Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет437/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   433   434   435   436   437   438   439   440   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

Олар мыналар: 

Сұрақ: Сіз ақынсыз ба? Әлде жас кезіңізде өлең жаздыңыз ба? 

Жауап: Мен бала күнімде өлеңге құмар болдым. Мектепке барғанша елден 

ескі  дастандарды  көп  тыңдадым.  Хат  танығаннан  кейін  «Батырлар 

жырының»  бірін  қалдырмай  жаттап  алдым.  Соларға  қарап  өзімнің  де  өлең 

шығарғым келді. 

Сөйтіп  жүргенде  соғыс  басталды.  Алматыға  әскерге  келдім.  Бір  күні  кешке 

(1941 жылы желтоқсанда) бәрімізді тездетіп сапқа тұрғызды. Командир алға 

келіп: 


–  Майдандағы  8-гвардиялық  дивизияны  толықтыруға  кім барады?  Екі  адым 

алға шығыңдар, – деді. 

Денесі  төртбақтау  келген,  жұмыскер  пішіндес  жас  жігіт  шығып,  бізге  қасқая 

қарсы  қарап  тұрды.  Қапелімде  одан  басқа  ешкім  шықпады.  Мен  шықтым, 

шыға сала жігіттерге қарсы қарап тұрып, өлеңдетіп қоя бердім: 

– Біз жеңеміз, өйткені ісіміз ақ. 

Барлық адам баласы бізбенен жақ. 

Дүниеге зұлымдық үстем болып, 

Тұрмақ емес, әділдік жеңуі хақ! 

Әділ ісіміз үшін шығыңдар, азаматтар, алға! – дедім. 

–  Жарайсың!  –  деп  төртбақ  жігіт  қолымды  қысты.  –  Өлеңді  өзің  шығардың 

ба? 


– Өзім шығардым. 


442 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   433   434   435   436   437   438   439   440   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет