Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет10/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1
БОӨЖ 14 Ісікке қарсы иммунитет туа біткен, жүре пайда болған. Жумабаев Нұрғали Стом 205 А, 1Дабылдар мен оқиғаларды өңдеуді, КС зертхана 8, ОНСУ 1-2 ргр
Әдеби KZ 

тербеліп  қалыпты.  Қыз  бұрымдарының  осы  әлсіз  тербелісі  аудиторияға 

оқытушы кіргенін, ендеше бұл қауымға қазір қосылған жаңа студент менің де 

оған құрмет көрсетіп, орнымнан тұруым керектігін есіме салды. 

Орнымнан  ұшып  тұрған  бойда,  мойнымды  созыңқырап,  алға  қарадым. 

Келген  оқытушы  қандай  адам  екен  деп  ойладым.  Алда,  қыздардың 

бастарынан  биігіректе,  біреудің  қозы  бұйра  қара  шашы  төрге  қарай  жай 

жылжып барады екен... Соғыста жүргенде компаспен жөн бағдарлайтынбыз. 

Компас қозғалса, оның тілі жан-жағына қыпылық қаға шайқалып кететін де, 

сәл тыныштық болса, «міне менің іздегенім!..» дегендей, сұқтанып, солтүстік 

жаққа телміре қалатын. Неге екенін білмеймін, тегіс жерге қойған компастың 

тілі  сияқтанып,  менің  көзім  қайтадан  алдымда  тұрған  қыздардың 

бұрымдарына ауды. 

«Білектей  арқасында  өрген  бұрым»  деген  Абай  өлеңінің  жолы  ойыма 

оралды.  Жылтыр  қара  шашты  қақ  жарып  өтіп,  маңдайдан  желкеге  дейін 

тартылған  шаш  жармасының  кіршіксіз  құйқаны  ашып  көрсеткен  ақ  сызығы 

жүрегімді  қытықтағандай  болды.  Қос  бұрымының  арасындағы  қағаздай 

аппақ желкелер өне бойымды балқытып бара жатқан сияқтанды. Осы кезде 

сол қанатта түрегеп тұрған қыздардың бірі бұрылып, арт жаққа қарады. Кейін 

білдім, ол Зайкүл деген қыз екен. Ол тура маған қараған тәрізді болды. 

Менің  қыздарға  сұқтанып  тұрғанымды  сезіп,  «Апырай,  мына  жігіт  келмей 

жатып елтіп қалған екен»деп ойлайды-ау деп, ұялып, төмен қарап кеттім. 

Ұялшақтық  –  ұлтымызға  тән  қасиет  қой.  Әсіресе  ауыл  балалары  ұяң  келетін 

әдеті емес пе? 

Жасымда  мен  де  сондай  болдым.  Үлкендердің  алдында  суырылып 

сөйлемейтінмін,  әйелдердің  бетіне  қарамайтынмын.  Жақсы  көрген 

қызымның  жанына  жолай  алмайтынмын.  Соғыстан  қайтып  оралғанша  әйел 



12 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет