«Мағжантану» үйірмесінің кешендік бағдарламасы
Нургожина А.А.
қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі, үйірме жетекшісі
АЛҒЫ СӨЗ
Әдетте Абайды философ ақын,
Мағжанды лирик ақын дейміз.
Абай ақылдың ақыны да,
Мағжан сезімнің ақыны
(С.Мұқанов).
Қазақтың асыл перзенті, алты алаштың ардақтысы, халқы үшін, елінің болашағы үшін жарқырап жанған, күнге ғана табынған, өзіне ғана бағынған, жүрегі мен жаны – от, иманы мен ары – от Мағжан Жұмабаевтың поэзия әлеміндегі сәулесі – мәңгі сөнбес жұлдыз, қайталанбас құбылыс!
Н. Назарбаев
Қазақ поэзиясында сыршылдығы мен сыры мол, поэмаларында суреткерлігі мен ойшылдығы қат-қабат келіп жататын, өлең өлкесінде өшпес мұра қалдырған ұлы ақын, жерлес - Мағжан Жұмабаев. Оның ұлттық поэзиядағы алатын орны ерекше. Қазақ өлеңінің ұлттық бояуы мен рухын ұстана отырып, оны түрлендіре байытқан, адам жанының сұлулығы мен сыр-сымбатын жырлаған, осылайша қалың оқырманның жүрегіне жол ашқан халқының білікті де, парасатты ақыны. Өлмес өлең туғызып, артына өшпес із қалдырған осы бір Мағжан сынды ғажайып ақынның әруақты жырына тағзым етеміз.
Тума талант иелері қашан да өз ұлтының тыныс-тіршілігімен тамырласа өмір кешеді, оның қас-қабағын бағып, көңілі қалағанын жырға қосады, ғасырлық ата тарихымызды өздерінің ой-парасатымен, жүрегімен қорғай жүреді.
Мағжан Жұмабаев - Кеңес өкіметінің жетпіс жылдық билігі тұсында қазақ әдебиетінің тарихынан жазықсыз сызылып тасталған тұлғалардың бірі. Халқының өмір тынысын, ой-қиялын келер ұрпаққа аманат етіп қалдырған көркемсөз зергерлеріне ризашылықпен қарау – парызымыз.
2014 жылдың қыркүйек айынан бастап, мектебімізде қазақ тілінде оқытылатын психикалық дамуы тежелген 5 сынып оқушыларымен аптасына 5 рет «Мағжантану» үйірмесінің бағдарламасы жасалып, үйірме жүргізіле бастады.
«Мағжантану» үйірмесін жүргізудің мақсаты – поэзия әлемінде айрықша із қалдырған өзіндік үлкен өнер, өрнек тудырған, терең сырлы ұшқыр қиялға толы өлең дүниесін кейінгіге аманат етіп қалдырған ақын шығармасын жеке алып тереңдетіп оқыту. Мағжан қазынасын дәріптей отырып, шығармашылық дағдыларын қалыптастыру.
Үйірме міндеттері:
- Мағжанның қазақ әдебиетіне кіргізген жаңа әдеби әдістерін: өлең түрлері мен жанрын танып білу;
-жаңа өлең өлшемдері мен ырғақ үндестіктерін, музыкалық әуенділігін, көтерген проблема тақырыптар ауқымын анықтау;
-стилі мен жаңашылдығын зерттеп, зерделеп оқуға мүмкіндік беру.
-өлеңдердің мән мағынасын аша білуге;
-лирикалық шығармаларды образға сала білуі;
-оқығаннан алған әсерлерін шығармашылықпен ауызша жазбаша көрсете білу;
-оқушыларды ізденіс жұмысына баулу.
Үйірме барысында меңгерілетін білім біліктері:
- «Мағжантану» үйірмесі арқылы, Мағжанның өлеңдеріндегі әдеби ұшқыр ойларын, өлең құру жолдарын, өлеңдегі нақыштарын, т.б.әдеби стилін, оқушыларға оқытып-үйрету;
-оларды озық үлгі ретінде тарату;
-ақынның шығармашылығын тақырыптарға бөле білу;
-1920-1930 жылдар аралығында қазақ әдебиетінде қандай ірі ізденістер жасалғанын анықтау.
Үйірме барысында Мағжан поэзиясы бірнеше жанрлық ерекшелікке бөлінеді. Бейнешілдік талантты жан-жақты талданады. Мағжан поэзиясын талдап оқыту барысында оқулықтан тысқары жазылған зерттеу пікірлергеде ден қоятын боламыз. Мағжан өлеңдері қазақтың сөз өнері үшін жаңа, табиғаты ерекше туынды. Ақын өлеңдерін оқи отырып, оның түсіну, қабылдау қасиетінің айрықша мол, әрқилы екендігіне оқушылардың назарын аударамыз. Сол арқылы Мағжан поэзиясының әлемнің ірі-ірі ақындарымен қатар тұра алатындай ірі суреткер екендігінің негізгі арналары ашылып, оны оқу оқушыларға жүктеледі. Соған қажетті оқулықтардың библиографиялық көрсеткіштері ұсынылатын болады. Ақын, поэзиясындағы тебіреністерінде табиғат көріністерінен адам әрекеттерін іздейді. Сондықтан жел болып жылайды, ақ қайың болып күрсінеді, бұл оның тамаша лирик екендігін білдіреді.
«Мағжантану» үйірмесінің кешендік бағдарламасы 13 модуль болып бөлінді. Әр модуль ақын өлеңдерінің мазмұны бойынша ақын өлеңдерінің цитата алынып аталды.
1-модуль «Мағжан депті біздің Бәкең баласын ...» деп, бұл бөлімде мағжантану ғылымы, оның қосқан үлесі, белгілі адамдардың Мағжанды тануы жайлы пікірлер, ойлар қозғалып, 14 сағат бөлінді.
2-модуль. «Күннен туған баламын, жарқыраймын, жанамын» деп аталады. Бұл модуль ақын өмірі, отбасы өмірі, шығармашылығы, кездесу мен оқиғалары жайлы, яғни ақынның өмір жолы. Оған 16 сағат бөлінген.
3-модуль. «... алты алаштың ардақтысы». Бұл жерде ақын және оның өмір сүру дәуірі, ақын тынысы, руханилығы жайлы сөз болмақ. Оған 6 сағат бөлінді.
4-модуль. «Қарағым, оқу оқы, босқа жүрме!» деп аталады. Осы ағартушылық бағытына 9 сағат бөлінген.
5-модуль. «Дала. Дала. Сар дала!». Бұл модуль ақынның табиғат лирикасын ашады, 4 сағат бөлінді. Ақынның табиғатқа арнап жазған өлеңдері кірді.
6-модуль. «Жырыммен жұртымды оятам ...» деп аталады. Осы модуль барысында азаматтық лирика тақырыбын ашуға 12 сағат бөлінген.
7-модуль. «Мен де ойды ағытамын қаламыма...» деп аталып, оған 12 сағат бөлінген. Бұл модуль барысында Мағжанның ойшыл поэмалары талданады.
8-модуль. «Ой-қиял Мағжанның тәңірісі» деп аталады. Бұл модульда ақынның мақалалары қарастырылады. Оған 14 сағат бөлінді.
9-модуль. «Суретті, кестелі, көркем сөз Мағжаннан табылады». 26 сағат қарамағында ақынның публицистикасы орыс тіліндегі нақты түрімен салыстырыла талданады.
10-модуль. «Түнде тұрып, түн ұйқыңды төрт бөлдің» деп ана, әже, туған-туысқандар тақырыбы 9 сағат көлемінде жырланып, талданады.
11-модуль. «Еркін дала ардақтысы, еркесі – бетім қайтпай өскен батыр баламын». Осы модуль туған жер тақырыбын қамтып, 5 сағаттан тұрады.
12-модуль. «Балалық шағы-патшаның тағы, тіл жетпес оны бағалап» деп аталып, балаларға арналған өлең-жырларды қамтып, 12 сағатқа бөлінген.
13-модуль. «Мен өлмеймін, менікі де өлмейді» делініп, оған 12 сағат бөлінген. Бұл модуль мақсаты – «Мағжантану» үйірмесін жалпылау, қорытындылау. «Мағжан оқулары» байқауы, тест тапсырмаларымен аяқталады.
Әр модуль шығармашылық қорытындылау жұмыстарымен аяқталады. Олар: викторина, эссе жазу, сурет салу, тестке жауап беру, өлеңді жатқа оқу, т.б.
Осылай, ақын поэзиясын талдау барысында ақынның лирикаларын (сезім-күй лирикасы, табиғат лирикасы, саяси лирика) деп бірнеше түрлерге бөліп оқыту арқылы шығармашылық ерекшелігін айқындаймыз. Дегенмен де, М. Жұмабаев шығармалары жеткілікті дәрежеде зертелді деп айтуға болмайды.
«Бұл бағдарламада барлық тақырып қамтылған жоқ, себебі 5 сынып оқушыларының жас ерекшелігі, танымдық деңгейі, мүмкіндіктері ескерілді.
Оқушылардың үйірме барысындағы біліктеріне қойылатын талаптар:
шығарманы талдай алуы;
шағын өлеңдер шығара бастау;
өлеңді нақышына келтіре оқи білуі.
Нәтиже: Мағжан шығармалары арқылы сөйлеу әдебін меңгерген, ойы терең рухани дүниетанымы бар адамгершілігі дамыған шығармашылықпен айналысатын тұлға қалыптастыру.
Әр модуль соңында М.Жұмабаев шығармашылығына қатысты әдебиеттердің библиографиялық көрсеткіші ұсынылған. Бұл – оқушылардың өзіндік тапсырмаларын, үйірмелік және шығармашылық жұмыстарын орындауда көмектесетін құралдар.
Бағдарлама жасағанда қолданылған әдебиеттер
1.М.Жұмабаев, Туған жер(өлеңдер мен дастандар жинағы), Петропавл,2008.-382б.
2.М.Жұмабаев, Сүй, жан сәулем (өлеңдер мен поэмалар), Алматы «Атамұра», 2002.-256 б.
3.М.Жұмабаев, 3-том (аудармалар, ғылыми еңбек, мақалалар), Алматы «Жазушы», 2003.-232 б.
4. М.Жұмабаев, 2-том (өлеңдер, дастандар, аудармалар), Алматы «Жазушы», 2004.-208 б.
5. М.Жұмабаев,1-том(өлеңдер, дастандар, әңгіме), А.:«Жазушы», 2004.-208 б.
6.Сыздықұлы З. Мағжантану мәселелері.//Таңшолпан, 2009.-№2
7.Қанарбаева Б.Мағжан символист: Зерттеу.-Алматы: Экономика, 2007.-288 б.
8.Нысанбаев Ә.Мағжан Жұмабаев: «Әз Жәнібек сендер бол, мен Асан болып өтейін»// Жас алаш.-2003.-12
9.Р.Жұмабаева //Азат/ тәуелсіз саяси газеті.1993, 15 тамыз
10.Ұ.Жұмабаева// Егемен Қазақстан.22 сәуір.-1997
11.Х.Абдуллин//Азат.15 тамыз 1993
12.А.Сатаев// Ақ желкен, 2003, №2
Мағжан Жұмабаев
(1893–1938)
Жұмабаев Мағжан Бекенұлы 1893 жылдың 25 маусымында Қызылжар уезінің Сарыайғыр болысында, қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы М. Жұмабаев ауданы Сарытомар ауылында дүниеге келген. Үлкен атасы Жұмабай қажы да, әкесі Бекен де елге беделді, ауқатты, болыс болған жандар. Мағжан алғаш ауыл молдасынан сауат ашып, әкесі салдырған мектепке ұстаз болып келген Ахиетдин Ақановтан төрт жыл білім алады. Ол жаңаша оқытудың үлгісіндегі шығыс тілдеріне жүйрік, өз ісіне шын берілген ұстаз болған. Бұдан соң әулетті әкесі Бекен Мағжанды Қызылжардағы Мұхамеджан Бегішев медресесіне оқуға береді. Ол мұнда төрт жыл оқып, мұсылманша орталау білім алып, арабша, парсыша, түрікше үйренеді, сол тілдердегі әдебиетпен, түркі халықтарының тарихымен жан-жақты таныса бастайды. Оның ақындық талантының ояна бастағаны да осы жылдар еді. 1910 жылы медресені аяқтаған Мағжан мектептес досы Бекмұхамбет Серкебаевпен бірге Үпідегі атақты «Ғалия» медресесіне келіп, Сәлімгерей Жантөриннен, Ғалымжан Ибрагимовтан білім алады. 1912–1915 жылдары Мағжан Жұмабаев «Қазақ» газетінің редакторы, түрколог, қоғам қайраткері, көрнекті жазушы Ахмет Байтұрсыновтан және Міржақып Дулатовтан дәріс алып, шығармашылықтың жаңа бір қырына көтеріледі. Мағжанға еуропалық білім алуға, орыс тілін үйреніп, мәдениетімен қанығуға олар көп себін тигізеді.
1916 жылы Мағжан Жұмабаев Омбының мұғалімдер даярлайтын семинариясын ойдағыдай бітіріп, туған өлкесіне оралады. Қазақ даласында алаш партиясын құруға қатысып, чех көтерілісін бастан кешеді. Одан соң Ақмола губерниялық «Бостандық туы» газетінде істейді.
1919 жылы «Алаш» партиясының мүшесі ретінде біраз уақыт түрмеде отырады. Осы кезде оның қаламынан бостандық сүйгіш өлеңдер туындайды. Осы кезең ақын үшін қайғыға толы еді, өйткені өзінің сүйген жары Зейнеп пен ұлы қайтыс болады. Бұл оқиғалар ақынның атақты «Мені де, өлім, әлдиле», «Баланың қабір тасына», «З-ға» өлеңдерінің дүниеге келуіне себеп болды. 1920 жылы Мағжан Жұмабаев Ташкентте өнімді еңбек етті.Сонда шығатын «Шолпан», «Сана» журналдарында, «Ақ жол» газетінде қызмет атқарып, шығармашылықпен айналысты. 1923–1927 жылдары Мағжан Жұмабаев Мәскеуде Жоғары әдебиет-көркемөнер институтында оқиды. Ол кезде институтты Валерий Брюсов басқаратын еді. Бұл жылдары ол орыс әдебиетін, Батыс Еуропа әдебиетін терең зерттеп шығады. Орыстың мәдениет қайраткерлерімен жете танысып, көпшілігімен достық қарым-қатынаста болады. Бұл кезеңде-ақ ақынның соңына шам алып түскен белсенділер оған «байшыл», «ескішіл», «түрікшіл» деген жалалар жауып, өзі Мәскеуде жүрген ақынның өлеңдерін сынап жатты. «Лениншіл жас» газетіне «Мағжанның ақындығы туралы» деген мақала жариялап, Мағжанға араша түскен Жүсіпбек Аймауытовтың өзін де қоса қаралап, қазақтың зиялы азаматтарын әбден тығырыққа тіреген еді. 1929 жылы Мағжан Жұмабаев «Алқа» атты жасырын ұйым құрғаны үшін деген айыптаулармен 10 жылға сотталады. «Алқа» ұйымы Сибревком жанындағы ҚазАССР өкілінің келісімімен құрылған көпшілік қауымға белгілі, отырықшылыққа айналдыру жөніндегі ресми түрде рұқсат етілген ұйым еді.
1936 жылы М. Горький мен Е. Пешкованың араласуымен аз ғана уақыт бостандық алады да, зарыққан ақын еліне оралады. Петропавлда №7 мектепте орыс тілі мен әдебиетінен сабақ беретін мұғалім болып қызмет атқарады. Қудалауға ұшыраған ақын біраз уақыттан соң жұмыссыз қалады. Сәбит Мұқановпен хабарласқан ол 1937 жылдың наурыз айында Алматыға келеді. Бұл нағыз айтыс-тартыстың қызып тұрған шағы еді. Сол жылы 29 тамызды «Социалистік Қазақстан» газетінде М. Қаратаевтың «Қазақ әдебиетіндегі авербаховшылдықтың қалдығын толық жою керек» деге мақаласы шығып, онда басы Сәке Сейфуллин бар, қазақтың жиырма шақты ақынын фашист жендеттері ретінде көзін жою керек деп көрсетеді. 1937 жылдың 30 желтоқсанында Мағжан қамауға алынады да, 1938 жылы наурыз айында атылып кетеді.
Ақынның тағдыры және ХХ ғ. басындағы саяси жағдай
«Ұлттық ақын болу – ұлы іс». Мағжан өзінің ұлттық сарындағы шығармалары арқылы қазақтың ұлттық болмысын сомдаған.
Поэзиясында қазақтың нанымсенімдерімен салт-дәстүрінде, ұлттың намысын оятатын, рухын көкке көтеретін қуатты күш барын байқаған. Сабақ барысында ұлт болмысын көрсететін ақын өлеңдерін студенттердің өзі тауып оқуы талап етіледі. Ұлттық патриотизм сарынын көтерудегі ақын поэзиясының құдіретті күшіне мән беріледі. Ақын поэзиясының тақырыбы мен идеясы айқындалады. Сондай-ақ Мағжан поэзиясында 20-шы ғасырдың бас кезіндегі тарихи оқиғалар бар. Оны 1912 жылы жарық көрген «Шолпан» атты өлеңдер жинағы күә. Мағжан поэзиясында Қазан, Февраль төңкерілістерінің ықпалы, тарихи кеіңдер бар. 1911 ж. «Жатыр», «Орал тауы», «Бір күні», «Есімде... тек таң атсын», «Құр қалыппын». Мағжанның алпыс жылдан аса арамыздан аластатылуының басты себебі, ол туралы айтылған теріс пікірлер, жабылған жалалар болатын. Сондықтан ХХ-шы ғасырдың 20-шы жылдарындағы мәселені сөз еткенде, сол кезде, одан кейінгі 1960 жылдары ақтала алмай қалған себептерге тоқтала кетпеу мүмкін емес. Өйткені осы кезде ақынның тағдырымен байланысты пікірлер мол болған.
Әдебиеттер:
1. Х. Абдуллин. Мағжан жыр жұлдызы., // Қазақ әдебиеті. 1993 ж. 26 наурыз
2. ЖұмабаеваЗ. «Дариға». Сол күндерде күнім қараң//Қазақстан әйелдері.1989.№3
3. Б. Дәрімбетов. Мағжан және коммунистік идеология// Жас Түркістан. 2001. №1 4. Д.Ысқақов. Қазақ елі бірауыз, сөзім саған. 2004.
5. Д.Досжанов. Мағжан Жұмабаев немесе ажалына асыққан адам. \\ Жалын. №5. 6. Жергілікті қазақ ұлтшылдарына күресті күшейтейік.\\ Ауыл мұғалімі. 1937.№3. 7.Т.Жұртбаев. Ағадан қалған асыл сөз. «Алқа» атты әдеби үйірменің бағдарламасы жайында. «Ақиқат. №7. 1997.
8. Ж.Аймауытов. Мағжанның ақындығы туралы. Мағжанның 3.томдығында.1996. 9. С.Құдаш. қазақ ақыны Мағжан Жұмабанвтың тағдыры туралы. \\ Зауал. Мақалалар естеліктер. А. Жазушы. 1991,
10. С.Мұқанұлы. Жұмабайұлы Мағжан. \\ Парасат.1991.№5.
11. Т.Омарбеков. Голощекин тұсындағы алаш қайраткерлері.Ақиқат. №12., 1995.
12. А. Байдильдин Жұмабаев Магжан. Мағжанның 3-ші томында. 1996 ж.
13. М.Әуезов. Мағжанды сүйемін! Мағжанның 3-ші томында. 1996 ж.
14. М.Жолдыбаев. Сын. Мағжанның 3-ші томында. 1996 ж.
15.Ұ. Жұмабаева. Мәңгіліктің бір үзігі. 1996 жылғы Мағжанның 3-ші томында.
Мағжанның поэмалары
Мағжан қазақ әдебиетіне шағын көлемді поэмалар жанрын әкелген. Олар: «Батыр Баян», «Ертегі», «Қорқыт», «Толғау», «Оқжетпестің қиясында», «Жүсіп хан» «Тоқсанның тобы» «Қанышбай қисасы», «Өтірік ертек», «Қойлыбайдың қобызы» поэмаларының жанрлық ерекшеліктері ондағы саяси- тарихи жағдайлардың көрінісі. Ақынның ондағы образ жасау ерекшеліктері. Романтикалқы сарынның реализммен астасып келуі.
Әдебиеттер:
1. Ш. Елеукенов. Мағжан. А., 1997
2. Мәшһүр Жүсіп Қ. «Батыр баян» дастаны \\ Қазақ тілі мен әдебиеті. №6 2000.
3. Б. Қанарбаева. Жырымен жұртын оятқан. А., 1998
4. М.Мұсағитов. «Батыр Баяндағы» таным және шындық. Жұлдыз. 1994, №8, Осы автор. (Қойлыбайдың Қобызы» туралы). Жұлдыз. 1995.№2.
5. Б. Майтанов. Мағжанның поэтикасы. 2001
6. А. Байдильдин Жұмабаев Магжан. Мағжанның 3-ші томында. 1996 ж.
7. М.Әуезов. Мағжанды сүйемін! Мағжанның 3-ші томында. 1996 ж.
8. М.Жолдыбаев. Сын. Мағжанның 3-ші томында. 1996 ж.
9. Ғ. Тоғжанұлы. Қандай әдебиет үстем болмақ, қандай әдебиетіміз бар? Мағжанның 3-ші томында. 1996 ж.
10. Ұ. Жұмабаева. Мәңгіліктің бір үзігі. 1996 жылғы Мағжанның 3-ші томында.
Мағжан-аудармашы
Мағжан-аудармашы, поэзиясына орыс әдебиетінің ықпалы Мағжан поэзиясының биіктен көтерінуіне орыс әдебиетінің де ықпал еткенін атап өткеніміз жөн. Сондықтан Мағжан өлеңдерінде Пушкин, Лермонтов, Фет, Блок т.б. орыс лириктерінің сарыны кездесетіні қазақ ақынының ізденімпаздығын білдіреді. Бұл жерде Мағжанның орыс ақындарынан аударылған өлеңдеріне тоқталғанымыз жөн. Мағжанның бірқатар өлеңдері еліктеуден туған. Ақынның тоқталмай кету мүмкін емес. Сондықтан лекция барысында студенттерге орыс ақын- жазушыларының өлеңдерімен арадағы байланысына тоқталғанда аудармаларына ақынның Всеволод Ивановтан «Бала», «Темірбай», «Жолығу», «Сай», Мамин-Сибиряктан «Ақбозат», П.Дороховтан «Большевиктің баласы» аудармаларын салыстыра оқыту, өз беттерімен ізденіс жасауларына мүмкіндік береді. Поэзиядан: Кольцов. «Шалдың үміті», М.Горький «Күн шығады да, батады», «Жұртын сүйген жүрек», «Сұңқар жыры», «Ана», «Темірді жұмсартқан ана», «Хан мен ұлы», Дмитриевтен «Дәрігер», Гетеден «Орман патшасы», «Айрылдым сенен сұлу қыз», Мятловтан «Бұтақ», Гейнеден «Екі бетің, сұлу қыз», «Күннің батуы», Лермонтовтан «Сарғайып келген егін толқындаса», Матерін шығармасын аударуы.
Әдебиеттер:
1. Б.Қанарбаева. Жырымен жұртын оятқан. А., 1998.
2. Б.Қанарбаева. Мағжан символист. 2007.
3. Ш.Елеукенов. Мағжан., 1997.
4.Ө, Күмісбаев. Мағжан Жұмабаев және орыс поэзиясы. \\ «Алматы ақшамы». 1989. 17 май.
5. Ө.Күмісбаев.Терең тамырлар. А., «Ғылым» 1994.
6. А.Кемелбаева. Мағжанның поэзиясы. Абай. 2001.№3. 37б.
7.Ө.Күмісбаев. Мағжан және әлем әдебиеті. \\ Қазақ әдебиеті. 1993., 13 тамыз.
8. Б.Кәрібаева. Мағжанның поэтикасы. \\ Қазақ тілі мен әдебиеті., 2000.№7. 39 б..
9. Ш Қанарбаева. Жырымен жұртын оятқан. А., 1998
10. Сағындықова. Тағы да «ақтаңдақтар» жайлы. (Мағжан аудармашы). Жалын. №2.,1993.
10. Т.Садықов, С. Қасымжанова. Мағжан. (Оқу құралы) Р., Білім. 1995.174 б.
11. Б.Сарбалаұлы. Ақбозат. \\ Халық кеңесі. 1991. 22 тамыз.
Мағжанның реалистік көзқарасы
Мағжанның реалистік көзқарасы және түркілер тақырыбын жырлауы Мағжан тек, романтик символист, реалист ақын емес, қоғамдық саяси қайшылықтарды сынауы, кемшілікті көре білген реалисттік көзқарасын білдіреді. «Бір күні», «Түн еді», «Қойшы бала мен күшік», «Жылқышының үйінде» т.б. Романтикалық өлеңдері. «Есімде... тек таң атсын», «Тез барам», «Мен жастарға серемін». Мағжан ақындығымен бірге тарлан жазушы екендігін «Шолпанның күнәсі» повесінде жазып кеткендіктен, психологиялық роман екендігіне терең тоқталамыз. Шолпан образын жасаудағы реалистік көзқарасы мен қазақ әдебиетіне әкелген жаңа әдеби әдісімен танысамыз және осы повесте Батыстың сентименталистік сарынын реалистік шыншылдықпен қалай астастырғанын айқындаймыз. Мағжан поэзиясында түрік тақырыбының тууына ықпал болған себептер, отаршылдыққа қарсылық, ұлттар бостандығы мен теңдігі үшін күрес. Мағжанның түрік тақырыбын жырлауы, қазақтың түп тарихын іздеп ел тарихын терең түсіндіру еді. Тек бір ғана «Түркістан» өлеңі арқылы тарихи даму жолдарымызбен, ел сыйлаған батырларымызбен, хандарымызбен, Ұлықбектей ғалымдарымызбен таныстыруды мақсат еткенін: «Орал», «Орал тауы», «Алыстағы бауырыма», «Қазақ тілі», «Түркістан», «Жер жүзіне» өлеңдерін талдай отырып дәлелдеу.
Әдебиеттер:
1. Р.Бердібаев. Байқалдан Балқанға дейін. А., 1996.
2. Р.Бердібаев. Түрік халқының жыршысы.\\ Халық кеңесі. 1993., 20 сәуір.
3. Б.Дәрімбетов.Мағжанның түрікшілдігі. \\ Жас түркістан. 1999.№1.
4. Б.Дәрімбетов. Мағжан және Алаш қозғалысы. \\ қазақ тарихы. 1999.,№6.
5. Дилек Ф. Мағжанның жырлары-Түркияда: Ақынның түрік тіліндегі жинағы жайында \\ Ауд. Ф.Әли. Жас Алаш. 1994., 15 қазан.
6. С.Кудаш. Поэт и его время. 1996 жылғы Мағжанның 3-ші томында.
7. Х. Махмудов. Қазақ ақыны. 1996 жылғы Мағжанның 3-ші томында.
8. Е.Ердембекұлы.Мағжан Жұмабаевтың романтизмі. \\Жұлдыз. 1996.,№9 169 б. 9. 2.Қ.Жүсіпов. Мағжанның романтизмі. \\Қазақ тілі мен әдебиеті..1992.,№5, 6 б.
10. М.Базарбаев. Мағжан Жұмабаев. (Мағжан шығармашылығына жағылған алғы сөзінен.) А., «Білім» 1995 ж. 3-32 беттер.
11. Е.Тілешов. Мағжан Жұмабаевтың поэзиясындағы романтизм. ( кан. диссерт) Алматы.. 1997.
12. Мәшһүр-Жүсіп Қ. Мағжан романтизмі: \\ Қазақ тілі мен әдебиеті. 1992.№5-6. Семей таңы.
13. 20-30 жылдардағы қазақ әдебиеті. 1-ші кітап. А. Ғылым. 1997. 8.
14. Ә.Тарази. Мағжанның прозасы. \\Қазақ әдебиеті. 1990.13 көкек.
Мағжан- фольклорист
Мағжанның поэзиясында фольклорды пайдалануының үш себебіне тоқталу. Халық ауыз әдебиетін халықтың санасын оятып, сол арқылы әлеуметтік орта мен қоғамдағы келеңсіздікпен күресуді мақсат етті. Ақын халық ауыз әдебиетін жинаумен айналыса отырып, мынадай мақалалар жазды. «Базар жырау», «Әбубәкәр ақсақал Дибаев», «Наурыз», «Ақан сері». Тарихи аңыздардың негізінде поэмалар жазды. «Батыр Баян», «Қорқыт», «Қанышбай қысасы», «Оқжетпестің қиясында» поэмадағы тарихи шындық. «Қорқыт», «Қойлыбайдың қобызы», «Ертегі» , «Толғау»,» Тоқсанның тобы» поэмалары арқылы, қазақ әдебиетінің генетикалық нәрі ұлттық қайнарда екендігін дәлелдеген. Мағжанның фольклорды пайдалануы екі кезеңде көрінеді. Алғашқысы Қазан төңкерісіне дейін, екіншісі Қазан төңкерісінен кейін. Өзге ұлттардың шығармашылығын ауыз әдебиетінің үлгісімен жазған. «Жүсіп хан», «Өтірік өлең(Өтірік ертек та аталған.) «Тоқсанның тобы», «Толғау». Фольклорлық сюжетке құрылған өлеңдер: «Қос мүйізді Ескендір», «Зуһра», фольклордың кіші жанрларын пайдалануы. «Жұмбақ», «Ата, бата». «Сал-сал білек», «Бөбектің тілегі», «Бесік жыры», «Еслам қазасына көңіл айту». Осы өлеңдердің ішіндегі шешендік сөздер. Фольклорлық сюжеттерді пайдалану арқылы қазақ әдебиетіне әкелген жанрлық жаңалықтары.
Әдебиеттер:
1. Ш. Елеукенов. Мағжан. А., 1997
2. Мәшһүр Жүсіп Қ. «Батыр баян» дастаны \\ Қазақ тілі мен әдебиеті. №6 2000. a.
3.Б. Қанарбаева. Жырымен жұртын оятқан. А., 1998
4. Б.Қанарбаева. Мағжан шығармашылығының фольклорлық қырлары. А., 1995.
5. Б.Қанарбаева. М. Жұмабаевтың «Қорқыт» поэмасы: Көркемдік пен көрегенділік.\\ ҚР ҒА Хабарлары. Тіл әдебиет сериясы. 1996., №6., 26 б.4.
6. М.Мұсағитов. «Батыр Баяндағы» таным және шындық. Жұлдыз. 1994, №8, Осы автор. (Қойлыбайдың Қобызы» туралы). Жұлдыз. 1995.№2..
7. З. Ақышов. Мағжан мен фатали; Ерші Жүсіп пен Аббас хан. Алматы ақшамы. 1989. 28 декабрь.
8. Ш.Тоқжігітұлы. «Тоқсан тобы» туралы. Мағжанның 3-ші томында. 1996 ж.
9. Ш.Тоқжігітұлы.Тағы да «Тоқсан тобы» туралы» .
10. Мағжанның 3-ші томында. 1996 ж
Мағжан поэзиясындағы символизм
Мағжанның шығармаларындағы символизм шетел әдебиетінің ақын жазушыларының шығармашылығымен байланыстырылады. Символдық өлеңдері. «Сүйгеніме», «Жоғалған алтын», «жарыма», «Қарңғылық қоюланып келеді, «Шолпы», Мистикалық образдау. «От», «Пайғамбар», «Гүлсімге», «Г-ге», «Қысқы жолда, «жазғы жолда», «Бостандық», «Балапан қанат қақты», «Жұмбақ», «Батқан күн, атқан таңның жыры», «Қараңғы дауылды түнде», «Толқын», «Қайың», «Александар Блок», «Еңбек өлім жан қанатын қиятын», «Шойын жол», Сентименталтзмдік сезім. «Жігер, шіркін, желінді», «Батыр Баянның кіріспесі», «Қойлыбайдың Қобызының соңғы жолдары. «Жер жүзін топан басса екен», «Жаралы жан», «Адастым», «Бүгінгі күн өмір, өлім менікі», «Баланың қабір тасына», «Шылым», «Алдамшы өмір», «Болса гүлсіз», «Мені де, өлім әлдиле», «Тірілдім», «Еңбек-өлім, жан қанатын қиятын», «Өміріме өкпем», Мағжан шығармашылығындағы бейнелеу ақын өлеңдеріндегі романтикалық сарынменде
байланысты. Сондықтан Мағжанның поэзиясындағы романтизм жанрлық жағынан соны емес, жаңа қоғам орнатуды аңсаған прогрессивтік бағыттағы сарын. Сондықтан ақын өлеңдеріндегі романтикалық сарын Батыс ақындары мен орыс ақындары, қазақ романтикасының негізін салушы Махамбет өлеңдерімен салыстыра оқытылады. Романтикалық сарындағы өлеңдерін студенттердің өздері талдайды.
Әдебиеттер:
1. Е.Ердембекұлы.Мағжан Жұмабаевтың романтизмі. \\Жұлдыз. 1996.,№9 169 б. 2.Қ.Жүсіпов. Мағжанның романтизмі. \\Қазақ тілі мен әдебиеті..1992.,№5, 6 б.
3. Ш. Елеукенов. Мағжан. А., 1998.
4. Б.Қанарбаева. Жырымен жұртын оятқан.А., 1998
5. Т.Кәкішов. Оңаша отау. 198
6. Мәшһүр-Жүсіп Қ. Мағжанның романтизмі: \\ Қазақ тілі мен әдебиеті. 1992.№5-6. Семей таңы.
7. Жүсіпов.Қ. Мағжанның шеберлігі. \\ Жұлдыз. 1991.№11.
8. Б. Қанарбаева. Мағжан- символист. А., «Экономика», 2007.
9. Е.Тілешов.Суреткер және көркемдік әдіс. Арқас. Астана. 2005.
Мағжан – лирик
ХХ ғасырдың 20--30-шы жылдарында Мағжанның лирикалық өлеңдерін әдебиет зерттеушілері сынға алып, онда эстетикалық мән жоқ дегенге келді. С. Мұқанов Мағжан поэиясын қатты сынға алды. Мағжан лирикасы төңірегіндегі даудың ушығуына Ғ. Тоғжановта баспасөз беттерінде сындар айтты. Шындығында Мағжан лирикаларындағы эротикалық сарын қазақ әдебиетіне Батыс Европа мен орыс әдебиетінің үлгісіндегі жанр әкелу мақсатынан. Олар: «Сүй, жан сәулем», «Сен сұлу», «Хор сипатты қарындас», «Күміс нұрлы ай», «Төгілген шашы», «Күміс нұрлы ай», «Ес кірген соң», «Сүйгенім анық», «Жас сұлуға», «Алданған сұлу, «№ға» т. б. Лекция оқу кезінде осы өлеңдердің жанрлық ерекшелігін Гете, Фет, Мережковский өлеңдерімен салыстыра айту мақсатымыз болмақ. «Сүйгенім анық», «Жан жарымды бір сүйейін түсімде», «Айрылғанда» өлеңдерін студенттерге талдату арқылы тақырыпты меңгеруге тәрбиелеу. Мағжан лирикалары туралы М. Базарбаевтың, Б.Дәрімбетовтың, М.Әлімбаевтың, Қ. Мырзалиев, т.б. зерттеушілердің пікірлерін өлеңдерін талдату кезінде студенттерге оқыту. Табиғат лирикасына қатысты өлеңдер: «Жел», «Жұлдыздарға», «Жазғы түнде», «Көкшетау», «Қайың», «Өзеннің суын жел тербеп», «Күзді күні», «Еділдің сағасында».
Әдебиеттер:
1. М. Базарбаев. Замана тудырған әдебиет. А. «Ғылым». 1997. 216 б.
2. Байтанова Б. Жұмабаев шығармашылығына шолу. Қазақ тілі мен әдебиеті. 1996. №1.
3. Қ.Бітібаева. Мағжан Жұмабаев: (тереңдетіп оқыту орындарына арналған әдіс-бағдарлама) \\ Қазақ тілі мен әдебиеті. 1993. №8. 19-23б.
5. Б.Кәрібаева. Қазақ лирикасының қайнары.\\ Қазақ әдебиеті. 1993. 7 мамыр.
6. С. Негимов. «Өлеңім менің Шолпарым, айым, күнім» \\ Қазақстан мұғалімі. 1989. 13 январь.
7. Б.Сарбалаұлы. Мағжан лирикасы. Қазақ әдебиеті. 1990. 13 көкек.
8. Ш.Әсетқызы. Мағжан- табиғат суретшісі.\\ Ұлағат. 1995, №1.
«Мағжантану» үйірмесінен игерген білімдерін бақылау-тест тапсырмалары
Қай кезден бастап Мағжан түрік тақырыбын жырлай бастады?
А) Омбыда оқып жүргенде
В) Петропал қаласында қызмет істегенде
С) Медресе «Ғалияда» оқып жүргенде
Д) Жәдит молдасының медресесінде оқып жүргенде
Е) Түрмеде отырғанда
«Мағжан, шынында, түрікшіл емес» деген пікірдің иесі:
А) Ғ.Мүсірепов
В) С. Мұқанов
С) Т.Ахтанов
Д) С. Сейфуллин
Е) М.Дулатов
Коммунистік идеология «түрікшілдікті» қалай атады?
А) тюркизм
В) социализм
С) шовинизм
Д) пантюркизм
Е) фашизм
Мағжан поэзиясында түрік тақырыбының ерте басталуына не себеп болды?
А) әкесінің ықпалы
В) анасының ықпалы
С) Мұхамеджан Бегішовтың ықпалы
Д) Сәкеннің ықпалы
Е) Ж.Аймауытов ықпалы
Мағжанның түрік тақырыбына арналған өлеңі:
А) Пайғамбар
В) Туған жер
С) Балапан қанат қақты
Д) Сағындым
Е) Сүйемін
Мағжанның 1918 жылдың 1-жартсында түрмеде отырған кезде жазған ұзақ өлеңі:
А) От
В) Алыстағы бауырыма
С) Пайғамбар
Д) Түркістан
Е) Қазақ тілі
Мағжанның «Түркістан» өлеңі лириканың қай үлгісінде жазылған?
А) Табиғат лирикасы
В) Махаббат лирикасы
С) Дифирамб үлгісінде
Д) Шығармашылық лирика
Е) Саяси лирика
«Бір күнде сенің нең түрік еді,
Орын ғып көшіп-қонып жүріп еді»,- Мағжанның қандай өлеңінен
алынған үзінді?
А) Тез барам
В) Орал тауы
С) Қазақ тілі
Д) Төгілген шашы
Е) Жаралы жан
Баһаддин Өгелдің: «Ежелгі түрік тарихын ғұндардан бастаймыз», – деген пікірі Мағжанның қай өлеңінде орын тапқан?
А) Тез барам
В) Орал
С) Пайғамбар
Д) Төгілген шашы
Е) Жаралы жан
Мағжанның түрікшілдігі туралы ой-толғамдар айтқан жазушылар:
А) М.Әуезов
В) С. Сейфуллин
С) Ж.Аймауытов пен С. Мұқанов
Д) М.Мағауин
Е) М.Дулатов
Мағжан Жұмабаевтың «Жұмбақ» өлеңінің құрылысы:
А) бір бунақты тармақ
В) екі бунақты тармақ
С) үш бунақты тармақ
Д) төрт бунақта тармақ
Е) көп бунақты тармақ
Күл қылайық қаласан
Құл қылайық баласын
Жоқ, жоқ! Ашу басалық!
Гүл қылайық қаласын
Ұл қылайық баласын
Мейірім есігін ашалық
(«Күншығыс»)
өлеңде қолданған әдіс:
А) Қайталау
В) Шендестіру
С) әсірелеу
Д) Теңеу
Е) Метафора
13. М. Жұмабаевтың әр шумағы 11 жолдан тұратын, әр шумағында рефрен ретінде қайталанып отыратын өлеңі:
А) Сүйемін
В) Құрбым
С) Мені де өлім, әлдиле
Д) Өткен күн
Е) Сарғайдым
14. Сарғайдым күннен күнге қуат кеміп,
Қалың ой, қара жылан жүректі еміп.
(«Сарғайдым»)
Өлеңнің көркемдік ерекшелігі:
А) эпитет
В) теңеу
С) әсірелеу
Д) метафора
Е) қайталау
15. Миыңа ешбір бөтен ой кірмейді
Көзіңе ешбір нәрсе көрінбейді
Ақ беті бір ағарып, бір қызарып
Жас жарың жас киіктей дірілдейді
Өлеңде қолданылған әдіс:
А) әсірелеу
В) параллелизм
С) қайталау
Д) синекдоха
Е) эпитет
16. М. Жұмабаевтың 11 буынды қара өлеңмен 7-8 буынды жыр үлгісін қатар өріп отыратын өлеңі
А) Жаралы жан
В) Сағындым
С) Жатыр
Д) Қысқы жол
Е) Жел
17. Түркістан – екі дүние есігі ғой,
Түркістан – ер түріктің бесігі ғой.
Тамаша Түркістандай жерде туған,
Түріктің тәңір берген несібі ғой - өлеңінде қолданған әдіс:
А) баяндау
В) суреттеу
С) бірде баяндау, бірде суреттеу әдісін алмастыру
Д) кейіптеу
Е) эпитет
18. Күміс нұрлы Ай, жұлдыздар – алмас, жібек жел,
Сыбырласып, жас қайыңдар бұраң бел.
Қан қайнады, жас жүрегім ойнады,
Бір сүйейін! Жақында, жаным, бері кел! Өлең жолдарындағы буын саны:
А) 12
В) 11
С) 13-14
Д) 7
Е) 5-7
19. Мағжан жетілдірген қара өлеңнің классикалық түрі:
А) Ертеден Түркістанды Тұран дескен,
Тұранда ер түрігім туып өскен,
Тұранның тағдыры бар толқымалы
Басынан көп тамаша күндер кешкен.
В) Қиналдың-ау шыбын жан,
Тоқталсайшы ыстық қан.
Зарлайсың ғой жетім боп,
Бәсікте қалған балапан.
С) Сандалдық, алдың – боран, артың – тұман,
Түк көрмей сәуле берер шырақ шамсыз.
Білімсіз ит наданның жеңгені ме?
Буының қалтырайды болып әлсіз.
Д) Мазасы жоқ жер ерке
Оянып ап тым ерте,
Жорғалай басып кетеді.
Е) Ызғарлы жел долданып,
Екі иінінен дем алып,
Ішін тартып осқырып,
Кейде қатты ысқырып.
Сар дала бейне өлік сұлап жатқан,
Кебіндей ақ селеулер бетін жапқан.
Тау да жоқ, орман да жоқ, өзенде жоқ,
Сәуле емес, қан шашып тұр күні батқан,- өлеңінде көрсетілген поэзия бейнесі:
А) романтикалық
В) реалистік
С) символистік
Д) психологиялық
Е) классикалық
21. М. Жұмабаевтың поэмасын көрсетіңіз:
А) «Ескендір»
В) «Дала»
С) «Күйші»
Д) «Жүсіп хан»
Е) «Көкшетау»
22. Азаттық жалау кімдікі?
Көре алмаса кім теңдік,
Тепкі көрсе кім кемдік
Азаттық жалау кімдікі
Ендеше, қазақ сенікі! - үзінді М. Жұмабаевтың қай өлеңінен алынған:
А) «Шолпы»
В) «Бостандық»
С) «Сүйгеніме»
Д) «Қызыл жалау»
Е) «Туған жер»
23. «Символизм қазақ поэзиясына аз жаңалық әкелген жоқ. Мағжан өз шығармагершілігі үшін де бұл ағымның көп пайдасы тиді»
А) А.Байтұрсынов.
В) Ш.Елеукенов.
С) З.Гиппиус
Д) Н.Минский
Е) Ж.Аймауытов.
24. Символизмнің философиялық негізі кімдерде жатыр деп білеміз:
А) А.Шопенгауер, Ф.Ницше.
В) А.Блок, А.Белый
С) О.Уайльд
Д) А.Мережковский
Е) З.Гиппиус
25. Үзінді Мағжанның қай өлеңінен алынған:
Сап-сары бел,
Еседі жел,
Еседі.
Еседі жел,
Көшеді ел,
Көшеді.
А) Жаралы жан
В) Жұмбақ
С) Күз
Д) Мен сорлы
Е) Шолпы
26. М. Жұмабаевтың «Күз», «Мен сорлы», «Өлең» атты өлеңдерінде кімге еліктегенін аңғарамыз:
А) М. Горькийге
В) Ы.Алтынсаринге
С) А.Құнанбаевқа
Д) І.Жансүгіровке
Е) С.Сейфулинге
27. Арқада Бурабайға жер жетпейді,
Басқа жер ойды ондай тербетпейді.
Арқада Бурабайға жер жетпейді,
Алашта Кенекеме ер жетпейді – үзінді М. Жұмабаевтың қандай туындысынан алынған:
А) поэмасынан
В) өлеңінен
С) әңгімесінен
Д) мақаласынан
Е) романынан
Мағжан Бекенұлы Жұмабаев дүниеге келді:
А) 1894
В) 1893
С) 1891
Д) 1895
Е) 1890
Мағжан алғаш өлең шығарып, жаза бастады:
А) 10 жасында
В) 6 жасында
С) 8 жасында
Д) 14 жасында
Е) 16 жасында
«Медресе-Ғалияның» жетекшісі:
А) Ғ.Ибрагимов
В) М.Бегішев
С) М.Дулатов
Д) С.Жантөрин
Е) З.Иманжанов
Мағжанның «Шолпан» атты еңбегі жарық көрді:
А) 1912
В) 1910
С) 1911
Д) 1913
Е) 1915
Мағжан 1919 жылы Қызылжардағы губерниялық газеттің редакторы болып істейді. Газет аты:
А) «Айқап»
В) «Ленин туы»
С) «Қазақ»
Д) «Бостандық туы»
Е) «Ұшқын»
1913 жылы Мағжан қай қалаға келіп, оқытушылар семинариясына оқуға түседі:
А) Қызылжар
В) Омбы
С) Көкшетау
Д) Алматы
Е) Уфа
Мағжан Омбы қаласында қай ақынмен жақын араласты?
А) Ғ.Мүсірепов
В) М.Шоқай
С) С. Сейфуллин
Д) Б.Майлин
Е) І.Жансүгіров
Мағжанның 1922 жылы жарық көрген білім беру мәселесі жөніндегі еңбегі:
А) «Педагогика»
В) «Сауатты бол»
С) «Шолпан»
Д) «Бастауыш мектепте ана тілі»
Е) «Бастауыш мектепте ана тілін оқыту жөні»
1922 жылы Мағжан кімнің шақыруымен Ташкентке қоныс аударады?
А) З.Иманжанов
В) В.Брюсов
С) Плеханов
Д) Н.Төреқұлов
Е) М.Әуезов
Қай жылы Мағжан ұсталып, Москваға жіберіліп «Бутырка» түрмесіне қамауға алынады?
А) 1929
В) 1930
С) 1931
Д) 1927
Е) 1928
М. Жұмабаевтың циклдік өлеңдері:
А) «От», «Күншығыс», «Пайғамбар»
В) «Айда атыңды, Сәрсенбай»
С) «Шылым», «Махаббат не?»
Д) «Толқын», «Көкшетау»
Е) «Сағындым», «Өмір»
Мағжанның «Түркістан» атты циклдік өлеңі қай жылы жазылды?
А) 1917
В) 1916
С) 1923
Д) 1938
Е) 1910
«Алыстағы бауырыма» өлеңінің идеясы:
А) әйел теңдігі
В) экологияны қорғау
С) түркі халықтарының бірлігі
Д) сұлулықты мадақтау
Е) кеңес үкіметін қолдау
Күннен туған баламын,
Жарқыраймын, жанамын,
Күнге ғана бағынам.
Өзім – күнмін, өзім – от,
Сөзім, қысық көзім де – от,
Өзіме өзім табынам – үзінді қай өлеңнен?
А) «Түркістан»
В) «От»
С) «Қысқы жолда»
Д) «Бір күні»
Е) «Айға»
Мағжан Жұмабаевтың «От» циклындағы өлеңдерінің бірі:
А) «Айға»
В) «Мен кім?»
С) «Сүйемін»
Д) «Күншығыс»
Е) «Өткен күн»
Үзіндіде кімнің бейнесі берілген?
Сол сұлу сұлу екен атқан таңдай,
Бір соған бар сұлулық жиылғандай.
Торғын ет, шапақтай бет, тісі меруерт,
Сөздері – су сылдырап құйылғандай
А) Гүлсім
В) Зейнеп
С) Ғазиза
Д) Белгісіз сұлу
Е) Қалмақ қызы
«Батыр Баян» поэмасы қай жылы, қай баспада жарияланды?
А) «Еңбекші қазақ» газеті, 1927 жыл
В) «Шолпан» журналы, 1923 жыл
С) «Ақ жол» газеті, 1916 жыл
Д) «Егемен Қазақстан», 1994 жыл
Е) «Шолпан» журналы, 1920 жыл
Мағжанның «Батыр Баян» поэмасымен сарындас шығарма
А) М. Горький «Даылпаз»
В) С. Сейфуллин «Альбатрос»
С) М. Шаханов «Танакөз»
Д) С. Сейфуллин «Көкшетау»
Е) М. Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда»
Достарыңызбен бөлісу: |