Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет72/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

ыстық  сөзі  жіпсітті  ме,  білмеймін,  маңдайым  бусанып  қоя  берді.  Меңтай 

жайлап отырып сөзін әрі қарай жалғады. 

– Ағай, сіз Сегізінші гвардия дивизиясынан келген жоқсыз ба? 

– Жоқ, мен Жүзінші бригадада болдым. 

–  Ондайды  естігем  жоқ.  Маған  соғыстан  қайтқан  жұрттың  бәрі  Сегізінші 

гвардия  дивизиясынан  келген  сияқты  боп  көрінеді.  –  Меңтай  сәл  бөгеліп, 

ойланды да, оның жауабын өзі тапты. – Бәлкім, ол Жүйкенің сол дивизияда 

болғандығынан шығар. 

– Ол кісі тірі ме? – деп сұрадым мен. 

–  Жоқ,  «қара  қағаз»  келген.  Артынан  қасында  болған  кісі  өз  қолымнан 

қойдым, өлгені рас, – деп сендірді. 

Осы  арада  Меңтай  екеуіміз  де  едәуір  үнсіз  отырып  қалдық.  Teгі  ендігі 

әңгімені неден сабақтарымызды білмей бөгелген болуымыз керек. 

Шай ішілгеннен кейін Меңтай, ыдыс-аяқты гардероб полкаларына тез жинап 

тастады да, төсегінің бас жағындағы тумбочкасынан бір қалың кітапты алып 

шықты. 

–  Ағай,  –  деді  ол  стол  басына  қайта  келіп,  жаңағы  шай  ішкендегідей  менің 

қарсыма  емес,  енді  қасыма  отырып  жатып,  –  мен  кітапханадан  үш  күнге 

сұрап  әкеп,  «Одиссеяны»  оқып  жатыр  едім.  Өткен  түнде  Гетенің  қызығына 

түсіп кетіп, мұның аяғын бітіре алмай қалғаным. Сізбен бірге отырып, осыны 

тауысып тастасақ қайтеді, егер бүгін басқа жұмысыңыз болмаса? 

– Жоқ, оқиық, – дедім мен бірден. 

–  Онда  жақсы  болды,  –  деді  Меңтай  қуанып  кетіп.  –  Бәрібір  жазда  Ежелгі 

грек әдебиетінен емтихан тапсырғанымызда да керек қой бұл. 



77 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет