Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет438/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   434   435   436   437   438   439   440   441   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

Сол-ақ  екен,  біздің  оң  жақ,  сол  жағымыздағы  жігіттер  кернеп  кетті.  Сапқа 

бірге  тізілген  екі  артдивизионнан  керегі  80  адам  екен,  100  адам  шығыппыз. 

Жиырма  адам  артық  деп  командир  бірсыпыра  адамды  кейінге  қалдырды. 

Мені де сол жиырманың ішіне қосты. 

–  Сен  ақын  екенсің.  Ақын  бригадаға  да  керек.  Соғысқа  бұлардан  сәл 

кейінірек барамыз, – деді. 

– Құп! 


Майданға  барамын  деп  саптың  алдына  алдымен  шығып,  жігіттерге  қасқая 

қарап  тұрған  жігіт  Төлеген  Тоқтаров  еді.  Кейіннен  Тоқтаровқа  Совет 

Одағының Батыры атағы берілгені туралы хабарды естігенде: «Апырай, сонда 

Төлегенмен  бірге  қалсам,  мен  де  батыр  болар  ма  едім?!»  –  деген  ой  келді. 

Ол менің албырттығым еді. Әйтпесе екінің бірі ер бола бермейді ғой. 

Сонымен мен майданға бару үшін жаңадан жасақталып жатқан бригаданың 

құрамында  қалдым.  Өзім  бала  күнімнен  елгезек,  ширақ  едім.  Екі  күнде 

ефрейтор  атандым.  Көп  ұзамай  кіші  сержант  боп  шыға  келдім.  Бәрінен  де 

жақсысы  бұрын  «Лениншіл  жасқа»  бір  конвертке  салып  он  өлең  жіберсем, 

соның бірде-біреуі басылмайтын еді. Енді бригада газетінде бұрқырап менің 

өлеңдерім шығатын болды. Бұрын бір ауыз өлең шығарғанға өзімді ақынмын 

деп  санап  жүрген  басым  бригада  газетінің  бетінде  «Кіші  сержант  Ә. 

Нұршайықов»  деген  атпен  жиі  жариялана  бастаған  соң  өзімді  едәуір  үлкен 

ақынмын-ау  деп  ойладым.  Соғысқа  барғаннан  кейін  ұзақ  өлеңмен  бригада 

атынан «Атамыз Жамбыл ақынға» деген хат жаздым. Менің осы өлеңім мен 

оған берген Жамбылдың «Жүз жасаған жүректен» деген жауабы екеуі қатар 

«Социалистік Қазақстанда» шықты. 

Соғыс  бітті.  Бірден  Алматыға  келіп,  университетке  түстім.  «Социалистік 

Қазақстан», 



443 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   434   435   436   437   438   439   440   441   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет