МагистратурағА Қабылдау емтиханының бағдарламасы



бет3/3
Дата10.09.2017
өлшемі0,75 Mb.
#31977
1   2   3

Италия

Географиялық орны. Шекаралары, олардың II-шi Дүниежүзілік соғыстан кейінгі өзгеруі. Табиғи жағдайлары мен ресурстары. Материктік Италияның түбектік және аралдық бөлігінен ерекшелігі. Минералдық базасының жұтандығына орай су энергиясының маңызы.

Халқы. Ұлттық құрамы. Итальян эммиграциясы. Халқының біркелкі орналасуы. Қала және ауыл халқы. Мәдени және тарихи ескерткіштердің көптігі. Халықтың кәсіби және таптық құрамы. Дамуының ерекшеліктері мен

саяси құрылымы. Феодалдық сарқыншақтар. Экономикалық базаның әлсіздігі, соғыстан кейінгі даму ерекшеліктері, американ капиталына тәуелділігі. Қазіргі уакыттағы саяси құрылысы. Негізгі партиялары. Католицизм. Компартия, Шаруашылығы. Италияның дүние жүзілік рыноктағы орны. Италия және «Ортақ рынок» капиталдың шоғырлануы. Мемлекеттік капитализм. Шаруашылықтың индустриалды - аграрлық типі. Өнеркәсіптің құрылымы мен орналасуы. Аграрлық құрылымы. Көлігі. Су жолы көлігі, оның маңызы, басты порттар. Шетелдік туризм. Сыртқы сауданың құрамы мен бағыты. Төлем балансы. Аудандары. Негізгі аудан аралық айырмашылықтар және олардың қалыптасу жағдайлары.



Польша

Географиялық орны, аумағы және шекаралары. Социализм кезіндегі ІІольшаның экономикалық дамуының ерекшеліктері. Саяси құрылымы әкімшілік-территориялық бөлінуі.

Табиғат ресурстары: тас көмір, күкірт, мыс, күміс, мырыш, корғасын табиғи газ, тұз қорларын бағалау. Гидрографиялық ресурстарының мәні және құндылығы. Халқы. Польшаның халық саны. Қала және ауыл халқы. Урбанизация деңгейі. Ірі қалалар. Шаруашылығы. Польша экономикасының жаңа экономикалық жағдайларға бейімделуі. Шаруашылығының бұрыңғы социализм елдерінен ерекшеленуі. Өнеркәсібі. Польшаның жалпы шаруашылық жүйесіндегі өнеркәсібінің орны. Кен өндірудің маңызы. Тас көмір өндірудегі Польшаның орны. Түсті металлургия. Басты өнеркәсіп аудандары. Өнеркәсіптің өңдеуші салаларындағы модернизация. Ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылықтың маңызы. Ауыл шаруашылық жерінің ауданы. Мұндағы еңбекке жарамды халықтың саны. Жеке шаруашылықтардың үлесінің өсуі. Ауыл шаруашылығының басты өнімдері. Көлігі. Көліктің барлық түрлерінің дамуына географиялық орнының колайлылығы. Көлік жүйелерінің қысқаша сипаттамасы. Өзен көлігінің жұмысы. Өзен каналдарының маңызы. Балтық теңізінің оңтүстік жағалауларындағы теңіз порттарының маңызы.

Сыртқы экономикалық байланыстары. Дүниежүзілік шаруашылық жүйесінде Польшаның тұрақтануы. Дүниежүзілік экспорт, импорт ағымдарындағы Польшаның экспорт және импорт үлесі. Польшаның сыртқы экономикалық байланыстарының негізгі бағыттары. Экономикалық аудандары.



Солтүстік Америка елдері

Америка Құрама Штаттары

Географиялық орны және табиғат ресурстары. Географиялық орнының ерекшеліктері. Теңіз және кұрғақтағы шекаралары.

Пайдалы казбалардың қоры, шоғыры және кен орындарының орналасуы.

Халқы. Халқының динамикасы. Халқының қалыптасуындағы иммиграцияның орны. Ұлттық құрамы. Қала және ауыл халқы. Урбанизация деңгейі, урбанизация проблемалары. АҚШ-тың саяси құрылымы. Екі партиялы жүйе. Шаруашылығы. Дүниежүзілік шаруашылықтағы АҚШ-тың үлесі. Әлемнің басқа елдерімен салыстыру. Өндіріс пен капиталдың шоғырлану деңгейінің жоғары болуы. Монополизация құрылымы. Орналасуындағы біркелкіліктің болмауы және оның себептері. ТҰК ролі. Өнеркәсібі салаларының маңызы. Ауыл шаруашылығы. "Американдық" ауыл шаруашылығын дамыту типі (Оңтүстіктен басқа). Ауыл шаруашылығының әлеуметтік құрылымы. Аграрлық қарым-қатынастар. Ұсақ және орта фермерлердің құлдырауы, ірі фермерлердің өсуі. Өсімдік пен мал шаруашылық салаларының орналасуы. Ферма типтері мен олардың орналасуы. Ауыл шаруашылық аудандары. Көлігі. Темір жол желісі және темір жолмен тасымалдаудың басты бағыттары. Тас жолдары және автомобиль транспортының жақсы дамуы және оның темір жолдармен бәсекеге түсуі. Ұлы көлдер, олардың порттары мен жүк ағымдары. Өзен көлігінің әлсіздігі, оның себептері. Теңіз флоты, маңызды порттары. Әуе көлігінің дамуы. Кұбыр тасымалдары.

Сыртқы экономикалық байланыстары. Дүние жүзілік рыноктағы АҚШ экспансионизмі. АҚШ-ты дүниежүзілік рыноктағы ірі қаржы экспортер ретінде қарастыру. Континенттер мен мемлекеттерде американ қаржысалымдарының таралуы. Дүниежүзілік рыноктағы АҚШ алып отырған орнының әлсіздену факторлары. АҚШ-тың Батыс Еуропа елдерімен, Канадамен, Латын Америкасы елдерімен, Қиыр Шығыс елдерімен байланысы және қарама-қайшылықтары.

Аудандары. Ішкі ерекшеліктері.



Канада

Географиялық орны және табиғат ресурстары. Минералдық шикізатқа және металл ресурстарына, мұнайға және калий тұздарына бай болуы. Гидроресурстардың, орман байлықтарының молдығы. Климаттың шаруашылыққа кері әсері.

Халқы және мемлекеттік құрылысы. Халықтың қалыптасу факторлары. Иммиграцияның рөлі. Негізгі ұлттық топтар, олардың сипаттамасы. Халықтың тығыздығының төмен болуы, біркелкі орналаспауы. Урбанизация, қала және елді мекендердің түрлері. Халықтың кәсіби және топтық құрамы. Мемлекеттік құрылысы, оның ерекшеліктері. Әкімшілік бөлінуі. Саяси партиялар. Шаруашылығының жалпы сипаттамасы мен даму ерекшелігі. Ағылшын-Француз арасындағы бәсекелесте Канаданың дамуы. Монополизация, мемлекеттік капитализм. Экономикалық және капиталистік дамудың жоғары болуы, шетел яғни американ капиталына байланысы. Шаруашылықтың орналасуы мен кұрылымы. ІІ-Дүниежүзілік соғыстан кейінгі дамуының күшейюі. Гидроэнергетиканың және энергияны кажет ететін өндірістің ерекше рөлі. Басты ауыл шаруашылық аудандары. Көлігі. Ішкі көліктің дамуы, оның ерекшеліктері. Құбыр көлігі. Сыртқы экономикалық байланысының маңызы. Сыртқы сауданың көлемі, кұрылымы, бағыты. Төлем балансы.

Экономикалық аудандары. Ел экономикасында оның рөлі және әртүрлі дамуы.



Латын Америкасы елдері

Латын Америкасы елдерінің жалпы сипаттамасы

"Латын Лмерикасы" ұғымы осы аймаққа кіретін елдердің кұрамы. Латын Америкасы елдері экономикалық дамуында басқа дамушы елдерге қарағанда біршама жоғары дамыған. Латын Американың саяси картасы. Латын Америкасының кұрамы. Тәуелсіз мемлекеттер және олардың шетел монополияларына, әсіресе, АҚШ-қа экономикалық тәуелділігі. Латын Америкасы елдерінің стратегиялық маңызы, АҚШ-тың әскери базасы. Екінші дүние жүзілік соғыстан кейін пайда болған жаңа тәуелсіз мемлекеттер. Бірінші социалистік мемлекет - Куба. Табиғи жағдайы және оларды экономикалық бағалау. Латын Америкасы елдерінің минералдық шикізатының халықаралық маңызы. Табиғи ресурстарды ұлттық меншікке айналдыру процесі.

Халқы. Жергілікті халықтар. Еуропалық колонизация, құлдарды сатуды континент халқының қалыптасу факторы ретінде қарастыру. Нәсілдер. Халықтың тығыздығы және орналасуы. Қала және ауыл халқы. Қала агломерацияларының көп болуы және олардың үлкен рөл ойнауы. Миграциялық процестер. Халықтың табиғи өсімі. Халықтың кәсіби, салалық және ұлттық құрамы. Жалпы шаруашылыққа сипаттама. Ұлттық және шетелдік капиталдың арасындағы шиеленістің күрделенуі. Индустрализация. Өнеркәсібі. Өнеркәсіптік дамудың деңгейі және оған шет ел монополияларының әсері. Тау-кен және өңдеуші өнеркәсіптің құрылымы. Негізгі салалардың орналасуы. Жекелеген елдерді индустриализациялаудың мүмкіндігі. Өнеркәсіпті аудандары және орталықтары. Ауыл шаруашылығы. Аграрлық қатынас, феодализм, шетелдіктердің жерді иелікке алуы. Құлдық пен феодалдықтың ара-қатынастары. Жалға беру. Ауылшаруашылық техникасының шектеулілігі. Ирригация. Ауылшаруашылығы құрылымының бір бағыттық сипаттамасы. Оның ірі салаларының орналасуы. Ауыл шаруашылығының типтері. Өнеркәсіп. Өнеркәсіп дамуының денгейі және шетел монополияларының оған әсері. Тау кен және өңдеуші өнеркәсіптің құрылымы. Көлігі. Шетел капиталының әсерінен қалыптасқан оның құрылымы мен орналасуындағы ерекшеліктер.

Сыртқы экономикалық байланысы. Сыртқы ауданның сипаты. Экспорт пен импорттың негізгі бағыттары және құрамы. Латын Америкасы елдеріндегі шетелдік инвестициялар, бұл елдердің төлем баланстары салаларының төмен болуы.

Елдердің негізгі аймақтық топтары. Олардың негізгілеріне сипаттама: Бразилия, Мексика және Аргентина, Мексика. Аумағы, географиялық орны. Пайдалы қазбалары және олардың шаруашылықтағы маңызы.

Халқы. Ұлттық құрамы. Қала және ауыл халқы. Жалпы шаруашылықтың сипаттамасы. Мемлекеттік сектордың рөлі. Экономиксының құрлымы. Тау-кен өнеркәсібі мұнайдың ерекше маңызы. Өңдеуші өнеркәсіптің маңызды салалары және басқа дамушы елдермен салыстырғанда оның жақсы дамуы. Мал шаруашылығы. Аграрлық реформалар. Капиталистік және капиталистікке дейінгі аграрлық қатынастар. Экспорттық өндірісіне шаруалығын мамандандыру. Көлік торабын дамытудың ерекшеліктері. Экспорттың және импорттың бағыты және құрылымы. НАФТА-ның перспективті әсері.

Экономикалық аудандар. Ауданның құрылуының ерекшеліктері және негізгі аудандар бойынша айырмашылықтары. Солтүстік шекаралық зона.

Бразилия

Шаруашылығының дамуына табиғи қорларының әртүрлігі.

Халқы. Колонизация және иммиграция. Қазіргі этникалық құрамы. Халықтың орналасуы. Қала және ауыл халқы. Қалалардың типтері.

Экономикасының құрылымындағы өзгерістер, мемлекеттің индустриалды-аграрлық елге айналуы. Жаңа аудандарды игеру. Экономикадағы мемлекеттік сектор. Өнеркәсіп, оның даму факторлары. Ауыл және орман шаруашылығы. Аграрлық қатынастар. Мал шаруашылығы Орман байлықтары және оларды пайдалану.

Көлігі. Мұхитжағалық және ішкі штаттар арасындағы байланыс. Теміржол, авто, әуе, су көлігі.

Экономикалык аудандар ішкі ерекшеліктері.



Шетелдік Азия елдері

Азия елдеріне жалпы сипаттама

Шетелдік Азияның саяси картасы және оның ІІ-ші Дүние жүзілік соғыстан кейінгі колониялық империяның құлауы нәтижесінде болған өзгерістер. Мемлекеттік құрылысы, деңгейі және экономикалық дамуы жолдары бойынша аймақтағы дамушы елдердің типтері және денгейінің түрлері. Ұлттық капиталдың және мемлекеттік сектордың ролі. Неоколониализм және оның Азиядағы түрлері, блоктардың қалыптасуы (СЕАТО, СЕНТО және т.б) және олардың қайта жандану мүмкіндігі. Азия елдерінің ұлттық тәуелсіздік үшін күресі.

ІІІетелдік Азияның географиялық аудандарға бөлінуі және олардың қысқа саяси-географиялық сипаттамасы. Қиыр Шығыс, Оңтүстік Азия, Оңтүстік-Шығыс Азия, Батыс Азия (Таяу және Орталық Шығыс).

Жапония

Жапонияның аралдық географиялық жағдайының ерекшеліктері және территориясы. Дүниежүзілік соғыстың салдарынан елдің мемлекеттік шекарасының өзгеруі. Жапония аралдарының әскери-стратегиялық маңызы. Табиғи жағдайы және ресурстары. Жағалардың тілімделуі, таулы рельефтің басымдылығы. Жер сілкіну. Климаты: муссонды және теңіздік ағыстардың әсері. Жапонияның өзендері-энергияның негізгі көзі. Минералды шикізатқа салыстырмалы түрде алғанда кедей болды. Орман ресурстарының маңызы. Қоршаған теңіздердің балық байлықтары. Экологиялық дағдарыс. Халқы. Тығыздығы және саны. Ұлттық құрамының біртектілігі. Халықтың біртекті орналаспауы. Эммиграция. Мемлекеттің демографиялық саясаты және оның нәтижесі. Қала және ауыл халқы. Шамадан тыс үлкен қалалар. Жапон мегаполисі. Саяси құрылымы және негізгі саяси партиялар. Шаруашылығы. Жапония Азия елдерінің ішіндегі аса дамыған капиталистік ел және дүние жүзінде аса дамыған елдердің бірі. Соғыстан кейін Жапон экономикасының тез дамуы, оның себебі Екінші дүние жүзілік соғыстан кейін Жапония экономикасы құрылымының өзгеруі. Ғылыми техникалық революция және оның салдары. Жапония өнеркәсібінің негізгі салаларына американдық капиталдың енуі. Өнеркәсібі. Оның даму ерекшеліктері. Жапония өнеркәсібінің шетелдік шикізаттар мен сыртқы сауда рыногына тәуелділігі. Энергетикалық проблемалар. Өнеркәсіптің басты экспорттық салалары (автомобиль жасау, радиоэлектроника, химия және т.б.). Ескі, жаңа, қазіргі салалар. Олардың орналасуы. Негізгі аудандары және орталықтары. Тынық мұхиттық "өнеркәсіптік белдеу". Ауыл шаруашылығы. Жапонияның өзін-өзі ауылшаруашылық өнімдерімен қамтамасыз етуі. Аграрлық катынас. Соғыстан кейінгі "Жер реформасы". Аграрлық қатынастарға байланысты Жапония ауылшаруашылығының артта қалуы. Негізгі азық-түлік дакылдары және олардың орналасуы. Мал шаруашылығынын дамуына көңіл бөлу, жібек өсіру және балық шаруашылығының маңызы. Көлігі. Теңіз көлігінің басым болуының маңызы. Маңызды порттары. Сыртқы экономикалық байланысы. Жапонияның дамушы елдерге сыртқы экономикалық экспансиясы. Валюта проблемасы. Сыртқы сауда, оның Жапония экономикасына рөлі: өлшемі, құрамы. Сыртқы сауданың бағыты.

Экономикалық аудандар

Үндістан

Дүние жүзіндегі дамушы елдер арасында аса ірі ел ретінде Үндістанның халықаралық маңызы. Территориясының құрамы, әкімшілік құрылымы. Географиялық орны және шекаралары.

Табиғи жағдайы және ресурстары. Табиғат ресурстары корының молдылығы байлығы. Халқы. Халық саны: тілдік, діндік және ұлттық құрамының күрделілігі, касталардың рөлі. Ұлттық проблемалар. Үндістан халық мәдениетінің өзгешелігі. Халықтың табиғи өсімінің, жастық және жыныстық құрамының ерекшеліктері. Халықтың орналасу ерекшеліктері. Қала және ауыл халқы. Ірі қалалар. Еңбек ресурстары. Халықтың салалық, таптық, кәсіби құрамы. Дамуының ерекшеліктері және саяси құрылысы. Екінші дүниежүзілік соғысқа дейінгі колониялды тәртіп, оның үнді экономикасының біржақты дамуына әсері. Ұлтазаттық қозғалыстың көтерілуі және Британ мен Үндістанның Үндістан және Пәкістан доминионы болып бөлінуі. Үндістан Республикасының құрылуы. Үндістанның қазіргі саяси құрылымы, негізгі партияларының сипаты. Шаруашылығы. Экономикалық дамуының деңгейі көп ғасырлық Британ колониясы болуының себебі. Көп бағытты экономика жағдайындағы мемлекеттік сектор және мемлекеттік басқару. Негізгі мемлекеттік өндірістік жаңа құрылыстар, олардың аудан құру маңызы. Өнеркәсібі. Шикізат және энергия базасы; геологиялық барлау жұмыстарын ұйымдастыру. Электр станциялары мен ірі металлургия зауыттарын салу. Бұрыңғы Кенес Одағының көмегі. Фабрика-зауыт өнеркәсіптерінің негізгі салалары, өнеркәсіптердің орналасуы мен құрылымындағы алға жылжулар. Ауыл шаруашылығы. Аграрлық қатынас. Ауыл шаруашылығының негізгі салалары және олардың орналасуы. Экспорттық салалар. Негізгі ауылшаруашылық аудандары. Көлігі. Темір жол көлігінің дамуы. Теңіз арқылы байланыстың маңызы. Британ және отандық флоттың рөлі. Негізгі порттар. Әуе көлігі.

Сыртқы экономикалық байланыстары. Дүниежүзілік соғысқа дейінгі және кейінгі сыртқы сауданың бағыттары және құрамы. Шетел инвистициясының рөлі.

Аудандары. Аудандарға бөлінуінің негізгі сипаты.

Қытай Халық Республикасы

Қазіргі саяси жоне экономикалык-географиялық орны. Қытай аумағының қалыптасу ерекшелігі. Мемлекеттік құрылысы. Әкімшілік-аумақтық бөлінісі.

Табиғи жағдайы және табиғат ресурстары, олардың шаруашылықтағы маңызы. Табиғат ресурстарының аумақтық шоғыры және оларды пайдаланудың алғышарттары. Халқы. Халық санының өсу серпіні және ҚХР-ның әртүрлі даму кезеңдеріндегі демографиялық саясаты. "Бала тууды жоспарлау" бағдарламасын қазіргі кезде жүзеге асыру. Халықтың көп ұлтты құрамы, негізгі кытай емес ұлттардың қоныстануы. Халықтың тығыздығының аумақтық ерекшеліктері. Қала және ауыл халқы, елді-мекендердің типтері, ішкі миграция. "Хуацяо" - Қытай эммигранттарының ҚХР саяси және экономикалық өміріндегі рөлі. Халықтың таптық және әлеуметтік құрылысы. Еңбек ресурстары, білікті кадрлардың жетіспеушілігі. Жұмыссыздық және оларды жоюдың жолдары. Шаруашылықтың дамуының ерекшелігі және әртүрлі кезеңдердегі мемлекеттің экономикалық саясаты. Өнеркәсібі. Энергетикасы. Өнеркәсіптің аумақтық құрылымының негізгі ерекшеліктері. Өнеркәсіптік аудандары. Ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығының салалық құрылымы. Егіншіліктің басым болуының маңызы. Күріш, басқа да астық дақылдары, олардың орналасуы, өсіру ерекшеліктері. Азық-түлік мәселесі. Техникалық дакылдар географиясы. Мал шаруашылығы. Ауыл шаруашылығының мамандануындағы аумақтық ерекшеліктер. Көлігі. Теміржол көлігінің басым болуы. Елдің және оның жекелеген аудандарының теміржолдармен камтамасыз етілуі. Негізгі автомобиль жолдары және автокөлік. Құбырмен тасымалдау. Өзендердегі кеме қатынасы, оның өрістері. Негізгі теңіз порттары. Әуе көлігі.

Сыртқы экономикалық байланыстары. Сыртқы тауар айналымының өсу динамикасы. Экспорт пен импорттың тауарлық құрылымы. Дамушы елдермен байланыстың дамуының кеңеюі. ТМД елдерімен сауда қарым-қатынасы.

Экономикалық аудандастыру мәселесі. Экономикалық аудандарды қалыптастыру процессі.

Африка елдері

Африка елдерінің жалпы сипаттамасы

Аумағы және географиялық орны. Аумағының құрамы, қазіргі саяси бөлінісі. Африка мемлекеттерінің ауданы мен халқы жөніндегі негізгі мәліметтер. Африка елдерінің халықаралық саяси аренадағы орны мен маңызы. Географиялық орны.

Табиғат ресурстары. Континенттің табиғат зоналары мен ландшафттарды шаруашылық тұрғыдан бағалау. Гидроэнергетикалық және отын ресурстары. Шөл зоналарды суландыру және су мәселесі. Минералдық шикізаты. Топырақ-өсімдік зоналары, оларды шаруашылыққа пайдаланудың мүмкіндіктері. Африканың саяси картасының калыптасуы. Бірінші дүниежүзілік соғысқа дейінгі Африканы бөлу. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі саяси картада болған түбегейлі өзгерістер; бұрын-соңды болып көрмеген ұлт-азаттық қозғалыстар және Англия, Франция, Италия, Бельгия колониялық империяларының құрылуы. Қазіргі Африканың негізгі саяси және әлеуметтік-георафиялық проблемалары. Неоколониализм және оған қарсы Африка халқының күресі. Африкадағы халықаралық саяси топтар және ассоциациялар. "Ортақ рынок". НАТО және Африка. Африка бірлік ұйымы (ОЕА) және басқа да маңызды ұйымдар мен одақтар. Халқы. Халықтың саны мен демографиялық құрылымы. Ру, тайпалық және тіл топтары бойынша бөлінуі. Ұлттық қалыптасу проблемасы. Нәсілдік кемсітушілікке қарсы демократиялық күштердің күресі. Халықтың біркелкі орналаспауы. Африка халқының миграциясы. Қала және ауыл халқы. Еңбек ресурстары және оларды пайдалану. Шаруашылықтың жалпы сипаты. Дүниежүзілік шаруашылықтағы Африканың орны. Бай табиғат ресурстарын шетел капиталы тарапынан талан-таражға түсуі. Африка елдерінің төмен даму денгейі. Африка елдерінде шетелдік капиталдың қазіргі позициясы. Мемлекеттік сектордың маңызы. Африка елдерінің экономикалық тәуелсіздігі үшін күресі. Африканың жекелеген елдері арасында экономикалық және саяси дамуындағы ерекшеліктер. Өнеркәсібі. Дүние жүзілік шаруашылықтағы Африка тау-кен өнеркәсібінің рөлі. Тау-кен өнеркәсібінің географиясы, негізгі тау-кен өнеркәсіптік орталықтар. Шикізатты бастапқы өңдеу салаларының дамуы, индустрияландырудың болашағы. Ауыл шаруашылығы - Африка елдері экономикасының негізгі салалары. Аграрлық қатынастар. Жер реформасы және оның аяқсыз қалуы. Ауыл шаруашылық өндірістің жағдайы. Өсімдік шаруашылығының салалы құрылымы және орналасуы. Мал шаруашылығын дамыту мен орналастыру ерекшелігі. Көлігі. Оның құрылымының колониялдық сипаты. Көліктің жекелеген түрлерінің рөлі. Керуен жолдары. Құбыр тасымалдары. Автокөлігі. Автокөлігі халықаралық маңызы бар аса ірі көлік тораптары.

Сыртқы экономикалық байланыстары. Дүниежүзілік рыноктағы Африка елдерінің үлес салмағы. Сыртқы сауданың сипаты. Жаңа экономикалық тәртіп үшін демократиялық күштердін күресі. Африка елдерінің сыртқы сауда байланыстарының құрылымы мен бағытындағы өзгерістер. Африканың басты аймақтық топтары. Солтүстік, Батыс, Орталық, Шығыс және Оңтүстік Африка елдері.



Австралия және Мұхит аралдарының елдері. Австралия және Мұхит аралдары елдерінің сипаттамасы.

Еуразия мен Америка арасындағы халықаралық жол бойындағы Австралия, Жаңа Зеландия және Мұхит аралдарының орны. Территориялардың шалғайдығы және олардың стратегиялық маңызы. Ұлт-азаттық қозғалыстың өсуі және оның Мұхит арал елдері, Меланезия, Полинезия, Микронезияның саяси картасына тигізген әсері. Жекелеген елдердің экономикалық деңгейдегі ерекшеліктері. Австралия, Жаңа Зеландия - экономикалық даму деңгейі жоғары елдер. Мұхит аралдары елдерінің артта қалғандығы мен экономикасының ерекшелігі.



Австралия Одағы.

Аумағы, географиялык орны, табиғи жағдайы. Континеттің қалыптасуы. Табиғат ресурстарының маңызы. Жер бедерінің тегіс болу сипаты, климатының куаңдылығы, су мәселесінің ерекше маңыздылығы.

Минералдық ресурстарға, әсіресе металдар мен бокситтерге бай болуы. Пайдалы қазбаның жаңа ашылған кен орындары.

Халқы. Қалыптасу ерекшелігі, иммиграцияның рөлі. Ұлттық құрамы мен оның өзгерісі. Ұлттық проблемалар. Аборигендер проблемасы. Халықтың өтe сирек болып және біркелкі қоныстануы, "астаналық" қалалардың ерекше рөлі. Халықтың салалық және топтық құрамы. Шаруашылығының даму ерекшелігі мен жалпы сипаттамасы. Алтын өндіру өнеркәсібінің рөлі және бір кездегі қой шаруашылығының дамығандығы. Доминиондардың құрылуы. Австралия - "көшіп-қонған" капитализм елі Канадамен салыстыру. Экономикасының индустриалды-аграрлы сипаты. Соғыстан кейінгі индустрияландыру және шетел капиталының рөлі. Шаруашылығының жоғары экспорттығы. Өнеркәсіптің соғыстан кейінгі құрылымындағы және орналасуындағы өзгерістер. Шетелдік капиталдың рөлі. Негізгі салалар, өнеркәсіпті аудандар мен орталықтар. Аграрлық қатынастардың ерекшелігі. Скваттерлік, латифундизм. Ауыл шаруашылық салаларының құрылымы және ондағы өзгерістер. Мал шаруашылығы, қой өсірудің басымдылығы. Өсімдік шаруашылығы, оның құрылымындағы өзгерістер, негізгі дақылдардың орналасуы. Ауыл шаруашылығының экспорттығы. Ауыл шаруашылық ауданы Көлігі. Теміржол көлігінің басымдылығы, тораптарының біркелкі болмауы. Теңіз көлігінің нашар даму себебі. Көліктің басқа да түрлсрі.

Сыртқы экономикалық байланыстары. Олардың маңызы. Сыртқы сауда географиясы және оның құрамы. Ағылшын-американ ерекше тәуелділігі. Ұлыбританияның "Ортақ рынокқа" енуіне Австралия экономикасының мүдделігі, Австралияның сыртқы саудасында Жапония рөлінің артуы. Төлем балансы.

Аудан орталық ерекшеліктер. Экономикалық аудандардың қалыптасуының аяқсыз қалуы.



Әдебиеттер
1. С.Ә. Әбілмәжінова Жалпы жертану. Алматы 2012 ж.

2. Құсайнов С.А. Жалпы геоморфология: оқулық, Алматы: Дәуір, 2012. -365 б.

3. Достай Ж.Д. Жалпы гидрология. Алматы: Қарасай, 2011. – 278 б.

4. Исаченко А.Г. Ландшафттану негіздері. Аударған Мұқашева Ж.Н. Алматы, Мектеп, 1996.

5. Бейсенова. Қазақстан табиғатын зерттеу және физикалық география идеяларының дамуы. – Алматы: Рауан, 1990.-247б.

6. Экономическая, социальная и политическая география мира. Регионы и страны. /Под ред. С.Б.Лаврован, Н.В.Каледина. -М:Гардарики, 2002.

7. Савцова Т.М. Общее землеведение. – М., 2004

8. Мұқашева Ж.Н. Жалпы жертану. – Алматы: Қазақ университеті, 2002.

9. Гладкий Ю.Н., Чистобаев А.И. Регионоведение: Учебник. -М., 2003.
А қосымшасы

(Эссе құрылымы)


Тапсырмалар (максималды сөз саны - 300):

Магистратурада оқу барысында өзіңіздің болашақ ғылыми-зерттеулік әрекетінің бағытын қалай көре аласыз?


  1. Аты-жөні, тегі / Аты-жөні, тегінің кодтамасы

  2. Базалық білімі (мамандығы)

  3. Іс-әрекет бағыты бойынша ұсынылған тақырып

  4. Зерттеудің таңдалған тақырыбының өзектілігі

  5. Мақсаты мен міндеттері

  6. Өңделген деңгейі

  7. Жұмыстың ұсынылған жаңалығы

  8. Теориялық және практикалық мәнділігі

Б Қосымшасы

(Питча құрылымы)
Тапсырма:

Таңдаған салада өзіңіздің стартап-жобаңыздың ойын презентация ретінде ұсыныңыз
Питч құрылымы:

Не туралы айту керек:



  • Аты жөні (компанияның атауы мен логотипі);

  • Сіздің жобаңыз қандай мәселені шешеді;

  • Оның шешілуіне қандай сұраныс бар;

  • Нарық/бәсекелес

  • Сіздің шешіміңіз: негізгі технология (қысқаша);

  • Сіздің шешіміңіз: бәсекелестер алдындағы оң жақтарыңыз;

  • Бизнес-модель: ақшаны қалай табасыз;

  • Маркетинг және сатылым: нарыққа қалай шығасыз;

  • Негізгі көрсеткіштер: гиптезалар, болжамдар, жетістік метрикасы;

  • Команда: неліктен сіздер ғана бұл бизнесты әске асырасыз;

  • Ағымдағы статус (не істелді), жоспар-кесте (не және қашан жоспарланады)

  • Капитал бөлудегі қажеттіліктер (қанша және неге ақша керек ) / инвесторге ұсыныс (олар үшін қандай ұсыныс жасай аласыз)

  • Байланыстар



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет