1-жүргізуші:
3-айналым. «Менің оқырман отбасым» (кітапша жасап әкеліп,презентация жасайды)
2-жүргізуші:
4-айналым. «Ерте, ерте, ертеде» (отбасылық топ үйден дайындап келген ертегіден көрініс көрсету)
1-жүргізуші:
5-айналым. «Кім тапқыр»( Екі қатар танымал ақын-жазушылардың , батырлардың портреттері ілініп тұрады.Олардың әр қайсысының беті жабық болады.Жабық қағаздарға балл жазылған .Оқушы таңдаған ұяшықты ашып ,кім екенін табу керек.Егер батыр болса оның ерлігі туралы айтуға тиіс. Әділқазылар алқасы тиісті баллдарын береді.)
2-жүргізуші:
6-айналым.Ата –аналармен жұмыс. (сұрақ-жауап)
-Балаңыздың өнері , қандай да бір іске қызығушылығы, бейімділігі байқалса не істер едіңіз?
- Үйде баланың сабақ дайындалуына өз бөлмесін ұйымдастыра аласыздар ма?
-Үйде кітап сөресі болса, онда баланың танымдық қабілеттерін арттыратын қандай әдеби кітаптар , ертегілер , журналдар түрлерін атай аласыз ?
-Балаңызға оқуға қандай кітапты ұсынар едіңіз?
-Балаңыздың әдеби кітап оқуына мүмкіндік бересіз ба?
-Балаңыз қандай баспадан журналға жазылады?Жазылған жағдайда оларды жинақтап қоясыз ба?
-Балаңыздың кітап оқуға деген қызығушылығы байқалса не істер едіңіз ?
-Балаңызға өзіңіз оқыған әңгімені дауыстап оқып бересіз бе немесе сұраған жағдайда оған кітаптың мазмұнын айтып бересіз ба?
Осы сайыстан кейін сізде қандай ой туындады?
Әділқазылар алқаларына сөз кезегін береміз!
жүргізуші: Адамның досы – кітап , өмір кілті
Тең келмес оған барлық жиған мүлкі
Ақылшы , жанға серік , жол бастаушы
Асыл қазынасы, өмір көркі!
Қазақстан азаматтары білімді, мәдениетті , өнерлі болуы керек. Ғылым жаңалықтарын, өткен тарихымызды , өнерімізді кітап арқылы танимыз. Ол үшін кітапты көп оқуымыз керек.
2 жүргізуші: Кітап – жан айнасы. Оған қарап бойыңды да, ойыңды да түзеуге болады. Айналадағы адамға мейіріммен қарауға үйренесің. Кітап – сенің ақылгөй, адал досың, өмірлік есті жолдасың. Өмірде бар нәрсе өзгереді, тек кітапхана халық қажетіне жарап, ғасырлар бойы жасамақ. Осы құндылығымыз ешқашан жоғалмай келешек ұрпақ асыл қазынамыздан нәр алып, сусындай берсін. Келесі кездескенше аман сау болыңыздар!
Қорытынды. Марапаттау, кітапханашы іс-шараны қорытындылап, сайысқа қатысқан отбасыларға алғыс айтты, сыйлықтар таратылды.
Достарыңызбен бөлісу: |