Мақалада қазақ әдебиетінің классигі Ә. Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» романына психологиялық талдау жасалады



Pdf көрінісі
бет6/8
Дата22.12.2023
өлшемі286,01 Kb.
#198443
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Без названия

Нәтижелер мен талқылау
Әбіш Кекілбаев шығармашылығы өзінің 
психологизмімен, философиялық ойға бай болу
-
ымен ерекшеленетінін әдебиеттанушылар, сын
-
шылар өз еңбектерінде атап, дәлелдеп келеді. Ал 
жазушының тарихи деректерді, көне жәдігерлерді 
шығармашылық пайдалануының өзі кемел пси
-
холог пен философтың қолтаңбасындай әсерде 
қалдырады.
Тарихи жәдігерлерге көз салсақ бүгінге 
сақталып жеткен біршама еңбек ел билеушісіне 
арналып жазылған немесе ел билеу ісі жай
-
лы жазылған шығармалар болып келеді. 
Әміршілердің қалдырған еңбектері тағы 
бар. Осы тарихи жәдігерлерге қарай отырып 
әрбірінің өмірінде атын кейінге қалдыруға деген 
талпыныстың болғанын аңғаруға болады. Соны
-
мен қатар көптеген ел билеушілеріне арналып 
соғылған ғимараттар да жетерлік.
Әбіш Кекілбаев өзінің романы туралы сөз-
дерінің бірінде дүниеде түрлі Әміршілер бол-
ғанын, олардың өмірлерінде романдағы секілді 
оқиғалар орын алғаны туралы ескерткіш жәді-
герлер бүгінге дейін жеткенін, Әмірші обра-
зының жиынтық образ екенін айтқан болатын. 
Ел билеушісіне арналып салынған құры лыс-
тар туралы түрлі аңыздар әлем халықтарында да 
көптеп кездеседі. Жазушы осы аңыздарға ортақ 
детальды алып, ерекше көркемдік шешімімен 
психологизмге бай шығармаға арқау еткен.
Зерттеу нәтижесінде «Аңыздың ақыры» 
романында автор әр кейіпкерінің іс-әрекетін 
оның сана ағымындағы ойларының жүзеге 
асуы ретінде баяндайды. Сана ағымына сыртқы 
ойлардың да әсер ету мүмкіндігі барлығы жоққа 
шығарылмайды. Мысалы, Әміршінің Жап
-
пар ұстаны жазалау барысында өз еркі өзінде 
болғанымен сырт көз халықтың қаһарынан 
қорқады. Өзінің неше жорықтарда қаймықпай 
қан майданға кірген қолбасшы екенін біле тұра, 
ел билеу ісінде халықтың пікірімен санасуы өз 
өзін ақтаудың қорғаныш құралы ғана. Ол ұстаны 
жазалау алдында ел арасында мұнараны салған 
ұста жайлы, оның жоғалып кетуін халықтың 
қалай қабылдап, неге жорығандарын жансызда
-
ры арқылы біліп, соған орай шешім қабылдаған 
Әмірші күні жеткен деспотизмнің нышаны 
ретінде көрінеді.
Роман соңында автордың жорыққа атта
-
нып бара жатқан Әміршіге көзі көрмейтін, әрі 
жүдеу Жаппар ұстаны көрсетуі, өмірдің өткінші 
екенін меңзегендей сұқ саусағындағы жүзіктің 
сусып түсіп қалуы секілді детальдар қолдануы 
– бастауы бар дүниенің соңы болатыны, бас 
кейіпкерінің қорқынышының алдынан шығуы 
секілді ишараттарды білдіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет