Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет75/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

елестер көз алдыма келіп, Әлиманың мені күтпей басқа біреуге тиіп кеткені 

ернімді еріксіз тістетіп және қынжылтты. 

– Міне, бір үлкен жұмыс бітті, ағай, – деп Меңтай кітаптың соңғы бетін жапты. 

Бірақ оны алдынан ысырып тастамай, оқығанын ойға жиғандай боп, кітаптың 

сыртын сипап біраз үнсіз отырды. 

– Ағай, сіз қалай ойлайсыз? – деді ол маған соншама бір сабырлықпен қарап. 

–  Маған  Гомер  поэмалары  қазақ  дастандарына  ұқсайтын  сияқты  боп 

көрінеді. Мәселен, мен өз басым осы Одиссейді біздің Қобыланды батырға, 

Пенелопаны  Құртқа  сұлуға  жақындатамын  да  тұрамын.  Айырмашылық  екі 

елдің  тіршілік  кәсібінде,  бірі  теңізді,  екінші  даланы  мекендейтіндінде  ғана 

ғой деймін. Қобыланды жауға аттанып кеткенде, оның елін Қызылбас жұрты 

шауып  алып,  сол  елдің  ханы  Алшағырдың  Құртқаны  аламын  деп  әлек 

салатыны  жаңағы  Пенелопаны  аламын  деушілердің  қылығына  ұқсамай  ма? 

Өмірі  Гомерді  естімеген  қазақ  жырауларының  онымен  үндес  шыққанына 

қайран қаламын. 

Бұл сөздерімен Меңтай маған кітапты кей қыздарша судыратып босқа оқып 

шықпай,  оның  мән-мағынасына  ой  жіберіп,  оқығандарын  бір-бірімен 

салыстыра  отыратын  зерделігін  танытты.  «Қаласаң  сен  түбегейлі  зерттеуші, 

жақсы ғалым да боп шығар едің-ау» деп ойладым мен. 

– Иә, рас, – дедім мен Меңтайдың сөзін құптап. 

– Менің әдебиеттегі әйел бейнесінен ең жақсы көретіндерім осы Пенелопа, 

Құртқа  тәрізділер,  –  деді  Меңтай  ойын  әрі  қарай  жалғап.  –  Бұлардың  өзі 

еңбекші әйелдер. 

Пенелопаның  атасына  ақырет  тоқымақ  боп,  күндіз-түні  өрмектің  үстінен 

түспеуі,  Құртқаның  Тайбурылдай  тұлпарды  баладай  мәпелеп,  бабын  тауып 

өсіруі ересен еңбекшілдікті білдірмей ме? Меніңше, әйелге керек негізгі үш 



80 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет