МА. Аары алхан Бөкей Шыгармалары Екінш І том Роман, повестер ф Алматы 2013 «Ел-шежіре» ҚҚ



Pdf көрінісі
бет6/7
Дата07.02.2022
өлшемі8,58 Mb.
#90037
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Shygarmalary 2tom Bokey

Дулат Бабатайұлы
Алқара аспаннан тағы бір самолет ұшты...
* * *
Күйек аяқталған соң да Барханның мазасы болмады. Адам 
тірлігінің үшы-қиыры жоқ, таусылмас күйбеңі бүйдалап алып, 
ой мен қырға дедектетіп кеп жүргені.
Меңіреу даланың мең-зең етер тыныштығын маңыраған 
қой, жамыраған төл бүзса, осы мэңгіртіп жіберер үннің өзі 
элдебір тылсым қуаныштан ептеп хабар таратқандай да еді.
Бархан міне қырықтың бесеуіне келді - ертеңнен қара кешке 
тыным таппай қанша еңбектенсе де, буыны босап шаршаған 
да, көңіліне қаяу түсіп жалыққан да емес. Ол жалғыздықтан
- айналасында даңғыр-дүңғыр айғайласып, оқта-текте сыр 
шертісер адам табылмай талықсыр еді. Қойын қоралап, жүбайы 
қайнатып берген шайды терлеп-тепшіп ішіп алған соңғы бос 
уақыты жүйкесін тоздырады-ай.
Ой десек, оны күні бойы аттың үсті, қойдың соңында ілбіп 
жүргенде таусап біткен. Радио деген шуылдақты бүрап қалса 
болды, шүлдір-шүлдір етіп не басқа тіл шыға келеді, не анау 
бір эрі композитор, эрі энші жалғыз өзі қақсап кеп түрғаны. 
Бүлардан да әбден мезі болды. Ал, айына бір рет үйіп-төгіп 
тастайтын газеттің бетін ашып қалса, баяғы бір кісілердің
баяғы сол көрші Сейітқұлдың сығырайып өзіне қарап отырған 
етектей суретін көреді, оған жазылған етектей мақаланы 
окиды.
Іргелес қойшы Сейітқүл туралы ауданнан бастап, тіпті 
сонау Алматының газет-журналы өкіртіп жазып жатады. 
Әнеугүні бұйра бас жас жігіт келіп кітап жазам деп, деректер 
алып кеткен.


Сейіткұлдың үйінде бір ай жатқан жігіт қарға адым жердегі 
Барханның баспанасына бас сүккан жок.
«О несі екен? Есенбісіз десе, есінен адасар ма еді?»
Күйекті алдымен аяктаған Барханның жылдағы әдеті 
Сейіткұлға кол ұшын беру. Міне, аттай зулап бес жыл өтті, 
кұдай көршісі - қыстык қытымыр суығын, жайлаудың салқын 
самалын бірдей көріп келеді. Тонның ішкі бауындай араласып 
кетпегенімен, «Кемедегінің жаны бір деп», көмектесе алмай 
тұрмайтын. Сейітқұл он жас кішілігіне карамастан, жанкешті 
пысық, қолды-аяққа тұрмайтын жылпостау. Алғашында 
Барханға көмекші шопан болып жүрді де, кейін келе өз қолымен 
үйлендірді де. Қашан каз тұрып кеткенше қамкор канатына 
алған Барханға кейін жалдана, кондана келе, қорс етіп мінез 
көрсететінді шығарды. Бірақ, табиғатынан жуас, кісі бетін 
кайтарып көрмеген ол кешегі айрандай аптап, күбідей пісіп 
өз үйінде тайраңдап жүрген жігіттің бүл әбестігіне налып, 
пәлендей мэн бермеді.
«О несі екен?»
Қарашаның кан қүстырар көп-коп карбаласы артта қалды. 
Жылдағыдай емес, ауа райы жайлы болып тұр еді. Тек күні 
бойы ызыңдап, сүп-суық жел еседі демесең, күн ашық. Қас 
кылғандай қойды күйекке түсірер шақга қар аралас жаңбыр 
жауып, оңтүстік өңірінде бұрынды-соңды бола бермейтін 
лайсаң күз болып еді. Табиғаттың осы бір қылтқи берер 
қытымырлығы дэл мүрынға су жетпей, екі қолыңды тортеу 
ете алмай арпалысып, күш күресіп жатқан шағында қағынуы 
онсыз да жүқарған жүйкеңді тоздыра түсер еді. Үлкен науқан 
есен-сау аяқталып, уһ деп бел шеше бергенде, күн шайдай 
ашылған. Шайдай ашылған күннің ендігі жан жадыратар 
коңыржайлығы Барханның шамына әбден тиіп болды. Қойды 
кұм шағылдардың ара-арасына қаптата өргізіп жіберді де, 
анау төбенің ар жағында құдық қазып жатқандарға барады. 
Ермек іздегені болар. Машиналарын дүрілдетіп, беріштеніп 
калған кұм қиыршықты бұрғылаған үш-төрт жігіт, олар да 
ермек іздейді білем, жуас түйе жүндеуге жақсы дегендей, 
мүны қажап, кайдағы-жайдағыны шұқылап, сұрай беретін. 
Ішіндегі ересегі Серіктің жасы Барханмен шамалас, «қүрдас» 
деп қатты калжыңдасады. Қуақы, сөзге жүйрік, үнемі көңілді
333


жүретін, үнемі күлімдеп, үнемі мүрнынан әлдебір эннің 
әуенін ыңылдап айта жүрер еді. Олардың міндеті, бастығы 
Серіктің эмірін тыңдап, қойшыға арналған эрбір қалжыңына 
жосықсыз тырқылдап күле беру. Қүдық қазушы үш азамат 
Барханның үйіне қонып, ертелі-кеш ыстык шайын айырып жүр. 
Алғашында Сейітқүлдың үйін торуылдап көріп еді, теріс қабақ 
танытқан соң, олай қарауды да қойған. Тіпті күңкілдеп, «әйелі 
жас болған соң қызғанады, шық бермес Шығайбай» екен десіп, 
жамандап та қойысады. Ондайда Бархан ойда-жоқта тауып 
алған «туыстарына» тэйт деп жекіп тастайтын. Жекіп тастамас 
та еді, өзін майлы шелпек, ит-қүс іше берер жайдақ су көрмесін 
деғен оқыс мінезі-ау. Өзі де үл-қыз өсіріп, ешкімнің ала жібін 
аттамай, адал ғүмыр кешіп келе жатқан азамат екенін аңғарту- 
ма екен...
Барханның әйелі қой аузынан шөп алмас момын, өз 
шаруасына берік түйықтау адам. Апама жездем сай осынау 
жүбайлардың белдеу-белдеу кұмның арасына түтін түтеткеніне 
он бес жылдан асып бара жатса да, шәй десіп бірінің бетінен бірі 
алған кезі болған емес. Қандай қиын-қыстау шақта ақылмен ғана 
қимылдап, өзара үнсіз келісумен кірісетін жүмысқа. Айрандай 
үйыған осыншалық әдемі семьяны жер-көктен іздесе де 
табылмасы, бірақ бэрібір байқалмай, бағаланбай, қүмға сіңген 
судай жоғалары хақ еді. Бес баланың үшеуі ауылда, апайының 
қолында түрып оку оқиды, екеуі элі кішкене, қозысын қүшақтап 
үйде отыр. Киіз үйден қыстауға көшіп келгелі балаларының да 
өңі кіріп, пештің қызуына қақтанып, мэз болысып жүрген.
Бүдан он бес жыл бүрын дэл осындай қарашаның күзінде 
әйелі Жүмагүлге үйленген. Әке-шешеден ерте айрылған 
жалғызілік жігіт Егемқүл қарттың қолында қысы-жазы көмекші 
болып, бауыр басып алған. Біртоға, жол саудасы жок, Барханды 
туған үлынан бетер жақсы көріп, қызымен көңіл қосуын іштей 
көксеп те жүретін. Бала мен бала бата сүрап келгенде, көзінен 
жас шыға қуанған, маңдайларынан алма-кезек сүйіп, «бағың 
ашылсын, қос ботам» деген, сонсоң қолын жайып: «ендігі 
мал да, осы үйдегі жан да екеуіңнің еншің. Кемпірім екеумізге 
кештік ғана ғүмыр қалды. Тату-тэтті, жүптарың жазылмай 
өмір сүріңдер» деп еді. Қарттың тілеулі батасы қабыл болды, 
қүдайға шүкір, он бес жыл от басының берекесі кеткен жоқ...
334


* * *
Бархан бүгін отарын ерте өргізді. Ауыз үйде тырайып 
үйыктап жаткан үш жігіт те, кіші кызы Нүргүлдің ауызы уылып, 
жылап мазаны алган соң, түн ортасы ауғанша көз ілмеген әйелі 
де, енді ғана таңғы тэтті ұйкының кұшагына енгендей еді. 
Сыртка шыкканда ептеп тоңазыған дене жылы төсекті кайта 
сағынды. Күн шыккан жоқ. Ала донденіп мінгесіп-ұшкаса 
келеңсіз далаға карай жарыса созылған кұм төбелер, сол кұм 
төбелер, сол құм төбенің қырқасына ойдым-ойдым қойнауына 
жармаса өскен сексеуілдер жағаласа жарысып, көзге суык 
тартады, көңілді жүдеткендей болады. Бархан алды-артына
- иә, айналасына, қарашаның салқынына бедірейе арқасын 
беріп, бетпақ жатқан кұйқалы құмды тұңғыш рет аяғандай
жанарын тайдырмастан көпке дейін карайды-ай. Ойлап тұрса, 
он бес жыл мекен жай болған Талдыөзектің бойынан зәредей 
өзгеріс таппаған екен. Сол есіліп-есіліп калған бұйра қүм, сол 
ербиген сексеуіл, албастыдай алба-жұлба түзген, жер тағандап 
өсер жыңғыл; сол аспан - бірде бұлтты, бірде ашық, бірде 
қар, бірде жаңбыр; сол күн - өз орнынан шығады, өз орнына 
асықпай, аяңдап барып батады; сол бір мал - маңыраған қой
- ол да өмір бақида кісіней алмайды; сол көрші Сейіткұл
- күні кеше жап-жас елгезек жігіт еді, бүгінде құм санайтын 
қу болды. Енді Бархан сол Сейітқұлдың кыстағына қараған. 
Жым-жырт, тұяқ серіппей қаперсіз ұйықтап жатыр. Қорасына 
совхоз ерте бастан жеткізіп берген шөп қаздай тізіліп, кеше 
ғана мектеп оқушылары қазып берген қой қораның қиынан элі 
де бу шығады. Кеше балалар опыр-топыр іске кіріскенде, бұл 
да қолына күрегін алып, жападан-жалғыз ат шаптырым қораға 
беттеп еді, әйелі Жұмагүл: «Еруліге қарулы болып қайтесің, 
Сейіткұлдың басына пыр етіп қонған баққа таласқандай 
болмайық, ертең де күн бар», деген соң, атына мініп қиқайып 
өріске кеткен. Өріске беттеген Барханның соңынан Сейітқұл 
айқай салды:
- Отағасы десе, менің де отарыма көз қырыңды сала жүр.
- Жарайды, батыр-еке, - дегеннен басқа жарытып жауап 
таба алмады.
«Анау балаларға біздің қоралардың да қиын ойғыза сал» 
дегісі келді-ақ, әттең мінезінде жоқ бөтендік танытуға дэт 
шіркін бара алмаған. Бірақ, Бархан бұдан соң көпке дейін өз- 
өзінен күңкілдеп, сөйлеп жүрді қой шетінде.
335


- «Осы совхоз басшылары кызық, Сейітқұлға жіберген 
окушыларға маған неге көмектес демейді?»
- «Осы совхоз басшылары кызык, Сейіткұлдың шөбін жер 
қара, күн жылыда тартып береді, ал маған тышқан ізін салған 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет