Macromedia Flash бағдарлама



Pdf көрінісі
бет20/27
Дата13.12.2021
өлшемі0,84 Mb.
#125348
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   27
кадрлық анимация 

деп аталады.

 

 

 



 

 

 




24 

 

Әрбір  кілттік  кадр  нүкте  бойынша  салынған  күрделі 



объектілердің  түрлендірулерінен  тұратын  болса,  онда  бұл  кадрлық 

анимация анимацияның әмбебап түрі болып табылады. Оның жалғыз 

кемшілігі әрбір кадрды қолмен салуға тура келеді. 

Кадрлық анимация 

Келесі  мысалда  қарапайым  анимациялық  фильм  құрайық. 

Бірінші  кадрда  бір  түсті  боялған  доп  пайда  болады.  Одан  кейін 

жұлдызша  түріндегі  суреттер  пайда  болады.  Доп  жұлдызшалармен 

бірге үдемелі жылдамдықпен айнала бастайды да, жұлдызшалар жан-

жаққа  ұшып  кететіндей  әсер  беруі  тиіс.  Осы  мысалды  кадрлық 

анимация түрінде құрайық. 

1. Жаңа Flash фильмін ашамыз. 

2. Бірінші кадрға дөңгелек және оның көлеңкесін бейнелейтін эллипс 

саламыз. Дөңгелекті градиентті толтырумен бояймыз, ал, эллипсті сұр 

түспен бояймыз. 

Әрбір объект жеке-жеке топтастырылады 

 

 

 



 

3.  Анимацияның  екінші  кілттік  кадрын  құрайық.  Ол  үшін  курсорды 

бірінші    кадрға  келтіріп,  тінтуірдің    оң  жақ  батырмасын  басамыз. 

Ашылған мәтінмәндік мәзірден Вставить ключевой кадр командасын 

таңдаймыз.  Уақыт  шкаласында  нүктесі  бар  екінші  тіктөртбұрыш 

пайда болады. Ағымдағы кадрдың көрсеткіші екінші кадрға ауысады. 

Енді  экранда екінші  кадрдың мазмұны бейнеленеді. Бірінші  кадрдың 

барлық объектілері автоматты түрде екінші кадрға көшіріледі. Бірінші 

жұлдызшаны 

салып, 


оны 

топтастырып, 

доп 

бейнесіне 



орналастырамыз. 

4. Екінші кадр тәрізді үшінші кілттік кадр құрамыз. Доп бейнесіне 

тағы да бір жұлдызша салып орналастырамыз. 

 

 



 

 

 



 

 

 




25 

 

5. Бірінен соң бірін әрбір жолы доп бейнесіне бір жұлдызшадан 



орналасатын 20кілттік кадр құрамыз

 

 



 

 

 



 

 

6. Енді допты айналдырамыз. Доптың айналуы барысында жарықтың 



шағылуы 

орнында 


қалуы 

үшін, 


барлық 

жұлдызшаларды 

топтастырамыз  (Ол  үшін  Shift  пернесін  басып  тұрып  әрбір  объектіні 

таңдап,  Изменить  –  Группировать  командасын орындаймыз). Айналу 

құбылысын құру үшін допта орналасқан объектілерге айналу қасиетін 

беру  қажет,  ал  доп  қозғалмай  орнында  қалады.  Айналу  бірқалыпты 

болмау үшін бірінші кадрдан бастап ол шағын бұрышқа бұрылуы тиіс, 

мысалы,  10

0

,  келесі  кадрда  ол  30



0

,  одан  кейін  50

0

,  тағы  сол  сияқты 



190

0

-қа жетуі тиіс. 



7.  Анимацияның  21-ші  кадрын  құрайық.  Масштабирование  и 

вращение  командасын  пайдаланамыз.  Масштаб  и  вращение  сұхбат 

терезесінде  Масштаб  параметрін  өзгеріссіз  қалдырып,  Вращение 

параметрінің  өрісіне  10  мәнін  енгіземіз.  Жұлдызшалардың  бейнесі 

сағат тілінің бағыты бойынша 10

0

-қа бұрылады. 



8. 21-ші кадрда сұхбат терезесін шақырып, тағы да 30 мәнін Вращение 

өрісіне енгіземіз. Доп бейнесінде орналасқан объектілер тағы да 30

0

-

қа  бұрылады.  Әрбір  келесі  кадрда  бұрылу  бұрышын  20



0

-қа 


арттырамыз.

 

 



 

 

 



 

9.  Осылайша  біз  тағы  да  10  кадр  қостық.  Бір  кадр  үшін  айналу 

бұрышының жылдамдығы 190

0

. Бұл жылдам айналу құбылысын құру 



үшін жеткілікті 

 

 




26 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

Енді 



фильмнің 

үшінші 


кезеңіне 

көшпес 


бұрын, 

жұлдызшалардың  қозғалысы  жан  жаққа  тарап  жатқандай  әсер 

қалдыруы тиіс. Енді фильмді демонстрациялап көрейік. Анимацияның 

бірінші  кадрына  көшеміз.  Ол  үшін  уақыт  шкаласындағы  бірінші 

кадрды  белгілеу  қажет.  Управление  –  Проиграть    командасын 

орындаймыз.  Ағымдағы  кадрдың  көрсеткіші  кадрлар  бойынша 

жүгіріп  өтеді.  Ал  жұмыс  үстеліндегі  бағдарлама  кадрлары  бір-бірін 

алмастыра  бастайды.  Ағымдағы  кадрдың  көрсеткіші  соңғы  кадрға 

жеткенде анимацияны демонстрациялау аяқталады. 

10.  Допта  бейнеленген  жұлдызшалар  жан-жаққа  ұшып  бара  жатқан 

әсер  беру  үшін  доптың  шетіндегі  орналасқан  объектілер  жан-жаққа 

қозғалуы  тиіс,  ал  доптың  дәл  ортасында  орналасқан  жұлдызшалар 

көрерменнің  өзіне  бағыттала  қозғалуы  тиіс.  Бұл  кезде  доптан  ұшқан 

объектілер  қозғалысын  тоқтатуы  керек,  ал  көрерменге  тура 

қозғалыстағы  объектілер  өзінің  айналуын  сақтауы  қажет.  Ол  үшін 

доптың шетінде орналасқан объектілерді топтан ажыратуымыз керек. 

Изменить  –  Разгруппировать    командасын  пайдаланып,  оны  топтан 

шығарып, 

қалғандарын 

қайтадан 

орталық 

объектілерді 

топтастырамыз. 

11.  31-ші  кілттік  кадрды  құрамыз.  Доптың  бейнесінен  шеткі 

объектілерді  қашықтатып  орналастырамыз.  Орталық  объектілер 

тобына  қатысты  трансформацияны  қолданып,  өлшемін  ұлғайтып, 

оның айналуын сақтаймыз. Тағы да Масштаб и вращение командасын 

пайдаланамыз. Масштаб параметрінің өрісіне 150%, Вращение өрісіне 

190  мәнін  енгіземіз.  Орталықтағы  жұлдызшалар  тобының  өлшемі 

ұлғаяды да, көрерменге жақындап келе жатқандай әсер береді.

 



27 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

12.  Доптағы  объектілерді  өшіру  анимациясы  үшін  5  кадрды 



пайдаланамыз.  Олардың  әрқайсысында  біз  объектілерді  қозғалтамыз, 

Масштаб  и  вращение  командаларын  пайдаланып  басқа  топтарды 

айналдырып,  өлшемін  ұлғайтамыз.  35-ші  кадрда  шеткі  объектілер 

кеңістікті  жоғалтып  үлгереді.  Орталық  объектілердің  бейнесін  өшіру 

қалады.  Бұл  көрермендердің  жанынан  ұшып  өтіп  кеткендей  әсер 

береді. 


13. 36-шы кілттік кадрды құрамыз. Барлық жұлдызшаларды өшіреміз. 

Кадрда тек доп пен оның көлеңкесі қалады. 

Кадрлық  анимацияның  жетістігі  фильм  құру  барысында 

бейнені  толық  бақылауға  мүмкіндік  бар.  Ал,  айтарлықтай  кемшілігі 

мұндай анимацияның әрбір кадрын қолмен құруға тура келеді.

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 




28 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет