі жанға жалынышты емес, ісі түспейтін 
емін-еркін жігіт эрқашан да өзімшіл келеді ғой. Соңғы он бес 
жылдың жүзінде көпшілік, ел-жүрт дегенді білмей, саяқ кеткен 
Ерік желді күнгі кара қарғадай шулаған топырлақтардың топтап 
баққан қойдан айырмасы шамалы, эрі біреу бақпаса, айғайлап 
қайырмаса, бет-бетімен ит-құсқа таланып кетер берекесіздерге 
балап мойындаған емес. Өзін қыран құсша сезінетін. Ал 
қырандар эмісе жалғыз. Өзін Алтайдың аюына теңейтін. Ол 
да топтанып жайылмайды. Тіпті табиғатта мықты нәрсенің 
бэр-бэрі жалғыз-жалғыздан... Жалғыздық - күштілік! Амал не, 
адамдардың әмісе бақыты, эрі соры да сол... сол... сол... - күш 
ертең алдында не күтіп тұрғандығын білмей білімситіні еді...
Менің кейіпкерімнің алабөтен әдеті бар еді. Қабағат 
жұмыстан қатты шаршаған сәтте, шалқасынан түсіп, екі аяғын 
шалжайта жатып дем алатын. Бұл шақта оны трактормен сүйреп 
тұрғыза алмайсың эрі маңына жолап мазасын алған адам үшін 
аса кауіпті де, қауып жіберуі мүмкін. Әуелі аспанға, не төбеге 
телмірген күйі үнсіз жататын да, біраздан соң жанары жабылып, 
шүр ете түсер еді. Қандай себептен қырынан, жоқ болмаса 
етпетінен емес, шалқасынан жату сырын тірі жан, тіпті өзі де
188


білмейді. Қазір де үйге барса, тыныштык бермейтін болған 
соң, койма сарайға кіріп, «конағына» арнаған нарға үзынынан 
сүлай жатты. Тактай төбеге тесілді. Ең эуелі ойына Таған 
оралған. «Шалмен ауыз жаласайын деген екен, араларына от 
жакпаса болмас... бірігіп ал ып, өзіме шабу ыл жасары ғажап емес, 
олардан күтуге болады. Коллектив күрып, күкай көрсетпесіне 
кім кепіл, сол итті бекер, бекер-ак ертіп келген екенмін... Онсыз 
да өзімнен артылар қабағат жүмыс жоқ еді ғой. Шешем де, 
байқаймын, эйелім де сол сорлының ыңғайында секілді. Өп- 
өтірік жаны ашығансиды... Сенбеймін... Біреуге біреудің шын 
жаны ашырына иланбаймын. Көлгірсиді. Жаксы атанғысы 
келеді. Жо-жоқ, ондай олі мен тірінің ортасында аякка оралғы 
боп жүретіндерді олтіріп тастау керек. Қүдай-ау, әлжуаздан 
күтылу, көзін күрту, сөйтіп, тазару - табиғаттың барлық жан- 
жануар, орман-тоғайына тэн емес пе. Шіріген ағашты да жел 
соғып күлатып кетпей ме, қойдың да ақсағын касқыр жемей 
ме? Ендеше, осы жаратылыстың заңдылығын адамзат неге 
мойындамайды, неге қолданбайды? БІЗДЕРден өткен эгоист 
жоқ жарық дүниеде; маған салса... анау алжыған шалды 
алқаш Тағанға қосақтап байлап, Қатын суына ағызып жіберер 
едім... Иэ, бүл өмірде ағызып жіберетін керексіз адамдар көп, 
тым көп... Көп болған соң да білінбей ме? Осы «көп» деген 
сөзден қорқатыным-ай... Бэлкім, өмір дегеніміздің озі - көп 
пен ЖАЛҒЫЗДЫҚТЬЩ мэңгі бітіспес майданы шығар...» 
Есінеді. Көзіне үйқы тығылды. Маужырады. Ойы үзіліп-үзіліп, 
басы бірікпей ірімтіктене бастады. «Қүрысыншы бэрі. Денім 
сау болса, көрсетермін элі... НЕГЕ БІЗ ОСЫ? Сайтан алғыр, 
Тағанның былшылы кайдан түсті есіме, қүрысыншы бәрі»... 
Ұйықтап кетті.
Ол ойлағандай, дүниенің бэрі күрыған, тіршілік қуарған, 
су суалған жоқ еді. Өмір өз бетінше, жекелеген адамдардың 
өкпе-наз, нала-мүңымен санаспай-ақ, ағысын ағыл-тегіл 
жалғастырды-ай! Өмір өзекті жанға бір өлім екенін қанша 
рет дэлелдесе де, осы пәлсәпаның мэнін түсіне түрып, өр 
серпитіндерді мазак еткісі келгендей қасақана дамитын, осіп- 
өркендейтін, барған сайын аласапыран қызығын, алдамшы 
кызылын алға тартып, үміт жібімен байлап-матап, дуалап, 
тастар еді. Өмір - ол да бір апиын іспетті еркіңнен айырып, 
есірік күй кештіретін. Табиғаттың ең ақылды да саналы түлегі
189


болып есептелетін АДАМ, ең бір аңқау да ақымағы еді. БІЗДІҢ 
ақымақтығымызды жаратқанның басқа-басқа мүшелері -
жанды, жансыз күн-күн, жыл-жыл, ғасыр-ғасыр сайын көзғе 
шүқып көрсетіп жатса да, жанкешті айқас пен айға шабар 
арынымыздан арылған емеспіз. Түп атамыз Түркіден бермен 
түсінде, үнін де өзгертпей, мэңгіліктің қыл қобызы секілді 
Алтайды күйге бөлеген Қатын өзені-ақ БІЗДІҢ бейшара 
тірлігіміздің мазақшысы емес пе. Енді... енді сол қаһарлы 
Қатынға қыл бүрау түсіп, дәл бауыздауынан бөгеп ГРЭС 
салмақ. Бүл хабардан осы өңірдің өр кеудесін жайлаған қазақ- 
тар хабарсыз еді. Өйткені, жоспаршылар жойқын құрылыс 
саларда, жергілікті халықпен ешқашан санасқан, ақылдасып, 
кеңескен емес. Есептемейді де, есептесе есептен жаңылады. 
Алтайдың қос бүрымы бар десек, бірі мынау Қатын суы болса, 
екіншісі Бүктырма болатын. Сол жарықтық Бүқтырманы 
бүрқытып бөгерде де сойткен, түрғылықты жүртшылықтан 
рүқсат сүраған емес, ал енді сол бөгесіннен пайда болған 
жасанды теңіздің астында не қалмады: атамекен, бабалардың 
бейіті, екі ауданның егістік жері қалды. Тэңірім-ау, толайым 
тарихымыз су астында қалды! Кэне осы сорақылықган 
дүниенің қылшығы қисайғаны?! Әне, Қатынға да қауіп төнді. 
Асыл Қатын бүғауланбақ.
Шалдың үйінен ертелетіп шығып, өзеңді жағалаған Тағанға 
мүндай ой келді ме, келмеді ме, білмеймін, әйтеуір, табиғаттың 
қазіргі сүлулығын қызықтай қүлдаған-ды. Газет оқып, радио 
тыңдамагалы не заман... Жүз жыл өтіп кеткендей-ау. Жан 
тыныштығы үшін оқымаудан озған ештеңе жоқ. Жүйкең 
жіңішкермейді еш нәрсені ойлап алаңдамайсың, төрткүл 
дүниеде болып жатқанынан бейхабар даланың аңындай 
далбаса күй кешесің. Бэлкім, мүның өзі - Ерік секілді еркін 
өмір сүрудің таптырмас тәсілі шығар. Әсіресе, денсаулыққа 
пайдалы ма деп қалды...
Әлі есінде, Алтай тарихына қатысты, яғни онда мекендеген 
уранхайлықтар туралы бір кітапты оқып отырып, көзі 
қарауытып басы айналып кеткені. Қан қысымы көтерілді ме, 
неге екені белгісіз көпке дейін ес-ақылын жия алмады. «В 1862 
году десять семейств уйманских раскольников (река Уйман
- один из двух истоков - реки Катунь. Долина ее издавна 
заселена была раскольниками) вышли в Улукемскую степь
190


и обосновались на р. Урон...» деген сөйлемдерден солтүстік 
Алтайдың, яғни Россия күрамындағы Алтайдың тарихын 
танығандай болған. Ары карай күмарта окып келе жатып: «В 
дело русской колонизации Криссанского края, роль искали 
«Беловодья» имели выдающееся значение» деген түсқа кел- 
генде, өз ауданындағы Ақсу - Беловодья аталар ауыл есіне 
түскен. Сол жерді коныстанған кержақтар тарихын танып, 
түп-төркініне үңілгендей болған. Ал енді «Вся история России 
представляет из себя картину постепенного продвижения 
славянского племени на восток и ассимиляции им менее 
культурных народностей...»дегенін қалай түсінуге болады? 
Совет өкіметі орнаған түста жазылған, басылған бүл кітаптың 
эр үлттың өз ерекшелігі мен тілін,ділін, генетикасын сактау 
керекке саятын лениндік методологияға кайшы емес пе? Оны 
былай койғанда, «Земля тому - кто ее отрабатываеттың» кері 
емес пе. Ой айтудағы концептуальдык қателік эркашанда 
үлт наразылығын тудырарын ескере бермеуіміз, әлбетте, 
өз нэтижесін, кайғылы нэтижесін бермей қоймайды. Міне, 
Тағанның кан қысымын көтерген де осынау түжырымдар 
еді. Ендеше, тарихты терең білген сайын, денсаулықтан 
айырыласың...
Иэ, Таған екінші рет жазған ғылыми жүмысына «Алтайды 
мекендеген үлттардың тарихын» тақырып етіп алғанына жэне 
өкінген. Өкініші сол - мүны «үлтшылсың» деген жалғыз сөзбен 
басқа үрып қызыл табан қылып қаңғыртып жіберген. Таған 
болса... «мен үлтшыл емеспін, үлтжандымын, екі үғымның 
арасы жер мен көктей» деп шырылдап бармаған жері, ашпаған 
есігі жоқ. Бір күні КГБ-ның жігіттері шақырып алып, қысып- 
кысып жіберген соң ғана, байырқалап, аш қүлақтан тыныш 
күлақ, басы ауған жакка безіп еді... Өлердей ішіп еді... таз 
кепешін қайта киіп еді.
«Қызык, өткен өмірімнің барлығы біртіндеп орала бас- 
тағаны қалай» деп таңданды Таған. Қолындағы балқарағай 
жаңғағының кабығын аршып, дэнін суырып шағып, аузы 
тыным таппағанмен, ойы баяғысын баяндайды.
Ағалар-ау, мен осы диссертациямдағы мысалдардың 
бірде-біреуін өз жанымнан шығарғаным жоқ, түгелдей орыс 
ғалымдарының еңбектері ішінен «история русской коло- 
низационного движения» деген сөйлем алсам, ол да сол
191


қалпында орысша текстен көшірілген жэне менің айтып 
отырғаным - Советтік емес, патшалық Россияның саясаты 
ғой».
«Өйтіп көлгірсіме. Өз бидайын оздеріне қуырып бергің 
келеді ғой. Не айтпақ екеніңді білеміз. Тапқан екенсің ақы- 
мақты», - деп зекіді.
«Ұлт мәселесі жөніндегі Лениннің еңбектерін қайда 
қоямыз?»
«Лениннің айтқандарының барлығы бірдей заман талабына 
сай келе бермейді» деген созді озі кұдайдай табынып жүрген, 
ғүлама тарихшыға балап жүрген ағасының аузынан естігенде, 
талып қала жаздаған... Дүние біткен екен деп ойлады... Сол 
күні «Русская водканың» бір шөлмегін бір өзі ішіп алып, 
партия мектебінің маңдайына ілінген Брежневтің дэу суретіне 
жабыса үйықтап қалыпты... Он бес күн жатып шықты... Он 
бес күн арақтан аузы босап дем алып шықты... Мас болғаны 
үшін емес, әрине, үлы қайраткердің суретінің дэл түбіне қүсып 
қойып, «саяси хулигандық» жасағаны үшін. «Мен үлкен кісіні 
жақсы көргендіктен, күша сүйіп түбіне түнеп шығып едім» деп 
жалтармаса, сотталып кетуі ғажап емес еді.
Сыртылдатып балқарағай шағып келе жатқан Таған 
өз-өзінен жымиып күлді. «Сол бір емес-ау, екі рет жазған 
диссертаңиям қайда қалды екен?» Есіне түсіре алмады. Енді 
керексіз деп ұйғарды. Тазарған өмірінің ендігі мақсатын 
айқындау керек, тек тезек теріп кетсе де, ғылыми жұмыспен 
айналыспайды. Ол алғаш рет: «Шалдың мемлекетіне кіріп, екі 
баласына білім берсем қайтеді?» деп ойлады да, оқыс шешіміне 
мәре-сәре куанды.
Рас, Шалдың «мемлекетіне» подданство алу керек...
Тихой өзеншесін белуардан кешіп оте шыққанда, алдынан 
Аламойнақ көлденеңдей еркелеп қарсы алды. Үй жақ жым- 
жырт. Әншейінде койлегі колеңцеп есік алдында тыным таппай 
жүретін Айнаның да төбесі көрінбейді. Осын-о-а-ау қазақтың 
ит өлген жер деп алыссынатын Алтайдың ұры қойнауын 
мекендеген жалғыз үйдің бар тіршілігін үрлеп жағып отырған 
Айна екеніне Тағанның көзі жетіп, көңілі сене түсті. Қазір сол 
осы өңірге өң беріп жүретін әйел көрінбеген соң, маңайдың 
барлығы жансызданып, иесінен айырылған иен үйдей тым- 
тырыс, өлі күй кешкендей тым жүдеу, тым сұрықсыз да сұсты.
192


Жетімсіреген. Ошақ оты сөнген. Ылғи есік алдында буы 
бұрқырап, екі иінінен будақ-будақ дем алатын самаурын да 
жоқ, эне, төрт тұяғы аспанға қарап, қазық басында төңкерулі 
тұр. Аламойнақ қанша ырбаңдаса да, адамсыз өмірдің ажарын 
аша алмады. «Апыр-ай, Айна ауырып қалған жоқ па екен...» 
деп ойлады Таған. Жүрісін шапшаңдата түсті.
Асығып-үсігіп үйге кіргенде, енесінің тосіне басын қойып, 
бір қырындай, тар төсекте таласқандай болып жатқан Айнаны 
көріп, көңілі орнына түсті.
- Тү-үу, зәрем қалмады ғой. Есік алды жым-жырт... 
Есенсіздер ме?
- Шайды өздерің қойып ішпесеңдер, келіннің шамасы 
жоқ, шошынып ауырып жатыр,- деді қабағы салыңқы Нүрке 
кемпір.
- Неден?!
- Оны досыңнан сүра. Әй, еркектер-ай, есер қылықтарың 
ғой эйел затын зэтте қылатын.
Бүдан эрі делдиіп түра берудің ешбір реті жоғын сезген 
Таған ептеп басып шығып кетті. Нүрке кемпірдің де таңғы 
оразасын ашпағанын білді. Тоңқайып түрған самаурынды 
алып, су қүйды. Жерошаққа от жақгы. Осы шақта оның көзіне 
қашада жаюлы түрған аюдың терісі шалынды. Әуестікпен 
үстап, әсіресе, екі қонжықтың терісіне жаны аши қараган. 
«Дегеніне жеткен екен,- деп ойлады.- Олтіріп тыныпты».
Озінің үйреншікті сарайына салдыр-гүлдір кіргенде, 
нардың үстінде шалқасынан кәперсіз жаткан Ерік атып түрды. 
Окыс оянған ол тыныштығын бүзған Тағанға жауыға қарады.
- Қайда жүрсің? - деді өгей баласына үрысқан әкедей 
зекіп.
- Аңшы Шалға барып қайттым.
- Өзім де сезіп едім. Ақыры су ішкен қүдыққа түкірген 
екенсің ғой.
- Түсінбедім...
- Жыланның жусағанын білетін білімің карапайым нәстені 
түсінуіңе жетпей қалады екен. Шал - менің ата жауым. Ал 
сен менің дэмімді аттап, сол «жаумен» ауыз жаласасың. Осы 
есіргенің, осы семіргенің жетер, есің барда еліңді тап.
- Бүл бопсаңа тағы да түсінбедім. Қыс жақындағанда, 
тамаққа ортак кылмай, үядан айдап шығатын еркек ара 
болғаным ба?
193


- Бұл - бопса емес. Бұйрык. Қар жаумай тұрып кайкай.
- Мен үшін қиын шаруа емес, соңғы бұйрығың орындалады,
- деп есікті сарт жауып шығып кетті.
- Қайта ашар есігіңді катты жаппа! - деп соңынан айқай- 
лады Ерік. - Жаман айғырға жал бітейін деген екен. Көзіне көк 
шыбын үймелетермін әлі. Бәлем тоқтай тұр. - Ендігі жатыстың 
мазасы болмасын сезіп, озі де тысқа шықты. Омартасын 
аралады. Аралар күннің қызуын күтіп элі де тым-тырыс жатыр 
еді. Ұяның қақпағын ашып, раманың бірін суырып балын 
тексерді. Балауызданған раманың өн бойына жабысқан аралар 
жыбыр-жыбыр қыбырлап, уақсыз уақта тыныштығын бүзған 
адамға лағнет айтқандай. «Енді бір аптадан соң балын шайқау 
керек екен», - деп ойлады Ерік.
Біздің кейіпкеріміздің көп замандастарында бола бермей- 
тін қасиеті дейміз бе, ерекшелігі дейміз бе, әйтеуір, оз жұлын- 
жүйкесін жүкартпас тағы да бір тамаша ғадеті бар еді. Қанша 
тұлан-тұтып ашуланып кетіссе де, миын шаршатпайтын. Болған 
дүрдараздықты пышақ кескендей тез ұмытып, басын ауыртып 
тереңдеп ойламайтын. Еш нәрсе болмағандай, мүлдем басқа- 
басқа нәрсенің қамына көшіп, өзегін күйдірген уайымды озге 
дүниемен ауыстыра салатын.
Міне, қазір де, ара деп аталар бағып-қағу арқылы байып 
отырған «малының» қамын күйттеуге кірісті. Санасында - тек 
ара. Сыртқы болмыстың бүкіл тыныс-қимылын түла бойымен 
сезетін аралардың ала жаздай арпалысқан шаруасының 
шалғайы жинақталып қалғанға ұқсайды. Еркек аралардан 
кэдір, расында да, кеткен секілді, бүрсиіп-бүрсиіп босағада 
жабысып отыр; кейбірі өлген, кейбірі тырмысып ұяның 
ішіне кірмек болады да, ар жағынан теперіш көреді білем, 
сүйретіліп кері шығады. «Еркек жазғанның көрер күні осы,
- деп ойлады Ерік, - тіршілікті жалғастырушы үлы күш бола 
тұра, құрбандыққа шалынасың немесе қадіріңнен айырылып 
керексіз болып қалмақсың. Қарашы енді... элгі Таған сұмпайы 
айтпақшы, қыстай тамаққа ортақтасады деп, тепкілеп шығарып 
тастағанын. Енді біраз күнде үсіп қатып өледі де, жел айдап 
үшырып әкетеді бұл бейшараларды. Иэ, еркек ара... обал-ақ... 
Өзім де жетісіп жүргем жок».
Қаз-қатар тізілген ағаш жәшіктерді элдекім ұрлап экет- 
педі ме дегендей, қақпағын ашып түгендеп шықты да, кері
194


оралды. Үйге кіруге заукы болмады. Аспанға карап еді, кошкыл 
бұлт батыста жатыр екен. Шығыс жак көкжиек ашык, коп 
ұзамай шығар күннің шапағы байкалады. Таңғы шык тұтаскан 
күйінде жатыр. Жүрегі сазып, өз-өзінен жүдеу тартты. Алғаш 
рет жалғызсырағандай болды. Жіңішке сағынышпен ауылдағы 
көңілдесі Бекзатты көкседі. Әсіресе, асап коярдай комағай- 
лана өліп-өшіп аймалайтын қылығы мен мезі кылмас тосек 
лэззатының рақатын аңсады-ай... Осы омірдің қожасы өзі бола 
тұра, жалғыз артық адам өзі секілді ыңғайсыз күйден жеріді 
ме, кашада жаюлы түрған кірекей мен қонжықтың терісін 
керіңкіреп жайып, баяғы бір үйреншікті жолына - жасырын 
махаббат соқпағына түсіп, Қатын суын жағалай құлдаған. Ак 
боз атка мінген кок көйлекті Қызбен бейне бір уағдаласып 
койғандай-ақ, дэметкіш көңілдің жетегінде кеткен. Жалпақ 
жаһандағы жалғыз көз куанышы, жапа шеккен, жалыққан 
жанының қалтасында қалған ендігі жұбанышы да осы - сол 
еді...
Таған Қатын өзенінің жиегінде бүктетіле акқан толқынға 
карап ойланып отыр. Оның да шұрық-шұрық тесілген коңілі 
көлеңкеленіп, енді-енді ғана қарақотырлана бастаған жарасы 
кайта сыздап, уайымның уысында тыпыршығандай сүліңкі 
хәлде. Адамның жаны - сірне. Тағдыр табанына салып, уақыт- 
тың оты қанша шыжғырғанмен, майын ерітіп тауыса алмайды 
екен. Адамның жаны топырактағы өсімдіктің дэні іспетті, 
канша рет тілгіле, айғыздап жырт; бетін өрт шалып, көк сіреу 
мұз бассын - айналайын күннің сәулесі бойына жылу таратып, 
аспаннан таңдайына тамшы тамып, тыныштықтың заманы 
туа қалғанда, тереңде қалған дэн қайта қаулап, желпілдеп 
көк шығады. Тек дэн өлмесін, дэн аман болсын, жоғалмасын. 
Ендеше, Таған тауқымет тасын жарып, қайта көктер дэнге 
шүкіршілік айтып, дәнекер күтер еді... Дегенмен, жасына 
жетпей жасық тартуынан ғана күдіктенеді. Табиғат сыйға 
тарткан талантын таптатып алғаны да, күрескерлік рухының 
әлсіздігінен емес пе еді... Мүртынан айырылған ара іспетті күн 
кешіп жүрген сандалбай шағы артта қалып, азапты күндерден 
арылдым-ак деген сэтінде Еріктің есігін торып күй кешу, 
әрине, азаматтың намысын найзалады-ақ, амал не, ат құйрығын 
кесісіп ауылға - Ү лкен Жерге аттанып кетуге тәуекелі жетпеген. 
Тэуекелі — бұл үйден алыс кетуге жеткенімен, бұл өмірмен
195


өкпелесуге жетпеген. Қиналса да кимады. Неге? Не үшін? Өзі 
де саналай алмады. Бэлкім... көзінде үнемі бір мүң жасырынып 
жататын Айнаны қимайтын шығар. Ол - күнэ. Оның аюдай 
ақырған күйеуі бар. Олай болса, махаббат атты эркімнің илеуіне 
көне берер көне де мэңгі сезімді желеу етіп, адамгершіліктен 
шығандауға болмайды ғой... Ол тектілік емес, эрқашанда 
себеп-салдары сай түрар тентектік қана. Тіпті Айна үшін 
қыздай қосылған қосағынан айырылу - ақырзаман орнагандай 
ақирет екені де әлемге аян. Ерік - Айнаның ақтық махаббаты, 
күйеуі емес... Тек қойным қүр жатпасын дер күйге ғана баласа, 
осына тағы таудың қойнауында байласаң түрмасы тағы да 
аян. Не істеу керек сонда? Аңшы шалдың посольствосына 
барып, сол мемлекеттің азаматтығын қабылдау... Осы ойды 
түжырымдаған Таған, дегенмен, элі де екі-үш күн, егер Ерік 
басы-көзге сабалап, бағанағыдай абалап қуаламаса, алғашқы 
қар түскенше, аялдай түруға тиянақтатты ойын.
Күн шықты. Қызусыз. Еш нәрсе өзгерте алған жоқ. 
Түмса өмірдің туырлығы түтас күйінде. Суықсыраған денесі 
енді қайтып - келер көктемге дейін мазаламасын сезгендей, 
салқын сазарады. Сары ала күзден сән кетіп, әшекейі мен 
айшығы біртіндеп оңып, өзенді қуалай оскен тал-қайыңның 
жапырағы ақырғы энін айтып қалғысы келгендей, сумақылау 
желдің өтінде дэрменсіз дірілдейді. «Ағаш жапырағы азайып 
қалған екен-ау»деп ойлады Таған. Біртіндеп мінтеліп, тоналып 
бара жатқан табиғат көркі адам сезімін де ойлы жадаулыққа 
жетелер еді... Өз-өзінен сезіктеніп артына жалт қараған Таған 
күйеуінің шолақ қара тонын жамылып, үнсіз түрған Айнаны 
көрді. Әншейінде мэңгілікке үялғандай, бүкіл жер бетіндегі 
эйел атаулы үшін жалғыз өзі үялғандай қызарып түрар бетінің 
үшынан қан қашқан, жүқалаң ерні де көгіс тартқан, тікесінен 
түр демесең, элдеқашан өліп қалғандай - козғе жат, көңілге 
салқын. Қүлындай күлпырып жүретін ай сипатты келіншек 
айналдырған аз уақытта бар ажарынан айырылып, күзгі 
ормандай қуаң да сидам тартуы жымысқылана тақап қалған 
елестей, үндемей тиісер үрейдей... Алтайдың қырмызы гүлін- 
дей көздің жауын алар сүлулық су сорған салынды дерсің... 
жалғыз-ақ күнде солған, үнемі жанып түрар тостағандай көзі- 
нің аясы одан ары ауқымдана бақырайып түнжырағаны бол- 
маса, нүры сөнген. Орашолақ мүсінші асығыс оя салғандай,
196


қорқыныш шақырғаны болмаса, баяғыша көрген адамның 
көңіліне кұрт түсірмейді. Жалғаннан жалыкқан, эбден сілік- 
песі шығып шаршаған жанның күдерсіздігі, сенімсіздігі, 
алғы өмірден үмітін үзген сергелдең мүскіні ғана қалгандай 
қалжыраңқы; енді қайтып ешкім уата алмас, басынан сипап 
жүбата да алмас кайгының, нала мен өкпенің өксігі кептеп, 
баз кешер ғүмырды бақилықтың оралмас сапарына айыр- 
бастағандай... Ішін кеулеп күрт жеп, тек сырты ғана бүтін 
калкайып түрар карағайдай... Қапелімде не дерін білмей, 
шошына сүқтанған Тағанға сүлық та суық қараған қалпы:
- Жүріңіз, шай іш іңіз,- деді. Осы сөзді Айна емес, мүлдем 
жат та бөтен біреу айтқаңдай, тіпті ерні де қозғалмап еді.
- Ракмет, Айнам, рақмет, казір,- деп сасқалақтап түрған 
жіғіт келіншекке енді бір қарасаталып калатындай, қалбалақтап 
алдына түсті.
Шай үстінде мардымды эңгіме болған жоқ. Нүрке кемпір 
өңі сынық, қабағы қатулы.
- Бір жаққа барып қайттың ба, балам, кешеден бері 
көрінбедің ғой? - деді шырайын бүзбай.
- Аңшы Шалдың мекен-жайын көріп қайттым.
- Иә... Жүрт ауыстырмақ ойым бар деші... Оның да жөн 
шығар...
- Сіздерге, әсіресе, сізге алгысымды айтайын, апа. Егер сіз 
болмасаңыз, адам болуым...
- Жә-жә, жетер,- деді кемпір қолын көтеріп.- Мен шешең 
жасаған жақсылықтың мысқалын да қайтарғаным жоқ.
- Жақсылық қарызға жасалмайды ғой.
- Ендеше, осыны үқсаң болды. Атаңның атына кіркел- 
тірмеуден артық не бар бүл жалғанда. Тек саған екі тілек айтам: 
енді қайтып басыңды кесем десе де арақтан татып алмайтын 
бол, басыңды қүра - әкеңнің түтінін сөндіре корме. Шалға 
еремін деп те шал болып қалма. Ерік екеуінің жайың жарасатын 
түрі жоқ, қайтам десең, батамды беремін, жолың болсын. Тек 
екі-үш күн аялдай түр.
- Өзім де солай ойлап отырмын. Ерік досым ғой, өкпеге 
де, өлімге де кия алмаймын, шошқадай батпақтап жатқан 
жерімнен тауып алып, ертіп келді. Ракметтен басқа не айтайын. 
Татуласып аттансам деп едім.
197


Осы кезде вертолеттің дүрілі естіліп, үшеуі бірдей елеңдей 
қалған.
Қатын суының жағасында басын суға малып, тамыры 
адырая қүлаған самырсынды атша мініп, арғы жағалаудан 
көз айырмай отырған Ерік те аспанда арқыраған вертолеттің 
дырылын естіғен.Естіғен бойы орнынан атып түрып, үйіне 
қарай сүріне-қабына жүғіріп еді. Өзеннің арғы бетіне қаншама 
көз талдыра қараса да, ақ боз атты Қызды көре алмай, қоңыр 
күздің соңғы күнін аңдығандай, жылдың дэл осы уағында нүр 
бейнесін жалт еткізіп бір көрсетіп кетер әдетін бүзғанына налып 
отыр еді; азапты ойдан әуелеп үшқан вертолет үні қүтқарған. 
Қызға деген сағынышы келте кайырылды. ¥ш қыш досы 
Прохордың оз уәдесінде түрар жігіттігіне риза сезім жан адамға 
сездірмей жүрер жасырын махаббатын лезде үмыттырған.
Қапалағы зырылдаған алып «инелік» үй алдындағы 
алаңқайға дэл қонды да қалшылдап, дірілдеп, барып үні өшті. 
Кабина терезесінен әуелі басын қылтитқан ұшқыш ыржия 
күліп, қолын бүлғады. Бүл кезде екі өкпесін қолына ала 
жүгіріп Ерік те жетіп еді. Айна мен Таған есік көзінде қарап 
түр, орындарынан қозғалған жоқ. Вертолеттен қаргып түскен 
Прохор Александрович пен Ерік бір-бірін аса сағынып қалғанға 
үқсайды, адал да айнымас достарша қауыша қүшақтасып, 
арқаларынан қағысып амандасты. Екінші пилот тым жас 
көрінді. Ол да қол беріп есендескен. Вертолеттің қапалағы 
тудырған дауыл қонған түстағы шалғынды жапырып тастады. 
Алғашында үрке едірейіскен түлік мал мотор үні сап болған 
соң... «е, өзіміздің кісі екенсің ғой» дегендей, жайбарақат 
жайыла бастаган, тек құйын-перен зыта жөнелген қүлындар 
ғана енесінің маңына сақтықпен жақындап, қүлағын тіге элі де 
тосырқап тұр. Жас жігіт вертолеттен жүктерді түсіре бастады. 
Екі дос оған қайырылып қарамады да, шүйіркелескен күйі үй 
жаққа беттеді. Қашада түздап жайып қойған аюдың терісін 
көргенде, Прохор есі калмай қуанды.
- Какой ты молоток, Ерик... Это мне? - деп, таңырқап, 
тамсанып, қонжықтың терісін сипалап мэз болды.
- Да, тамыр. Это все тебе. Мой подарок.
- Вот это подарок! Не знаю даже, чем отблагодарить! -
Ерікті қайта құшақтап бетінен сүйді. Осы көрініске қарап 
тұрған Айна шұғыл бұрылып үйге кіріп кеткен.
198


-Ей,Таған,көмектесанажігітке,-депдауыстадыЕрік.-Ж үк- 
тердің бэрін сарайға кіргізіңдер.
Тағанның таң қалғаны: дүкеннен алған калпы аузы элі 
сөгілмеген қап-қап үсақ қант болды. Расында да, бір ауылға 
кыстай жетер мол еді. «Бүл аралардың кысқы азығы болар» 
деп ойлады. Жас жіғіт екеуі кант салған капты коймаға, ал 
қоймадағы бал кұйылған флягтарды вертолетке тасып, зілдей 
ауыр тэттілердің орнын ауыстырам деп, әбден сілелері ката 
шаршады. Айна әйелдік, қонақжайлық әдетінен танған жоқ. 
Қысқа эрі көңілсіздеу есендіктен соң, шай камына кіріскен. 
Үйге кіріп Нүрке кемпірге сәлем беріп шыққан Прохор:
- Айнаша не в настроений? — деп жүқалап сүрап еді, Ерік:
- «Болеет», - деп жалғыз сөзбен жауап берді.
Қонақтар көп айналған жоқ. Зырянь қаласына, одан
ары Өскеменге баруымыз керек деп, шайды асығыс ішті де, 
қожайын сыйлаған аюдың терісі мен қол арақты дорбаларына 
салып, қоштаса бастаған.
- Енді бірер аптадан соң қайта соқ. Биылғы жылдың ақырғы 
балы шайкалмай түр үяда, - деді Ерік ере сөйлеп. - Мылтықтың 
жаңа түрін тапсаң... қарастырарсың.
- Родной мой, если ты прикажешь, автомат доставлю,- деп, 
тісін ақсита күліп, мойнынан қүшақтады. «Д а,- деді ішінен 
Таған,- вот где обитает настоящий интернаңионализм». Бүл 
сөз неге орысша есіне түскеніне озі де түсінбеді.
Вертолеттің қапалағы қайта айнала бастағанда енді ғана ес- 
ақылын жинаған күлындар қайта үркіп, тырағайлады.
Айна үйден шыққан жоқ. Ерік қол бүлғап, желден шашы 
дудырап, үлкен жүректі достықпен шығарып салды.
Моторлы «инелік» тік көтеріле үшып, омартаның үстін бір 
айналып шықты. Бүл да қазак досына деген қүрметтің үлкені 
еді...
Вертолет үшып кеткен соң, Таған:
- Ерік-ау, қап-қап қантты жейтін ие табылар-ау, көп мыл- 
тықтықайтесің?Өзіңдедебес-алтауыбаремеспе,соғысқадайын- 
далып жүргеннен саумысың?- деп өзімси эзілдеді. Татулыққа 
шақырғансымағы.
- Иэ, дайындалып жүрмін...
- Кіммен соғысасың?
- Сендермен... анау, қырт Шалмен...
199


- Ол сенен де өткен мерген деп естідім ғой...
- Көреміз оны.
- Мұны «братоубийственная война»дейді...
- «Братоубийственная войнаның» көкесі «гражданская 
войнада» болмап па еді... Несіне мүләйімсисің, тарихшым, -
деп қойма сарайға кіріп, Прохор экелген жүктерді түгендей 
бастады.
- Иэ, - деді Таған, - ағайын болып атысу үшін бас-басына 
мылтык үстау керек шығар қазакка...
Ең соңғы шуағын қызықтасын дегендей, күн бүгін өрескел 
ашық болды. Жарықтық жаз қайта шығатындай тау салқынын 
лезде түре қуып тастады да, елжіреген жылылық жайлап, 
маужыратады-ай... Айнаның өңі элі сынық қалпында, әйелдің 
тиесілі қарекетін зауықсыз болса да, күйбең-күйбең істеп, 
қабағы ашылмаған калпы бір кіріп, бір шығып жүр. Бағана, 
таңертең, күреңқабақ ішілген шай үстінде Ерік «бүгін күннің 
ашығын пайдаланып бал шайқаймыз» деп ескерткен. Бүл -
биылғы қырманның соңғы жиын-теріні еді. Әншейінде сөзге 
араласпай отыра алмайтын Нүрке кемпір де үлына өкпеледі ме, 
кім білсін, ләм-мим жақ ашқан жоқ. Осы таңның жалғыз сөзін 
Еріктің өзі айтты да, типыл болды. Ара үяларына түтін салып, 
балы мен балауызы ылжыраған ағаш рамаларды суырып әкеліп 
Тағанға береді, ол болса бал шайқайтын аппаратқа салып, 
қүлағын бүрап, шүмектен сорғалаған таза балды қотарып алып 
түр. Келісім бойынша ол акырғы рет қолғабыс тигізіп, ертең 
ерте аттанбақ.
Күннің бүгін тым жанға жайлы болып түрғанын білген 
Нүрке кемпір, бүлар бал шайқау науқанына кіріспес бүрын, бір 
өтініш айтқан. Онда да үнжырғасы түскен үлына емес, келіні 
мен Тағанға қаратып айткан.
- Қарақтарым, бүгін күн ашық екен, келер күзді көрем 
бе, көрмеймін бе, оны бір алланың өзі білер, мені тысқа 
шығарып отырғызыңдар, намаз арасында шуақтайын,- деді 
үні дірілдеп. Әрқашанда ажарлы да айбынды отыратын 
қарттың жас баладай жаутаңдап айтқан сөзі Тағанды толқытып 
жіберді. Осына қара шаңырақтың бақыт қүсына оқ тигендей, 
суықтау ой үялап, секем алғандай болды. Кемпірдің екі аяқ, екі 
қолтығынан көтеріп, далаға шығарып огырғызғанда, күннің 
шымқай жарығы қарықтырып, көзі қарауытып, басы айналды.
200


Жан-жағына жалактап қарап, өңім бе^ түсім бе, дегендей сэл 
тосыркады да: «Е, қүдіреті күшті Қүдайым, мен осы дүниеден 
аттанып кетсем де, осылайша масайрап түра бересің-ау»,- деп 
күрсінді. Бүл жасарын жасаған, асарын асаған қарияның жарык 
дүниенің жақсылығын өзгелерден - озінен кейін калатында- 
рдан қызганғаны емес, бүл дүниенің ешкімге де мэңгіліксіз- 
дігін, бейопалығын мойындағаны еді... Күннің шуағы сүрлау 
тарткан жүзін жуды ма, Нүрке кемпірдің ажары ашыла 
түскендей, шүңірек тартқан көк көзі де табиғаттың нүрын 
сіміріп, шоқ түскен тамыздықтай үшқындана бастаған.
- Апа-ау, керемет эдеміленіп кеттіңіз,- деп күле әзілдеді 
Таған да таң калғанын жасыра алмай.
- Мені айттыратын адам жок енді... Қыз кезімнен қалған 
жүрнак шығар. Қараңғыда қамалған қаздай каңқылдап отыр 
едім, далаға шығып, жаным жарылканып қалды-ау. Ал еңді 
сендер жүмыстарыңа барыңдар. Ерік іздеп жатқан ш ығар,- 
деді серги сөйлеген кемпір.
Міне, енді сол аралар әулетінің арпалысып тірнектеп жина- 
ған шырынын аузынан жырып алу қарекетіне кірісіп кегкен. 
Бал айыргыш аппараттың қүлағын бүрап түрған Таған анда- 
санда кемпір отырған жаққа қарап кояды. Анадайдан басында 
кимешек-шылауышы бар, ак шатырдай болып көрінген Нюра 
апасы Қатын суының сарынына күлақ койғандай, қозғалмастан 
арғы бетке телмірді-ай. Не ойлап отыр? Кім білсін... Еріктің 
қолындағы түтіннен үріккен аралар тынымсыз айналсоқтап, 
тыныштығын бүзган бүзақыны нәлеттегендей гу-гу етеді. 
Кейбірі үзап үшады, кейбірі Тағанды жағаттап, мөлдірленген 
балға конып, малтығып қалады. Ондай сәтте еппен қанатынан 
сүйреп шығарып, былайырақ тастайды. Мүның да басында 
бетіне перде түтқан ақ кақпағы бар-ды, абиыр болғанда, 
ешбіріне шақгыра қойған жоқ, қанша төңіректесе де, пісіп 
алар саңылау таба алмаған өн бойынан. «Егер баяғыдай түла 
бойымнан арак мүңкіп түрса, мүқым ара біткен маған шабуыл 
жасар еді» деп ойлады.
Бал алу кезегі Америкадан келген «қауіпті гибридтерге» 
жетті. Бүлармен аса сак эрі сыпайы карым-қатынасқа көшпесе 
болмайды. Бағанадан бері тор перденің шалғайын қайырып 
тастап, жүзін ашық үстап жүрген Ерік еріксіз маскасын 
түсіруге, колына қолғап киюге мэжбүр болды. Үяның қақпағы
201


ашылғаннан-ақ, атойлаған ноян аралар ал деғеннен-ақ 
анталаған шабуылға көшіп, Айна мен Еріктің ес-ақылын 
шығарып жіберген. Амал не, қымтаулы қорғаныста тұрған 
ерлі-зайыптылар тісіне жұмсақ бола алмады. Сонда да 
шебін бұзбастан, қара бұлттай қаптап көпке дейін дуылдап 
тұрып алды. Бірен-сараны ғана төңіректі барлауға кетті. 
Екеу-үшеуі Тағанды тексеріп қайтты. Жергілікті аралардан 
едәуір өзгешелігі бар будандарды бұл да бірден байқаған. 
«Капиталистік тұқым сен боларсың... қандай шапшаң ұшады 
жауыздар» деп ойлаған да, бүл да қымтана түскен. Бүл жақтан 
оң жамбасқа келер оңай олжа таппаған соң, самғай зулап Нүрке 
кемпірге беттеген. Алғашқы келген бірен-саранын қолындағы 
оне бойы тастамайтын бет орамалымен «кіш-кіштеп» жасқап 
жіберген-ді. Жалғыз-жарымы түк бітіре алмайтынын сезді ме, 
шырқай ұшып негізгі әскеріне оралып, болған жайды, яғни 
кемпірдің қару-жарағы жоқ, алаң-ашық, бейқам отырғанын 
хабарлаған. Содан не керек, бұл табиғаттың құдыретіне дауа 
бар ма, адамзат түсінбейтін тілмен түсініскен жәндік-жендеттер 
жалғыз-ақ секундта Нюра Фадеевнаға қарай «уралай» қаптап 
лап берген. Мыңдаған араның эп-сэтте ғайып болып кеткенін 
омарташы ерлі-зайыптылар жұмыс бабында тұрып байқамай 
қалды. Ал «жауыздар» болса Алтайдың бұршағындай көшіп, 
түйілген қалпы қапысыз кемпірдің шат-шәлекетін шығарды. 
Қанша қайрат көрсеткеніне қарамастан, бет-аузын, қолын 
сау-тамтығын қалдырмай шағып тастады, ішінара болған 
шығынға пішту деген жоқ. «Ойбу, балалар, эй, Айна, Ерік, 
айдап әкет мына иттеріңді!» - деп азандады, бірақ жан даусын 
шығара айқайламаған. Енесінің үніне елеңдей қараған Айна: 
«Ойбай, апамды аралар опалап жатыр» деп тұра жүгірді, тұра 
жүгіріп барып кері оралды да, делдиіп түрған Еріктің қолынан 
түтіндеткішті жүлып алып, қайта безілдеді. Таған да тарғаяқтай 
ұмтылған. «Бұлар жынданған шығар», - деп күңк еткен Ерік 
раманы қаперсіз суыра берген. «Ара шаққаннан өлген кісінің 
бейітін көргем жоқ бүл жақтан».
...«Қауіпті будандардың» бетін түтін қайтарды. Амал не, 
көмек тым кеш жетіп, кемпір әлсіреп-ақ қалған екен. Жарықтық 
сүйегі мықты адам ғой, сонда да сыр білдірмей сүлық отыр
- құламады. Ара талаған беті мен қолыңда ине шанышқандай 
ноқат қара дақ қалып, айналасы домбыға ісініп бара жатты.
202


Айна мен Таған көтеріп үйге кіргізіп төсекке жатқызғанда, кісі 
танымайтын болып ісініп кетіп еді... Тіл-аузы байланып қалды 
ма, элде ендігі арыздасып, қоштасардың түкке қажеті жоғын 
сезді ме: «Апатайым-ау, енді не істейміз, қандай дәрі-дәрмек 
қолданамыз», - деп зар еңіреп басында отырған Айнаның бірде- 
бір сүрағына жауап қатпай, ағаш үйдің бел ағашына телміріп 
үнсіз жатқан. Өз колы өзіне артык көрініп, қоярға жер таппай 
серейіп түрған Таған да дегбірсізденіп қүр жаны аши қарағаны 
болмаса, лажсыз еді. Сырттан асықпай, адымын санап басып 
Ерік кірді. Кірген бойда:
- Кім сендерге пысықсып далаға шығар деген?! - деп айғай 
салды. - Ала жаздай аман-есен үйде отырғанда, астынан су 
шыққандай жылы орнынан қозғап... ісім сендермен болсын!
Төбеге телміріп жатқан кемпір айғайды құлағы шалды 
білем, үлының үрысына нәумез болды білем, ендігі сәтте 
Ерікті көздей бағжия қараған. Сүп-суық жанары өңменінен 
өтердей қорқынышты еді, адам танымастай ісініп өзгеріп 
кеткен шешесінің октаулы көзінен жасқана шегініп: «Әне, тағы 
да мені айыптап жатыр», - деп, күңкілдеген күйі үйден шыға 
жөнелді.
Өзі қүлағалы түрған тауға қой жайғандай, Айна көз жасын 
көлдетумен болды.
- Бүлай түра берудің реті жоқ, не ем-дом жасаймыз? - деді 
Таған бәйектеніп.
- Білмеймін, аға, білмеймін... Апамның түбіне ара жетеді 
деп кім ойлаған?! Апамның өзі біледі, айтпай жатыр...
«Жарықтық, өлімге біржола дайындалған шығар, - деп 
ойлады Таған. - Нюра Фадеевнаның түбіне жеткен әншейін ара 
емес, будандар екенін, эр түқымның қосындысынан шыққан 
«жауыздар» екенін қайдан білсін Айна». Бүдан ары не ары 
жоқ, не бері жоқ делдие берудің қисынын көре алмады ма, бүл 
да тысқа шықты. Арғы бетке қарап ойланып, қашаға сүйеніп 
түрған досының қасына барды.
- Не істейміз? Рация жоқ па, вертолет шақыртайық, - деп 
сүрады Еріктен.
- Сенің не кимаң қышып барады, - деп күңк етті ол. -
Осының бэрі сенің кесірің. Айрандай үйып, шэй деспей отырған 
шаңырақтың ойран-ботқасын шығардың... Әттең, эттең, бекер, 
бекер-ақ ертіп келдім...
203


- Демек, өзің де кінәлісің... Бір-бірімізді айыптағаннан түк 
шықпайды. Апамызды ажалдан арашалап қалудың амалын 
іздейік.
- Ол бэрібір адам болмайды, берген дэріңді ішпейді де. 
Көрмейсің бе сөйлей алады, қырсығып тіліне тиек салып, үнсіз 
жатыр. Маған деген кысастығы. Жалғыз үлын осыншалык 
жек көретін шешені көрсемші... Қүдай-ау, менің жазығым не? 
Үстінен қүс үшырдым ба, тамақтан, киер киімнен тарықты 
ма? Екі сөзінің бірінде «ел, ауыл» деп, зарлайды да отырады, 
сол елінде, сол ауылда құшақ жайып қарсы алатын ағайын, 
туғаны отырғандай; сол көксеген елі емес пе еді, осырған 
сиырдай мүйіздеп айдап шыққан. Рас, сол өтінішін орындаған 
жокпын, басқа жазығым қайсы? Мүндай боларын білгенде, 
кеше вертолетке салып жіберер едім ғой... Ішім сезеді, енді 
беті бері қарамайды, маған өсиет созін айтып, қоштаспасын да 
білемін...
- «Аман жүр, үлым» деп айтпайтын ана жоқ жер бетінде,
- деді Еріктің сөзіне толқыған Таған. Неге екенін кім білсін, 
досы үшін өзі жылау керегін сезді. Жанарында жас бар еді. Ал 
Еріктің беті бүлк етпестен, аскан төзімділікпен сөйлеп түр.
- Менің сорым шығар, арылмай жүрген қырсығым 
шығар осының бэрі де. Бостандыққа шығайыншы, азат 
ғүмыр кешейінші, жаманаттан қашайыншы деп, қүлақ естіп, 
коз кормеген жаққа саяқтанасың, бэрібір сені қуып жетеді, 
іздеп тауып алады... Қыл аяғы туған анаң өз қағынан жеріп, 
эр басқан қадам, еткен еңбегіңнен харамдық іздейді. Кімнің 
егініне түстім, кімнің бермесін тартып алдым, табан ет, маңдай 
теріммен тапқан дүниемді есеп-шотқа салып, көзге түрткі 
кылатындай күпірлігім болды ма? Әне, беттің арын белбеуге 
түйіп, мемлекеттің байлығына белшесінен батып жүргендер 
не үсталмайды, не сотталмайды, оларға бэрі кешірімді, бэрі 
жарасымды... түсінбеймін.
- Шынында да, сен түсінбейтін бір сыр бар шығар...
- Ей, кетші ары өзің сәуегейсімей,- деп, қолын бір-ақ 
сермеді.- Апам бізге жоқ енді, жыла-сықта, фактінің аты -
факті.
- Ал, сендер, Айна екеуің, өп-өтірік өкіре беріңдер. Па, 
шіркін-ай, қаңдай үлкен жүректі, кең гіейілді гуманиссіңдер- 
ей. Ана сендерге емес, мына маған керек, ендеше, монтаны
204


да жалған жоқтауларыңның керегі жок маған. Жаксы корген 
болып, сыйлаған болып, сып-сыпайы мінезбен өлтірген де 
екеуің, мен емес. Ап-аман, таспиғын санап кұдайына құлшылык 
жасап отырған адамды сүйрелеп далаға шығарғаны несі-ай... 
Қүныкерім - сендерсіңдер!
- Ол кісі элі тірі ғой, отпей жатып өлдіге жорығаның не?
- Өлмесе - өледі. Тағы да мүләйімсіп түрсың. - Көзі 
канталаған Ерік: - Сенімен тэжікелесіп несіне түрмын осы, 
одан да анам мэңғілік мекен етер жайлы жер іздеймін.
- Астапыралла, - деді тыпыршыған Таған жағасын үстап. -
Жынданған шығарсың.
- Кімнің жынданғанын ертең таңертең білерсің,- деді де 
анасын коятын жер іздеуге жөнеді.
Тағанның көңілі ойран-асыр. Досының мінезін тағы 
бір қырынан таныды, алайда кім екенін, қай үлттың үлына 
жаткызарын білмеді. Білуі мүмкін де емес еді... Оның білетіні
- осындай дүбэра жандардың жиырмасыншы ғасырдың соңғы 
ширегінде жер бетінде тым көбейіп бара жатқаны ғана... Амал 
не, ауырмай есінен жаңылып, шатасып шаң жүтып жүрген өзі 
секілділер де аз емес еді бүл дүниеде.
Біраздан бері берекесі қашқан үйдің түтіні дэл осы күні 
үшқан жоқ: от жағылмады, самаурын қойылмады, қазан 
көтерілмеді - онсыз да жұкарған жүйкеңді мезі қылар ауыр 
тыныштық орнаған. Бір кіріп, бір шығып, тағат таппаған -
тек Таған ғана. Досының кінэ артқан айыптау сөзінен кейін, 
расында да, Нюра Фадеевнаның оқыс әлсірегеніне өзі себепші 
болғандай, осы үйдің артық адамы екенін сезінді. Айнаның 
жанары жастан тыйылған жоқ. Сусын әкелсе де, шипалы 
шөп нэрін ұсынса да, енесі бас шайқаумен болды. Анасының 
арғы дүниеғе ықтиярлы екенін білген, білсе де ақтық парызын 
өтеуден танбай, аялаумен құрақ ұшқан. Енесінің көңілінде 
тас болып байланған кара қазандай өкпе бар... Неге? Кімге? 
Осының сырын ұға алмаған келіні кездейсоқ келген кеселдің 
бір ұшығын өзінен іздеген, тілін алып далаға шығарғанына 
өкінген де... Адам өмірінің бақилық емес екенін білсе де, жер 
жаһандағы пенде шіркіндердің ғұмыры бір-біріне байлаулы, 
ауру меңдеп, ажал алды дегеннің өзінде бірінің өліміне бірі 
себепшілігін саналаған. Бэлкім, Айнаньң таусыла, егіле
205


еңіреуі де осыдан шығар... өз анасы қайтканда да, дэл осылай 
жыламаған.
Нюра Фадеевнаның элі де болса суішкілігі таусыла 
қоймағанмен, кірпігі ғана қимылдап жатыр. Маңайында, 
тысқарыда болып жатқан окиғадан хабардар секілді, анда- 
санда сол былайғы құбылыстың әсеріне елегізгендей... ежелгі 
сезімталдықпен түйсінгендей... анда-санда көзі бүлдырап, бір 
заттың өзі екеу, кейде үшеу, одан да көп болып кетер-ді. Өне 
бойының мың-миллион қүмырсқа талағандай дуылдағаны 
болмаса, жаны қиналып, ауырған да, ес-ақылдан айырылып 
әлсіреген де жоқ еді... Санасын дел-салдық жайлаған; мэңгілік 
бір терең үйқы шақырғандай... Тынысы, тамыр соғысы баяу, 
анда-санда ғана тіршіліктің ішегін шертіп қалғандай. Нүрке 
кемпір «алланың ақ өлімін» іштей мінэжат айтып тіледі- 
ай. Сөйлеуге, тіл қатуға қуаты жетерін біліп-ақ жатыр, бірақ 
мынау пэни жалғанмен бақылдасар сәтте аһылап-үһілеп, арыз- 
арман уағыздап, балаларының үрейін алғанды жөн көрмеді. 
Естір күлақ, үғар зерде болса, ақыл-кеңесін баяғыдай айтып 
келеді, енді мына жантәсілімін берер шақта, әлдекімдердей, 
шаңырақтың шаттығын бүзбау жайлы сөз бастаудың өзі 
күзетіп отырғандарды күйзелткеннен баска, өсиет болып 
жарытпайтынын сезген еді. Бэр-бэрін де жаратқан иесіне 
аманаттайды да... Ол тіпті қазіргі өлі мен тірінің арасындағы 
мүшкіл халінде иманын ғана ойша қайталағаны болмаса, тірілер 
қамын қаперіне алмады да. Окта-текте козін жүмып, көзін жүмса 
болды, көз алдына көлеңдеп шыға келетін аруақтармен ғана 
тілге келеді, сол арғы элемнің адамдарына бар ынта-ықыласы 
ауып, сол үйір - сол топка кешіге бермей қосылуды коксеген-ді. 
Әсіресе, жарықтық ақ сақалды Атасы мен Шешесінің жайлана 
жараса сырласып отырғанын байқады... Адам о дүниеге кошкен 
соң, дініңе, тіліңе, діліңе, нәсілге бөленбей, бар-барлығы 
жамырасып, ұрыс-керіс, бақталассыз, жалғыз-ақ ізгілікпен 
«өмір сүреді» екен-ау... Ақиретке оралған соң ғана, ақыл кіріп, 
әділетті «гұмыр» кешеді екен-ау; иэ-иэ, арғы дүниенің, үлты 
мен түзігі мен қисығы, тектісі мен эулеттісі болмайды екен- 
ау; иэ-иэ, өлімнің осыншалық рақатын, қызық-қуанышын, 
жаның жай табатын інжілдігін кім білген, кім сезген? Әттең, 
сол жүмакта жүрген жұртқа жете алмай қор болып жатырмын- 
ау, жатырсың-ау...
206


«НЕГЕ БІЗ ОСЫ?...»
Ерік үйге кас қарая кіріп, анасының тамырын үстады, 
алақанын маңдайына басты. Нүрке кемпір үлының колын 
сезді.
- Апа, не айтасың маған?.. - Шешесі басын шайқады.
- Артық-кемім болса кеш, анашым. - Қанша қатыгез десек 
те, үні дірілдеп шықты. Шешесі басын изеді.
Шамның сәулесі кемпірдің ашып-жүмып жатқан жарымжан 
жанарын тіміскілей берген соң, Таған газетпен колегейлеп 
койды.
Бүл күні ешкімнің де мардымды үйқысы болған жоқ, тек таң 
алагеуім тартқаңда, әбден қалжыраған екі жігіт тысқа шығып, 
үйдің екі бүрышында жүрелей отырған. Талай уакыттан бері 
мүлдем үмытып кеткен ескі эдеті - темекі мен арақты аңкасы 
кебе қайта іздеген Таған шыдамай тықыршып, қалтасынан 
тастамай жүретін қарағайдың шайырын аузына салып шайнап, 
эпігін басты.
Айнаның жөні бір басқа... Дүниедегі ең қимас затын бай- 
қамай сындырып, енді кайтіп кұрай алмай діңкесі кұрыған 
шарасыздық бар;немесе ең аяулы адамы көзден бұлдырай 
алыстап, қалың тұманның арасына сіңіп бара жатқандай; немесе 
Маралкөлді кешіп біртін-біртін суға батқан адамның ел-жұр- 
тына енді қайырылмас қаттылығын ұққандай. Жанарындағы 
жасты жылап тауысты ма, енесінің қасында жылжымастан 
сазарып отыр. Бір нәрсесін ұмытқандай, айналсоқтап жүрген 
Тағанға да, элгінде ғана кіріп, шешесімен қоштасып шыққан 
күйеуіне де мойын бүрмады, лэм демеді. Нүрке кемпірдің 
қазіргі неге болсын белін буа бекінген сазарыңқы халі бүған 
да жүккандай. Таң сыз бергенше, көз ілген жоқ. Қаракөлеңке 
бөлменің мұңды да жым-жырт тыныштығы - өлім тыныштығын 
еске салып, салқын сабырға шақырады. Ол - Айна, шеше 
орнына шеше болған енесінің ақтық түнін күзете отырып, 
бүған дейінгі жүріп өткен бүкіл өміріне шолу жасап еді. Есінде 
қалып, есіне алғанда, езу тарттырар аяулы сәттері аз болған 
екен.
Осындайда - көңіліңді қырау басып, жаның жаураған 
мезетте, анасының омырауын іздеген перзенттей қарман- 
ғанында, ойша таусап еміп, ашыққан рухыңа медет болар 
жақсы ма, жайсаң күндердің мол болғанына не жетсін, шіркін!
207


Амал не, тағдырының тарантасы өңкей тастақты жолмен 
жүріп, селкілдеп өткенін неге байқамаған... Қүдай-ау, осындай 
селкілдек ғүмыр кешкенше, неге ғана сол арбадан секіріп түсіп 
қалмаған.
«НЕГЕ БІЗ ОСЫ?...»
...итжандымыз, басқа қаңқ еткізіп теуіп жіберсе де, кың- 
сылаған күйі «иеміздің» етегіне оралып, аягын жалаймыз. 
«НЕГЕ БІЗ ОСЫ...»
...көр соқырдай қалай жетелесе, солай ере береміз... Кім 
үшін, не үшін өмір сүрерімізді ақыл таразысына салмай 
сандаламыз. Адамның қателігі - кемшілік жіберуінде емес, сол 
кемшілікті кешіктірмей түземеуінде. «Мүмкін, осының бар- 
лығы жастай жетім қалып, жасық та жалтақ болып өскенім- 
нен шығар-ау, - деп күрсінді келіншек, - Бэлкім, басымнан 
сипап, бауырына тартар ананың ыстык ықыласын сағынған, 
көксеген сэтте, Нюра Фадеевнаның ақ босағасына тап 
болуымнан шығар. Баласынан қалған коңілді анасы иітіп, бір- 
бірін толықтырған соң, алданып жүре бердім бе? Мен Ерікті 
адал сүйдім, табындым. Дүниедегі ең қиын нәрсе - шын сүйген 
адамыңнан қалған көңіл; ол - шыққан жан, кешірімі мен кеңдігі 
болмайды екен. «Сүю дегеніміз - сол сүйген адамыңның 
ғүмырын кешу», деп бір данышпан сәуегейсіпті... Ал, кештім... 
Ақыры не болды? Осылай аяқталмақ. Жо-жоқ. Сүю дегеніміз
- әсте де сүйген кісіңнің қүлы болу емес... емес... емес... 
Менің Ерікпен өткізген он жылым күң болумен өтіпті...» Көз 
еті ашып, жанары әлсін-әлі жүмыла берді. Жанары жүмылса 
болды: жылқылы ауыл, бие сауып отырған анасы, жайлаудың 
жайқалған қып-қызыл қырмызы гүлі елестейді...
- Айнаш! Ау, Айнаш! - деген үннен селк етіп оянды. Бірер 
минут көзі ілініп кетсе керек. Әлгі өзін шақырған үн қайдан 
шыққанын білмей, жан-жағына қарады. Ешкім жоқ. Енесі көзі 
ашық, тіпті сау кезіндегідей ажарлы.
- Айнам-ау! - дегенде, зэре-қүты қалмады. - Қорықпа, 
келінжан, мен ғой. Су жылытпалап әкелші, дәрет алайын, -
деді қимылдап.
- Қазір, апатай, қазір. - Қатты қуанды. Сауыға бастады 
деген иланым биледі бойын.
Бүл - Нүрке кемпірдің бой жасағаны еді.
208


Асықпай дәреттеніп, ақтық дэм - атау-кере суын ішіп болған 
соң, аллатағалаға мінэжат білдіріп, рахымына көнетінін, төтеден 
жіберген дертіне мыңда бір алғысын айтып, ұзақ күбірледі. 
Бүдан соң «бисмилла рахман-рахим» деп, екі қолын кеудесіне 
койып, шалқалай жатып көзін жүмды. Енесінің эрбір қимылын 
қалт жібермей аңдып отырған келіні тынысы үзілгендей үнсіз 
сүлаған апасынан шынымен-ақ айырылып қалдым ба деген 
корқынышпен үңіле түсіп еді, қарияның жүрек соғысы элі де 
элсіз білініп жатканын сезген.
Нюра Фадеевнаның түла бойы, саусақтарынан бастап, 
суына бастағаны рас-ты. Бірақ шыбын жаны үшып кете 
қоймаған... Оның дэл осына өлім арбасына мінер түсында, 
кандай күдіреттің күші екенін кім білсін, қүлағына шіркеу 
қоңырауының үні естіліп, тау-тасты жаңғырықтыра күмбірлеп 
ала жөнелген. Балиғатқа толмаған баланы шешесі жетелеп, 
шіркеуге апарады екен дейді. Ескі діншілдер шіркеуге бармау- 
шы еді гой... Анасының мынау кержақтар сенім-нанымына 
мүлдем қайшы оқыс қылығына кішкентай Нюра таң-тамаша 
калды. Түкке түсінбей, өне бойын діріл биледі.
Бірақ мінэжатханадан қара сақалды поптың «во имя отңа 
и сына и святого духа» деп басталатын қоңыр да қүдіретті 
даусы жап-жас кызды шошытқан жоқ... Анасының қапталына 
тығылған күйі, шіркеу табалдырығынан аттаған. Көзінің 
астымен жан-жағына қарап еді, мүнда кілең кержақтар ғана 
емес, қаптаған қазақтарды да көрді. Таң қалды... Мүқым иін 
тірескен ел шоқынып түр. Шешесі қызықтағандай аңтарыла 
түрып қалған қызын бүйірден түртіп: «Крестись, отпускай 
свой грех», - деп күбір етті. Нюра екі саусағын біріктіріп алды 
да,шоқына бастады... Ананың сүтімен рухына сіңген сенім 
түптің-түбінде бэрібір жеңіп шыққан еді.
...Енесінен көз алмай отырған Айна бір уақта... жаңа ғана 
кыбырсыз жатқан: бүл түсінбейтін орысша әлденені айтып 
күбірлеп, бүл түсінетін «о, господи, прости своего грешнего...» 
деген 
сыкылды 
создерді 
араластыра 
сойлеп, 
шоқына 
бастағанын көргенде... иэ-иэ, көргенде... екі көзі шарасынан 
шыға шошынғаны соншама, «апатайым-ау, мүның не?!» деп 
айқайлап барып қүлады. Талып қалды. Бүл - Айнаның өз 
өмірінде екінші рет оңбай корыққаны, талғаны еді.
209


...Әне, Нюра Фадеевнаның алдынан ескі діндарлар (старо- 
веры) жұмағының есігі айкара ашылған... Ол мэңгілікке сапар 
шекті.
Үйдің бұрышында шөкелей отырып, сәл көз шырымын 
алған Таған әлдекім түртіп жібергендей, селк етіп оянып еді. 
Күн бұлыңғыр, аспанда тұтасқан бұлт бар. Сондығынан ба, 
таң атса да, маңай қаракөлеңке. Кемпірдің жагдайың білмекке 
үйге кіріп еді, өліп жатқан кемпір мен талып жаткан Айнаның 
үстінен түсті. Жан ұшыра Ерікті шақырды.
Келесі күні түске таман Нюра Фадеевнаның сүйегін Қатын 
өзенінің жағасын жерлейтін болды. Өзі өмір бойы көксеп өткен 
туған ауылынан бір уыс топырак бүйырмады. Жер мойны 
қашық, мэйіт шыдас бермейтін болған соң, анасының арманын 
орындай алмады Ерік. «Ақсақалды үлкен адам ғой, аңшы 
Шалды шақырайык» деген Тағанның өтініші аяқсыз қалды. 
Сонымен, жас қабірдің басында үшеуі ғана тұрды. Дегенмен, 
осынау үш адамның иығында үш жүз адамның қасірет-мұңы 
бар еді. Амал не, қайғырудан қайтып оралған пенде жоқ. Неге 
екені белгісіз, өлікті үйден екі жігіт көтеріп шығарғанда, Айна 
анасына арнап жоқтау айтты, бірақ көзінен жас шықпаған. Зор 
да зарлы үнпаздықпен қабір басына жеткенше тоқтамаған.
Ел жайлауға қайқайды-ай,
Шаппай да жорға тайпалды-ай,
Апатайымнан айырылып,
Маңдайдан бақыт шайқалды-ай...
Арғымақ келер ағылып,
Жібектен шылбыр тағынып,
Асыл да туған апам-ай,
Келінің жүрер сағынып.
Қатынның суы тасыды-ай,
Кемерінен асады-ай,
Апатайдан айырылып,
Сүйегім менің жасыды-ай...
Жылай-жылай күн кешкен 
Ешкі маңырап су кешкен...
210


- Жэ, зарлай берме, сай-сүйегімді сыркыратып. Үндемей 
жыла!- деп, Ерік зекіп тастады.
Қара су болды лайлы,
Көзінің жасын бүлайды.
Бір бүл емес, апатай,
Келінің талай жылайды-ай...
«Соңғы жоктауды өз жанынан шығарды, - деп ойлады 
Таған. - Апыр-ай, артында аңырап жоктаушың қалса, қандай 
бакыт. Нюра Фадеевна армансыз, эрі иманды адам».
Түнде бас алмай жауған биылғы күздің алғашкы жаңбыры 
осы эзірде ғана толастаған. Арты калың түманға айналды. 
Таудың боз түманы маңайдағы барлык затты түмшалап 
тастаған. Қабірдің топырағы нөсер суымен малшынып, аяққа, 
күрекке жабысып, сарсаңға салады. Жол бойы қыңсылап, 
аякка оралып, мазаны алған Аламойнақ шоқиып отыра қалып 
үлыды-ай... Ерік «өзіңе көрінсін» деп, қолындағы күрегін ала 
үмтылып еді, түманның арасына сіңіп кеткен. Әлдеқайдан, 
бозғылт дүниенің әйтеуір бір түсынан үлыған үні бэрібір 
естіліп түрды. Нюра Фадеевнаны жерлеу рәсімі аяқталған 
соң, екі еркек, жалғыз эйел томпайған топырақ үйіндісіне 
салбыраңқы қабақпен қарап, үнсіз үзақ түрды. Әркайсысы 
өзінше қайғырды, өзінше бакылдасты. Алтайдың жамбаска 
жүп-жүмсак қойнауы койнына алған Нүрке кемпір қанша 
діндар болса да, не мүсылманша, не христианша жерленбей, өз 
иманын өзі айтып, өз жаназасын өзі шығарып, жарық дүниенің 
бар азабынан осылайша бақилыққа азаттанып еді...
Жер беттеніп, кімге екені белгісіз, кекті сыңаймен түйілген 
Ерік шүғыл бүрылып кете берді. Енді Таған мен Айна ғана 
қалған қабір басында. Басына ораған қара шәлісінен бет пішіні 
сәл ғана көрінген келіншек көз жасының суалып, ағыл-тегіл 
жылар шағында кеуіп қалғанына қайран... Таған болса не істерін 
білмеген. Жасканшақтана жақындап, Айнаның қолтығынан 
үстады:
- Апамыз келмеске кетті, өткенше өкін, өткен соқ бекін 
деген, жүр қайтайық,-деп икемдеп еді, келіншек міз баққан 
жок. Ендігі түрыстың лажын таппаған соң, ол да үй жаққа 
аяңдады. Жас қабірдің басында түманға түмшаланып Айна 
жападан-жалғыз қалды.
Түн аса суык болды.
211


Ертеңінде шөп басын сілбі басып, кешегі жаңбыр мұздақтап 
тастап еді. Айлақта отырған жалқы омартаның түтіні бүл күні 
шыққан жоқ, тіршіліктің барлығын кемпір өзімен ала кеткендей 
өгейсіген өмір басталды. Ежелден аз үйықтап, көп жортатын 
Ерік таң қылаң бере, атын ерттеп, мылтығын өңгеріп аң қарап 
кетті! Түні бойы дөңбекшіп, үйкысы қашып, корер таңды 
көзімен атқызған Таған тауық шақырарда ғана тыншыған. Ал 
Айна мүлдем көз ілмеді. Енесінің киімдерін жинастырды, тосек- 
орнын сілкіп, бөлмені аршалады. Енесінің оны-мүны салынған 
сары ала сандығын алғаш рет ашқан. Қақпағын ашарда неге 
екенін өзі де байқамай «бисмилла» деген сөз аузына түсті. 
Сандықтың ішінде өзінен жасырған мол «байлық» жок екен, тек 
ең түбінде шетін кестелеғен ақ орамалдың орауын жазғанда, өз 
көзіне өзі сенбеді, адамзатқа бақырая қараған көнетоз иконды 
қолы қалтырай алып, бүрышқа апарып сүйеп қойды.
Ерінің ертелетіп аттанғанын көрген. Тэуекелге бел байлап 
үйден шыққан. Омартаға барды. Оқыс түскен суық аралардың 
да зәресін алғандай... Америкадан келген будандардың үясын 
іздеп тауып, ара кіріп-шығар танадай тесігін шүберекпен 
мықтап бекітті. Қүшақтай ыргап орнынан көтеріп алған 
күйі өзен жағасына апарды. Екіншісін де жеткізді. Үйден 
шелекке кұйып керосин экеліп аямай лақылдатып төкті ағаш 
жәшіктерге. Бұдан соң шырпы тұтатып от қойды. Лап еткен 
жалыннан жасқана шегініп, «жауыз араның» жанғанына 
рақаттана қарады-ай... Сөйтіп, енесінің қазасына себепкер 
болған капиталистік шыбынды шыркырата құртқан еді... Амал 
не, Алтайдың ана аралары ОЛАРМЕН әлдеқашан шағылысып, 
«жауыздардың» ұрпагы анау қаптаған ұяның әрқайсысында 
қыбырлап жатқанын сезген жоқ еді... Амал не... білген жоқ 
еді...
Осы кезде Таған да окыс оянып, далаға шыққан. Ең әуелі 
көргені - өзен жағасында жанып таусылуға айналған отқа 
кактанып тұрған Айна. Алғашыңда істің мэн-жайын түсінген 
жоқ. Қасына барып білейінші деп беттей бергенінде, теріс қарап 
сұлық тұрған келіншек жалт бұрылып, Тағанды көрген соң, 
«бұл қайдан шыға келді» дегендей, Қатын суына қарай тұра 
жүгірді. Жүгірген бойы екпінін бәсеңдетпестен, жарқабақтан 
суға секірді... «Айна! Тоқта!...»- деп, айқайлай ұмтылған жігіт 
агын ала қашқан әйелдің денесін қуа, жар жағалай безектеп,
212


алдынан шыға ол да секірген. Мұздай суға какалып-шашала 
малтып, Айнаның киіміне колы іліккен соң, сыңар колдай жүзіп 
жағаға сүйреледі. Күткарды. Өлі-тірісін білмейді. Сілкілеп 
жүткан, койны-конышына толған суды ағызды. Аяк-колын 
кергілеп, жаттығу жасатып дем берді...
Әйел есін жиғанда, куанышында шек қалмаған. Көтерген 
күйі апарып, киімін ауыстырды. Пешке от жағып, бөлмені 
жылытты.
Енесінің ағаш төсегінде безгегі үстағандай дірілдеп жаткан 
Айна өз-өзіне келген соң, көзін ашып айтқаны:
- Бекер қүтқардыңыз, аға... Бэрібір бүл дүниелік емеспін.
- Не басыңа күн туды, айнам. Битке өкпелеп, тоныңды отқа 
салғаның не?
- Бит емес-ау, итке окпелеп... Қарызыңыздан кұтыл- 
дыңыз...
- Рас, мені де ажалдан ағытып алып едің... Ыстык шай ішесің
бе?
- Әуре болмаңыз... Сіз маған мынаны айтыңыз: өлімге қима- 
дыңыз, ендеше, өлімнен де бетер корқынышты осы карғыс 
атқан үйге тастап кетесіз бе... бэрібір бұл жерде тірі жүруім 
екіталай...
- Не істеуім керек, айнам... Еріктің асын ішіп, аяғына 
түкіргендей боламын ғой...- деп күмілжіді. ¥ яң да үятты 
келіншектің неге бекініп, қандай іске бастағанын аңдаған соң, 
жаз бойғы арманының берекесі кашып, солқылдай бастаған.
- Олай болса сізге өкпем жоқ... Жолыңыз болсын. — Сәл үнсіз 
жатты да: - Мен сізге сөз салып, маған үйлен деп, қолқа артып 
жатқаным жоқ, мынау қасіреттен құтқарар адам баласы бар ма 
деп, корланып жатырмын... Әйтеуір, сүйемелдеп тау асырып 
тастасаңыз болды... өзіме өзімнің шамам жетер емес... Араға 
таланып өлгенше, Алтайдың аюы жегені иманды шығар...
- Олай болса, мен дайынмын! - деді үлы тәуекелге бел 
буғандай ширыккан Таған. - Құдай да, адам да кешер бұл 
ісімізді.
- Бүл жалғанда сенерің, сүйенерің, қүтқарарың, қол ұшын 
берерің болғанға не жетсін, - деді басын көтеріп, орнынан 
түрған Айна сергек үнмен.
Таған келіншектің су-су шашынан сипап, алғаш рет 
маңдайынан иіскеді.
213


- Сен болмасаң, менің де сау-саламат жүруім екіталай, 
айнам, ішіп-ішіп өліп қалар едім.
- Қызық екен, аға, - деп әнтек жымиды. - Бүрын сізден 
ішімдіктің иісі шығатын, қазір сәбидің бе, сәби жөргегінің бе, 
эйтеуір, жаныңды жарылқайтын өзгеше бір таныс та бейтаныс 
иіс сезіледі...
Тихой өзеншесінен Айнаны көтерген күйі, белуардан кешіп 
өткен Таған Шалдың «мемлекетіне» жетелейтін білте жолмен 
Алтайдың қара орманына сіңіп бара жатты...
Оң сапар тілейік, ағайын...
«НЕГЕ БІЗ ОСЫ...»
Аңнан кештетіп оралған Ерік келіншегі мен маскүнем 
досының жым-жылыс жоғалып кеткенін білді, сезді, іздеген 
жоқ. Салқын қандылықпен: «Жетісер!» - деді, тісін сақүр- 
сүқыр қайрап. Содан соң «Жетісерсіңдер, жетісерсіңдер! - деп 
жын үрғандай, тауды басына көшіре сақылдап күлген. - Прохор 
келсін, вертолетпен Бекзатты алдырамын. Маған бэрібір, қатын 
болса - болды».
Ертеңінде әлемді аппақ кебінге орап қар жауды. Биылғы 
жылдың алғашқы сонары...
«Аңға шығу керек, - деп ойлады ширыққан омарташы. -
Дүниеде одан қызық та қымбат не бар? Қалғанының барлығы 
қараң қалсын!»
* * *
Келер жылдың көктемі шығып, жабағыланған сіреу қар еріп 
таусылып, арқырап өзен тасып ағаш бүрлеп, гүл бас жарғанда, 
Ерік жылдағы әдетінше Қатын суын қүлдап, тарихи мекеніне 
барған. Арғы беттегі шынарға жанарынан су аққанша қарады. 
Әне, көрінді! Сол! Өзі! Ақбоз ат мінген сүлу! Омарташының 
ғашығы! Аттан түсіп жетелеген күйі, өзен жағасына келді
- тым жақыннан көрінді. Қолын бүлғады. Ерікте ес қалмады. 
Суға түсердей болып, жағалауға мінбелей ынтыққан. «А, қүдай, 
араға айналсам екен, ара болып арғы бетке үшсам екен» деп 
тізерлей отырып, қолын аспанға соза, бар болмысымен тіледі- 
ай, түңғыш рет зар еңіреп жылады-ай...
Қүдайдың құдіретімен омарташы араға айналды... бірақ 
бал арасына емес, малға тыныштық бермейтін көкбас сонаға 
айналды. Айналуы сол екен, арғы жиектегі Қызға зымырай
214


ұшкан. Ұшкан калпы ғашығына жетіп, иығына қонды. Не 
болғанын білмей сасып калған Қыз қолындағы екі бүктелғен 
қамшымен сескене салып қалғанда, енді ғана арманына жеткен 
«Ерік-Сона» қанатын серпуғе шамасы жетпей, тырапай асып 
домалап түскен... мэңғілікке...
Қатын суының айлағындағы керемет үй, көл-көсір байлық, 
қора толған мал, бал аралары иен қалды. Қалса - қалсын, көп 
үзамай Қатынға тоған орнатылып, су көтерілғенде, бэрібір 
шіріп астында калады...
Су астында Нюра Фадеевнаның жетімсіреғен зираты да 
қалады...
«НЕГЕ БІЗ ОСЫ...»
215




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет