Мағжанның табиғат лирикасы


«Қойлыбайдың қобызы» поэмасы



бет7/26
Дата06.02.2022
өлшемі1,24 Mb.
#35193
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   26
1.3 «Қойлыбайдың қобызы» поэмасы
«Қазақ лирикасында үлкен көркемдік жаңалық ашып, соны әсемдік арналарды негіздеп, әсіресе Еуропа, орыс әдебиетіндегі ізденістерді, бағыттарды ұлттық топыраққа батыл да еркін ендірген Мағжан эпикалық жанрда поэманың ықшам формаларын қалыптастырды. Бір қарағанда, тақырыптық тұрғыдан алғанда, алып-жұлып, әкетіп бара жатқан ерекшелік көрінбейтін секілді: «Қойлыбайдың қобызы», «Қорқыт», «Түркістан», «Оқжетпестің қиясында», «Батыр Баян» – аңыз, тарихи белгілі оқиғаларға, «Жүсіп хан», «Өтірік ертек» – шығыстық сюжет, мысал, тұспалға құрылған. халықтық аңыз, тарихи дерек үлкен көркемдік идея тұрғысынан қайта құйылып, ежелгі әңгіме, миф сарындары өзге құбылып, жаңа сипаттағы эстетикалық игіліктер жасалды [2, 102 б.].
Мағжан өлең болсын, поэма болсын, көбіне өткен заманды аңсап отырады. «Қойлыбайдың қобызы» поэмасында да Қойлыбай бақсының өнерін сүйсіне жырлайды. Қазақтың бақсысына дейін ардақ тұтады.

Қалың Найман ішінде Бағаналы,


Қазақта бақсы асқан жоқ Қойлыбайдан.
Қойлыбай жын жүгендеп, пері мінген,
Алдында жорғалаған шашты шайтан.

Қойлыбайды осылай таныстырып алып, оның қасиеті паш болған бір астан әңгіме қозғайды.


Бір асқа жиылыпты Найман таман,


Бай, биі, батырлары балпаң басқан.
Бәйгеге екі жүздей ат жіберіп,
Күрес сап жиылған жұрт ұрандасқан.
Ерігіп аңғал батыр, маңғаз байлар:
«Бәйгеге қобызың қос» деп сұрасқан.
Қолқасы қалың Найман қалаған соң,
Қойлыбайың бәйгеге қобыз қосқан.

Екі жүздей жүйрік атпен бірге шабатын ол не қылған қобыз?


Бас болып батыр Барақ қалаған соң,


Қойлыбай сонда айтады, шақырып ап,
Ыңғайлы бір бозбаланы өз қасына.
«Ат шабатын жерде бір сексеуіл бар
Жарып өскен жапанның жартасына.
Қобызды сексеуілге байлап таста,
Мен сенем жын Қақаман жолдасыма».

Қобыз сексеуілге байланды. Оны сексеуілмен қоса жұлып алып келетін – бақсының жын-шайтан жолдастары. Олар: жалғыз көзді жынның пері Қақаман, аға жын – Нәдір пері, шайтанның шу асауы – Шайлан.


Бір кезде ат келетін мезгіл жетті,


Боз бала ат алдынан шауып кетті.
Сол уақыт жай отырған Қойлыбайды,
Аруақ қалшылдатып, дірілдетті,
Аузынан қанды көбік бұрқ-бұрқ етіп,
Жап-жалаңаш қылышты қобыз етті.
Көздері қып-қызыл боп қанға толып,
Сарыны сар даланы күңірентті.
Бір мезгіл екпіндетіп, долдандырып,
Бір мезгіл жыны буып күбірлетті.
Қалың құмды қап-қара бұлтқа қосып,
Қызыл жел құйындатып, дірілдетті.
Жан-жақты ың-жың, у-шу дауыс қаптап,
Шапқылап жын-перілер дүбірлетті.

Бұл – Қойлыбайдың бақсылық қасиеті толық көрінетін тұс. Жай көз алдаушы емес, шын бақсылық өнердің жұрт алдында дәлелденуі. Негізі, қазақ ұлтында осы секілді аңыз әңгімелер көп кездеседі. Қойлыбай бақсы секілділер көп болған. Бұл – соның бір мысалы. Ислам діні талабы бойынша жындармен жұмыс істеуге тыйым салынған. Діннен хабары жоқтар ондай адамдарға қасиеті бар деп табынуы мүмкін.


Сол кезде ат келетін құба жонды,


Түтіндей будақ-будақ бір шаң жапты.
Сол шаңның ортасында бір сексеуіл.
Ербеңдеп, ойнақ салып келе жатты.
Екі басы жерді ұрып кезек-кезек,
Сабалап қырды жол ғып жаралапты.
Байланған сексеуілге қобыз берік,
Көз ашқанша жиынға келіп қапты.
Сексеуілді қопарып алып келіп,
Қақаман жұбатады ерке қартты.

Қойлыбай жын жолдастарының көмегімен қобызын бәйгеден оздырды. Поэма соңын Мағжан былай аяқтайды:


Ертеде ел бар екен қалың Найман,


Қазақта бақсы асқан жоқ Қойлыбайдан…
Жарасқан бай мен биі, батыр, бақсы,
Алыста елестейсің заман қайран!..
Құдай-ау, албастының ойнағындай,
Мынау сұм заманға кез қылдың қайдан?
Шіркін-ай кер заманды күл қылар ем,
Бата алсам Бағаналы Қойлыбайдан.

Осылайша ақын Қойлыбай бақсыны еске алып, бұрынғы заманды сағынады, бүгінгісінен түңіледі. Бұл сарын Мағжанның басқа поэмаларында, өлеңдерінде де кездеседі.


Қойлыбай бақсының өмірде болған, болмағаны туралы Б.Қанарбаева Ә.Марғұланның «Ежелгі жыр-аңыздар» кітабынан бірнеше деректер келтіреді.
«Қазақ сахарасында ежелгі заманның асқан данасы, Қорқыттың толғау айту дәстүрін, оның күйін, дарынын, нақыл сөздерін мұра етіп, біздің заманымызға жеткізген жыраулар, ойшыл адамдар аз болмаған. Солардың бірі – Қойлыбай» [3, 196 б.].
«Ежелгі жыр-аңыздар» кітабында Қойлыбай қобызын тартатын өзен «Қойлыбай өзені» деп аталып кеткендігін автор айта кетеді. Сонымен бірге сол кітаптан Ә.Марғұланның Қойлыбай туралы аңызын келтіреді. «Қойлыбай бақсы қобызын ат бәйгесіне қосуды тілек етеді. Барлығы 300 сәйгүлік, ылғи атақты жүйрік, асқан тұлпар қосылады. Бірақ атсайысшылар Қойлыбайдың қобызын жаратпайды. Қобызды ұстап алып, бір жуан терекке арқанмен байлап қояды… Сол кезде сұрапыл боран соғып, қобыз ағашты түбімен жұлып ала жөнеледі. Қайтарында бәйгенің алдынан келеді» [3, 197 б.].
Екінші аңыз бойынша, Қойлыбай өзінің жындарының көмегімен алты қанат ақ орданы жерден көтерген.
Үшінші – 1924жылы Ташкенттен шыққан «Тарту» жинағындағы «Бақсы» деп аталатын аңыз. Бұл екінші аңызға ұқсайды.
Төртінші аңыз – С.Сейфуллиннің шығармалар жинағының 6-томындағы «Бақсы сарыны». Онда Қорқыттың жындарын шақыратыны, дәу перілердің дастарқаннан нан алып, отырғандарға үлестіретіні, Қорқыттан кейінгі үлкен бақсы Қойлыбай екені айтылады. Бірақ Қойлыбайдың бәйгеге қобыз қосқаны айтылмайды.
Бесінші аңыз Ш.Уәлихановтың шығармалар жинағының екінші томында бар. Мағжан поэмасындағы сюжет осы нұсқамен сәйкес келеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет