6.1.1.1 жаратылыстану ғылымдарының зерттеу нысандарын тізіп атау.
6.1.3.1 жоспар бойынша зерттеу жұмысын жүргізу, қауіпсіз жұмыс жүргізудің жағдайларын анықтау.
Мағынаны тану
Ғылым – адам мәдениетінің ең бір көне, маңызды және өте күрделі компоненттерінің бірі. Бұл – өте үлкен білім әлемі, ол бізге табиғатты өзгертуге және оны адамның қажеттіліктерін қанағаттандыруға лайықты етуге мүмкіндік береді. Ғылым 3 түрлі бағытқа бөлінеді: жаратылыстану, техникалық, қоғамдық және гуманитарлық.
Ғылым түрлері
Жаратылыстану
Техникалық
Қоғамдық және гуманитарлық
Физика
Химия
Биология
География
Математика
Геология
Астрономия
Агрономия
Электроника
Сәулет
Механика
Саясаттану
Әлеуметтану
Лингвистика
Тарих
Мәдениеттану
Филология
«Жаратылыстану» (жаратылыс – табиғат) сөзі табиғат туралы білім дегенді білдіреді. «Табиғат» сөзіне латын тілінде «natura» сөзі сәйкес келеді. «Табиғат» сөзіне ежелгі грекше «физис» («фюзис») сөзі өте жақын. Алғашында табиғат туралы мағлұматтардың барлығы шынымен де физикаға (ертеректе – «физиология») жатқызылатын.
«Жаратылыстану» (жаратылыс – табиғат) сөзі табиғат туралы білім дегенді білдіреді. «Табиғат» сөзіне латын тілінде «natura» сөзі сәйкес келеді. «Табиғат» сөзіне ежелгі грекше «физис» («фюзис») сөзі өте жақын. Алғашында табиғат туралы мағлұматтардың барлығы шынымен де физикаға (ертеректе – «физиология») жатқызылатын.
Жаратылыстану ғылымдарына физика, химия, биология, астрономия, география, геология, биогеография, океанология, биохимияны жатқызады. Сонымен қатар осы аталғандардың бірігуінен туындаған бірқатар ғылымдар да бар. Олар: космология, астрофизика, физикалық химия, биофизика және т.б.
Жаратылыстану ғылымының міндеті
«Жаратылыстану» ғылымының міндеті табиғат заңдарын зерттеу және оларды адам мүддесі үшін пайдалануға жәрдем жасау болып табылады. Жаратылыстанудың ғылыми білімдері адамдардың тәжірибе жүзінде жасаған іс-әрекеттері барысында алынған және жинақталған бақылауларды қорытындылау нәтижесінде жасалады.
Химия- жай, күрделі заттар және олардың құрамы мен құрылымы (атом, молекула )
Физика –зат әлемді және оның қозғалысын зерттейтін ғылым (күш, энергия, қозғалыс )
Астрономия-аспан денелері.
География- Табиғат, құрлық, мұхит, халық, халықтың таралу заңдылықтары және оның шаруашылығы.
Адамдар қандай әдістерді қолдана отырып, табиғатты оқып үйренеді?
Адамдар қандай әдістерді қолдана отырып, табиғатты оқып үйренеді?
???
Зерттеу жоспарын жасау – табысқа қол жеткізетін маңызды түрткіжайт. Егер зерттеу жұмысының жоспары қатаң орындалса, жұмыс барлық нормалар мен талаптарға сай болып шығады.
Зерттеуді жүргізу үшін жоспар құру қажет. Жоспарда зерттеушінің алдына қойған мақсаты рет-ретімен көрсетіледі. Зерттеу жоспары пайда болған проблемаларды шешу әдістерін қарастыруы, ал зерттеу нәтижесі дәлелді қорытынды жасауы тиіс.
Зерттеу жоспары – өзекті іс-шараны (іс-әрекет, акциялар т.б.) өткізудің байланысы мен реттілігі көрсетілген, бағдарламаның толық орындалуына және проблемалардың шешілуіне жеткізетін көрсеткіштер кешені.