Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет99/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

да  біреу  өлең  арнасашы,  шіркін!  –  деп  Зайкүл  дағдарып  қалды.  –  Ал  мен 

Абайдың «Айттым сәлем, қаламқастан» басқа өлеңін естіген емеспін. 

– Естігенің не, оқымайсың ба? - деп күлді Майра. 

– Жоқ, мен өлең оқымаймын, – деді Зайкүл басын шайқап. 

– Өйткені мен қызбын. Ал қыздың өзі өлең. Ендеше, мені жігіттер оқысын. 

–  Рас,  өзге  қыздар  өлең  болса,  біздің  Зайкүл  поэма  ғой,  –  деді  Жомартбек 

жымыңдап. – 

Поэманың әр бетін ақтарғаның сияқты... 

Осы  кезде  үзіліс  бітіп,  профессор  аудиторияға  қайта  кірді.  «Мен  саған 

көрсетермін  кісі  алдағанды»  дегендей,  Зайкүл  арт  жаққа  бұрылып, 

Жомартбекке  жұдырығын  түйді.  Мен  бұл  сабақта  бұрынғы  орнымда, 

Меңтайдың  қасында  отырып  қалдым.  Меңтайдың  маған  ренжімегеніне 

шаттанып, көңіл алаңы басылғандықтан болар, бұл жолы Әуенов лекциясын 

тағы  да  бұрынғымдай  сүйсіне  тыңдадым.  Бір  сағатын  профессор  Абайдың 

«Қақтаған  ақ  күмістей  кең  маңдайлы»  дейтін  көпке  мәлім  өлеңін  талдауға 

арнады.  1884  жылы  жазылған  бір  өлеңнің  тақырыбы  қазақтың  бойжеткен 

қызының  сырт  көрінісін,  мүсін  келбетін  суреттеуге  арналғанын,  жас  атаулы 

қызығарлық,  сүйсініп  тамаша  етерлік  ерекше  сұлу  қыздың  портретін  ақын 

қалай  жасағанын,  сол  портретті  сомдау  тәртібін  санамалап  айтты.  Қыздың 

сырт мүсінін суреттеуде төл әдебиетте теңдесі болмаған бұл өлеңді Пушкин, 

Лepмонтов, Байрон, Гейненің қызға арнаған өлеңдерінің жатқа үзінділерімен 

салғастырып бір өтті. Қалай дегенмен бұл өлеңде Абайдың әлі де әлеуметтік 

шындықты,  халық  арасындағы  ауыртпалықты  сыншылдықпен  жырлайтын 

қоғам 

қайраткерлері 



дәрежесіне 

көтерілмегендігін, 

«Қақтаған 

ақ 


күмістейден»  көбінше  сұлулықты, жарастық  келісімді  ғана  жырлайтын  эстет 

ақынның лебізі аңқып тұрғандығын профессор бір түйіп тастады. 




104 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет