Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет59/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

«Рас,  Меңтай  мендік  болса,  менің  де  арманым  болмас  еді!»  деп  іштей 

күрсінемін  де,  осы  өлеңнен  картина  құрастырамын.  Астында  сары  аты, 

қолында жетектеген жалғыз өркеш нар түйесі бар жігіт алдында ақ отаудың 

қасында  тұрған  күлім  көз,  оймақ  ауыз  келіншекке  қарай  асығып  бара 

жатқандай  көрінеді.  Сонда  менің  де  астымда  атым,  қолымда  нарым  болуы 

керек пе? – деймін мен өзіммен өзім дауласып. «Ат – адамның қанаты» деп 

білетін қазақ үшін бір жүйріктің болуы қажет-ақ дейік. Сонда нардың керегі 

не?  Көшпей  қонбай  нар  жетектеп  жүрудің  өзі  ұят  емес  пе?  Әлде  нар  деген 

дәулет деген мағынада ма екен? 

Бірақ қазіргі дәулет денсаулық пен білім емес пе? Қойшы, не керек, ақыры, 

қазақтың қара өлеңдерінің бәрінің алғашқы екі жолы мағынасыз келеді, бар 

мағынаны соңғы қос жолы ғана білдіріп отырады деген оқытушы сөзі ойыма 

оралады да, бұл шумақ өлеңнің бар мәні «армансыз бұл дүниеден өтер едім 

– күлім көз, оймақ ауыз жарым болса» дегенінде деп түйемін. 

Осыдан кейін басыма тағы бір күдікті ой келеді. «Сені қыз оңаша бөлмесіне 

сүйгендіктен  емес,  аға  деп  сыйлағандықтан,  ағасындай  сенгендіктен 

шақырса,  қайтесің?»  деп  біреу  мені  үрейлендіре  алғашқы  тәтті  ойымнан 

үркіте сыбырлағандай болады. 

Осындай  неше  алуан  ойлардың  тұйығына  тіреліп,  таң  атқанша  дөңбекшіп 

шыққан ол түн өмірімдегі ең мазасыз түндердің бірі болып есімде қалды. 

Таңертеңшай үстінде үй иесі маған қарап: 

– Ербол, қарағым, түні бойы дөңбекшіп шықтың ғой, ауырып қалған жоқсын 

ба? – деп сұрады. 

– Жоқ, – дедім мен басымды шайқап. 



64 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет