Маңғыстау облысының білім басқармасы Маңғыстау облыстық техникалық және кәсіптік білім берудің оқу-әдістемелік кабинеті «эем және автоматтандырылған жүйелер»



бет2/32
Дата07.02.2022
өлшемі2,48 Mb.
#83943
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32
Байланысты:
Методичка ЭВМ и АС
Методичка ЭВМ и АС, Информатика 155 ис
Тәжірибелік сабақ №1. Есептеу машиналары мен кешендерінің жіктелуі және қолданылу саласы.


Мақсаты: Есептеу машиналары, кешендерінің жіктелуі мен қолданылу саласын талдау, дербес есептеу машинасын іштей зерттеу .


Қажетті құралдар: MS Windows операциялық жүйесі бар дербес компьютер, әдістемелік нұсқаулық ішкі бөлшектерді зерттеуге арналған жүйелік қорап, ішкі бөлшектерді ажыратуға арналған құралға саймандар.


Теориялық мәлімет. Есептеу жүйесі немесе желісінің негізін есептеу машинасы құрайды. Сондықтан әрбір есептеу жүйесінің қызметі мен мүмкіндіктерін бірінші кезекте есептеу машинасы анықтайды.
Есептеу машиналарын мынадай түрлерге жіктеуге болады:
I. ЕМ-дағы сигналдар типтеріне байланысты:
- аналогты есептеу машинасы (АЕМ) –– ақпарат үздіксіз (аналогты) формада беріледі. Жылдамдығы жоғары, тар көлемді тапсырмалар кластарын шешуге арналған (әр тапсырманы шешу кезінде аппаратураны сол тапсырмаға бейімдеп отыру қажеттіліг жиі туындайды);
- электронды цифрлық есептеу машинасы (электронды есептеу машинасы) ЭЦЕМ (ЭЕМ) – ақпарат дискретті формада (екілік) өңделеді. АЕМ-мен салыстырғанда жылдамдығы едәуір төмен, аппаратураны жұмысқа қосымша бейімдеусіз, тапсырманың кең көлемін шешуге мүмкіндік береді.;
- гибридті есептеу машинасы (аралас есептеу машинасы) ГЕМ (АЕМ) – аналогты, сондай-ақ цифрлық блоктарды да қамтыйды.
II. Есептеу қуаты бойынша былайша жіктеледі:
- есептеу жүйелері – бір немесе бірнеше түрлі ЕМ-наың үлкен санынан тұрады – бірнеше тапсырманы, түрлі программалардың жұмыс нәтижелерін түзете алу мүмкіндіктерін қамтый отырып шешуге арналған;
- қуатты ЕМ (жоғары және өте жоғары қуатты ЕМ) –үлкен көлемді талап ететін, желілік құрылымдар жұмыстарын басқару үшін (провайдерлер және т.б.), ғылыми-техникалық есептерді шешу үшін белгіленген;
- орташа қуатты есептеу машиналары – шағын тапсырмаларды шешуге (ғылыми-өнеркәсіптік), басқару тапсырмаларын шешу үшін, жергілікті желі жұмысын (файл-сервер) басқару үшін белгіленген;
- дербес ЭЕМ (ДЭЕМ, компьютерлер) – бір мезгілде бір қолданушымен жұмысқа арналған;
- тіркелген ЭЕМ (шағынЭЕМ) – тапсырманың шектелген көлемін (бір ғана тапсырманы) шешуге арналған (автомобиль компьютері және т.б.).
III. Қызметі бойынша:
- әмбебап ЕМ – түрлі тапсырмалардың кең көлемін шешуге арналған;
- мамандандырылған ЕМ – тар көлемді тапсырманы шешуге арналған (мысалы, жасанды зердемен байланысты тапсырманы шешуге арналған, және т.б.).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет