Мaқcaты: Саралжын ауылы атауының шығуын, құрылуын, мектеп тарихын, ауылдан шыққан дарындар, жануарлар дүниесі мен өсімдіктер дүниесін зерттеу. Мiндeттерi


Саралжын ауылынан шыққан дарындар



бет7/11
Дата24.01.2022
өлшемі20,04 Kb.
#113899
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Тарих

1.5 Саралжын ауылынан шыққан дарындар

Саралжын – киелі мекен. Осынау киелі мекенде туған дарындар да баршылық. Ән мен жырға бөленген топырақта дарындардың туылуы да заңдылық десек, олардың шығармаларын зерттеуді, оны көпшілікке таныстыруды өзіміздің абыройлы міндетіміз деген ойдамыз.


Осы бір Саралжын топырағынан шыққан ақын-композиторлар аудан, облыс көлемінде ауылымыздың абыройын асқақтатып, биіктерден көрініп, жалындап, кейіннен көрші ауылдарға көшіп, қоныс аударған Елекеш Қалиев, Сатқан Мұталов, байырғы ақын Жұмғаш Меркулов ақсақалымыз. Ауылымыздың тағы бір мақтанышы - күйші-сазгер Тұяқберді Шәмелов Қажыгерейұлы.
Тұяқберді Шәмелов 1951 жылы қыркүйек айының 6-шы
жұлдызында БҚО Орда ауданы Құрманғазы атындағы совхозда дүниеге келген. Құрманғазы атындағы қазақтың консерваториясын тәмамдап, Құрманғазы атындағы Қазақтың Мемлекеттік академиялық ұлт аспаптар оркестрінде 1970 жылдың желтоқсан айынан бері қызмет етеді.1-ші Республикалық Құрманғазы атындағы конкурстың лауреаты, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, Құрманғазы атындағы оркестрдің бас концертмейстері және жеке орындаушысы, күйші–композитор. Қазақстан Республикасы білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігінің мақтау грамотасымен екі мәрте марапатталды, Қазақстан ауыл шаруашылығы министрлігінің мақтау грамотасымен, сонымен қатар, Өзбек, Беларусь мемлекеттері мәдениет министрліктерінің мақтау грамоталарымен марапатталған.
Тартымды, лирикалық әндерімен елін, халқын тәнті еткен композитор Тұяқ ағамыздың бұл саладағы алар асуы, шығар белестері, көтерілер биік шыңдары да әлі алда...
Тұяқберді Саралжын ауылының азаматы болғандықтан да өзінің туған жеріне арнап «Ауылымды сағындым» атты әнін шығарып, туған ауылына деген сазды сағынышын өзінің әні арқылы білдірді. Кітаппен бірге ауылымыздан шыққан дарындарымыздың өлеңдерін компак-дискге жинақтадық осыдан үзінді ретінде Тұяқберді Шамеловтің «Ауылымды сағындым» әнін Айжұлдыз бен Лунараның орындауында қабыл алыңыздар.
Ұлағатты ұстаз, ауылымыздың ақиық ақыны аудан, облыс
көлемінде ауылымыздың абыройын асқақтатып, кеңінен танымал болған, «Саралжын-жерұйығым» әнінің сөзін жазған Ерназар Сапарұлының өлеңдерінде үлкен мағына, әрі мәнді ұйқастар бар.Осындай өлеңдерінің бірі, барша бөкейліктерге танымал «Бөкейлік болсаң...» өлеңі осы өңірдің тұрғындарының бойына мақтаныш сезімін ұялтары анық:
Емес қой мақтан, сірә, бұл
Биікке самғап шыға біл
Танылғың келсе тарландай
Бөкейлік болып туа біл
Бөкейдей елсіз өңірде
Еңселі орда құра біл
Жәңгірдей жарқын жаңашыл
Жасампаз істер қыла біл
Салықтай ғылым көгінде
Жарқырап, жайнап тұра біл
Құрманғазы болып күмбірлеп
Даланың үнін ұға біл
Махамбет болып дауылпаз
Тайырдай «Тасқын» жыр ағыл
Тарихын танып ақтаңдақ
Тозаңын аршып жуа біл
Осындай өршіл үні бар
Шежіре Нарын құмы бар
Бисендей батыр ұлы бар,
Мәншүктей «Тұмар» қызы бар.
Еліңнің өткен өмірін,
Бөкейлік болсаң ұғып ал!
Әрбір ақынның туған жеріне деген өзіндік сүйіспеншілігі болады. Сол сүйіспеншілік пен махаббаттың «Саралжын жерұйығым» өлеңімен білдіреді:
Орда топырағында, Саралжын ауылында дүниеге келген дарындарды осы мекенде туған әрбір перзент жатқа білуі тиіс. Олардың жыр-маржандары мен шағала-әндерін көгімізде қалықтату – біздің парызымыз. «Жақыныңды
жаттай сыйла, жат жанынан түңілсін!» демекші, өз тума таланттарымызды асқақтату, оларды зерттеу жұмыстары осымен тәмамдалмақ емес, әлі де жалғасын таба берері сөзсіз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет