Маңғыстау облысының білім басқармасы
Маңғыстау облыстық техникалық және кәсіптік білім берудің оқу-әдістемелік кабинеті
«ЭЕМ және автоматтандырылған жүйелер» пәні бойынша тәжірибелік сабақтарды орындауға арналған әдістемелік нұсқау
А қтау -2016 ж.
«Бекітілді»
Маңғыстау облыстық техникалық және кәсіптік білім берудің оқу-әдістемелік кабинетінің
Әдістемелік кеңесінің
№ ____ хаттамасы
«____» ________2016 ж.
Тақырыбы: «ЭЕМ және автоматтандырылған жүйелер» пәні бойынша тәжірибелік сабақтарды орындауға арналған әдістемелік нұсқау
Құрастырған: Бекова Қ.Б. - Маңғыстау политехникалық колледжі «Информатика және арнайы пәндер» оқытушысы
Пікір жазған:
ЭЕМ және автоматтандырылған жүйелер пәніне арналған тәжірибелік сабақтарды орындауға арналған әдістемелік нұсқау 1302000 – Автоматтандыру және басқару мамандығы бойынша оқитын студенттерге арналған.
Тәжірибелік сабақтарды орындауға арналған әдістемелік нұсқау пәнді меңгеруде, берілген тапсырмаларды мұқият, әрі жылдам, сапалы орындауда студентке толықтай көмектесетін құрал болып саналады.
«Ұсынылады»
Әдістемелік бірлестік
отырысының № ____ хаттамасы
«____» ________2016 ж.
КІРІСПЕ
Теориялық білімді бекіту және бағдарламаны меңгеру процесін жеделдету және компьютерде жұмыс жасау дағдыларын меңгеру үшін тәжірибелік жұмыстар жүргізу керек.
Тәжірибелік жұмыстарға тек жұмыс жасау кезінде көңіл бөлмеу керек, нәтижелерді өңдеу және жазбаша есепті безендіру кезінде тәжірибелік жұмыстардағы тақырып меңгерілуі қажет.
Тәжірибелік сабақты компьютерлік жабдықтармен және әр түрлі сыртқы құрылғыларымен жабдықталған компьютерлік кластарда өткізу керек.
Компьютермен жұмыс жасау кезінде техника қауіпсіздік ережелерін, операциялық жүйені іске қосу және жұмысты аяқтау, бағдарламалармен жұмыс жасауды, жұмыстың орындалу тізбегін білу қажет.
Ұсынылып отырған «ЭЕМ және автоматтандырылған жүйелер» пәні бойынша тәжірибелік сабақтарды орындауға арналған әдістемелік нұсқау кәсіптік оқу орындарының студенттеріне арналған. Негізгі мақсат пән бойынша жоспарға сәйкес тақырыптардың теориялық материалдарын тәжірибе жүзінде нақты тапсырмаларды орындау арқылы бекіту, Delphi объектілі-бағытталған бағдарламалау ортасында түрлі деңгейде жобаларды құруды үйретеді және тапсырмаларды орындау кезінде қалыптасатын іскерліктер мен дағдылар болашақта күрделі жобаларды іске асыруға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |