Түрі:.Мақал-мәтел сайысы.
Көрнекілігі: - Мақал мәтелдер жинағы, нақыл сөздер мен плакаттар.
-Сайыстың алдында тіл туралы белгілі адамдардың айтқан сөздерін еске түсірейік.
Шыңғыс Айтмтов: «Тіл жоқ жерде, ұлт жоқ».
Максим Горький: «Тіл аспап сияқты, оны жақсы білу керек, оны меңгеру керек».
Бауыржан Момышұлы: «Тіл дегеніміз қай халықтың болмасын, кешегі,бүгінгі ғана емес, ертеңгі де тағдыры».
Махмұт Қашқари: «Игі істің басы-тіл , тәрбие басы-тіл».
Нұрсұлтан Назарбаев: «Тілден артық қазына жоқ, тілден артық қасиет жоқ.»
Сайысымызды бастамас бұрын қатысушыларды 2 топқа бөлу.
1 топ «Сұңқар». Ұраны:
Сұңқардай қалықтаймыз,
Ізденуден жалықпаймыз!
2 топ «Тұлпар». Ұраны:
Тұлпардай жүйрік болу арманымыз,
Жетуге соған тырысамыз!
1.Сұрақ-жауап сайысы.
Шарты:Қойылған сұрақтарға тез жауап беру.
Достарыңызбен бөлісу: |