113
Б.Б. Баязитов
Әдебиет сыншысы Төлеген Тоқбергенов:
«Романда
романтикалық сарын, философиялық
түйін, шартты тұспал түгел араласқан. «Аңыздың
ақыры» қалай да қазақ әдебиетінің роман
жанрындағы үлкен жаңалықтарының бірі. Лири-
калық сипаттағы роман-новелла десе де болады»
(Тоқбергенов, 1981), – деп «Аңыздың ақыры»
романын қазақ әдебиетіндегі роман жанрындағы
үлкен жаңалықтың бірі ретінде таниды.
Қазақ романы ХХ ғасырдың бас кезінен
өзінің даму жолына түсті. Алғашқы романдар
қатарындағы «Ақбілек» романында жазушы
Жүсіпбек Аймауытов психологизмнің үлгілерін
көрсетті. Әдебиеттанушы ғалым Б. Майтанов
көркем шығарманың психологизмінің баста
-
уын зерттеуді осы романнан бастайды. Қазақ
романының әр уақыт өсіп,
кемелденіп отыруы
Ә. Кекілбаев сынды қаламгерлердің «Аңыздың
ақыры» сынды жаңалыққа толы шығармалар
беруімен өлшенсе керек.
«Аңыздың ақыры» несімен жаңалық ретінде
танылып отыр дегенге сыншы Т. Тоқбергенов
біршама нақты, әрі толық жауап бергенін
келтірілген үзіндіден көрдік. Сол жаңалыққа
жол болған жазушының кейіпкерлерді сом
-
дау ерекшелігін де атап өткен орынды. Мұны
әдебиеттанушы ғалым Б. Шалабай: «оның
кейіпкерлері ішкі толғаныс, ой үстінде жүреді»
(Шалабай, 2009: 144), – деп анықтап кетеді.
«Аңыздың ақырын» оқи отырып Әміршінің
бейнесіне ерекше тоқталып өту керегін
түсінеміз. Оған жазушының шығыс деспотизмін
әшкерелеу арқылы сынауды, кемелдікке
ұмытылып, болып-толып отырып тоқырауға
ұшыраудың соңы не боларын көрсетуді мақсат
еткені көзімізді жеткізе түседі.
Әмірші образы
күрделі образдар қатарында. Оның ел басқаруы
мен Кіші ханым арасындағы нәзік байланысты
сақтап қалу жолындағы істері бәрі де өз абырой
-
ын қорғаудан келіп шығады.
Психологиялық талдауда ғалымдар эгоның
(меннің) қорғаныс құралдарын бірнеше түрге
бөліп қарастырады. Олар: орынсыз либидолық
(саналы ақыл-ойдың көп жағдайда бейсана де
-
ректерге едәуір трансформация жасауы), ин
-
теллектуалдандыру, проекциялау, рационалдау,
реакция қалыптастыру, регрессия, сублимация,
қысым көрсету, т.б. (Райан, 2017). Осы қорғаныс
құралдарын Әмірші бойынан көруге болады. Ә.
Кекілбаев Әмірші бейнесін жасауда кейіпкерінің
өзін қорғау құралдарын қалыптастырып алуына
мүмкіндік жасаған. Шығарманың туу мақсатына
орай, яғни жоғарыда келтірілген жазушының
«Аңыздың ақыры» романын жазудағы мақсаты
осы қорғаныс құралдарының Әміршіден табы
-
луы заңды екенін негіздейді.
Әдебиеттанушы ғалым Гүлзия
Пірәлиева
Әмірші бейнесі жайлы: «Өз сырын өзге түгіл
өзінен жасыратын Әміршінің табиғаты тұнып
тұрған құпия, өзінің не күйінішін, не сүйінішін
сырт көзге сездірмес тәкаппар. Кейіпкер тек
төңірегіндегілер үшін ғана емес, оқушысына
да оңайлықпен сыр ашпайтын тылсым харак
-
тер. Оның сырт көзге байқала бермейтін ішкі
сезім иірімдеріне, жан арпалысына, ой-сезім
құбылысына, санасындағы психологиялық про
-
цеске, терең тебіренісіне
тек автор көмегімен
ғана дендейтін сияқтымыз» (Пірәлиева, 1994:
191) – дейді. Ғалымның айтқанындай Әмірші
табиғаты күрделі кейіпкер. Оны автордың
көме гімен ашықтап түсінуге болады. Деген
-
мен психологиялық талдау арқылы автордың
кейіпкер тұлғасына жасырған құпияларын
білуге болады.
«Аңыздың ақыры» романын талдаған
әдебиет танушы ғалым А.Б. Темірболаттың
еңбегінде Әмірші бейнесінің мекеншақ тұрғы-
сынан көп өлшемді екені айтылады: «В центре
внимания писателя – образ Повелителя. Изна
-
чально автор не называет героя по имени. Тем
самым он подчёркивает, что данный образ, с
одной стороны, носит обобщённый характер, с
другой – занимает особое положение. Простран
-
ственно-временная позиция Повелителя нахо
-
дится над пространственно-временными пози
-
циями остальных героев романа. Он – вершитель
их судеб. Их жизнь фактически протекает в уста
-
новленных им пределах. Поэтому хронотоп По
-
велителя как бы вбирает в себя индивидуальные
времена и пространства окружающих его людей.
Он выступает своеобразным центром, в котором
пересекаются и
вращаются судьбы героев про
-
изведения. Сквозь призму сознания Повелителя
автор преломляет, осмысляет, оценивает их по
-
ступки, деяния, происходящие события. Хро
-
нотоп главного героя романа характеризуется
многомерностью» (Темирболат, 2019: 69).
Әдебиеттанудағы Әбіш Кекілбаев шығарма-
шылығы жайлы зерттеулердің біразына шолу
жасағанда, «Аңыздың ақыры» романындағы
Әмірші бейнесін негізге алып жазушының
кейіпкерді сомдаудағы ерекшеліктерін айқын-
дадық. Ғалымдар еңбектерінен үзінділер келтір-
генде қай қырынан зерттеді дегенге тоқталмастан,
Ә. Кекілбаев жайлы бір жерден шыққан және
мақаламыз мазмұнын толықтыратын тұжы-
рымдарын ғана келтіруіміздің өзіндік себебі
бар. Мақаланы жазу барысында қарастырылып
114
Әбіш Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры»
романындағы психологизм
отырған мәселенің ол еңбектерге қарағанда пси
-
хологизмге жаңа қырынан қарау және өзімізге
дейін жазылған дүниелерді тиянақтай отырып
жалғау мақсаты көзделді.
Сонымен қатар Ә. Кекілбаевтың «Үркер»,
«Елең-алаң» романдарындағы Әбілхайыр хан
образын мысал ретінде айтып өтсек. Әбілхайыр
хан – ақыл парасаты мол, пікірі мен танымы
кең ел басшысының үлгісі. Екі роман да тари
-
хи таным мен елдік мүдденің үйлесімінен туған
туынды ретінде Әбіш Кекілбаев қаламының
ізін танытады. Романдарда баяндалатын
елшілік тер, рулар арасындағы қатынастар,
ел
тарихындағы маңызды оқиғалар, ханның
ақылды, айлалы болмысы, халықтық мінез бен
салт-сананың ерекшеліктері жазушы шебер
-
ханасын жақсы жағынан тануға мол мүмкіндік
береді. Әбілхайыр хан бейнесі мен Әмірші
бейнесі арасында шығарма табиғатына сай
үлкен айырмашылықтар бар. Ал ел билеушісінің
психологизмін анықтаудағы автор ізденістерін
толыққанды айқындауда екі образды қатар са
-
лыстыра қарау керек екендігі анық болады.
Зерттеу тақырыбымыз «Аңыздың ақыры»
романы болғандықтан ел билеушілер образын
жасау Ә. Кекілбаевтың ерекше қыры екенін атап
өтеміз.
Әмірші образымен қатар, романдағы
Кіші ханым, Жаппар ұста бейнелерінің терең
психологиялық мінез қатпарлары шығарманың
негізгі тірегі десек қателесе қоймаспыз.
Достарыңызбен бөлісу: