Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, «№23 жалпы білім беру орта мектебі» кмм



бет2/2
Дата03.08.2023
өлшемі20,3 Kb.
#179711
1   2
Байланысты:
kouching-syni-trydan-oylau-degen-ne

Коучингтың өту барысы

Коучтың іс -әрекеті

Тыңдаушылардың іс - әрекеті

Сәлемдесу, коучинг (5 мин)

Бүгінгі коучингтің тақырыбы, мақсатымен танысытырады.

Ортада жағымды психологиялық ахуал қалыптасады.

Топқа бөлу
(2 мин)

Топқа мұғалімдер СТО әдістерімен бөлінеді.

Сыныптағы тыңдаушылар топқа бөлініп отырады.

Миға шабуыл
(13 мин)



Көрсетілім «Сен өзгерсең, сенің әлемің де өзгереді» 5 слайдтан бастап, келесі слайд сайын сұрақтар қойып отырамыз.
1. Енді не болады?
2. Қайыршы не істейді деп ойлайсыз?
3. Оның өзгеруіне не себеп болды?
4. Сыни тұрғыдан ойлау дегенді қалай түсінесіз?
5. Қазіргі таңда мұғалімге неліктен өзгеріс керек деп ойлайсыз?

Қатысушылар сұрақтарға жауап іздейді, өз ойларын түйіндейді. Әр топтан топ басшылары өз ойларын айтады.



Коучингтің негізгі мазмұнымен, идеясымен таныстыру.
(5 мин)

Коуч таныстырылым жасайды.
«Сыни тұрғыдан ойлау деген не?»

Қатысушылар терең тыңдалым жасап, керек материалдарын алады.

Сергіту сәті
(5 мин)

«Зоопарк» тренингі

Әрбір топ зоопарктегі жануарды салады келесі топтар табуы керек.

Бірлескен жұмысқа негізделген тәсіл
(20 мин)

Сын тұрғысынан ойлау арқылы топтық оқытуда бірлесіп ойлауға ықпал ету; бірлесіп жұмыс жасау үдерісін дамыту.
1 – тапсырма: «9 алмаз тапсырмасы»
Әріптесіңмен оқушылардың оқу үлгеріміне әсер ететін 9 факторды талдаңыз;
Оларды оң әсер ететін дәрежелеріне қарай алмаз түрінде орналастырыңыз;
Олардың неліктен осылай әсер ететінін ойланыңыз.
Жауаптарды талдағаннан кейін Хетти зерттеуін көрсетеді.
2 – тапсырма: Егер кері байланыс соншалықты маңызды болса, онда сыныпта кері байланыстың қандай түрін қолдану қажет?
Жұппен, сосын топта талдайды.
3 – тапсырма: Рассел Бишоптың ғылыми жұмысында оқушылардан, мектеп әкімшілігінен, мұғалімдерден оқушының үлгеріміне ең басты не әсер ететіні сұралды.
ОЛАР ҚАЛАЙ ЖАУАП БЕРДІ ДЕП ОЙЛАЙСЫЗДАР?

Осы сұрақтарды топта талдап, қорытындыға келеді.
1. Күтілетін нәтижелер
2. Білімді жетік меңгеру үшін оқыту
3.Үй тапсырмасы
4. Мақсат қою
5. Кері байланыс
6. Мектептің мақсаты мен саясаты
7. Қабілеттері бойынша бөлу
8. Құрдастарының оқытуы
9. “Мұғалім-оқушы” өзара қарым-қатынасы
Берілген жауаптарды талдап, талқылаймыз.

Қорытындылау
(3 мин)

«Джон Хэтти оқыту өнері туралы» коуч оқып береді.

Қатысушылар ой қозғайды.

Кері байланыс
(5 мин)

Қатысушыларға бір парақ беріледі. Онда мыналар салынған:
Чемодан(суреті) қоқыс жәшігі (суреті) еттартқыш (Суреті)
- Құрметті әріптестер, бүгінгі тақырып бойынша алған керекті ақпараттарыңызды чемоданға салыңыздар (жазыңыздар), бүгіні сабақтағы керек емес болған, артық дүниені қоқыс жәшігіне салыңыздар (жазыңыздар). Ал бүгіні ақпараттың ішінде әлі оқуым керек, толықтыруым керек дегендері болса, еттартқышқа салыңыздар (жазыңыздар)




Рефлексия
(2 мин)

Қорытындылау
Құрметті әріптестер бүгінгі сессиямызға келіп оз ойларыңызды білдіргендеріңіз үшін көп рахмет!







Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет