Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет126/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

Бөлмеге кірсем, ішінде екі адам отыр екен. Жас жағынан біріне бірі тетелес 

сияқты:  төрдегі  тарамыс  арық  қара  торысы  отызға  жаңа  жетсе,  есік  жақта 

отырған  қалың  қара  шашты,  аққұба  өнді  сәл  пұшық  мұрындау  келген 

сымбатты дембелше жігіт одан үш-төрт жас қана кіші болуы керек. Есік жақта 

отырған  сымбатты  жігіт  бөлім  бастығы  болар  деп  ойладым.  Сондықтан  да 

оған «Омаров ағай сізсіз бе?» дедім. Бұйра шаш жігіт бақжиып бетіме қарады 

да,  иегімен  төрде  отырған  кісіні  нұсқады.  Оған  жете  бергенімде  телефоны 

шылдырап, ол трубкаға: «Қазір, қазір» деді де, бөлмеден шыға жөнелді. 

Ол  шығып  кеткеннен  кейін  бұйра  шаш  орнынан  тұрды.  Тұрды  да,  маған 

қарамай,  шолақ  мұрнын  маңғаздана  пұшпырайтып,  бастығының  орнына 

барып  отырды.  Креслоны  ілгері  қозғап,  нығарлана  жайғасты.  Содан  соң,  он 

жақтағы телефонды құлағынан сүйреп әкеп, алдына қойды. Оның трубкасын 

көтеріп,  құлағына  тосты  да,  орнына  қайта  салды.  Осыдан  соң  барып  маған 

қарай қолын еріне созды. 

– Менің атым Шалдуар Шалғынбаев. Кәне, не әкеліп едің? 

– Новелла, – дедім мен Әуеновтың осылай деп те атағаны есіме түсіп, не де 

болсам,  айды  аспанға  бір-ақ  шығарайын  деп.  «Естелік»  дейін  десем,  ол 

отбасында  отырып  өткен-  кеткенді  еске  түсіретін  шалдардың  шаруасы  боп 

кетер,  «очерк»  десем,  қара  мақалаға  ұқсар  да,  мына  күпиген  әдеби 

қызметкердің алдында беделім түсіп қалар деп ойладым. 

Әдеби қызметкер өз-өзінен мәз бола қарқылдап күліп алды да: 

– Жігітім, сен өзің көкте жүр екенсің, аһ! – деді маған қарап. 

– Неге? – дедім мен абыржып. 

– Сол. Жер басып жүрген жоқсың, әйтеуір. Әйтпесе, новелла дей ме екен кісі? 

Әңгіме десеңші одан да. Ал, меніңше мұның әңгіме де емес. 




132 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет