Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет128/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

– Тоқта, тоқта, – деп ол бейне бір мені қылышпен шауып түсетіндей сұстанып 

оң  қолын  көтерді.  –  Сен  өзің  газет  қызметкерлерін  кім  деп  ойлайсың,  ah? 

Жұмысы  жоқ,  сандалбай  деп  білесің  бе?  Біздің  бөлімге  сенің  мынауың 

сияқты,  -  ол  менің  қағаздарымды  дудырата  ұстап  жоғары  көтерді,  –  күніне 

отыз өлең, он әңгіме келіп түседі, аһ! Біздің бөлім осы редакциядағы ең хат 

көп  келетін  бөлім.  Өйткені  қазақтың  ең  жоқ  дегенде  екі  ауыз  өлең 

шығармайтыны кемде-кем. Соның бәрі өздерін ақынбыз деп біледі. Газетке 

басыңдар деп, оларын бізге жібереді. Ішінде іліп аларлық ештеңесі жоқ сол 

хаттардың  бәрін,  сеніңше,  біз,  Омаров  екеуіміз,  басымызды  қатырып  оқып 

отыруымыз керек пе, аһ? - Ол есік жаққа бір қарап қойды. – Омаров оқиды. 

Ол  елден  келген  хаттардан  ең  жоқ  дегенде  сөз  үйренуге  болады  дейді.  Ал, 

мен,  –  ол  дауысын  сәл  ақырындата  сөйледі,  –  елден  келген  шала  сауатты 

хаттардан  ештеңе  де  үйренуге  болмайды  деймін  оған.  –  Шалдуар  дауысын 

қайтадан  қатайтты.  –  Сендердің  бұл  сияқты  бытпырақтарыңды  оқып  біз 

отырып алсақ, онда редакцияның жұмысын кім істейді? Кім істейді, аһ? Егер 

сен  біздің  орнымызда  болсаң  қайтер  едің?  Оқыр  ма  едің  соның  бәрін,  аһ? 

Оқымайсың.  Ендеше  басты  қатырма:  мұныңды  оқуға  уақыт  жоқ.  Және,  сен 

біліп  қой,  газет  тек  актуальді  мәселелерді  ғана  жазады.  Сенін  мұныңның 

газет  үшін  еш  актуальдығы  жоқ.  Сен  өзің  «актуальді»  дегеннің  не  екенін 

түсінесің  бе?  Ол  злободневный  вопрос  деген  сөз.  Вот,  біліп  қой.  Және  сен 

өзің шүу дегеннен әңгіме жазамын деп ойлама. Ол қиын жанр. Осы бөлмеде 

отыратын  екеуміздің  ішімізде  әңгімені  жаңағы  Омаров  қана  жазып  жүр. 

Саған  қайда  әңгіме  жазу.  -  Шалдуар  «қайда»  деген  сөзді  мені  белімнен 

соққандай ғып созып айтты. – Сен тұрғай осындай үлкен редакцияда қызмет 

етіп отырған мына менің өзім де әңгіме жазуға жүрексінемін. Мен өзім қазір 

очеркті боратып жүрмін. Сен біліп қой: очерк деген газеттің романы. Очеркті 

екінің  бірі  емес,  журналистің  төресі  ғана  жаза  алады.  Білдің  бе,  ah?  Ал 

apтынан әңгімеге ауысамын. 



134 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет