Macromedia flash бағдарламасымен танысу Кілттік сөздер



бет2/5
Дата07.02.2022
өлшемі0,58 Mb.
#93892
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5
Flash мүмкіндіктері
Флэшті жасағаннан кейін Макромедиа компаниясы күшті идеялармен технологияларды бір бағдарламаға біріктіріп, қолданушыларға Веб арқылы толық мультимедиалық презентацияларды алуға мүмкіндігін туғызды.
Басында бағдарлама Splash Animator деп аталған және Future Animation танымсыз фирмасына РС-компьютерінде мультфильмдерді жасау үшін сатылған болатын. Ол суретшілер – аниматорларға арналған еді және шектелген табысқа ие болды, бірақ WWW қосымшаларға деген дүрлікпеге байланысты оған Макромедиа алып фирмасы назар аударып, сатып алғаннан кейін Флэш-ке атын өзгерткен. Флэштің әзірлеушілері жобаны жеңілдету және автоматтандыру үшін бағдарламаның интерфейсін өзгертті. Сондай-ақ, мультимедиалық алып тек атауымен интерфейсін өзгерткен емес, сонымен қатар дестені Веб – қимылдану нарығына қайта бағдарлап, дестеге жақсы жарнама қамтамасыз еткен (сондай-ақ бағдар графиканың файлдардың ішкі форматы «*.swf»ұсынылған еді.)
Бірақ өзгерістер сыртқы пішініне ғана емес, сонымен қатар мазмұнына да әсер еткен.
Action Script сценарилердің қолданылуы арқылы Флэш-тегі интербелсенділік түсінігі кеңейді, олар авторларға күрделі әрекеттерді – behaviors әзірлеуге мүмкіндік берді (интерфейстің қозғалатын элементтері, логика және бастапқы математика), бұл алғашқы электронды дүкендердің пайда болуына әсер етті. Нәтижеде бағдарлама Веб-әзірлеушілер ортасында кең қолданылды.
1996 жылдан бастап пайда болған Флэш технологиясы қанық мультимедийлі Веб-сайттарды әзірлеу үшін нақты стандарт болды. Мысал ретінде: City bank, Fox, Pepsi Cola, Paramount, Plymouth, Chrysler, Nestle және Warner Bros. Серверлерін атауға болады.
Флэште жұмыс жасау үшін кәсіби бағдарламалауда арнайы дағдыға ие болу қажет емес – бұл интербелсенділік элементтері бар Веб – түйіндерді жаауға мүмкіндік береді, сондай-ақ JavaScript, Java немесе HTML бастапқы кодтарын жазу бұл кезде қажет емес.
Macromedia Flash 8 бағдарламасымен жұмыс істеу үшін оның көптеген терезелерден, тақтлардан және менюден тұратын интерфейсін білу керек. Flash терезесі құрал-саймандар тақтасынан, уақыттық шкаладан, қабаттар тізімінен, жұмыс аймағы және бірнеше палитралардан тұрады:

Экранда Macromedia Flash 8 бағдарламасының жұмыс терезесі ашылады (1-сурет).









Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет