Мағжанның табиғат лирикасы



бет11/26
Дата06.02.2022
өлшемі1,24 Mb.
#35193
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   26
1.7 «Өтірік ертек» поэмасы
«Өтірік ертек» поэмасын Мағжан суретші Арлаудың «Мысық, тышқан» деген он төрт суреті бойынша жазғанын ескертіп кеткен. «Өтірік ертекте» мысал, тұспал әдісімен берілген әлеуметтік тартыстар сыры бар» [2, 102 б.].
Мұнда да ел билеуші және көпшілік, тізе батырушылық негізгі мәселе болады.
Тышқандарды жеп жүрген мысық бір күні қарны ашқанда мешітке барып қулық істейді.

Мейірімі мол, тәңірі ие,


Мынау мешіт үйінде.
Ант ішемін атыңмен,
Тіпті арамдық етпен деп,
Тұмсығына шертпен деп,
Енді тышқан затының!
Сүттей аппақ ниетпен
Бір өзіңе ант берем:
Енді өмірімде ет жемен!
Ұшыраса аш тышқан
Етімнен кесіп ет берем.

Мысықтың осы сөзіне сенген тышқандар той жасап, елшілер мысыққа достықтың белгісі деп тарту апарғанда, мысық оларды қырып салады. Мағжан мысық арқылы сол кездегі қазақ елін жарылқаймыз деп, артынан зобалаң салған қызыл империяны көрсетіп отыр.


Сөйтіп, тышқандар мысықпен соғысып, мысықты хандары зынданға салдырады. Ертеңіне дарға аспақ болғанда мысық құтылып кетеді. Көпшілік ханның ақымақтығынан көреді.

Хан қырағы данам деп,


Ханның тілін алам деп,
Қырылды ғой ел бейбақ!
Қой, хан деуді қоялық!
Ханның көзін жоялық!
Мысық та жау, хан да жау.
Біреуі оның тыстан жау,
Біреуі оның іштен жау;
Жаудың ісі – ел талау…

Осылай жұрт ақылдасып, мысықпен тағы соғысып, жеңіп, ханмен бірге қосақтап айдайды.


Мағжан сыртқы жау, ішкі жау деп сол кездегі қазаққа ниеті дұрыс еместерді әдейі астарлап айтып отыр. Қазақтың ішінен шыққан жаулар репрессия кезінде талайлардың өліміне себепкер болды.

Соныменен хан, мысық,


Кетті қаңғып қан құсып,
Қуанышта қалың жұрт
Деп: «Бұғаудан босандық!»
«Жасасын, – деп, бостандық!»
Қол соғылды шарт та шұрт.

Мағжанның айтайын дегені осы жолдардан көрінеді. Поэманың идеясы – бостандық.


Екі жауын осынау


Қылған кейін қанталау
Қалың тышқан – қалың ел, –

деп поэмасын аяқтайды. Көпшілік жұмылып, бірлесе қимылдаса, талаушы, қанаушыдан құтылуға болады дегенді айтқысы келді.





Каталог: fulltext -> transactions
transactions -> Казахстан республикасының Ғылым және білім министрлігі
transactions -> Азамат Тілеуберді
transactions -> Қырықбай Аллаберген тарих және баспасөЗ Қазақ мерзімді баспасөзінде тарихтың «ақтаңдақ» мәселелерінің жазылуыбаспасөзінде тарихтың
transactions -> Екінші кітап
transactions -> МӘШҺҮР – ЖҮсіптің лингвистикалық КӨЗҚарастары оқу құралы Павлодар Кереку
transactions -> МӘШҺҮр тағылымы жинақ 2 Том
transactions -> Е. Жұматаева жоғары мектепте оқытудың біртұтас дидактикалық ЖҮйесінің теориясы монография Павлодар 2012 Кереку


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет