Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, «№23 жалпы білім беру орта мектебі» КММ
Бегеева Р.Ж. бірінші деңгей, жоғары санатты химия пәні мұғалімі
Коучинг сессия жоспар
Тақырыбы:
«Сыни тұрғыдан ойлау деген не?»
Сілтеме:
Мұғалімге арналған нұсқаулық (I(ілгері) деңгей)) екінші басылым,
Мұғалімге арналған нұсқаулық (IІ(орта) деңгей)) екінші басылым,
Таратпа материалдар
Мақсаты:
1. Мұғалімдердің сыни тұрғыдан ойлау сипаты туралы негізгі тұжырымдармен таныстыру ;
2.Мұғалімдерді сыни тұрғыдан ойлау модулі мен сыни тұрғысынан ойлау технологиясының айырмашылығын түсіне білу.
Күтілетін нәтижелер
Мұғалім:
Сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын біледі;
Сын тұрғысынан ойлау әдістерін қолдану арқылы оқушылардың өзіндік көзқарастарын қалыптастыра алады.
Түйінді идеялар:
Сыни ойлау – қолжетімді ақпараттарды біріктіре отырып, құбылыс пен жағдайды оқып-үйрену мақсатындағы зерттеу.
Қолданылатын ресурстар
МАН, интернет ресурстары,бейне жазбалар
Көрнекі құрал - жабдықтар
Флипчарт қағаздары, стикерлер, түрлі – түсті маркерлер, қаламдар, суреттер, желім, қайшы, интербелсенді тақта, слайдтар