Мағжанға Сәбиттен


«Кешке жақын Мұхтарды пәлен мен түген қисайтып кетеді, оны таңертең ана адам барып қайта түзейді»



бет5/29
Дата22.12.2021
өлшемі0,72 Mb.
#502
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29
«Кешке жақын Мұхтарды пәлен мен түген қисайтып кетеді, оны таңертең ана адам барып қайта түзейді», – деген қанатты мысқылы соларға арналған.

Бұл үш топ та мемлекеттік жазалау жүйесінің құрамдас ең өнімді, ең сенімді тетігі болып табылады. Соның ішіндегі ең қауіптісі, ең сұрқиясы кеше де болған, бүгін де бар, ертеңгі сықпыты да көмескіленіп көрініп тұрған соңғы топтағы «пәлен мен түгендер». Әсіресе идеологиялық майданда олардың адамдарға кесірі көп тиді. Атын атап тарихта қалдырғымыз келмейді. Бірақ солар араласқан тұсқа екпін бере баяндаймыз. Оларды біз де біліп, көріп жүрдік. Кез-келген дастарханның шетінен кетпеуші еді. Біздң қатарластарымызда да «оқшантайлы оқпандар» болды, бірақ олардың «оқтаушысы мен дәрісінің» күші кеткен кез еді.

Олар, яғни, Мұхтар Әуезов пен Сәбит Мұқанов бітіспейтін дұшпандар емес-тін. Заман ағымында, уақыт екпініндегі өтпелі жайларды екі түрлі көзқараспен қабылдаған, алайда мақсаттары ортақ халықтық тұлғалар. Қысылған сәттерінде қол ұшын беріп, бір-бірін демеп отырған. Сондықтан да Мұхтардың өміріне көлеңке түсіріп, жүрегіне жара салғандардың әрқайсысының атын атап, түрін түстемей-ақ, халқымыздың тауып қойған «пәленше мен түгенше» деген емеуірін есімін пайдаландық.

Дегенмен де қисынсыз қазымырлықтан, орынсыз алакөзділіктен арылып, ой желісінен адасып кетпес үшін жинақтап алдық. Сондай-ақ, сол «пәленше мен түгеншелер» кейін кешірім өтінген және олардың балаларының бетіне шіркеу түсіру – шындыққа жаны ашығандық деуге жатпайды. Уақыт оларға өз үкімін шығарып үлгерді. Ал, әркім оқиға ілігінен «пәленшені» танып жатса ақтап ала алмаймыз. Өйткені бықсық әңгіменің біразы әлі өшкен жоқ. «Түгеншенің» арасынан:


Но ненавистникам Шекспира

Я был лишь только оттого,

что был завистникам Шекспира

И современником его, –


дегендей (Л.Васильева), өзін-өзі жазғырып, мойындаса, талай шындық қалпына келіп, дүние көші ауған теңін түзер еді-ау.

Осыдан жиырма жыл бұрын сол пәленше мен түгеншенің соңғы тұяқтары тірі кезде: «Ол үміт әлі ақталған жоқ. Ақталар ма? Оны, сол «пәленшелер мен түгеншелердің» ар-ұятына тапсырамыз», – деп жазып ек. Тіл қатпады, қайта алаш ардагерлері ақталған тұста батагөй боп алдан шықты.

Мұхтардың тағдыры хақында толғағанда бұлтартпайтын, айтуға да, айтпауға да болмайтын, бірақ қалайда жауап берілуге тиіс шындықтардың ұшырасатынын жасырып қала алмайсың. Үндемей кету – шындыққа қиянат. Сондай бір тұтқырлы шындық мынадай. 1937-1938 жылғы «қара дүлей» зиялылардың бәрін отап, С.Сейфуллиннен М.Қаратаевқа дейінгі жазушыларды «халық жауы» ретінде әшкерелеп, атқанын – атты, қалғанын айдауға жіберді. 1938 жылы қаңтарда БК(б)II Орталық Комитетiнiң пленумы «Партия ұйымының коммунистердi партиядан шығарудағы қателiктерi, БК(б)II-ден шығарылғандардың шағымдарына формальдi-бюрократтық көзқарас туралы және бұл кемшiлiктердi жою жөнiндегi шаралар туралы» қаулысына орай Ежовтың өзi халық жауы ретiнде ұсталды. 1938 жылғы наурыздағы «ССР Одағының Прокуратурасының» Бухарин бастаған оңшыл-троцкийшiл блогы туралы» шығарған үшінші қаулыға сәйкес Қазақстандағы

соңғы үкім 1938 жылы тамыз айында Алматы қалалық партия жиналысында шығарылып, онда Мұхамеджан Қаратаев қаруылға ілінді. Үш рет үйіріліп соққан «қара дауылдан» Мұхтар Әуезов аман қалды. Қалай? Осыған жауап іздеген бізге, қауіпсіздік мекемелерінің бұрынғы қызметкерлері де, «дауылды бірге басынан кешіргендер» де, төменде біз баяндайтын жайға қатысы бар адамдар да Мұхтар Әуезовтің кезінде Семейде, Орынборда Ежовпен бірге қызмет істегендігі туралы уәждің себепкерлігін жоққа шығара алмады. Сол Ежовшылар ұсталғанда да ұмыт қалды. Мұның себебін сол кезөде одақтың тізгінін ұстаған Мұхамеджан Қаратаев:



«Мұхтар қалай аман қалды дейсiң бе? Мен оның анық-қанығын бiлмеймiн. Әйтеуiр, қатты торығып, қалтырып, үреймен күнелткенi рас. Сәбиттi де, Ғабиттi де, Мұхтарды да ұстамақшы болып әрекеттендi. Анық-қанағына дәл көзiм жетпейдi, бiрақ, Мирзоян осы мәселеге орай арнайы Москваға барып, Сталинге жағдайды түсiндiрiп: «Егер де осы бетiмен кете берсе, онда қазақ мәдениетiн өркендететiн тiрi жан қалмайды. Өнер отының мүлде өшiп қалу қаупi төнiп тұр. Бұтақсыз, қорғансыз ағаш сияқты боп қалды. Ендiгiлерiн мәдениет үшiн, халық үшiн аман сақтайық. Қолда ұстайық», – дептi-мыс. Қазақ әдебиетiндегi аты аталған осы үшеуi болыпты», – дегендi естiдiм. Шындық болуы да. Әйтеуiр олардың аман қалуына сондай әңгiменiң себебi тиген», – деп жауап берді.
Ал енді бухариншілер қуғындалған тұста жұрттың бәрі халық жауы болып тұтқындалып, атылып, жер аударылып жатқанда Мұхтар Әуезов 1938 жылы 26 маусым күні ҚССР Орталық атқару комитетінің президиумына – жолдас Өмірзақовтың атына өзінің «сотталды» деген айыбын жоққа шығару туралы:

«1930 жылы қыркүйек айында ПП ОГПУ-дің ҚазССР-дегі өкілдігінің шешімі бойынша «Алашордашыл қазақ ұлтшылдарының» ісіне байланысты ұлтшылдық әрекетім үшін (58 баптың 7, 10, 11 тармақтары бойынша) тергеуге тартылып, 1932 жылдың көкек айында үш жылға – 1930 жылдың қазанынан бастап шартты кесіммен үкім шығарылды.

Менің тергеу ісімді өзге алашордашылардан бөліп алуына және шартты түрде сотталуыма өзімнің бұрынғы ұлтшыл өткенімді шын жүректен айыптауым, оны баспасөз арқылы ( «Казправда», 1932 жыл, шілде күнгі №131 саны, «Еңбекші қазақтың» да сол күнгі саны) ашық мәлімдеуім себеп болды. Революция ісіне бұдан әрі шын жүректен беріле қызмет ету менің тереңнен түсінген өмірлік мақсатымнан туып еді. Содан бері, 1932 жылдың көкегінен бері менкеңес жазушыларының қатарында өнер мен әдебиет майданында еңбек етіп келемін.

Осы жылдардағы менің атқарған істерім көпшіліктің көз алдында өтіп келеді. Нағыз төңкерісшіл жазушының мақсаты мен міндеттері менің де идеялық-саяси және қоғамдық-шығармашылық ісімнің мазмұнына айналды. Мен өз бойымнан пролетарлық төңкеріс ісіне деген құштарлық пен сенімді ояттым (таптым). Мен өзімнің ісім арқылы кеңестік социалистік мәдениеттің құрылысшылары қатарына нық қадаммен және мәңгілік қосылдым.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет