Дәріс мақсаты: MACROMEDIA FLASH бағдарламасымен танысу
Кілттік сөздер: мультимедиа, интерфейс, технология.
Қысқаша мазмұны және негізгі сұрақтар: 1.MACROMEDIA FLASH туралы қысқаша мәліметтер.
2. Макромедиа Флэш технологиясы шолу
3. Macromedia Flash ортасына сипаттама
Мазмұнын ашып көрсету: Веб-тегі қосымшаларды әзірлеу саласындағы негізгі мәселелеріне парақтың көлемі мен интернет броузерлердің сәйкестігі жатады. Макромедиа корпарациясы ақпаратты бейнелеу облысындағы барлық соңғы жаңалықтардың вебін қолдануға ұмтылды.
Макромедиа флэш бұл пәрменді, бірақ қолданыста қарапайым, бағдар графика негізіндегі қимылдану жобаларын жасау құралы. Флэш суретшілермен дизайнерлер үшін ізгі жұмысшы аспап болып табылады, олар жасалған веб-жобаларды қимылдану мен дыбыстармен толықтырады.
Веб стандарт ретінде Флэшты қолдану туралы бірнеше келісім қабылданған соң, ол НТМЛ мен біріктірілген. Флэш сілтеме бойынша ауысу, броузер терезесін ашу немесе НТМЛ арқылы бір нәрсе жасау үшін еш қосымшаны талап етпейді. Бұлардың бірі бағдар графикасы арқылы суреттерді бейнелеу болып табылады. Бұрын қолданылған растрлық графикаға қарағанда бағдар графикасы аз орын алатына жалпыға белгілі. Бағдар графикамен қимылдануды біріктіріп қолдану үлкен мәнге ие болды. Бұл қолданушылармен әзірлеушілердің қызығушылық ортасы кеңейді. Сонымен қатар Веб парақтарда дыбыстарды қосу мүмкіндігі пайда болды, бұл қимылдарға тартымды пішін береді. Бағдарламалаудың ішкі тілі ActionScript белгілі әрекеттерге әр түрлі дыбыс, бейне әсерлерді қосуға мүмкіндік береді. Action Script мүмкіндіктері JavaScripт пен VBScript мүмкіндіктеріне ұқсас.
Басында Флэш әзірлемелері танымсыз еді, бірақ Макромедиа флэш-ң қолданылуымен Walt Disney сервердің бір бөлігін өзгерткен кезде ол танымды болды. Бұл Флэш технологиясына үлкен жарнама берген. Көптеген дизайнерлік студиялары Веб парақтарын Флэш технологиясы арқылы әзірлеу үшін бағдарламалық өнімдерді алған еді.