Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет84/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

шыныдай үгітіліп жатқанын сан рет жазып едің ғой маған. Ендеше адам жаны 

темірден төзімді ме, шойыннан берік пе? 

Майданда  сом  болаттарды  күйреткен  соғыс  елде  де  талай  серттерді 

сындырып,  уәделерді  уатып  жатыр.  Әрине,  оның  да  тауқыметі 

жауынгерлердің иығына түседі. Олай дейтінім, осы жолы ауылдан келгенде, 

күйеулері  соғыста  жүрген  кейбір  жас  әйелдердің  сөз  байласқан  жігіттері 

майданға кеткен қыздардың күйеуге шығып алғандарын көрдім. 

Жоғарғы  ауылдағы өзіңнің  Ағайша  жеңген  завферма  боп  жүрген  Жолболды 

деген  шұбар  шалға  тиіп  алыпты.  Алматыға  қайтар  алдында,  мектептің 

жанындағы ләпкеде кездесіп: 

– Неге өйттіңіз? - деп сұрадым Ағайшадан. 

–  Күйеуімнен  соғыс  басталғалы  хат  жоқ.  Мен  сонсоң  шықтым.  Ал  Еркеш 

қайнымнан (жеңгелеріңнің сені солай деп атайтыны есінде шығар) күн сайын 

хат алып отырған сен де Бүркітбай бастыққа барғалы жатыр дейді ғой, – деп, 

ол өзімді кекетті. 

Төменгі ауылдағы «бес жорға» атанған бес бойжеткеннің бірі Қазиза еді ғой. 

Сол отыз жыл отасқан әйелін тастатып, бригадир шалға шығып алыпты. 

Бұл  менің  бір  ауылдан,  өзіміздің  колхоздан  ғана  көргенім.  Ондайлар  басқа 

ауылдарда  да  бар  шығар.  Осының  бәрі  тұрақсыздықтан  емес,  көпшілігі 

шарасыздықтан кетіп жатыр, Ербол. Мұның бәрін сенің алдында ақталу үшін 

жазып отырғаным жоқ, жаным. Ертең жауды жеңіп, аман қайтқан жігіттердің 

бәрі өздерін тоспай кетіп қалған жарлары мен ғашықтарына қарғыс дауылын 

боратып,  лағынет  боранын  ұйтқыта  келеді  әлі.  Сонда,  ең  жоқ  легенде  бір 

жігіт  -  менің  ақылды  досым,  бар  жағдайды  байыппен  ойлап,  пайымдай 

білетін Ерболым олай етпесін. Ол пайдасыз ашу мен ызадан биік болсын. Қыз 

сорлылардың  шалға  телініп,  жат  босағаны  жастанғанымен,  өздерінің  сол 



89 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет