Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы
№1 Т.Әлиев атындағы орта мектеп
биология пәні мұғалімі
Жетимекова Гулдана
Тақырыбы: Зәр шығару мүшелерінің аурулары және олардың алдын алу.
Сабақ мақсаты: Зәр шығару мүшелері, маңыздылығын түсіндіріп, білімдерін жетілдіру. Бүйрек ауруларының адам ағзасына тікелей байланыстығын түсіндіру.
Білімділік: Оқушыларға бүйрек ауруларының белгілері, пайда болу себептері туралы білімді нығайту.
Дамытушылық: Гигиеналық шараларды сақтау, ойлау қабілетін , интеллектуалдық қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік : Өз денсаулығына ұқыпты қарауға тәрбиелеу.
Пән аралық байланыс: Медицина, валеология
Сілтеме: Интерактивті тақта, слайдтағы сұрақтар, оқулық.
Оқытудың нәтижелері:
1.Жаңа тақырып жөнінде түсінік қалыптасады.
2.Берілген тақырыптың мағынасы мен мазмұнын түсінеді
3.Өз пікірін жеткізу арқылы берілген тапсырманы орындай алады.
4.Оқушы өз ойын еркін, сыни тұрғыдан ойлай отырып жеткізе және талдай алады.
Қамтылатын модульдер:
1-модуль оқыту мен оқудағы жаңа тәсіл (диалогтық оқыту), 2-модуль сыни тұрғыдан ойлауға үйрету,3-модуль –бағалау, 4 –модуль-АКТ пайдалану (Интерактивті тақта), 7 –модуль көшбасшылық (топты басқару және барлық сабақтарда белсенділікпен қатысып отыру)
Қадамдар:
1.Үй тапсырмасын тексеру
2.Жаңа сабақ
3.Топпен жұмыс
4.рефлексия
5.бағалау
Сабақ барысы:
Мұғалімнің іс-әрекеті:
1Ұйымдастыру
2Оқушының зейінін сабаққа аудару
3Топқа бөлу
І. Ұйымдастыру кезеңі
Сынып бөлмесін сабаққа дайындау.
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Оқушыларды түгендеу.
Психологиялық ахуал орнату.
Психологиялық дайындық 2 минут
Адам меңгермейтін білім бар ма?
Жойқын істі тындырар күшің бар да.
Оқы, үйрен, жас ұрпақ, бәрін меңгер,
Алға қойған мақсатың, ісің бар да!
Топ ережесі: Бірін-бірі тыңдау; Ойын ашық айту; Сабаққа түгел қатысу; Уақытқа бағыну;
Топ басшысын тағайындап алу.
(Тақтада бірнеше сурет бейнеленеді әр топтан бірінші болып қол көтерген оқушы бейне суретті баяндайды сол оқушы топ басшылыққа сайланады.) 3 минут
Достарыңызбен бөлісу: |