Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет60/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

–  Е,  жөн,  онда  шайыңды  ішіп,  наныңды  жесеңші,  –  деді  ақсақал  менің 

ауырмағаныма қуанып. 

Бірақ мен бір түйір де тата алмадым. Ешнәрсе тамағымнан өтпеді. 

Соғыстан  кейінгі  жұтаң  дастарханның  жұпыны  шайынан  ауыз  тиген  болып, 

апыл-құпыл  киініп  үйден  шықсам,  көшелер  ертегідегідей  ғажап  бір 

құлпырған күйде екен. Қала төбесінен түні  бойы жауған ұлпа қар әр көшені 

ақ простыня жапқан аппақ төсекке, әр үйді үлпілдеген ақ бөкебай жамылған 

әсем келіншекке ұқсатып қойыпты. Ағаштар ақ тонының етегі жер сызған аяз 

аталарды  еске  түсіріп,  бір  емес  бірнеше  ата  мұртынан  күліп,  саған  қарай 

асықпай  аяндап  келе  жатқан  сияқтанады.  Телеграф  сымдары  аптеканың 

үлпілдек ақ мақтасынан жуан етіп есіп кермеге тартқан ақ арқан тәрізденеді. 

Шинелімнің  екі  етегі  делеңдеп,  бұзаубас  етігімнің  екі  тұмсығы  ұлпа  қарға 

үйректей сүңгіп есіп келемін едіреңдеп. Жас қардың жұпар иісі тынысымды 

кеңейтіп,  жүрегіме  бір  ғажайып  сыр  құйғандай  болады.  Ақ  қар,  асыл  ауа 

Меңтайдың ақ жүзін, аппақ мойнын еріксіз есіме салады. Жанға шипа мынау 

мөлдір ауа маған тек қана соның дем-лебізіндей боп танылады. 

Көшеде  менен  басқа  тірі  жан  жоқ.  Айнала  жым-жырт.  Түнде  жаңа  жылды 

қарсы  алып,  бар  дүние  шаршап,  мүлгіп  тұрғандай  күй  танытады.  Меңтай 

есіме  түскенде  осы  иен  көшенің  ортасында  тоқтай  қалып,  еңкейдім  де,  бір 

жерін  ауыртып  алмайын  дегендей  еппен  жерден  ұлпа  қардың  аппақ 

жотасын бір сипап өттім. Оған айызым қанбаған соң алақаныммен көсіп кеп 

алдым  да,  уысымдағы  қарды  бар  саусағымның  күшімен  мытып-мытып 

жібердім. 

Ғашықтың ыстық алақанына түскен салқын қар лезде еріп, көздің жасындай 

боп  жерге  тамшылады.  «Шіркін,  осы  ұлпа  қардай  боп,  менің  құшағымда 

Меңтай ерісе-ай» дедім ынтығып, содан соң «Виноградов, 62... Виноградов, 



65 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет