Маңғыстау облысының білім басқармасының



бет1/3
Дата22.08.2017
өлшемі417,21 Kb.
#23872
  1   2   3



Маңғыстау облысының білім басқармасының

2016 жылғы № алқа шешімімен бекітілді




МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ

2017 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ



2017 жылдағы міндеттер

  • Мектепке дейінгі ұйымдардың педагог кадрларының сапалық құрамын жақсарту және педагог кәсібінің беделін арттыру.

  • Демографиялық жағдайды ескере отырып, мектепке дейінгі ұйымдардың желісін ұлғайту:

  • Мектепке дейінгі ұйымдардың әртүрлі типтері мен түрлерінде, оның ішінде МЖӘ есебінен жаңа орындар ашу;

  • Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік тапсырысты орналастыру.

  • Балаларды мектепте сапалы дайындауға бағдарланған мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнын жаңарту.

  • Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту менеджментін және даму мониторингін жетілдіру.

  • Педагог кәсібінің беделін арттыру және олардың сапалық құрамын арттыру.

  • Орта білім берудің инфрақұрылымдық дамуын қамтамасыз ету:

  • Мектеп құрылыстарын салу есебінен үш ауысымды оқытуды жою;

  • Қосымша құрылыстар салу есебінен оқушы орнының тапшылығын азайту;

  • Инклюзивті білім беру үшін жағдай жасау.

  • Орта білім берудің мазмұнын жаңарту:

  • Оқушылардың функционалды сауаттылығын арттыра отырып, жоғары білім сапасына қол жеткізу;

  • Үш тілде білім беруді дамыту мақсатында жаратылыстану-математикалық бағытта сабақ беретін пән мұғалімдеріне ағылшын тілін үйрену курстарын ұйымдастыру;

  • Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша эксперимент мектептердің жұмысын жалғастыру;

  • Орта білім беру менеджментін және даму мониторингін жетілдіру

  • Қорытынды аттестаттауға дайындық жұмыстарынжүйелі түрде ұйымдастырып, өткізу;

  • Білім беру ұйымдарын оқулықтар және оқу-әдістемелік кешендерімен толық қамтамасыз ету;

  • Дарынды балалармен жұмысты жүйелі ұйымдастыруда халықаралық тәжірибені жұмыс барысында қолдану;

  • Білім беру ұйымдарының қызметін мониторингілеу және талдау жұмыстарын жүйелі ұйымдастыру.

  • Мектеп басшыларының менеджмент саласындағы біліктілігін, оның ішінде онлайн оқыту және қашықтықтан оқыту курстарында арттыру;

  • Мектептерде қамқоршылық кеңестер құру.

  • Орта білім беретін мектептердің рейтингісін шығару.

  • Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру;Білім беру ұйымдарында оқушылар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу бойынша жүргізілетін жұмыстарды күшейту;

  • Білім беру ұйымдарының тәрбие үрдісіндежалпыұлттық патриоттық «Мәңгілік Ел» идея құндылықтарын енгізуде НЗМ «Шаңырақ» патриоттық тәрбие жобаларын жүзеге асыру.

  • «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдердің зияткерлік, шығармашылық және әлеуметтік  дамуы үшін қолайлы жағдай жасау;

  • Кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстыққұқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-қимыл жоспарының орындалысын қамтамасыз ету.

  • «Қауіпсіз мектеп» және білім алушылардың құқықтарын қорғау шараларын мүдделі органдармен бірлесе күшейту.

  • ҚР Үкіметінің «2016-2019 жылдарға арналған жазғы каникул кезеңінде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру туралы» қаулысын жүзеге асырудаоқушыларды сапалы демалдыру және еңбекпен қамтылуын жетілдіру мақсатындамемлекеттік-жекеменшік серіктестік негізінде «Отбасылық лагерь» ашу, мектепжанындағы лагерьлер желісін ккөбейту, материалдық-техникалық базаны нығайту.

  • 15 мектептегі «Робототехника» элективті курсын жалғастыру және2017 жылы облыстың 17 мектебіне «Робототехника» кабинеттерін алу.

  • Білім беру ұйымдарында қосымша білім күні (сенбі), спорт секцияларының сапалы жүргізіліуін және спортзалдардың демалыс күндері жұртшылыққа қолжетімділігін ұйымдастыру.

  • Балалар мен жастардың патриотизм сезімін және азаматтығын тәрбиелеу, экспедициялық жасақтардың туристік- өлкетану қызметін жандандыру «Менің Отаным – Қазақстан» туристік – өлкетану экспедициялық жасақтарының облыстық слетін ұйымдастыру.

  • Мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алу құқықтарын жүзеге асыруда психологиялық-медициналық- педагогикалық консультация және кабинет ашу, шығармашылық қабілеттерін шыңдап қоғамдық ортаға тарту.

  • Жетім және ата –анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың дерек қорын жаңарту және түлектерді жұмысқа орналастыруды үйлестіру.

  • Білім беру ұйымдарында БҰҰ (ЮНИСЕФ) балалар қорының пилоттық жобаларының сапалы жүргізілуін қамтамасыз ету.

  • Халықаралық мамандандырылған «ЭКСПО-2017» көрмесіне 1750 оқушыны қатыстыру (10.06.-10.09) жұмыстарын үйлестіру.

  • Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің беделін арттыруда мектеп оқушыларын кәсіптік бағдарлаудың әдістемелік ұсынымын әзірлеу және мектеп оқушылары мен жастар арасында кәсіптік бағдарлау жұмыстарын жүргізу.

  • Техникалық және кәсіптік білім берудің қолжетімділігін қамтамасыз ету және кадрларды даярлау сапасын арттыруда мемлекеттік колледждерді заманауи оқыту жабдығымен жарақтандыру.

  • Елдің индустриялық-инновациялық даму сұраныстарын ескере отырып, ТжКБ мазмұнын жаңартуда ТжКБ ұйымдарында кәсіптік стандарттар негізінде әзірленген білім беру бағдарламаларын қамтамасыз ету.

  • ТжКБ ұйымдарында кредиттік-модульдік оқыту технологияларын кезең-кезеңімен енгізу.

  • Факультативтер есебінен «Кәсіпкерлік қызмет негіздері және қаржы менеджменті» курсын енгізу.

  • Дуальді оқытуды енгізу бойынша жол картасын іске асыру.

  • «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының рухани-адамгершілік құндылықтарын және салауатты өмір салты мәдениетін нығайту.

  • ТжКБ менеджментін және даму мониторингін жетілдіру.

  • «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ әзірлеген модульдік білім беру бағдарламаларын барлық ТжКБ ұйымдарында енгізу.


Маңғыстау облысы білім басқармасының 2017 жылға арналған іс-шаралар жоспары

I. Әкімдіктегі кеңестер, алқа мәжілістері, білім басқармасындағы кеңестер

Маңғыстау облысының әкімдігіне ұсынылатын мәселелер



Мазмұны

Жауаптылар

Мерзімі



Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2015 жылғы 30 қарашадағы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауында көрсетілген «Баршаға арналған тегін техникалық және кәсіптік білім» жобасын 2017-2018 оқу жылдарына енгізу жұмыстарын жүргізу туралы

Техникалық және кәсіптік білім беру бөлімі

ақпан



Қоғамдық-гуманитарлық бағыты бойынша Ақтау қаласында өткізілетін республикалық олимпиаданы өткізу және ұйымдастыру туралы

Мектепке дейінгі және жалпы орта білім бөлімі

МООӘжҚББО



ақпан



2017 жылғы жазғы кезеңде балалар мен жасөспірімдердің демалысын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру және өткізу туралы

Адамның рухани-адамгершілік дамуы, қосымша білім беру және тәрбие жұмыстары бөлімі

сәуір



ҰБТ-ң жаңа форматы және қорытынды аттестаттауды өткізу туралы

Мектепке дейінгі және жалпы орта білім бөлімі

мамыр



«Менің Отаным – Қазақстан» балалар мен жастардың патриотизм сезімін қалыптастыруда экспедициялық жасақтардың туристік- өлкетану республикалық слетін ұйымдастыру туралы


Адамның рухани-адамгершілік дамуы, қосымша білім беру және тәрбие жұмыстары бөлімі

мамыр



Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында ерекше білім беруді қажет ететін балаларға білім беру олардың құқықтарының жүзеге асырылуы туралы

Арнайы білім беру және балалардың құқықтарын қорғау бөлімі

маусым



«Балаларды бірге қорғайық!» жол картасының орындалысы туралы


Арнайы білім беру және балалардың құқықтарын қорғау бөлімі

қазан

Білім басқармасының алқа мәжілісіне енгізілетін мәселелер

І. Алқа отырысы

1.

Жаңа типті мектептердегі оқу процесінің жай-күйі және білім сапасын арттыру бағытындағы жұмыстар

Мектепке дейінгі және жалпы орта білім бөлімі

ақпан

2.

Жалпы білім беретін пәндер бойынша облыстық олимпиада қорытындысы және қоғамдық-гуманитарлық бағыты бойынша Ақтау қаласында өткізілетін республикалық олимпиаданы өткізу және ұйымдастыру туралы

Мектепке дейінгі және жалпы орта білім бөлімі

қаңтар

3.

Техникалық және кәсіптік білім ұйымдарында «Кәсіпқор» холдингі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы әзірлеген білім беру бағдарламаларын эксперимент режимінде енгізу алаңының жұмысы туралы

Техникалық және кәсіптік білім беру бөлімі

ақпан

ІІ. Алқа отырысы



Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты және үлгілік оқу бағдарламасы негізінде балалардың білім деңгейінің жай-күйін талдау қорытындысы

Мектепке дейінгі және жалпы орта білім бөлімі


сәуір



Маңғыстау, Қарақия білім бөлімдері мен білім беру ұйымдарында ҚР БҒМ «2015-2020 жылдарға арналған тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерінің» және «Мүлдем төзбеушілік қағидатының жүзеге асырылуы

Адамның рухани-адамгершілік дамуы, қосымша білім беру және тәрбие жұмыстары бөлімі

сәуір



Баршаға арналған тегін кәсіптік білім берудің жүзеге асырылуы және қысқа мерзімді кәсіптік білім беру жұмыстарының жүргізілуі туралы

Техникалық және кәсіптік білім беру бөлімі

сәуір

ІІІ. Алқа отырысы



2017 жылғы қорытынды аттестаттаудың қорытындысы туралы

Мектепке дейінгі және жалпы орта білім бөлімі

Аудандық, қалалық білім бөлімдері



маусым



Облыстың педагог кадрларын аттестаттау жұмысының жай-күйі туралы

Бақылау-кадр бөлімі

маусым



Қосымша білім беру ұйымдары мен аула клубтарының қызметін зерделеу және мектептердегі сабақтан тыс уақыттағы қосымша үйірмелер, спорттық секциялардың ұйымдастырылуы туралы

Адамның рухани-адамгершілік дамуы, қосымша білім беру және тәрбие жұмыстары бөлімі

маусым



Дуальды оқыту жүйесі бойынша атқарылып жатырған жұмыстар туралы

Техникалық және кәсіптік білім берудің оқу - әдістемелік кабинеті


маусым

ІV. Алқа отырысы



Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының қызметін мониторингілеу қорытындысы туралы

Талдау және мониторинг бөлімі

желтоқсан



Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының ресурстық орталықтардың жұмысы туралы

Техникалық және кәсіптік білім берудің оқу - әдістемелік кабинеті, ТжКББ ұйымдарының директорлары

желтоқсан



Жетім және ата –анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыруда қорғаншылық және қамқоршылық органдардың жұмысы және әлеуметтік қорғалуы

Арнайы білім беру және балалардың құқықтарын қорғау бөлімі

желтоқсан

Аудандық және қалалық білім беру бөлімдері, бағынысты мекеме басшыларына арналған кеңеске мәселелер

(қажеттілікке қарай қаралатын мәселелер өзгеруі мүмкін)



Басшы кадрларға арналған деңгейлік курстардан өткен және «Білім берудегі менеджмент» мамандығы бойынша магистратурада білім алып жатқан мектеп басшыларының жаңа форматтағы жұмыстарын зерделеу туралы

Мектепке дейінгі және жалпы орта білім бөлімі

МОМДТмОО



қаңтар



І жарты жылдық бойынша білім сапасының жай-күйі туралы

(оқу жылы барысында пәндер бойынша білім сапасының көрсеткіштеріне талдау, 4, 5-8,10 сыныптарда пәндер бойынша сынақтар алу, мониторингтік зерттеулер, т.б.)



Мектепке дейінгі және жалпы орта білім бөлімі

қаңтар



Ақтау қаласы мен Маңғыстау ауданының білім беру ұйымдарында «Адал ұрпақ» клубының жұмысы туралы

Ақтау қалалық және Маңғыстау аудандық білім бөлімдері

қаңтар



ҚР БҒМ және ЮНИСЕФ -тің бақылауындағы «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында апатты жағдайлар қаупін төмендету» бағдарламасын апробациялау бойынша енгізілген эксперименттік жұмыстар туралы

Мектепке дейінгі және жалпы орта білім бөлімі

МОМДТмОО



ақпан



Кешкі мектептер, шағын жинақталған мектептердің, консультациялық пункттердің қызметін зерделеу қорытындысы туралы

Мектепке дейінгі және жалпы орта білім бөлімі

ақпан



ҚР діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2014-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуыжәне қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары (күзет, бейнебақылау, бірыңғай диспетчерлік кезекшілік қызмет пульті)

Адамның рухани-адамгершілік дамуы, қосымша білім беру және тәрбие жұмыстары бөлімі, Бағынысты білім беру мекеме басшылары

ақпан



Облыстың білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытында атқарылған жұмыстар туралы

Бақылау-кадр бөлімі

Аудандық, қалалық білім бөлімдері



наурыз



Бағынысты мекемелердегі кадр мәселесінің жай-күйі туралы

Бақылау-кадр бөлімі

маусым, шілде



Білім беру ұйымдарын оқулықтармен және ОӘК-н қамтамасыз ету жұмыстарын уақтылы ұйымдастыру

Мектепке дейінгі және жалпы орта білім бөлімі

Аудандық, қалалық білім бөлімдері



сәуір



85 мектеп жанында жазғы кезеңде балалар мен жасөспірімдердің демалысын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру

Адамның рухани-адамгершілік дамуы, қосымша білім беру және тәрбие жұмыстары бөлімі

сәуір



Ерекше білім беруіне қажеттілігі бар мектепке дейінгі жастағы балаларды оқыту және дамытуды жүзеге асыру бойынша жүргізілген мониторинг қорытындысы

Мектепке дейінгі және жалпы орта білім бөлімі

МОМДТмОО


мамыр



Білім бөлімдері мен білім беру мекемелерінде оқу жылын аяқтау жөнінде жұмысты ұйымдастыру туралы

Мектепке дейінгі және жалпы орта білім бөлімі

Аудандық, қалалық білім бөлімдері



мамыр



Білім беру ұйымдарына SWOT-талдау жасау арқылы мектептің білім беру мүмкіндігін, әлеуетін зерделеу проблемаларын анықтаудың қорытындысы туралы (аудан, қалалардағы жалпы білім беру ұйымдарының қызметіне мониторинг жүргізу, т.б.)

Талдау және мониторинг бөлімі

Мектепке дейінгі және жалпы орта білім бөлімі

МООӘжҚББО


тамыз

II. Жүргізілетін талдаулар

Педагог қызметкерлерді аттестаттау

1.

Облыстың педагог қызметкерлеріне біліктілік санатын беру және растау бойынша аттестаттау комиссиясының жұмысы

Бақылау-кадр ұйымы

қаңтар-ақпан

2.

Облыстағы білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлерін аттестаттау


Бақылау-кадр ұйымы

мамыр

Тақырыптық зерделеу жұмыстары



Кешкі мектептер, шағын жинақты мектептер, консультациялық пункттердің қызметін зерделеу

Мектепке дейінгі және жалпы орта білім бөлімі

қаңтар



Оқу жылы барысында пәндер бойынша білім сапасының көрсеткіштеріне талдау жүргізу:

  • бастауыш сынып пәндері бойынша сапа;

  • тілдік пәндер бойынша сапа;

  • математика, физика, информатика пәндері бойынша сапа;

  • химия, биология, география пәндері бойынша сапа;

  • қоғамдық пәндер бойынша сапа.

Мектепке дейінгі және жалпы орта білім бөлімі

МДжЖОБББ

АҚББ, ОМИ, ҚТЛ


қаңтар

наурыз


маусым қараша



Үш тілде білім беру бойынша пилоттық мектептер жұмысын зерделеу

Мектепке дейінгі және жалпы орта білім бөлімі

МООӘжҚББО



ақпан



4, 5-8,10 сыныптарда пәндер бойынша сынақтар алу, мониторингтік зерттеулер жүргізу:

  • математика және физика;

  • қазақ және орыс тілі;

  • ағылшын тілі;

Мектепке дейінгі және жалпы орта білім бөлімі

МООӘжҚББО



ақпан



Арнайы сыныптарда оқушыларға оқу бағдарламаларына сәйкес

, білім сапасын зерделеу



Арнайы білім беру және балалардың құқықтарын қорғау бөлімі, ПМПК

ақпан



Облыстың білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытындағы зерделеу жұмыстары

Бақылау-кадр бөлімі

Аудандық, қалалық білім бөлімдері



ақпан-наурыз



Аудан, қалалардағы жалпы білім беру ұйымдарының қызметіне мониторинг жүргізу

Талдау және мониторинг бөлімі

Мектепке дейінгі және жалпы орта білім бөлімі

МООӘжҚББО


наурыз



Бағынысты мекемелердегі кадр мәселесі (іс-қағаздарының рәсімделуі, педагог кадрлардың аттестатталуы)

Бақылау-кадр бөлімі

маусым, шілде



Білім беру ұйымдарында нашақорлықтың және суидцидтің алдын алуда жасөспірімдердің психикалық денсаулығын нығайту жұмыстары

Адамның рухани-адамгершілік дамуы, қосымша білім беру және тәрбие жұмыстары бөлімі

наурыз-

қараша




Облыстық педагог қызметкерлеріне біліктілік санатын беру және растау жұмысы

Бақылау-кадр бөлімі

сәуір-мамыр



Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының қызметіне мониторинг жүргізу

Талдау және мониторинг бөлімі


сәуір



Облыс мектеп бітірушілерінің қорытынды аттестаттауға дайындығы туралы

Мектепке дейінгі және жалпы орта білім бөлімі

МООӘжҚББО




сәуір-мамыр



Облыс бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты және мемлекеттік бағдарламалары негізінде балалардың білім деңгейінің жай-күйін талдау және зерделеу

Мектепке дейінгі және жалпы орта білім бөлімі

МОМДТмОО



сәуір-мамыр



«Алтын белгі» үміткерлерінің құжаттарын зерделеу

Мектепке дейінгі және жалпы орта білім бөлімі

сәуір



Салауатты өмір салты, дене дамуы және психологиялық денсаулық сақтау дағдыларын қалыптастыру мақсатында дене тәрбиесінің және спорттық секциялардың жүргізілуі

Адамның рухани-адамгершілік дамуы, қосымша білім беру және тәрбие жұмыстары бөлімі

сәуір



ҚР мемлекеттік рәміздерінің талапқа сай орналасуын қадағалау

Адамның рухани-адамгершілік дамуы, қосымша білім беру және тәрбие жұмыстары бөлімі

мамыр



Кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарында мүгедек, жетім және ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға білім, тәрбиенің берілу жағдайы

Арнайы білім беру және балалардың құқықтарын қорғау бөлімі, ПМПК

Адамның рухани-адамгершілік дамуы, қосымша білім беру және тәрбие жұмыстары бөлімі



мамыр


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет