ISSN-p 2306-7365
ISSN-e 2664-0686
ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ
,
№2 (124), 2022
56
негізі толық талданды деп айта алмаймыз. Алайда, бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын
табуда. Зерттеушілер зоонимдердің этимологиясын талдау кезінде барлық тақырыптық
топтарды толық қамтуы расымен де мүмкін емес. Себебі жануарлар атауы тілімізде өте көп:
жасына, түсіне, түріне басқа да сипатына қатысты атауларды туыс тілдердің дерегімен
салыстырып, этимологиялық сипатын талдау көлемді зерттеуді қажет етеді. Осы уақытқа
дейін жарияланған түркі тілдерінің этимологиялық сөздіктері бойынша, сонымен қатар
жекелеген түркі тілдерінің біртілді түсіндірме сөздіктері бойынша зоонимдерді жинақтау,
жүйелеу, туыс тілдер бойынша салыстырмалы-тарихи талдау жүргізу арқылы түркі
тілдерінің зоонимдер сөздігін түзуге де болады. Сонымен қатар түркі зоонимдерінің тілдік
сипатын зерделеу, олардың жасалуының ортақ модельін негіздеу туыс тілдердің морфология,
сөзжасам саласына қатысты жаңа пайымдауларды тілдік деректермен нақтылайды.
Сондықтан түркі тілдеріндегі зоонимдерді құрылымдық тұрғыдан да, антропоөзектік
тұрғыдан да терең зерттеу өзекті деген қорытындыға келеміз.
Достарыңызбен бөлісу: