Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет83/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

қызу.  Қаншама  жүдеп-жадап  жүрсем  де,  сенен  хат  келгенде  жайнап, 

жадырап кетемін. Бұл шын сөзім, шын, қуаттым. 

Сүйіктім Ербол! 

Менің  бар  жайым осы.  Ендігі хабарды  өзіңнен  күтемін. Шешімін  де,  кесімін 

де өзін айт. 

Мен сенің айтқаныңды ғана орындаймын. Күт десең  – күтемін, шалға бар  – 

тұрмысқа  шық  десең  –  шығамын.  Талай  махаббаттың  қанатын 

қырыққансоғысты  бастаған  қаскөй  жауға  лағынет  айтып  шығамын. 

Бүркітбайдың  босағасында  басыма  қызыл  желек  бүркелсе,  саған  деген 

ақжүрегім қара жамылып жататын болады кеудемде. 

Жоқ,  бұлай  болуы  жөн  емес,  Ербол.  Жазға  дейін  соғыс  бітуі  керек.  Сендер 

Гитлер сұмның көзін жоясыңдар. Сонда Бүркітбай айдалада қалады. Екеуіміз 

қосыламыз  –  махаббаттың  мерейі  үстем  болады.  Махаббат  зұлымдықты 

жеңеді.  Сендер  алыста  жаумен  жұлқысып  жатырсыңдар.  Менің  жүрегімде 

махаббат  пен  шарасыздық  шарпысып  жатыр.  Махаббат  жеңісінің  туы 

сендердің қолдарында, Ербол. Сендер жауды құртсаңдар, майданда сендер 

көтерген жеңіс туы мұнда жығылып жатқан мыңдаған махаббаттың жалауын 

жалтылдатады.  Айналайын,  қуатым,  жауды  тезірек  жеңіңдер.  Сөйтіп,  өзіңді 

де, мені де құтқар мына азаптан. 

Қасымдағы  қыздар  жатып  қалды.  Мен  стол  шамын  жаныма  жақындатып 

алып,  саған  осы  хатты  жазып  отырмын,  жылап  отырмын.  Мына  бір  сиясы 

жайылып кеткен сөз – менің көз жасым тамған жер. 

Жаман  айтпай,  жақсы  жоқ  деген,  Ербол.  Жазда,  жазатайым,  Бүркітбайдың 

жайған торына түсіп қалсам, сен мені кеш. Өзіңді уыз махаббатыммен шексіз 

сүйгенім үшін кеш. Соғыста талай темірдің қамырша иленіп, талай шойынның 




88 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет