Магистрлік диссертация туралы түсінік



Дата07.02.2022
өлшемі17,25 Kb.
#83550
түріДиссертация
Байланысты:
Неғметова А. МПиП-11


Орындаған: Неғметова Айдана М ПиП-11
Эссе
Магистрлік диссертация туралы түсінік
Магистрлік диссертация-басқа жазбаша жұмыстарға қараған өте күрделі, жүйелі жұмыс. Бұл жұмысты ұйымдастырудың бірқатар өзіндік ерекшеліктері бар. Алдымен өзекті тақырып таңдау, оған тән ережелер, тұжырымдар мен ұсыныстар енгізу, олардың жаңалығы мен маңызын, қолданылатын әдіс-тәсілдер және магисртдың мәселені шешу шеберлігін көрсетуімен ерекшеленеді. Тағы бір басты ерекшелігі, мазмұнында берілген ақпараттар түпнұсқа және келтірілген мәліметтер қайталанбауы тиіс.
Жоғары оқу орындарының түскен бірінші курс магистранттарында ғылыми жұмыс дағдыларын меңгеруде, жазуда түрлі сұрақтар мен қиындықтар туындайды. Ең алдымен өздерінің жұмысын ұйымдастыруда ғылыми таным әдістерін және логикалық заңдар мен ережелерді қолданудың тәжірибесі жетіспейді. Осы орайда Асылбек Сапарғалиұлының ««Психология» мамандықтарына арналған магистрлік диссертацияны дайындау бойынша әдістемелік нұсқаулық» еңбегі магистрантарға диссертация жазу барысында дұрыс жол көрсетер құнды оқу материалы. Себебі бұл нұсқаулықта біліктілік жұмысын жазу кезіндегі өзекті мәселелер қозғалып, тақырып таңдаудан бастап ресми қорғауға дейінгі толық процестер қарастырылған.
Оқу материалымен таныса отырып, өзіме қажетті жаңа ақпараттар жинақтап, сөздік қорыма бірнеше жаңа терминдерді енгізу арқылы олардың дисертациялық жұмыста қолданылу маңыздылығын түсіндім. Атап айтар болсам: аналогия, санат, мәлімет түрлері, аспект және тағы басқа. Сонымен қатар автор ғылыми зерттеу барысының жалпы сызбасын, ғылыми таным әдістерін 3 топқа бөліп, қолдану ерекшеліктерін зерттеушіге түсінікті тілмен жеткізген. Бұл нұсқаулықтан өзіме мәлім де беймәлім болған ақпараттарды оқып, талдай отырып, ғылыми зерттеу жұмысының ерекшеліктерімен, маңызымен танысу арықылы, өз тарапымнан біліктілік жұмысының жазылу ережесін шама-шарқым келгенше түсіндіріп өтпейін.
Диссертация–жылдар бойында алған біліміңіздің жоғарғы оқу орнындағы соңғы әрі қорытынды нәтижесі. Сол себептен де, бұл мәселеге асқан жауапкершілікпен қарап, тыңғылықты іздеу жұмыстарын жүргізу керек.
Жұмыс жазуды бастамас бұрын жалпы ережелермен соның ішінде оқу орнымыздың магистрлік диссертация туралы негізгі ережелермен танысып алған жөн. Жаңа оқу жылы басталғаннан кейін (1 курс басында) 1-2 айдың ішінде жетекшіміз бен диплом тақырыбыңызды таңдап, кафедраға өтініш беруіміз керек. Тақырып таңдау зерттеушінің еркіне беріледі. Мамандыққа сәйкес өзекті мәселені таңдап, 7-12 сөзден кем немесе артық болмайтындай тақырып беру қажет. Тақырыпты дұрыс таңдау - диссертацияның жақсы орындалуының 70-80% кепілі. Бұл орайда біздің басты көмекшіміз – жетекші мен кітапхана.
Тақырыптан кейін құрылымдық эленттері бойынша диссертациялық жұмыс жазылады:
1. Кіріспеде тақырыптың өзектілігі және жаңашылдығы, зерттеулердің мақсаты мен міндеттері, ғылыми және іс-тәжірибелік маңыздылығы, аталған жұмыстың басқа да ғылыми-зерттеу бағдарламаларымен байланысы, олардың жалпы ғылыми-зерттеу жұмысын орындаудағы алатын рөлі көрсетілуі керек.
2. Диссертацияның негізгі бөлігінде орындалатын жұмыстың мәнін, әдістемесін және негізгі нәтижелерін бейнелейтін мәліметтер беріледі. Негізгі бөлік тұруы керек:
- Зерттеудің бағытын және оның негізін, міндеттерді шешу әдістері және олардың-салыстырмалы бағасын, жұмысты өткізудің таңдалынған жалпы әдістемесін сипаттау;
- Теориялық және эксперименттік зерттеулер процесі, теориялық-зерттеулердің сипатын және мазмұнын анықтаумен қоса, зерттеулер әдістері, есептеу әдістері, эксперименттік жұмыстарды өткізу қажеттігін негіздеу, жасалынған нысандардың жұмыс принципі, олардың сипаттамалары;
- Жұмыстың кейінгі бағыты бойынша зерттеулер мен ұсыныстар нәтижелерін-жалпылау және бағалау, алынған нәтижелердің дұрыстығын бағалау және оларды отандық және шетелдік жұмыстардың ұқсас нәтижелерімен салыстыру;
- Әрбір тарау, бөлім бойынша қысқаша қорытындылар.
3. Қорытынды тұруы керек:
- Диссертациялық зерттеулер нәтижелері бойынша қысқаша қорытындылардан;
- Қойылған міндеттердің шешімдерінің толықтығын бағалаудан;
- Нәтижелерді нақты қолдану бойынша ұсыныстар мен бастапқы мәліметтерді жасаудан;
- Білім саласындағы үздік жетістіктермен салыстырмалы орындалған жұмыстың техникалық-экономикалық деңгейін бағалау.
4. Қолданылған әдебиеттер тізімі магистрлік диссертацияны жазу барысында қолданылған әдебиеттер туралы мәліметтерден тұруы керек.
5. Қосымша бет. Қосымшаға қаңдай да бір себептермен негізгі бөлімге қосылмай қалған, диссертациялық жұмысты орындаумен байланысты, материалдарды қосу ұсынылады.
Қорытындылай келе айтарым, диссертациялық жұмыс күрделі, күш қайрат пен талаптылықты қажет ететін жұмыс болғандықтан бұл нұсқаулық пен танысқан әрбір зерттеуші өзіне бағыт берер құнды материалдар жинақтай алады. Келешектіге өзімнің диссертациялық жұмысама алған мәліметтерімді міндетті түрде тиімді қолданарыма сенемін.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет