Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет141/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

– Не сұрақ келді өзіңе? 

– Не сұрақ келгенін неғыласыңдар, мен ештеңені де жетістіріп айта алғамын 

жоқ. Бар бітіргенім мынау болды. 

–  Қыздар  Зайкүлге  қарай  ентелей  түсті.  –  Кербез  ағай  бетіме  қарап  отырды 

да: «Зачет книжкаңды әкел, Сағынова» деді. Байқаймын, екі қоятын түрі бар. 

Емтиханды  мен  емес,  ол  беріп  отырғандай-ақ,  екі  иығы  салбырап, 

ұнжырғасы түсіп барады. Аяп кеттім байғұсты. Содан соң қайдан шықса, одан 

шықсын  дедім  де,  бастым  тәуекелге.  Зачеткамды  қолыма  ұстап,  юбкамның 

өзі  қысқа  етегін  одан  сайын  көтеріңкірей  түстім  де,  стол  жанында  Кербез 

ағайдың қарсысында тұрған орындыққа жалп етіп отыра кеттім барып. 

Ағайдың  тышқан  көзі  жылтырай  жайнап,  менің  мына  оқтай  түзу  сирағыма, 

жұп-жұмыр  тіземе  қадалып,  одан  да  жоғарылай  берді.  Мен  оны  сезбеген 

болып,  зачеткамды  ұсынып  былай  дедім:  «Мен  не  қойсаңыз  да  ризамын, 

ағай. Бірақ, сіз сияқты теңіздей терең білімі бар ғұлама ұстаздан сабақ алып 

жүрген мені үш пен төртке оқиды деп ешкім де ойламайды». «Төрт» дегенді 

әдейі  айтып  отырмын.  «Әттең,  үш  қойып  берсе  жарар  еді»  деймін  ішімнен. 

Кербез ағайдың осал жеріне дәл тидім-ау деймін, книжкама қонжитып бесті 

қойды да берді. 

 

Бұл  оқытушымыз  өте  мақтаншақ  кісі  еді.  Лекция  үстінде  ол  екі  сөзінің 



бірінде:  «Мына  мен  нағыз  қыпша  бел,  қыр  мұрын,  сымбатты  жігітпін  ғой» 

деп  отыратын.  Оның  үстіне  өзін  үлкен,  ұлы  адамдармен  қатар  қоя  сөйлеп: 

«Кеше  Мұхит  Әуенов  екеуміз  театрға  бардық»  немесе  «Бұл  тақырыпқа 

байланысты менің мақаламды, одан соң Белинскийдің мақаласын оқыңдар» 

деп  те  бөсетін.  Осы  мінезі  үшін  қыздар  оны  сыртынан  «Кербез  ағай»  деп 

атайтын да, «Қыздар, тыныш отырыңдар, Кербез ағай келе жатыр», «Кербез 




147 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет