Мақалада түркі тілдеріне ортақ жануарлар атауы қарастырылды. Жануарлар атауының түркі тілдері лексикасы жүйесіндегі орны ерекше



Pdf көрінісі
бет9/13
Дата24.10.2023
өлшемі0,88 Mb.
#188239
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
Хабаршы №2, 2022-48-57

ISSN-p 2306-7365 
ISSN-e 2664-0686
 
ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ

№2 (124), 2022
 
54 
ғалымдардың аталған сөздің тұлғасына қатысты талдауларын, тұжырымдарын берумен 
шектелген [7]. Сонымен қатар Т. Гюленсойдың сөздігінде де сөздің этимологиясына қатысты 
бірнеше тұжырымдарға тоқталады. Ғалым Т.Гюленсой сөз тұлғасының орта ғасыр 
ескерткіштер тілінде aslan мен ұйғыр тіліндегі arslan қолданысына назар аудара отырып, сөз 
тұлғасын былайша көрсетеді: Арслан, аслан зоониміне байланысты ғалымдардың тұжырымдарына назар аудара 
отырып, зоонимнің құрылымы бойынша ғалымдардың сөз тұлғасын тануы әр түрлі: 
arsıl 
ilan~arıs ilan
(W.Bang), 
arsıl+
 
аŋ (
Д. Немет, Х. Эрен), 
arıs
+lan (Вамбери), 
ars
+lan, 
(Рамстедт),
as+lan~arıs+lan
(+lan
«ending»)
(Clauson),
ar
+
sıl+аŋ
(Щербак),
aslan~arslan
(Eren). 
Арслан, аслан
формасына қатысты тұжырымдарды көптеген ғалымдар 
қабылан, 
сырттан, жылан
зоонимдерімен салыстыра отырып талдайды. Сондықтан түркі тілдерінде 
этимологиясы әлі де нақтылауды қажет ететін зоонимдердің бірі – қабылан.
Қабылан
(kaplan) зоонимінің этимологиялық сөздіктерде берілуі: kapla:n (EDPT, 584); 
кабілан (Щербак, 125); kaplan (KBS, 457); kaplan TDES (21)
Қазіргі түркі тілдері бойынша

ұйғыр, түрік, қарайым, балқар, татар, башқұрт, ноғай: 
kaplan; қазақ, қырғыз: kabylan; қарақалпақ kablan, әзербайжан: gaplan, түрікмен: 
gaplaŋ, 
өзбек: kaplan 
Дыбыстық өзгерістері: 
K(>g)AP(>b)[I]LAN(ŋ)
 
Қазіргі түркі тілдерінде кездесетін және этимологиялық негізі әлі де зерделеуді қажет 
ететін қабылан сөзі түрік тілінің кейбір этимологиялық сөздіктерінде тілдік сипаты 
анықталмаған. Қазақ тілінің этимологиялық сөздіктерінде де қарастырылмаған (Ысқақов А., 
Сыздықова Р., Сарыбаев Ш. Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігі, Ә. Нұрмағамбетов 
Бес жүз бес сөз). Әйтсе де түркі тілдерінің этимологиялық зерттеулеріндегі тұжырымдар 
бойынша ғалымдар қабылан сөзінің дыбыс пен формасының ұқсастығына байланысты
arslan, aslan, sırtlan, yılan 
сөздерімен байланыстырады. Бұл байланыстар кейбір жағдайда 
дұрыс көрінгенімен, бұл ұқсастықты дыбыс пен форма тұрғысынан түсіндіру жеткілікті емес 
деп ойлаймыз. Осыған байланысты кейбір этимологиялық сөздіктерде қабылан (kaplan) 
келесі түрде талданған: Дж. Клаусонның этимологиялық сөздігінде: 
kaplan ve leopar 
үшін 
белгілі бір айырмашылық жоқ екенін, кейбір жануар атаулары 
-lan
жұрнағымен аяқталатыны 
айтылады. Алайда, ғалым сөзді этимологиялық талдаудың орнына оның тарихи және түрік 
диалектілеріндегі түрін берумен шектеледі [2, 584-б.]. 
Ғалым Севан Нишанянның «Sözlerin Soyağacı» деп аталатын еңбегінде бұл сөзді 
келесідей талдаған:
«kaplan: kaplan, bir tür yırtıcı hayvan.
hayvan anlamındadır»
(«Жолбарыс: жолбарыс, жыртқыштың бір түрі. <-
 
kap- lan жұрнағы 
жыртқыш дегенді білдірсе керек) [9, 214-б.]. 
Сөздің этимологиясын қарастырған ғалымдар 
kap-lan
(қабылан) сөзінің морфемалардан 
тұратындығы және -lan морфемасы жыртқыш мағыналы сөз бола алатындығын айтады. - lan 
құрылымына келетін болсақ, Vecihe Hatiboğlu бұл қосымшаны және оның функциясын 
келесідей түсіндіреді: «-lan жұрнағы «жабайы, ірі жыртқыш тұқым» кейбір жануар 
атауларында қолданылатын қосымша болып табылады. Жұрнақтың негізі айдаһар – қытай 
тіліндегі 'luŋ' сөзі, ол жануарларға қорқынышты түсінік береді: arslan (ars+lan), burslan 
(bars/burs/pars, burs+lan) kaplan (kap+lan), sırtlan (sırt+lan), yılan (y-ı-lan, ılan, ilan) gibi [10, 95- 
96-б.].
Түркі негізді аффикстердің қалыптасуын қарастырған ғалым Ж.О. Тектіғұлдың аталған 
қосымшаға қатысты пікірі мынадай: «Қазақ тілінде -н көрсеткіші -лан күрделі қосымшасы 
арқылы санаулы зат есімдер, оның ішінде көбінесе жабайы аң аттары белгіленеді. Бұл -лан 
тұлғасының құрамы жиілік мәнді етістік тудырушы -ла+-н көрсеткіштерінің бірлігінен 
тұрады. Салыстыр.: қаз. сырттан

сыртта (етістік), көне түркі және және түрік тілінде 
«сырыт» «тісін қайрау, кекету, тісін ақситу», қаз. қабылан, түрік тілінде кaplan, түрікм. 
гаплан, көне түркі qaplan «қабылан, жолбарыс», тат. каплан «қабылан», өзб. коплон, «барыс, 
қабылан» [11, 210-б.]. Ал ғалым Б. Сағындықов қабылан 
«қап/қау қауып алатын аң»,
көне 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет