Әдеби KZ
– Бис! Бис! - деп қыздар қол соқты. Зайкүлдің өзі де мәз болып, алақанын
қоса шапалақтады.
– Әй, мынауың жап-жақсы өлең ғой өзі, – деді Зайкүл Жомартбекке разы боп.
– Басқа біреудікі емес пе?
– Жоқ, Зайкүл! – Жомартбек кеудесін соқты.
– Қарғаншы өзімдікі деп.
Жомартбек шұбырта жөнелді.
– Егер осы өлеңді Зайкүлге арнап өзім шығармаған болсам аяқтағы суға
ағылып өлейін, құрғақтағы киттерге қағылып өлейін, тумаған ту асаудың
құйрығына тағылып өлейін!
Оллаһи! Биллаһи!
Осылай деп Жомартбек зірк-зірк еткізіп сөзін аяқтап, екі қолын бірдей
аспанға көтерді.
– Сендім, сендім, - деді Зайкүл Жомартбектің «ант» ішкеніне разы боп. - Онда
сен бір өлеңді жақсылап ақ қағазға көшіріп басына «Зайкүлге» деп жазып,
менің кітабымның арасына әкеп салып қой.
– Құп болады, Зайкүлжан, – деп арық Жомартбек сұрақ белгісіндей иіліп
қалды.
– Әһ, Зайкүл, сен Жомартбекке рас сеніп отырсың ба?– деді Майра. - Бұл
Абайдың
«Көзімнің қарасы» деген өлеңі емес пе?
– А, не дейді. Мен расында өзіме арналған өлең екен деп қуанып едім. Осы
ақындар «С- ға», «Қ-ға», пәленшеге, түгеншеге деп жазып жатады ғой. Маған
103
Достарыңызбен бөлісу: |