Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет79/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

айқайындай ғып, бірден бұлай бастағаны несі екен деп ойладым бұл хат ең 

алғаш қолыма тигенде. Содан соң оны ары қарай оқыдым. 

– Осы кеше ғана ауылға каникулге барып қайттым. Бүркітбай бригадир сенің 

папаңның  орнына  колхозға  председатель  болған  еді  ғой.  Жақында  соның 

бұрынғы  бала  көтермеген  кәрі  әйелі  қайтыс  болыпты.  Ауылға  мен  барған 

күннің ертеңінде біздікіне сол кісі келді. 

Маған  амандасты.  Сабағымның  жайын,  оқуды  қашан  бітіретінімді  сұрап, 

біраз  отырып  кетіп  қалды.  Басқа  ештеңе  деген  жоқ.  Бірақ,  кешке  шешем 

маған  «сен  сол  Бүркітбайға  тұрмысқа  шығасың,  егер  мені  шешем  дейтін 

болсаң  сөйтесің»  деп  қиғылықты  салды.  «Ол  менің  әкемдей  кісі  ғой.  Қалай 

шығамын?»  дедім  мен.  «Түгі  де  жоқ,  ерлі-байлы  болған  соң  оның  үлкендігі 

де ұмытылып кетеді» деді шешем. Мен көнбедім. Шешем қарысып отырып 

алды. 


«Әкең  трудармияда,  сен  оқудасың.  Мына  екі  бала  мен  мені  кім  асырап, 

сақтайды? Ал 

Бүркітбайға  шықсаң,  өзіңнің  де  тыныш,  ит  өлген  жерге  оқу  іздеп 

сандалмайсың.  Меніңде  ұйқым  тыныш  –бір  жағынан  әкеңді,  бір  жағынан 

сені ойлап, түн ұйқымды төрт бөліп дөңбекшімеймін. Бүркітбай екеуің бүкіл 

ауылды билеп, бірің бастық, бірің мұғалім боласыңдар да отырасыңдар. Осы 

заманда осыдан артықтың керегі не?» деп құлағымның етін қудай жеді. 

Мен сені айттым. 

«Ерболды  қайтесің,  екеуіміздің  қосылатынымызды  ел  біледі  дедім.  –  Ол 

күнде хатты Алматыдағы маған да, ауылдағыда жазады. Осы үйдің өз адамы 

болып жолдайды» дедім. 

Шешем шап ете түсті. 




84 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет