Мағжанның табиғат лирикасы



бет13/26
Дата06.02.2022
өлшемі1,24 Mb.
#35193
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   26
2 Ж. Аймауытов романдары


2.1 Ж. Аймауытовтың «Ақбілек» романы
Жоспар:
1) Роман тақырыбы, идеясы;
2) Ақбілек, Қарамұрт, Бекболат бейнелері;
3) Мұқаш, Балташ, Ақбала бейнелері;
4) Мамырбай, Бозінген, Алтынай, Өрік, Ұрқия бейнелері;
5) Романның көркемдік ерекшеліктері.


Роман тақырыбы, идеясы
«Ақбілек» романы – кезінде жеке кітап болып басылып үлгермеген шығарма.
Романда азамат соғысы кезіндегі қазақ даласындағы аласапыран жағдай, әлеуметтік тартыстар, жеке адамдар тағдыры сөз болады. «Мұнда феодалдық-рушылдық ортада жікшілдік тартыстардан қорлық көрген қазақ қызының жаңа заман шындығын пайдаланып, өз бақытын табуы, тең құқылы азамат болуы бейнеленеді», – дейді С. Қирабаев[9, 14 б.].
Ақтар қашып, қызылдар қуып, қазақ елі тыныштықтан айрылған заманда көптеген қиянат, зорлық-зомбылықтар болып жатты. Әсіресе қазақ қызының бұрын болмаған қорлыққа ұшырауы – ауыр сын. Оны жеңіп шығу үшін қайрат-жігер, төзім керек болады. Романдағы басты кейіпкер өмір ауыртпалығын осындай қасиеттері мен білім арқасында жеңіп шығады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет